Жаңа заман жайлы өз ойларын айтқан



Pdf көрінісі
Дата01.02.2024
өлшемі1.85 Mb.
#490507
01.02.2024ж



Жа
ңа замандағы Қазақстан тарихы
шежіре мен а
ңыздарда, ақындармен
жыраулар туындыларында
Орындағандар: Нұрбай Ақтілек
Жантұрған Диас
Аманжолова Мөлдір
Сырлыбаева Гүлмира


Жаңа заман жайлы өз ойларын айтқан
ақындар:
Мөңке би
Мәшһүр Жүсіп
Абай Құнанбайұлы
Мағжан Жұмабаев


1845 жылы дүние есігін ашқан кемел ақын,
ағартушы, аудармашы Абай атамыздың,
тұғырлы тәуелсіз еліміздің тарихында алар
үлесі зор. Абай бейнесі, Абай тұлғасы бір
төбе болса, ақынның келешек ұрпаққа
аманат етіп қалдырған өшпес мұрасы – бір
төбе. Сол кездің өзінде елінің түрлі
мәселелерін өз шығармаларына арқау еткен
ағартушымыз, тіпті өлең-жырларында
болашақты да бағамдап, мән-мағынасы,
мазмұны жағынан уақыт талғамайтындай
ерекше етіп өрнектей білген. Қарапайым
мысал ретінде дана тұлғамыздың, иісі
қазақтың жадындағы «Ғылым таппай
мақтанба» өлеңіне көз жүгіртейік.


Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нəрседен қашық бол,
Бес нəрсеге асық бол,


Бірде Мөңке биге аян түс кіргені жөнінде әңгімелейді. Оның түсінде
бәйгеге 40 ат қосады, бірақ ешқайсысы бәйге алмайды. Соңынан 30
атпен де солай болады. Одан соңғы 5 бәйге аттан бір ат бәйгеден келеді,
бірақ бәйге алған аттың ішін жарағанда ішінен алдыменқасқыр,
қасқырдың ішінен түлкі, түлкіден қоян шығады. Сонымен Мөңке би
Сырым батырдан осы аян берілген түсті жоруын өтінеді. Алайда түсті
бидің қызы жориды. Түстің жоруы Мөңке бидің көңілін қамықтырды. 40
ат деген, болашақта мұсылманның қырық парызы өтелмей, халық дінсіз
қалады. 30 ат адамдар отыз күн ораза ұстаудан бас тартады дегенді
білдіреді. Бес аттың төртеуі келмей, біреуі келгені, бес уақыт намазға
адмдар немқұрайлы қарап, олардың біреуі оқып, біреуі оқымай,
адамдар дінсіз және тұрақсыз болуға айналады екен… Ал аттың ішінен
қасқыр шыққаны – бұл адамның адамшылық қасиетін жоғалтып, оның
зорлықпен өмір сүретін жыртқышқа айналуы. Ал қасқырдың ішінен
түлкінің шығуы адамдар арасында қулық-сұмдық, алдап-арбау үстемдік
құратын заманның келуінің белгісі. Түлкіден қоянның шығуы
адамдардың жаңа ұрпағы ұсақталып, олар көлеңкесінен қорқатын,
өздерінің адамгершілігін сезінуден қалып адамдарды қорқыныш
билейтіндігін білдіреді. Қызықтысы сол, осындай түсті белгілі қазақ
жазушысы Ілияс Есенберлин өзінің «Көшпенділер» трилогиясында
келтіреді. Өйткені, Мөңке бидің бұл аян болған түсі қазақтар арасында
таралып және көшпелілер өздерінің өмір мәнді болған құндылықтары,
сенімі мен өздеріне ғана тән қайталанбас әлеміне төніп келе жатқан
қатерлерді эсхатологиялық сезінді.


«Азарсың, жұртым, азарсың»


Мағжан Жұмабаев
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!


Алаш айбынды ұраны,
Қасиеттi құраны,
Алаштың олар құрбаны,


Ойшыл, фольклортанушы, этнограф,
тарихшы, қазақ мәдениеті мен
әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр
Жүсіп Көпейұлының өлер алдындағы
айтқан болжамы туралы желіде қызу
талқылап жатыр. Әулиелік дарыған
Көпейұлының болжамы бойынша
сиыр жылы халыққа жайлы, ел
аңсаған басшы келіп, жақсы
өзгерістер болатын көрінеді.



"Жұт келеді. Қалың қазақ қырылады. Жұттан аман
шыққан ел 70 жыл Құдайсыз қоғамда өмір сүреді. Одан
кейін елді 30 жыл ұры-қарылар былықтырады. Осының
бәрінен өткен соң ғана қазаққа қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған заман туады" 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет