Жаңа жыл 2024 Тақырыбы:Қош келдің Жаңа жыл! Мақсаты



Дата08.04.2024
өлшемі145.5 Kb.
#498029
7-8 сынып Жаңа жыл


ЖАҢА ЖЫЛ 2024


Тақырыбы:Қош келдің Жаңа жыл!
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, əдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тəрбиелеу.
Қажетт іқұралдар: Жаңа жылдық көрініс, ертегі кейіпкерлері,ойын құралдары
Əдіс–тəсілдері: Əнайту, бибилеу, көркем сөздероқу, ертегі көріністерін сахналау. Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген.


1 жүргізуші: Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Ұлу жылды
Ұзатып салып Қоянды.
2 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біз сіздерді Жаңа 2024 Ұлу жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда жаңа табыс, бақыт тілейміз. Балалар енді Жаңа жыл мерекесін бастайық.
1 Жүргізуші: Достар, өткен жылы қандай жыл болған? (қоян жылы) Қоян жылын қандай жетістіктермен аяқтап жатырсыңдар? (Балалар жауап береді)
2 Жүргізуші: Жарайсыңдар, достарым! Ал енді, Қоян жылы біздің мерекемізге қоштасуға келді.
Қоян келеді
Қоян: Мен қоянмын.Сендерді келе жатқан жылдарыңмен құттықтаймын.Келе жатқан Ұлу жылы сендерге құт-береке,табыс әкелсін.
2 Жүргізуші: Осы кетіп бара жатқан Қоянға бір би арнайық.
Би – 7 "а" – би испанский
1 жүргізуші: Жарайсыңдар! Қандай жақсы би. Енді бір ойын ойнайық. Сахнаға 4 ұлды, 4 қызды шақырамыз.
2 жүргізуші: Жарайсыңдар!!! Біз мерекеге жиналдық.
8 "а" – сыныбының қыздарының орындауында "Жаңа жыл" әнімен, қошеметпен қарсы алаңыздар!
Би – 7 "ә" - би
1 Жүргізуші: Ал барлық халық Аяз ата мен Ақшақарды көргісі келіп тұрған секілді. Олардың да келетін уақыты болған секілді. Ал енді осы жерге
8 «ә» сыныбының Жаңа жылға арналған әнің қабыл алыңыздар.
1-2 Жүргізуші: Аяз атамен Ақшақарды шақырайық: Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата, Ақшақар
Ақшақар Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар: Амансыздар ма,балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын. Ұлу жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын.
Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.
Ақшақар: Мен сендермен Жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Сіздер маған бір өнер көрсетіп бересіңдер ме?
(Би биленеді.) – 8"а" сынып би
Аяз ата: Ойбай, Жаңа жылдық мерекеңізге қанша балалар келген. Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім билесе, бәріне де сыйлығым бар. Қане, қайдасыңдар? Ақшақар маған көмектеседі.

  1. жүргізуші: О, халайық, жараңдар.

Қилы-қилы заман бар.
Қоян жылы әне алыстап,
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық. Қош айтысып қалайық!

  1. жүргізуші: Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған

Қоян жылын шығарып салайық.
Қоян: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2024 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
Келесі жыл бастауын Ұлу беремін.
(Сахнаға Ұлу шығады.)
Ұлу: Сәлеметсіздер ме! Кешіккен жоқпын ба?
Мен солай асықтым, солай жүгірдім.
Кешігем деп қатты қорықтым.
Қоян: Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет.
Сіздерге мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, Қоян жылы, Қош бол!
Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл.
2-жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт-береке жылы бол, Жаңа жыл.
Би – 7 "а" – би
Би – 8 "ә" – грузинский би
Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы бағып-қақ.Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
Би – 7 "ә" – би флешмоб
1-жүргізуші: Міне, жаңа 2024да келді. Ал 2023 жылы елімізге тыныштық болып, ырыс - құтымыз арылмасын! Жаңа жыл - əрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ,табыспен береке,қуанышпен мереке алып келсін!Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі,мерекелі жыл болсын! Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сауболайық! Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
8"ә" – сыныбының оқушыларының орындауында "Флешмоб" биі қошеметпен қарсы алаңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет