Жаңа жыл құтты болсын ! Ащыбұлақ ауылдық округі бойынша Жаңа жылдық шырша мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары



Дата02.07.2016
өлшемі0.7 Mb.
#173145

Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі М. Кәрібаев 2013 жылдың 18 желтоқсаны күні ардагерлер,қоғамдық кеңес мүшелері, округ аумағында орналасқан мекеме басшыларымен жиналыс өткізді. Жиналыстың күн тәртібінде округте 2014 жаңа жылды қарсы алу бойынша іс - шаралар жоспарын бекіту, жаңа жыл мерекесі күндері халыққа тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің жұмысы және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша атқарылатын жұмыстар қаралды.

Бекітілген жоспар негізінде округ аумағында орналасқан мекемелер мен мектептерде Жаңа жыл мерекесі 24-30 желтоқсан күндері аралығында өткізіледі. Барлық мекемелерде, дүкендерде жаңа жылдық безендіру жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі мен округ әкімінің шыршасына қатысатын балалар тізімі анықталды, оның ішінде жетім, мүмкіндігі шектеулі, жағдайы төмен және көпбалалы отбасының балалары да қамтылды. Барлығы 200 бала.

Сондай-ақ Жаңа Жыл мерекесімен округтегі тыл ардагерлері мен жалғызбасты қарт адамдар, беделді ақсақалдар мен ақжаулықты аналарды құттықтау іс-шаралары ұйымдастырылады.

Округте орналасқан № 4,19, 20, 29,37 мектептерде 24-30.12.2013 аралығында Жаңа жылдық шырша безендіріліп, мектеп оқушыларының ертеңгіліктері өтеді.

Округ әкімінің шыршасы 28 желтоқсан күні № 20 орта мектебінде сағат 10.00 де басталады.

Округ әкімінің жаңа жылдық шыршасына шақырылған балаларға тәттілер мен сыйлықтар таратылады.

Жаңа жыл мерекесі күндері округ әкімі аппаратында, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінде және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында кезекшілік ұйымдастырылады.



Жаңа жыл құтты болсын !

Ащыбұлақ ауылдық округі бойынша Жаңа жылдық шырша

мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар

ЖОСПАРЫ





Іс-шаралар

Өтетін мерзімі

Өткізілетін орны

Жауаптылар

1

Округте орналасқан мекеме басшыларымен «Жаңа жыл» мерекесіне байланысты жиналыс өткізу

02.12.2013 жыл

Сағ: 15.00


Округ әкімдігі

Кәрібаев М.Б


2

«Жаңа жыл» мерекесіне арналған

іс – шаралар жоспарын жасап бекіту.



02.12.2013ж.

Округ әкімдігі

Бұғабаев Қ.Т.


3

Округ бойынша санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастыру

20.12.-30.12.2013

Округ бойынша

Ж. Мусағитов

А. Сұртаев



4

Округті үгіт-насихат құралдармен безендіру жұмыстарын ұйымдастыру


20.12.-24.12.2013

Округ бойынша

Қ. Бұғабаев

М. Ибрагимов



5

Округтегі мекеме ғимараттарын, сауда орындарын жаңа жылдық мерекеге безендіру жұмыстарын жүргізу


01.12.-20.12.2013

Округ бойынша

Мекеме,сауда нүктесінің басшылары

6

Аудан әкімінің және округ әкімінің Жаңа жылдық шырша мерекесіне қатысатын балалардың тізімін анықтау.

01-20.12.2013


Округ бойынша



Қ. Бұғабаев

Әлеуметтік қызметкерлер



7

Мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жылдық сыйлықтар тарату


25.12.-28.12.2013

Округ бойынша

Әлеуметтік қызметкер

8

Жалпы іс-шараның өтуін ұйымдастыру (сценарий, концерттік бағдарлама)

15-25.12.2013жыл

№20 орта мектеп



мектеп директоры

Г. Байтоқова

Н. Керімбеков


9

Балаларға арналған округ әкімінің

« Жаңа жыл шыршасы »



28.12.2013 жыл

№ 20орта мектеп

Қ. Бұғабаев

Г. Байтоқова




10

Жетім, жағдайы төмен отбасындағы балаларға арналған округ әкімінің «Қош келдің Жаңа жыл» атты Жаңа жылдық шырша мерекесін өткізу

28.12.2013

сағ. 10.00

№ 20 орта мектеп



Қ. Бұғабаев

Г. Байтоқова

Әлеуметтік қызметкерлер


11

Округте орналасқан мектептердің жаңа жыл шыршалары

24-30.12.2013 жыл

№4,19,20,29,37 мектептер

Мектеп директорлары

12

Музыкалық аппаратқа жауапты

28.12.2013 жыл




Керімбеков Н.

Иманов М.





Құрметті Іле ауданының тұрғындары!

Сіздерді Жаңа 2014 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Баршамыз жаңа 2014 жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа 2014 жыл Сіздердің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз.
Ізгі тілекпен Ащыбұлақ ауылдық округі әкімдігі !!!!!!!!!!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет