Ж. Т. Матакова жоғарғы категориялы «Мейірбике ісі негіздері» пәнінің оқытушысы



бет122/135
Дата24.01.2024
өлшемі396.77 Kb.
#489602
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   135
«МЕЙІРБИКЕ ІСІ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША МЕЙІРБИКЕЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ-1 (1)

Қолдану көрсетілімдері: асқазан және он екі елі ішек аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: ойық жарадан қан кету.
Дайындаңыз: Эсмарх крушкасын, залалсыздандырылған ұштықты, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, сульфат барий жүзгінін (100-150 гр), резеңке қолғапты, жолдама бланкілерін (зерттеу әдісінің атын, науқастың аты-жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихы номерін, диагнозын, зерттеу күнін) зарарсыздандыру ерітіндісін, судноны.
Рентгендік зерттеуді дәрігер жүргізеді.


Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:



  1. Алда тұрған зерттеу мәнісі туралы негізгі мәлімдемені қолайлы түрде жасырын жағдайда науқасқа беріңіз (немесе оның жанүя мүшелеріне).

  2. Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

  3. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудін алдын алу үшін тамақ рационынан желді болдыратын тағамды алып тастау қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз.

  4. Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа хабарлаңыз. Зерттеу алдында соңғы тамақ қабылдау кешкі 20,00 сағаттан кешіктірілмеуі керек.

  5. Егерде іш қату болса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша кешке зерттеу қарсанында тазарту клизмасы қойылады.

  6. Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентіген кабинетіне апарыңыз.



Рентген кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:



  1. Зерттеуді жүргізгенде (100-150 гр) сульфат барий жүзінін 1 стакан суға езіп науқасқа ішкізіңіз.

  2. Суреттерді орындаған уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығып кетеді.

  3. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.



Науқасты ирригоскопияға дайындау

Жуан ішекті рентгенологиялық зерттеу – бұл зерттеу әдісі контрасты заттарды қолданумен қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.


Мақсаты: диагностикалық: жуан ішектің әртүрлі бөлімдерінің орналасуы, ұзындығы, қалпы, тонусы, түрі туралы түсінік алады, моторлы қызметінің бұзылуын айқындау, жуан ішектін шырышты қабығындағы қабыну үдерістерін, ісіктерді, ойық жараны, жалақ жараны айқындауды.
Қолдану көрсетілімдері: жуан ішектің барлық аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: ішек түйнегі, ойық жара колитінін өршу кезеңі, ішектен қан кету.
Дайындаңыз: Эсмарх крушкасын, 1,5-2 л мөлшеріндегі ыдыстағы суды, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, резеңке қолғапты, судноны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, барий сульфаты жүзгінің (1,5 л, t36-370С, шылапшынды, лотокті, сүрткілерді, су термометрін, ал жапқышты, фортрансты, адсорбенттерді, ферментті дәрілерді, жолдама бланкісін (зерттеу әдісінін атын, науқастын аты жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының нөмерін, диагнозын, зерттеу күнін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет