Жаңаарқа ауданының әкімі Х. Н. Омаровтың 2008 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалысы және 2009 жылы алда тұрған міндеттер туралы есеб і



Дата24.02.2016
өлшемі331.73 Kb.
#13716
Жаңаарқа ауданының әкімі Х.Н.Омаровтың

2008 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық

даму бағдарламаларының орындалысы және 2009 жылы

алда тұрған міндеттер туралы

е с е б і

Құрметті ел азаматтары !
Өткен 2008 жыл әлемдік дағдарысқа қарамастан табысты да берекелі жыл болып, мемлекетіміз экономикада, саяси жүйеде, әлеуметтік секторда маңызды реформаларды жалғастырды.

Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының жетекшісі Н.Назарбаевтың сенімді саяси бағытының нәтижесінде Қазақстан барлық салада толайым табыстарға жетті, Елбасының мемлекеттік тұрақтылықты нығайтып, барлық азаматтардың әл – ауқатын одан әрі көтеру жөніндегі тапсырмалары жемісті іске асты.

Өткенге көз салып, жасалған жұмыстарға қысқаша шолу жасағанның өзінде мол табыстарға қол жеткізіп, келешегіміздің бүгінгіден де нұрлы, шуақты да шаттықты болуына бар мүмкіндік жасалып, халықтың әл-ауқатының арта түскенін ерекше атап өтуге болады.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында мемлекет басшысы жетістіктерімізді саралап, келешекке дұрыс бағдар ұстап зор табыстарға жетудің нақты жолын айқындап берді. Аталмыш құжат дамылсыз даму үстіндегі өркениетті жаңа қоғамның қатарына еліміздің кіруі үшін қазақстандықтардан жаңа көзқарас, жаңаша белсенділікті жалпыға танылған демократиялық құндылықтар мен өзіміздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыздың дәстүрлері үйлесімді ұштасатын ашық, демократиялық және құқықтық мемлекеттің негіздерін нығайта беруді талап етті.

Елімізде саяси реформалар қолға алынып, қоғамымыздағы демократиялық процесстердің кеңінен дамуына жол ашылды. Бүгінгі күні Елбасымыздың «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында биыл бесінші жыл есеп беруде.

Бұл есептік кездесулердің негізгі мақсаты бір жағынан атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру болса, екінші жағынан халықты мемлекеттік басқару процесіне кеңінен тарту болып табылады.

Осы кездесулерде халық тарапынан қөтерілген көптеген мәселелер ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларына сәйкес шешіліп келді.

Елбасының Жарлығына сәйкес, өткен жылы аудандық маслихат сессияларында аудан әкімі 2 рет есеп берді. 2008 жылдың қантар-ақпан айларында өткен аудан әкімінің тұрғын халықпен 14 кездесулеріне 2420 адам қатысып, олардың тарапынан айтылған 48 ұсыныстар мен тілектердің орындалысы толық қамтамасыз етілді. Сонымен қатар өткен жылы аудан әкімдігіне жазбаша берілген 679 өтініштердің 98 пайызы және ауызша айтылған 130 өтініштердің 100 пайызы орындалды. Аудан әкімшілігінде арыз шағымдармен жұмыс істеу мәселесі үнемі бақылауда болып, аппараттық кеңестер отырысында 3 рет талқыланды.

Өткен кезеңде Елбасы, Үкімет тапсырмаларының орындалуы үнемі қадағалауымызда болды. Ауданның әлеуметтік экономикалық даму салаларына қатысты облыс әкімі Н.З.Нығматулиннің берген тапсырмаларын орындау жолында жан-жақты жұмыстар атқарылды.

Аудан еңбеккерлері «Қазақстан-2030» Стратегиялық даму бағдарламасын, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстанды әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекетінің қатарына кіргізу Стратегиясын, ҚР Үкіметінің 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық стратегиясын негізге ала отырып, 2008 жылды табысты аяқтады.

Экономиканың нақты секторы бойынша өндірілген өнім көлемі 2076,6 млн.теңгені құрады, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 150 % орындалды.

Негізгі капиталға инвестиция 4974,4 млн.теңге, былтырғы жылмен салыстырғанда 115,2 % артық орындалды. Өндірістік өнімнің физикалық көлем индексі 116,4 % құрады.

2008 жылдың 13 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Елбасы Н.Назарбаев белең алып келе жатқан дағдарыстың алдын алып , осыған сәйкес жасалатын жұмыстардың нақты жолдарын белгілеп, алдағы кезеңде қолға алынатын міндеттерді саралап, Үкіметке және басқа да тиісті органдарға нақты тапсырыстар бергені белгілі. Осы орайда табысқа жеткізер жолдардың бірі ретінде, экономикамыздың тұрлаулылығы үшін үшжылдық бюджеттік жоспарлауға көшуіміздің стратегиялық маңызын ерекше атап өтуге болды. Бір жылдан астам уақыттан бері әлем елдерін шарлап жүрген қаржы дағдарысы дүниежүзілік экономикамен айтарлықтай дәрежеде интеграцияланған Қазақстан үшін де өзінің белгілі бір салқының тигізбей қалған жоқ. Осыған байланысты Президентіміздің бастамасы бойынша жасалынған дағдарысқа қарсы бағдарлама негізінде ел экономикасының ішкі жалпы өнімі көлемінің 10 пайызға жуығын құрайтын Ұлттық қордан бөлінген 10 миллиард доллар көлемінде қаржы жылжымайтын мүлік секторындағы проблемаларды шешуге, қаржы секторын тұрақтандыруға, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға және индустриялық-инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жұмсалынбақ.

Орын алған күрделі жағдайларға қарамастан Елбасының тапсырыстары негізінде бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақыларын, зейнетақылар мен өтемақыларды кезең кезеңмен көтеру мәселесі күн тәртібінде тұрғанына айрықша назар аудару қажет. Мәселен, 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақылар мөлшері 25 пайызға, ал 2010 және 2011 жылдары тиісінше 25 және 30 пайызға өсірілмек. Осылайша 2012 жылы зейнетақы көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге дейін өсетін болады, бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақыларының да өсуін дәл осы деңгейде жүзеге асыру көзделіп отыр. 2009 жылдан бастап, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар көлемі де жыл сайын орта есеппен 9 пайызға көтеріліп отырмақшы. Осы мәселелердің бәрі әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан мемлекеттің халықтың тұрмыс жағдайларын жақсартуға жете көңіл бөліп отырғаның көрсетеді.

Қарағанды облысының 2009 – 2010 жылдарға арналған экономика және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі іс – шаралар жоспарларын бекіту туралы облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі де осындай қаулы қабылдап, жұмысшы тобын құрып іс – шаралар жоспарын бекітті.

Дағдарыстың алдын алу үшін ауданда ірі төрт кәсіпорындармен өнім көлемін төмендетпеуге, жұмысшыларды қысқартпауға, оларды әлеуметтік жағынан қорғау үшін аудан әкімдігі, кәсіподақ комитеті және жұмыс беруші арасында келісілген меморандум жасалынды. Олар: «Сәкен» ЖШС – 65 адам, «Жаңаарқа жылу» КМК – 43 адам, «Таза су» КМК – 64 адам, ПЧ 28 жол дистанциясы – 250 адам, «Жеңіс» АҚ – 198 адам.

2009 жылы азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру үшін ауданда коммуналдық базар ашу қолға алынып отыр. Қазіргі кезде аталған шараларды іске асыру мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Сол мекемеге жер беріп көкөніс, жержұмыр, қияр егу жұмыстары қолға алынады. Осы мекеменің базасында көтерме дүкен ашып, халыққа күнделікті қажетті тамақ түрлерін сол сауда орны арқылы алдыртып, бағаның өспеуінің алдын алу шаралары қарастырылады, сонымен қоса көкөніс сақтайтын жертөле салынады.

Азық –түлік тауарларының бағаларының тұрақтандыруына байланысты жасалған меморандумдардың орындалуы бойынша ұдайы мониторинг жүргізіліп келеді. Бұдан бөлек энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен наубайханалар арасында электр энергиясы үшін қолданып жүрген тарифтерді көтермеу жөнінде меморандумға қол қойылған болатын. Қазіргі кезде осы меморандумды 2009 жылдың аяғына дейін созу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ауданымыздың шаруашылық субъектілері облыс әкімдігінің бекіткен кестесіне сәйкес жыл ішінде азық- түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында 3 мәрте Қарағанды қаласында, 5 мәрте Қаражал қаласында, 2 рет Саран қаласында, аудан орталығында өткен «Ауыл-Береке 2008» жәрмеңкелеріне қатысып 80 тонна көлемінде ет, 5 тонна көлемінде сүт өнімдерін, 60 тонна жержұмыр, 60 тонна ұн өнімдерін базарға шығарып, 54,5млн. теңгеге сауда саттық жасады.

Алдағы уақытта нан өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында бұрынғы ескі нан зауытының ғимаратын іске қосу арқылы «Береке» ауылдық тұтыну кооперативін құруды жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта бюджеттік бағдарламаның негізінде жеңілдетілген пайызбен Аграрлық несие корпорациясы арқылы 20 млн теңге несие алу үшін құжаттары әділет органдарынан тіркеуден өтіп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Көкөніс өнімдерін белгіленген бағамен алу үшін Оңтүстік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының Қарағанды облысындағы өкілдігімен меморандумға қол қойылды.

Ет өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында 8 дүкен жұмыс істеп тұр. Дүкен иелері қолма қол ақшамен есеп айрысып, ірі қара мал еттерінің әр килограмын 450-480 теңгеден қабылдап, жергілікті тұрғындарға 500-550 теңге аралығында сатуда.

Бүгінгі күні ауданның агроөнеркәсіптік кешенінде 542 шаруа қожалықтары, 1 акционерлік қоғам, 1 өндірістік кооператив жұмыс жасайды. 2008 жылы ауыл шаруашылығының барлық санаттары бойынша өндірілген өнім көлемі 4297,0 млн теңгені құрап, былтырғы жылғы (3589,2 млн) осы кезеңмен салыстырғанда 19,7-пайызға өсті.

2009 жылғы 1-ші қаңтарға шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара- 39081 басқа , қой-ешкі - 100278 басқа , жылқы -22418 басқа, шошқа-441 басқа , құс- 26275 басқа жетіп отыр. Шартты мал басы 64207 басты құрап , өткен жылмен салыстырғанда 100,5 пайызға өсті.

Кейінгі жылдары ауданда жергілікті малдардың тұқымын жақсартуға, сапасын арттыруға, асыл тұқымды малдардың үлес салмағының артуына көп көңіл бөлініп отыр.

2004 жылдан бастап ет бағытындағы "Әулие көл " асыл тұқымды ірі-қара малын өсірумен "Ескене" шаруа қожалығы айналысады. Асыл тұқымды малдың саны шаруашылықта 5 жылда 124 бастан 435 басқа дейін өсіп отыр. Осы шаруашылықтан 130 бас асыл тұқымды малдарды 17 шаруа қожалықтары алып өсіріп, бағып отыр. Жұргізіліп отырған селекциялық жұмыстардың нәтижесінде «Әулие- көл» ет бағытындағы малдардың тұқымының өсуі «Жанболат», «Қоғалы-көл», «Ерлан» шаруа қожалықтарында байқалып отыр.

«Жеңіс» АҚ асыл тұқымды «Сарыарқа» қылшық жұнді қойы бағылып, өсірілуде. Үстіміздегі жылы қазақы жылқы басын өсіріп дамытқаны үшін Ақтау селолық округіне қарасты «Сенім» шаруа қожалығына асыл тұқымды шаруашылық статусын беру үшін шаруашылықта аттестациялау жұмыстары жүргізілді, құжаттары облыстық комиссияның қарауында.

Аграрлық сектордың бәсекелестікке қабылеттілігі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу , ұқсату кәсіпорындарын дамытумен тікелей байланысты. Осы мақсатта «Зергер Агро» ауылдық тұтыну кооперативін құру арқылы сүт зауытын ашу мақсатында республикалық бюджеттің аясында бөлінген 62,8 млн. теңге толығымен игерілді. Зауыттың құрал жабдықтары аудан орталығына толығымен жеткізілді. 2009 жылдың қаңтар айынан бастап құрал жабдықтарды орнату жұмыстары басталады.

Ауылдың инфрақұрылымын дамытуға бағытталып жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде үстіміздегі жылы «Жеңіс» акционерлік қоғамында бұрынғы аурухана ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, онда консервіленген қымыз дайындайтын кіші цех пайдалануға беріліп отыр. Бұл цех арқылы тәулігіне 300 литр көлемінде қымыз дайындалады.

Сонымен қатар, осы ауылда қуаттылығы 3 тонналық мұздатқыш, жобалық құны 30 млн. теңге тұратын ет консервілеу цехы пайдалануға берілді.

Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көптеген жеңілдіктер жасалынып келеді.

2008 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру бағдарламасына сәйкес 22 млн тенгенің көлемінде субсидия бөлініп игерілді. 6,9 млн теңге субсидия көп жылдық шөпке берілді.

Үстіміздегі жылы республикалық бюджеттің аясында мамандандырылған шаруашылықтарға мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында ірі қара, шошқа және құс еттерімен қоса қой еттерін сатқаны үшін және сүтке мемлекет тарапынан ауданымыздың 23 шаруа қожалығына 34 млн теңге субсидия төленді.

Осы жылдан бастап, субсидия алуға арналған бағдарламаға қатысатын мамандандырылған сиыр етін өндіретін шаруашылықтарға жаңадан дайындаған жобаға сәйкес 3 деңгейде субсидия төленетін болып отыр.

I – деңгей, ірі қара малдарының аналығының саны 1000 бастан кем болмауы керек.

II- III деңгейге төленетін субсидия ірі қара малдарының аналығының саны 50 бастан кем болмауы қажет.

Сүт өнімдерімен айналысатын мамандандырылған шаруашылықтарға, I - деңгейге ену үшін ірі қара аналық малдардың саны 700 ден кем болмауы шарт.

II- III - деңгейге ену үшін аналық малдардың саны 50 бастан төмен болмауы қажет.

Алдағы уақытта субсидия алатын шаруа қожалықтардың санын көбейту мақсатында тиісті жұмыстар атқару басты міндеттердің бірі болуға тиісті.

Кейіңгі жылдары ауданға несиелік қорлардан қаржы бөлдіру жағынан айтарлықтай жұмыстар атқарылып келеді. 2008 жылы ауылдық жерлерге тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 187,8 млн теңгені құрады, немесе 2003 жылдағы (24,8млн теңге) тартылған инвестиция көлемімен салыстырғанда 7,5 есе артып отыр.

Оның ішінде несиелік серіктестік арқылы -50 млн теңге, ауылдық тұтыну кооперативі арқылы 20 млн теңге, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 9 млн теңге, даму институттары арқылы лизингі негізінде 108,8 млн теңге игерілді.

«Жаңаарқа» несиелік серіктестігіне мүшелікке енген шаруа қожалықтарына биылғы жылға «Ауылдық несиелік корпорациясы» АҚ бөлінген және өзіміздің ішкі резервтерімізбен қоса есептегенде 41 млн теңге қаражат игерілді. Бүгінде барлық несиелік жол 98 млн.тенгені құрап отыр.

Үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің машина трактор паркін жаңарту мақсатында әр түрлі қаржыландыру көздері арқылы , сонымен қатар өз қаражаттары есебінен жалпы құны 118,7 млн. теңгеге бір егін себетін комплекс , бір шетелдік Джон Дир комбайыны , бір Авангард бүріккіші , төрт МТЗ -82 маркалы тракторлары алынды.

Өткен жылы ауа райының қолайсыз болуына қарамастан ауданның егіншілері біршама өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізді. 29,3 мың гектар егістік алқаптың орташа түсімділігі гектарына 5,0 центнерден айналып, барлығы 14,7 мың тонна астық жинады. Жиналған астық көлемі 2009 жылдың егістігі үшін толықтай тұқым құюға, тұрақты бағамен халықты нанмен қамтамасыз ету үшін астық қорын құруға толық мүмкіндік берді. Сонымен қатар нан өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында біздің ауданға облыстық тұрақтандыру қорына өткізілуге тиісті 1000 тонна көлеміндегі тапсырманың орнына 1247 тонна өткізіліп, тапсырма 125 пайызға орындалды.

Ауданымыздың 8 шаруа қожалығы әр қайысы 3,5 млн теңгеден грант алу үшін ауыл шаруашылығы бойынша гранттық жобаға қатысып 3 турдан өткен болатын, бүгінгі күні 2 шаруа қожалығы (Болат, Жанболат) облыстық комиссиядан қолдау тапты.

Бұл қаражатқа асыл тұқымды ірі қара малдарды сатып алу жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер бірлестігін құру мақсатында аудан әкімінің өкіміменен арнайы жұмысшы тобының құрамы бекітіліп, іс шаралар жоспары жасалынған болатын.

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер бірлестігін құру мен дамыту жөніндегі ауданның және облыстық жұмысшы тобының қарауына аудан орталығынан жүн өңдейтін бірлестік құру туралы жобаны несиелеу бойынша сұраныс түсіп отыр.

Осы жоба бойынша аудан орталығында «Жаңаарқа Жібек жолы» фирмалық атаумен жобалық құны 122 млн. теңге тұратын жүн өңдейтін бірлестіктің құрамына 10 шаруа қожалықтары құрылтайшылары болып еніп, жалпы жиналыстың шешімімен төрағасы сайланды, бірлестіктің жарғысы дайындалды, қажетті құжаттар облыстық жұмысшы тобының қарауына өткізілді.

Ералиев селолық округінде ет өнімдерін өндіру , дайындау, сыртқа шығару, өңдеу, сақтау бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бірлестігін құру қолға алынып отыр.

Мал шаруашылығы саласындағы ең басты мәселе оның сапасын арттыру, мал тұқымын асылдандырып өнімділігін көбейту. Шағын шаруашылықтардағы, қорадағы азын аулақ малдың тұқымын жақсартып, өнімділігін арттыру үшін келешекте малды қолдан ұрықтандыруды кеңейте түсуіміз қажет. Үстіміздегі жылы алдын ала жасаған сұранысымызға сәйкес облыстық бюджеттің есебінен бөлінген қаржыға біздің ауданға 8 қолдан ұрықтандыру пунктінің құрал жабдықтары бөлініп отыр.

Әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген қаржының аясында ірі қара малдардың тұқымын жақсарту мақсатында ауданымыздың 3 шаруа қожалығы (Данияр, Жанболат, Ерлан) 2009 жылы АҚ «Казагрофинанс» арқылы лизинг негізінде жеңілдетілген пайызбен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына асыл тұқымды ірі қара малдарды сатып алу үшін 115 млн. теңгеге инвестициялық жобалар өткізді.

2009 жылы машина- трактор паркін жаңарту мақсатында ауданымыздың шаруа қожалықтары АҚ «Агроконсалтинг-К» лизингілік компаниясы арқылы құны 11 млн теңге тұратын 1 «Енисей» маркалы комбаинға, құны 9 млн теңгелік МТЗ маркалы тракторға және АҚ «Казагрофинанс» лизингілік компаниясы арқылы құны 15 млн теңге тұратын «Кузбасс-9,7» маркалы егін себетін комплекске сұраныс беріліп отыр.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндірілген өнім көлемі Ауыл жылы деп жарияланған алғашқы 2003 жылы 1850,0 млн. теңге болса қазіргі кезде бұл көрсеткіш 2,3 есеге ұлғайып 4297,0 млн.теңге құрап отыр. Ет өндіру көлемі 8,0 мың тоннадан 9,7 мың тоннаға дейін өсті немесе 1,2 есеге, сүт өндіру 25 мың тоннадан 30,8 мың тоннаға дейін ұлғайды. 2003 жылы Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығына жанар- жағар май, дәнді-дақыл тұқымдарын алуға, өсімдікті залалсыздандыру, малдардан қан алу, жұқпалы ауруларға қарсы малдарды егуге жеңілдіктер қолданылып, асыл тұқымды мал өсіріп оны сатқаны үшін дотация берілсе және салық жүйесі бойынша бірінғай жер салығынан басқа салықтардан босатылса қазіргі кезде ауыл шаруашылығы саласын қолдауға қосымша мал, құс етін, сүт өндіруге, көп жылдық шөпке, көкөніс, жержұмырға субсидия беріліп отыр. Сондықтан осы жеңілдіктерді кеңінен пайдаланып шаруашылықтарды дамытып, өнім сапасын жақсарту керек. Алдағы уақытта аграрлық саланың бәсекеге қабылеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ауылдық тұтыну кооперативтерін құру арқылы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өндірістерін ашуды көбейте түсуіміз қажет. Үстіміздегі жылы іске қосылатын «Зергер-Агро» сүт зауытын тұрақты түрде сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында бұрынғы сүт өндірумен айналысып келген Бидайық, Байдалы би, Целинный селолық округтерінде сүт қабылдайтын пункттерді ашуды ұйымдастыру қолға алынады. 2009-2011 жылдар аралығында ауыл шаруашылық жұмыстарын атқаруда ауыл шаруашылық техникаларын бірлесіп пайдалану мақсатында ауылдық тұтыну кооперативі негізінде МТС құруды жоспарлап отырмыз.

Соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдауды күшейтудің нәтижесінде оның өндірісі тұрақтандырылып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Үкіметтің ауыл шаруашылығынының алдына қойып отырған талабы шаруашылықтарды ірілендіру, ауылдық тұтыну кооперативтерін құру. Сол арқылы оларға жеңілдетілген несиелер беру, егістік көлемін кеңейтіп, мал оның ішінде асыл тұқымды мал басын көбейтіп, өнім сапасын арттыру. Сондықтан аудан ауыл шаруашылық қызметкерлерінің басты жұмысы осы бағытта болуға тиіс. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша жасалған бағдарламаға сәйкес 2011 жылы өндірілетін ішкі өнім көлемін 4800,0 млн. теңгеге, 2015 жылы 6 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Елімізде кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту мәселелері Елбасының жылдағы Қазақстан халқына арналған Жолдауында баса айтылып келеді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізін құрайтын шағын кәсіпкерліктің басымдылықпен дамуына нақты жағдайлар жасалынған. Экономиканың жетекші тұтқаларының біріне айналып келе жатқан іргелі саланың тынысын кеңейтуде тындырымды істер атқарылып отыр.

Ауданымызда 1125 шағын кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар жұмыс істеп тұр, осы салада 2125 адам жұмыспен қамтылған. Шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 2007 жылмен салыстырғанда 426 тұлғаға көбейді.

Экономиканың нақты секторының шағын кәсіпкерлік саласы бойынша шығарылған өнім, көрсетілген қызмет және атқарылған жұмыс түрлерінің көлемдері 2009 жылдың 1 қаңтарына 2487,0 млн.теңгеге орындалады, былтырғы жылмен салыстырғанда 153 пайызды құрады. Бюджетке шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түскен төлемдердің көлемі 77,1 млн теңге болды, немесе өткен жылдан 50,4 млн. тенгеге артық. Ауданымыздың жеке кәсіпкерлері Бекежанова Бағдат сауда орталығын салуға – 490,0 млн.теңге, Сартбасов Мейрам дүкен салуға – 36,5 млн.теңге, Самбаев Қали – жиһаз дүкенің салуға - 25,1 млн.теңге, Ибраева Орал дүкен салуға – 12,4 млн.теңге көлемінде инвестиция тартты.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу бойынша қызмет қаржылық құрылымдар және екінші деңгейдегі банктер арқылы берілген несие көлемі ұлғаюда. Ол 2008 жылы 121,6 млн тенгені құрап отыр.

2008 жылдың 5- мамырында ауданымыздың кәсіпкерлерімен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі » аясында аудан әкімдігінде аудан халқының тұрмысы мен хал- ахуалын жақсарту мақсатында жәрменке өтті. Кездесу барысында кәсіпкерлер назарына жалпы сомасы 5150,0 мың теңге болатын 40 әлеуметтік жоба ұсынылдып, олардың тарапынан қолдау тапты.

Шағын және орта бизнестің дамуына ауданда барлық жағдайлар жасалынып отырғанымен Үкімет тарапынан көрсетіліп отырған жеңілдіктерді толық пайдалана алмай келеміз. Құрылған қорлармен, несие берумен айналысатын кәсіпорындармен байланысымыз аз. Жасалған бизнес жобаларымыз сапасыз, банктердің талабына сай келмейді. Сондықтан әр ауылдың, елді мекендердің мүмкіндіктерін ескере отырып, сол жерлерге несие тартуды басты бағытқа алу қажет.

Бюджеттің кіріс жағының жылдық жоспары 434314,0 мың теңге көлемінде қаралған. 2009 жылдың 1 қаңтарына нақты орындалысы 455877,4 мың теңгеге жетіп, өсу деңгейі 105% құрады. Салық және басқадай төлем түрлері бойынша аудандық бюджетке жыл қортындысымен 21563,4 мың теңге жоспардан артық түсті. 2003 жылмен салыстырғанда салықтық және басқадай түсімдер көлемі екі есе көбейіп 222602,0 мың тенгеден 455877,0 мың тенгеге дейін өсті, немесе 3 есеге артты.

Бюджеттің шығыс жағының жылдық қаржыландыру жоспары 1437496,0 мың теңге, 2009 жылдың 1 қаңтарына кассалық орындалысы 1437257,0 мың теңгені құрап белгіленген жоспар 99,98 % орындалды. Барлық бюджеттік қаржының 73,6% құрайтын 1057914,0 мың тенге әлеуметтік саланы (оқу, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет бөлімдері) қаржыландыруға жұмсалынған. Әлеуметтік салаға бөлінген қаржы көлемі 2003 жылға қарағанда салыстырмалы түрде 350451,0 мың тенгеден бүгінгі күні 1057466,0 мың тенгеге дейін өсті.

Аудан бюджетінің шығындар құрамында әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз етуге 123354 мың теңге қарастырылған немесе 2007 жылмен салыстырғанда 34190 мың теңге артық, оның ішінде 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 40980 мың теңге, немесе 2007 жылға қарағанда 9930 мың теңгеге артық.Бұл айлық есептік көрсеткіштің өсуі мен жәрдемақы алушылардың көбеюіне байланысты болып отыр.

2009 жылға арналған аудан бюджетін әзірлеу барысында әлеуметтік салаға көп көңіл бөлінді, күрделі сипаттағы шығындар (материалдық техникалық базасын нығайту, ғимараттарды күрделі жөндеу), бюджетті дамытуға арналған және ағымдағы шығындар (ғимараттың ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу) қысқартылды. Аз қамтылған отбасы азаматтарына әлеуметтік көмекке шығындар артты. 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақыға 43326,0 мың теңге, дағдарысқа байланысты жағдайы жоқ азаматтарға әлеуметтік көмек беруге 31704,0 мың теңге, атаулы әлеуметтік көмекке 31031,0 мың теңге, тұрмыстық жәрдемақыға 10410,0 мың теңге бөлінді.

Елбасының 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген әлеуметтік салаға бағытталған бағдарламалардың нәтижелі орындалуы жұмыссыздықты азайтуға және кедейшілікті төмендетуге мүмкіндік туғызды.

2008 жылы жұмыспен қамту бөліміне 610 адам жұмыссыз ретінде тіркелді. Осы адамдардың ішінен тұрақты жұмысқа тұрғандар саны 661 адам (108 %), жоспар бойынша 450 адам, оның ішінде жастары – 351 адам (292 %) жоспар бойынша 120 адам.

Жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 0,02 пайызды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 0,48 пайызға төмендеді.

2008 жылы 3 рет бос жұмыс орындарға жәрмеңке өткізіліп, 29 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Жылдың басынан қоғамдық ақылы жұмысқа тартылғандар саны 500 адам, жастар –249, оралмандар – 3.

Өз ісін ашуға 23 жұмыссыз азаматтарға 1050,0 мың теңге материалдық көмек көрсетілді, олар жиһаз жасау-2, тігін тігу - 2, кіші кірім сауда -10, шаштараз-3, бау-бақша картоп егу 1 адам, фото салон – 1, мал өсіру – 5, монша – 1, тұрмыстық заттарды жөндеу – 1. Салық комитетінен осы азаматтар патент алып өз істерін ашты.

Кәсіптік даярлау және қайта даярлауға 56 адам жіберілді.

Мекемелермен, ұжымдармен, селолық аймақтардың ұжымдармен, әкімдермен қоғамдық ақылы жұмысқа және екі жақты жұмысқа тұрғызу туралы 42 келісім шарт жасалды.

2008 жылы 7492 аз қамтылған адамдарға мемлекеттік емес көздерден 97810,0 мың теңгеге көмек көрсетілді, 2007 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 962 адамға көбейді және 56010,0 мың теңгеге артық көмек көрсетілді.

Әлеуметтік көмек бір адамға шаққанда жоспар бойынша 64000,0 теңге болса, орындалғаны 69714,0 мың теңгені құрады. Қайталану еселігі 5,3.

Жоспар бойынша 13 әлеуметтік көмектің орнына 20 түрі көрсетілді.

Атаулы әлеуметтік көмек алуға 474 отбасы өтініш берді, оның ішінде 1777 адамға тағайындалып 31100 мың теңге толық төленді, былтырғы жылдың осы кезенімен салыстырғанда 107 адамға көбейіп, бөлінген қаржы 4748 мың теңгені құрады.

2008 жылы 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алуға 1409 отбасы өтініш берді, оның ішінде 3644 балаға 33872,8 мың теңге тағайындалып төленді, ол былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 242 балаға көбейіп, бөлінген қаржы 9930,5 мың теңгеге артты.

Азық-түлік тауарларының қымбаттауына байланысты аз қамтылған отбасыларға 2008 жылдың 12 айына жан басына (1 айлық орташа көрсеткіш) 1168 теңгеден 2702 адамға 11718 мың тенге материалдық көмек төленді.

2008 жылы тұрғын үй жәрдемақысына республикалық субвенциядан 9729,0 мың теңге бөлінді. Жыл басынан тұрғын үй жәрдемақысын алуға 73 отбасы, оның ішінде 130 адам өтініш берді, оларға 1100,0 мың теңге тағайындалып, толығымен төленді.

Жаңаарқа ауданының мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының орындалысы барысында 2008 жылға гигиеналық құралдарға Республикалық бюджеттен 1794,0 (Бір миллион жеті жүз тоқсан төрт мың ) тенге бөлініп игерілді.

Жеке оңалтудың бағдарламалары бойынша 28 мүгедек адамдарға оның ішінде 7 мүгедек балаға гигиеналық құралдар (памперс) берілді.

2008 жылы 14 адамға ұялы телефон, 17 адамға есту аппараты, 1 адамға вибраторлы сағат, 12 мүгедек адамдарға мүгедектер жұретін қол арбасы берілді.

Ұлы Отан соғысы мен соғыс тылының ардагерлеріне баспасөз басылымдарымен қамту үшін аудандық бюджеттен 260,0 мың теңге қаражат бөлініп игерілді. 2009 жылы да осы көлемде қаражат бөлініп отыр.

Жағдайы төмен отбасыларға, Ұлы Отан соғысы мен ауған соғысының қатысушыларына, мүгедектерге жекелеген мұғалімдермен, дәрігерлерге және облыстық жәрмеңкеге қатысқан шаруа қожалықтарына барлығы 1200 тонна көлемінде арзандатылған көмір берілді.

2009 жылға арналған Жаңаарқа ауданының халқын жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша тұрақты жұмысқа орналастыруға 550 жұмыссыз адам жоспарланып отыр, 500 жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту, 55 адамды кәсіптік оқуға жіберу, 26 адамға өз ісін ашуға материалдық көмек көрсетуге, сонымен қатар 10 әлеуметтік жұмыс орындарын құру көзделуде. Осы бағдарламаларға аудандық бюджеттен 25,4 млн. теңге бөлінді.

Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі бүгінгі білім сапасына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасындағы Білім беруде дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Елбасының халыққа Жолдауларындағы, облыс әкімінің оқу орындарының материалдық-техникалық базасын әлемдік білім беру стандарты деңгейіне жеткізу жөніндегі тапсырыстарын орындау мақсатында іс-шаралар жоспары жасалынып, кейінгі жылдары біршама жұмыстар жүзеге асырылды.

2008 жылы аудандық білім саласын қаржыландыру көлемі 785,8 млн.теңгені құрады. (аудандық бюджеттің 54,7 пайызы)

Бұл 2007 жылмен салыстырғанда 101,0 млн.теңгеге артық.

2009 жылы бұл салаға 993,7 млн. теңге қарастырылып отыр.

Аудан көлеміндегі 34 мектепте 839 мұғалім еңбек етіп жатыр, 5676 оқушы білім алуда. Мұғалімдердің 78 пайызы жоғары білімді маман, 40 пайызы жоғары және бірінші санатты мұғалімдер. Кейінгі 3 жылда жоғары білімді мамандар 9 пайызға, бірінші және жоғары санатты мұғалімдер 10 пайызға көбейді және 60-тан аса жоғары және арнаулы орта білімді жас мамандар жұмысқа қабылданды.

Оқу-тәрбие жүйесін заман талабына сай ұйымдастыру үшін мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту-бүгінгі басты міндеттеріміздің бірі.

Осы орайда, материалдық базасын нығайтуға бөлінген қаржының көлемі 13,8 млн.теңгені құрап 2007 жылмен салыстырғанда 131 пайызға артты.

Жыл сайын аудандық бюджеттен білім ошақтарын күрделі жөндеуге қомақты қаржы бөлінуде. 2008 жылғы аудандық бюджеттен мектептердің материалдық-техникалық базасын күшейтуге 59,2млн. теңге, мектептерді қысқы отынмен қамтамасыз етуге 13,2 млн. теңге, мектептерді ағымды жөндеу жұмыстарына 4,9 млн.теңге, мектептерді күрделі жөндеу жұмыстарына 36,0 млн.теңге қаржы қарастырылып, толығымен игерілді. Бүгінгі күні ауданымыздың білім ошақтарының 69 пайызы күрделі жөндеуден өтті.

2009 жылы аудандық бюджеттен осы жұмыстарды әрі қарай жалғастыру үшін 32,3 млн.теңге бөлініп отыр.

2009 жылы Ескене елді мекенінде жалпы сметалық құны 260,0 млн. теңге құрайтын 320 оқушыға арналған мектеп ғимаратының салу жұмыстарына 83,1 млн. теңге бөлініп құрылыс өз жалғасын табады және 2009 жылы 150 орындық Ақтау орта мектебін салуға бірінші кезекте 70 млн. теңге қаржы бөлініп отыр, 2010 жылы «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша М.Жұмажанов атындағы селолық округінде 200 орынға арналған орта мектеп құрылыс жұмыстарын жүргізу қарастырылып отыр.

Ауданымыздың кейбір мектептерінде су жүйесі, канализация, спортзалы, шеберханасы жоқ, лайықталмаған ғимараттарда орналасқан. Біздің алдағы басты мақсатымыз- заман талабына сай типтік мектептер салу үшін тиісті құжаттар дайындап, инвестициялық жобалардың тізіміне еңгізу бағытында жұмыс жасау.

2008 жылы 63251,0 мың теңгеге 8 мультимедиалық және лингафон, 3 физика кабинеттері, 8 интерактивті тақта алынды.

16336,0 мың теңгеге жаңа оқулықтар алынып мектептерге таратылып берілді.

Мемлекет басшысының мектеп балаларын оқумен толық қамту жөніндегі тапсырмасы одан әрі орындалуда. 2008 жылы жетім және дәулеті төмен отбасы балалары 4571,0 мың теңгеге тегін тамақтандырылды. Оларға жалпы білім беру қорынан 5771,0 млн.теңге бөлініп, оның 1200,0 мың теңгесіне 150 балаға киімдер алып берілді және жазғы демалыс уақытында 1600 оқушы тегін демалдырылды.

2009 жылы жалпы оқумен қамтамасыз ету қорына 22959,0 мың теңге, 1-4 сынып оқушыларды тамақтандыруға 39154 мың теңге бөлініп отыр.

Бүгінгі күні оқушылардың 85 пайызы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мүмкіндігі өсті. Аудан орталығында үш балабақша, мектептерде 22 шағын орталықтары жұмыс істеп тұр. Бұл облыстық орта көрсеткіштен жоғары болғанымен, әлі де болса балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтудың көрсеткіші төмен. Ол 51,4 пайызды құрайды.

Елбасының тапсырысына сай әр жыл сайын мектеп жасындағы балаларды балабақшамен қамтуды 10 пайызға өсіріп отырып, 2012 жылға дейін балабақшаға барғысы келетін әрбір баланы орналастыру мәселелерін ойластыруымыз қажет.

Сондықтан жоспарда аудан орталығында тағы да бір балабақша салу және шағын орталықтарды көбейту міндеттері тұр.

Оқу процестеріне жаңа ақпараттық технологияны еңгізу – басты міндеттердің бірі болып табылады. Автоматтандырылған «Электрондық мектеп» басқару жүйесі, әр-түрлі инновациялық жобалар ауданымыздың мектептерінде қолға толық алынбай отыр.

Келешекте Республика, облыс көлемінде іске асырылып отырған инновациялық білім сапасын дамыту жобаларын жан-жақты басшылыққа алып әр мектеп өздерінің материалдық базасына интеллектуалдық мүмкіндіктеріне қарай ыңғайлы жобаларды алын, соны әрбір мектепке іске асыруға жұмыс жасау керек.

Аудан мектептері 100 пайыз интернет жүйесіне қосылғанымен, әрбір компъютерге 7,4 баладан келгенімен (облыстық көрсеткіш 11,0) әлі де кейбір мектептерде интернет жүйесі толық пайдаланбайды, мектеп кітапханаларды компьютермен және кітапханалар бағдарламаларымен қамтамасыз ету қажет.

Алдымызда білім реформасын жүзеге асыру мақсатында атқарылар ұланғайыр міндеттер тұр. Келешекте оқу-тәрбие процесін 12 жылдық оқу бағдарламасына көшіру, мектептерімізді әлемдік ақпарат жүйесіне қосып, компъютерлендіру ісін одан әрі дамытып, терең меңгеру мен оқытудың озық технологияларын енгізу арқылы білім берудің сапасын жақсарту, білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, оқушылар мен педагогтерге әлеуметтік қорғауды дамыту сияқты маңызды мәселелерді шешуіміз керек.

Денсаулық саласы бойынша бүгінгі күнге аудандық денсаулық сақтау мекемелерінің саны мемлекеттік стандартқа сай. Ауылдық жерлерде 7 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік, 8 - фельдшерлік, 9 ғимаратсыз пункттер жұмыс атқарып келеді.

Жалпы денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға 2008 жылы 181 млн.теңге бөлінді, ол 2007 жылмен салыстырғанда 11 млн. теңгеге артық. 2009 жылы бұл салаға 262 млн.теңге қарастырылып отыр 2008 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 145 пайызға артып отыр.

Дәрігерлік көмектің мамандырылған түрлері 9-дан 13-ге дейін ұлғайды. Селолық дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік пункттер медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілді.

Медицина кадрларын дайындаудың деңгейін үздіксіз жетілдіру мақсатында 14 дәрігер білім дәрежесін жетілдірді, оның ішінде бір дәрігер-хирург Санкт-Петербург қаласында оқыса, бес дәрігер жалпы дәрігерлік білімін жетілдірді. Аудандық ауруханада қазіргі заман талабына сай телемедицина жұмысы қалыпты жұмыс істеп, реографиялық және ректоскопиялық тексерістер жүргізіледі.

2010 жылы Ералиев, 2011 Қараағаш селолық округтерінде дәрігерлік амбулатория құрылыс жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

Осы атқарылып отырған жұмыстар демографиялық жағдайдың жақсаруына әсерін тигізуде.

Бала туу көрсеткіші 2007 жылғы 16,4 пайыздан 2008 жылы 17,6 пайызға көтерілсе, адам өлімі 2007 жылғы 7,3 пайыздан 2008 жылы 7,0 пайызға азайды.

Туберкулезбен ауырғандар саны былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8 ауруға азайды.

Алдағы уақытта медициналық бірлестіктің алдында тұрған міндеттердің бірі – аурудың алдын-алу тәсілдерін меңгеру, кадрлардың біліктілігін арттыру, медициналық бірлестіктің барлық көрсеткіштерін мемлекеттік стандарттарға сәйкестендіру, және ауданға қажетті мамандықтар бойынша жас мамандарды тарту.

2008 жылы аудандық мәдениет саласын қаржыландыру 147903,0 мың теңгені құрады. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда 43203,0 мың теңгеге артық.

2009 жылы бұл салаға 106012 мың теңге қарастырылып отыр.

Жыл сайын аудандық бюджеттен мәдениет ошақтарынның күрделі жөндеуіне қомақты қаржы бөлінуде. Егер, 2004 жылы аудан бойынша тек 3 клуб пен 18 кітапхана болса, бүгінгі күні ауданда 41 мәдениет ошақтары халыққа қызмет етуде. Оның ішінде 15 клуб, 23 кітапхана, 2 «Зерде» бейнемобилі.

Тек кейінгі екі жылда 7 елді мекендерде клуб, 5 елді мекендерде кітапханалар ашылды.

Материалдық –техникалық базаны нығайтуға бөлінген қаржының көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 4297 мың теңгеге артық.

2008 жылы мәдени –сауық орталығының ішкі-сыртқы жөндеу жұмыстарына бюджеттен 54 млн.теңге қаржы бөлініп іші жөнделіп, қасбеті әшекейленіп, қазандық салу жұмыстары жасалынды. Оның аумағындағы алаңына 1250 шаршы метр төсемтас төселініп, су бұрқақ, жарық шамдар орнатылып, шырша талдар отырғызылып абаттандырылды. Қызылжар кентінде аудандық бюджеттен бөлінген 40 млн. теңгеге мәдениет үйі салынып, халыққа қызмет көрсетіп отыр.

Мәдениет мекемелерін компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен 1,300 мың теңге, орталықтандырылған кітапхана жүйесіне жиһаздар алуға 2264,0 мың теңге, мәдени -сауық орталығына сахналық электро-монтаж жасауға 3700,0 мың теңге, жастар орталығының ішкі жөндеу жұмыстарына 3,566 мың теңге қаржы бөлінді.

2008-2009 жылғы қысқы жылу беру маусымына 3758,132 мың теңгеге 820 тонна көмір алынып барлық мәдениет ошақтарына жеткізіліп берілді. Нәтижесінде жылу беру маусымы ойдағыдай өтуде.

2008 жылы облыстық мәдениет департаменті тарапынан С.Сейфуллин, Целинный, Айнабұлақ ауылдарындағы мәдениет үйлеріне дыбыс күшейткіш аппаратураларын, ал Тәуелсіздік күніне қарсы «Зерде» бейнемобиліне бір комплект аппаратура берілді.

Айнабұлақ, Байдалы би, Көктал, С.Сейфуллин селолық округтеріндегі клубтарға көрермен залдарына креслолар әперілді.

2009 жылы аудандық бюджеттен жастар орталығы ғимаратына сыртқы жөндеуіне 6 млн.теңге, мәдени-сауық орталығына дыбыс күшейткіш аппаратура алуға, сахналық киімдер тіккізуге 13 млн.теңге бөлініп отыр.

Аудан көлемінде түрлі мәдени-көпшілік шаралар өз деңгейінде өтуде. Әр саладағы талантты жастарды қолдап, олардың облыстық, репсубликалық конкурстарға қатысуларына мүмкіндіктер туғызылуда.

Аудан өнерпаздары жыл сайын Қарағанды қаласында өтетін «Ауыл береке» жәрмеңкесі аясында өнер көрсетіп, жоғары табыстарға жетуде. Биылғы жылғы облыстық мәдениет басқармасының тарапынан өткізілген: Астана қаласының 10 жылдығы мен облыстық «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының 50 жылдығына арналған «Әнім де сен, сәнім де сен-Астана» атты театрландырылған концерттік бағдарламасында біздің аудан облыс көркем өнерпаздарының арасынан 1 орынға ие болғанын атап өтуге болады.

Мәдениет саласы қызметкерлерінің алдындағы тұрған ең маңызды міндет – аудан мәдениетінің деңгейін көтеріп, сапасын арттыру. Білікті мамандарды тартып, заман талабына сай кәсіби шеберлігі жоғары өнерпаздардан құралған өнер ұжымдарын қалыптастыру.

2008 жылы жүйелік кесте бойынша барлық жоспарланған саяси – бұқаралық, мәдени көпшілік іс – шаралар толығымен жүзеге асырылды.

Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылдың 6 ақпанындағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басылымдықтарын талқылау бойынша аудан активі өткізілді.

Аудан әкімінің өкімімен бекітілген 5 аудандық ақпараттық – насихат топтарының мүшелері Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында поселке және селолық округтердің тұрғындарымен арнайы кесте бойынша кездесулер өткізді.

Аудандық еңбек ұжымдарында Жолдауды талқылау бойынша 56 жиналыс өткізіліп, оған барлығы 840 адам қатысты, кестеге сәйкес ақпараттық-насихат топтарының Елбасы Жолдауын халыққа насихаттау барысында бүгінгі күні 69 кездесу өткізіліп, оған 3450 адам қамтылды.

Поселкелер мен, селолық округтер, мектептер мен мекемелер жанынан құрылған үгіт – насихат топтарының мүшелері, барлығы 150 насихатшылар Елбасы Жолдауын халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге өз үлестерін қосты.

Бүгінгі күні аудандық және облыстық басылымдарда 72 мақала жарияланды.

Жолдауды насихаттау жөніндегі 178 саяси және әлеуметтік жарнамалар жаңаланды.

Ауданымызда саяси және діни ахуал дұрыс бағытта қалыптасқан.

Жастар саясаты мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында «Ауылдық жерде кәсіпкерлікпен айналысатын ауыл жастарын қолдау және дамытуға арналған облыс әкімінің гранттарын беру» жобасы бойынша 2006-2008 жылдары ауданымыз бойынша 6 адам облыс әкімінің грантын иеленіп, кіші кәсіпкерлікті дамытуға қаржылай қолдау көрсетілді.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын және «2008-2010 жылдарға арналған Жаңаарқа ауданының жастары » аудандық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігінің қаулысымен Жастар сыйлығы тағайындалған. Арнайы комиссия құрылып, жастар арасында жемісті шығармашылық, өнер, қоғамдық және кәсіби қызметі көрсетіп, ауданның қоғамдық саяси өміріне белсене араласып, өз үлестерін қосып жүрген бір топ жастар аудан әкімінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар жыл қорытындысы бойынша салтанатты жиналыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, ауданның жастарының белсенділігін арттырып, ынталандыру мақсатында ауданның бір топ жас азаматтары аудан әкімінің арнайы белгіленген «Жастар» сыйлығымен марапатталды.

Жалпы алғанда ауданымызда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 2008 жылы аудандық бюджеттен бірінші рет 1307,0 мың теңге, ал 2009 жылға 1402,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, биылғы жылы ауданымызда «Жаңаарқа ауданының жастармен жұмыс жасау орталығы» мемлекеттік мекемесін құру жоспарланып отыр. Бұнын бәрі Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес еліміздегі жастар саясатын қолдауға, 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпыұлттық бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған іс шаралар.

Аудан көлемінде спорт пен денешынықтыруды дамыту бағытында біршама игі шаралар атқарылуда. Спорт түрлері бойынша 8 федерация қызмет етуде.

Ауданымызда жыл сайын ауыл спортшыларының спартакиадасын өткізу дәстүрге айналған.

2008 жыл қорытындысы бойынша облыстың аудан, қалалары арасында спортты дамыту мен өркендету жұмыстарындағы жеткен жетістіктері үшін Жаңаарқа ауданына 2-ші жүлделі орын табыс етілді.

Спорт пен денешынықтыруды серік еткендердің саны жылдан жылға өсіп келеді. Егер, 2005 жылы аудан халқының санына шаққанда ол 15 % пайызды құраса, 2008 жылы ол 18 % құрады. Кейінгі жылдары спортпен айналысатындардың өсуі аудан орталығындағы спорт нысандарының жаңадан салынуы және қайыра жабдықталуына тікелей байланысты.

Олар: аудан орталығындағы жасыл көгал төселген стадион, «Модуль» спорт кешені, үлкен тенис корты, кіші футбол алаңы, мұз айдындары, спорт мектебі, кәсіптік мектеп жанындағы спорт секциялары, мектептердің спортзалдары.

2006 жылдан бастап аудандық бюджеттен спорт саласына жыл сайын 2 млн. теңгеден қаражат бөлініп, аудан спортшылары облыстық жарыстарға қатысуға және спорттық құрал –жабдықтар сатып алуға мүмкіндік туды.

2008 жылы оқу бөліміне спорттық құрал-жабдықтарын алуға 7 млн. теңге бөлінді.

Денешынықтырумен айналысуды ұлғайту үшін көп қабатты үйлердің аулаларында спорт алаңдарын жасау жоспарда тұр.

2009-2011 жылдары аудан орталығында қәзіргі заман талабына сай келетін спорт кешенін салу көзделуде.

Алдағы уақытта ауданымызда бұқаралық спортты одан әрі дамытуымыз қажет. Мекемелер мен кәсіпорындарда, селолық округтерде бұрын болған спорт нұсқаушыларын қайта қалпына келтіріп, жұмысын жандандыру, ерікті спорт қоғамдарын қайра ашуға жұмыстар жасау қажет.

Елбасының халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі кең көлемді бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2008 жылы аудан көлемінде жеке тұрғын-үй құрылысы қарқынды дамыды. Егер 2007 жылы 7520 шаршы метр жеке тұрғын-үй салынса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 16907 шаршы метрді құрап, жоспар 234,8 пайызға орындалды.

Сонымен қатар, өткен жылы жиырма жылдан бері бірінші рет мемлекет тарапынан тұрғын үй салу қолға алынып ауданымызда алты пәтерлі арендалық үймен төрт пәтерлі екі коммуналдық үй пайдалануға беріліп, оған мұғалімдер, дәрігерлер, ауған соғысының мүгедегі, оралман, көп балалы аналар орналаспақшы. Оған қосымша бүгінгі таңда көп жылдан бері қаңырап бос тұрған аудан орталығындағы Қазақстанның 40 жылдығы көшесіндегі 3 қабатты, 36 пәтерлі үйге жөндеу жұмыстары демеушілік негізде басталып оның 12 пәтеріне жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, ал қалған 24 пәтері ауданның 80 жылдық мерейтойы қарсаңында толығымен тапсырылмақшы. Cондықтан да келешекте ауданымызда жаңадан салынған үйлерде кондоминиумдар және КСК – лар ашу қажет. Сонымен қатар, аудан орталығында орналасқан көп қабатты үйлерді қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін кондоминиумдар жұмыстарын жандандырып, үйлердің сыртқы фасадтары мен подвалдарын жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру керек.

2009 жылы республикалық бюджеттен ауданымызда екі алты пәтерлі үй салу үшін 42 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп отыр.

2008 жылы Атасу кенті ішіндегі тұрғын үйлерге инженерлі-коммуникациялық құрылымдар құрылысына республикалық бюджеттен 4,0 млн. теңге бөлініп, жаңадан салынған арендалық, коммуналдық және жеке меншік тұрғын үйлерге лас-су жүйесі тартылды. Бұндай жұмыстар 2009 жылы да өз жалғасын табады және оған 8 млн. теңге қаражат бөлінді.

Ақтүбек селолық округінде 2008 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 20,0 млн. теңгеге 20 орындық монша салынды, жоспарда аудан орталығында да 50 орындық монша салу жұмыстары тұр.

Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы негізінде бүгінгі күнге тұрғын халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде оңтайлы шаралар іске асырылуда. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен жаңадан құрылған «Таза су» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етеді. Қазір аудан орталығы тұрғындарының 73%, ауылдық елді-мекен тұрғындарының 55% орталықтандырылған таза сумен толық қамтамасыз етілуде. Атасу кентінің тұрғындарын 100 % таза сумен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 163,0 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде 2009 жылға 15 млн. теңге қаржы бөлініп отыр.

Жалпы соммасы 210,1 млн. теңгені құрайтын Атасу кентінің су құбырларының және су іркеуіш үймеретінің құрылысына облыстық бюджеттен 2008 жылы 60,0 млн. теңге қаралып жұмыстар атқарылды, 2009 жылға осы жұмыстарға 95,4 млн. теңге қарастырылып отыр, осыған байланысты бұл нысан 2009 жылы толығымен бітіп, пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар 2008 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 25,0 млн. теңгеге Байдалы би ауылында су құбырларының құрылысы басталып, 2009 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтауға 112,9 млн. теңге қарастырылып отыр.

Лас-су жинақтау орнын және лас су тазалау ғимаратын қайта жабдықтаудан өткізуге 193,0 млн. теңгеге облыстық бюджеттен жобалау –сметалық құжаттары жасалынып, 2008 жылы 50,0 млн. теңгеге жұмыстары атқарылды. Ал, 2009 жылға осы жұмыстарға 51,3 млн. теңге облыстық бюджеттен бөлініп, оныңда құрылыс жұмыстары биылғы жылы аяқталады.

Ауданымызда тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз ету саласының жұмысында оң тәжірбиелер жинақталған. Осының нәтижесінде ауданымызға электр қуатының тәулік бойы берілуіне қол жеткізілген. Электр қуатының бағасын өсірмей өз деңгейінде қалдыру мақсатында аудан әкімшілігі «Қазақмыс» АҚ жұмыс істеу нәтижесінде электр қуатының төлемақысының көлемі түсіріледі.

Келешекте бұл сала бойынша ауданымыздың электр желілері мен КТП –ның ескіруіне байланысты жөндеу жұмыстарын қолға алып осы белгіленген тарифтің ішіндежұмыстар жүргізу қажет.

Аудан орталығы көшелерінде орналасқан барлық жарық шамдары толығымен жұмыс істеуде. Үстіміздегі жылы аудан орталығының көшелеріне жарық беру жұмыстарын жалғастыру мақсатында Жамбыл және Тәуелсіздік көшелеріне толығымен жарық беретін шамдар орнату жоспарлануда. Алдағы уақытта көшелердің шамдарының жарықтарының сөнбеу жұмыстарын ретке келтіру мақсатында әрбір көшеге уақытылы шамдарды сөндіріп жағып тұратын таймерлер және жеке КТП - лар орнатылу жұмыстары қолға алынады.

Сонымен қатар, ауданымыздың селолық округтерін жарықпен қамтамасыз ету жұмыстарына байланысты аудандық бюджеттен қарастырылған 2 млн 221 мың теңгеге ауданымыздың барлық селолық округтері мен Қызылжар кентінде әр қайсысына 14 ДРЛ шамдарынан тұратын жарық нүктелері орнатылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табады. 2008 жылға көше жарықтандыру жұмыстарына барлығы 5780,9 мың теңге бөлініп, оның 1570,9 мың теңгесі электр қуатына, 250,0 мың теңгесі жүйені ұстап пайдалануға, қалған 3960,0 мың теңге әр-түрлі жарықтандыру құралдарын орнатуға жұмсалды.

2008 жылы телекоммуникация саласында да игі бастамалар іске асырылды. Атап айтқанда, Айнабұлақ селолық округінде жиі бұзылатын ескі кабельдік жүйенінің орнына құны 6,0 млн. теңге құрайтын цифрлы жер серігі арқылы жұмыс атқаратын SKI Edge жүйесі іске қосылды, Атасу мен Қызылжар кенттерінде әр қайсысына құны 20,0 млн. теңгені құрайтын сымсыз радио байланыс арқылы жұмыс істейтін цифрлы байланыс жүйелері қойылды. Бұл жүйелер 30 км аумақты қамтиды, ол өз кезегінде Атасу мен Қызылжар кенттеріне жақын орналасқан, бірақ телефон орнату мәселелері осы уақытқа дейін қиындық туғызып отырған Түгіскен, М. Жұмажанов, Ескене, Ақтайлақ, 69 рзд, Алғабас, Ақтасты елді мекендерінің тұрғындарына бір күнде телефон орнату мүмкіндігін берді. Бидайық және Ералиев селолық округтерінде аналогтық АТС цифрлы жүйеге ауыстырылды. Жалпы телекоммуникация саласына 2008 жылы 60 млн. теңге көлемінде инвестициялар тартылды.

2009 жылдың 1 тоқсанында Ералиев селолық округінде жоғарыда аталған SKI Edge жүйесі орнатылады. Сонымен қатар Түгіскен селолық округінде 2009 жылдың 1 тоқсанында жаңа цифрлы байланыс жүйесі іске қосылады.

Көп қабатты үйлермен бюджеттік мекемелерге тиімді дербес жылу қазандықтары орнатылып жұмыс істеуде. 2007-2008 жылғы жылу беру маусымында әлеуметтік маңызы бар және тұрмыстық нысандар бойынша тұрғын үйлер қысқы кезеңге толық дайындалып, жылу беру маусымы ойдағыдай өтуде. Бұл жерде атап өтетін мәселе ауданымызға жылу беретін «Жаңабұлақ» ЖШС –нің банкроттық есепте таралуына байланысты осы мекеме жылу беретін қазандықтар ауданымызда жаңадан құрылған «Жаңаарқа жылу» коммуналдық мекемесіне берілді. «Жаңаарқа жылу» мекемесіне берілген қосымша екі локалдық қазандыққа жиырма жылдан астам уақыт жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен үстіміздегі жылы қосымша дербес жылу қазандықтар салу және екі локалдық қазандықтардың жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары қолға алынбақшы.

Ауданымыздағы елді-мекендерді, әсіресе аудан ортылығын сәулеттендіру, абаттандыру жұмыстарын кең көлемде жүргізу – біздің басты мақсатымыз болып отыр.

Атасу кентінде күл-қоқыс жинауға арналған топтастырылығын алаңдар орнатылып, олардың жерлері «Жаңаарқа жылу» КМК-ның иелігіне заңдастырылып берілді.

Аудандық бюджеттен 2008 жылы елді мекеннің санитарлық ахуалын қамтамасыз ету үшін бөлінген 975,0 мың теңге қаржының 600,0 мың теңгесі сыртқы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын ұстауға, 350,0 мың теңгесі заңдастырылмаған қоқыс үйінділерін жою жұмыстарына бағытталып толық игерілді.Ауданымыздан шығарылған тұрмыстық қатты қалдықтардың орындары барлық селолық округтер бойынша белгіленген. Сонымен қатар, аудандық бюджеттен осы жұмыстарға байланысты құжаттарды әзірлеуге байланысты үстіміздегі жылы 2831 мың теңге көлемінде қаражат аудандық бюджеттен қарастырылуда.

«Менің аулам» бағдарламасы бойынша Атасу кентінде көп қабатты үйлердің аулаларында 2008 жылы аудандық бюджеттен 3 балалар ойнайтың балалар алаңы салынды, оған қоса О.Баубеков атындағы демалыс саябағына ауданы 20х40 метр болатын жасанды газоннан және қоршалған 2 ойын алаңы салынды.

2008 жылыАтасу кентін абаттандыру жұмыстарына 35868,5 мың теңге қаржы бөлініп, оған төмендегі жұмыстар жасалды.

Атап айтқанда, Абай көшесінде 1490 м және Тәуелсіздік даңғылында 210 м асфальттың бойына бордюрлер қойылды, сонымен қатар Абай көшесінде 1500 шаршы метрге тротуар салу жұмыстары атқарылды;

О.Баубеков атындағы демалыс саябағын күрделі жөндеу және көгалдандыру жұмыстарына 10 млн. 780 мың теңгеге бөлініп жұмыстар толығымен аяқталды. Осы қарастырылған қаражатқа толығымен саябақ тазаланды, екі балалар алаңы салынып, жасақтандарылды. Жалпы ұзыныдығы 420 м. жүгіру және 500 метрге адамдар жүретін жолдары жасалды. Сонымен қоса, саябақтың ішінде би алаңы, субұрқақты жөндеу жұмыстары жүргізілді. 40 орындық, 30 қоқыс төгетін жәшіктер және 600 шаршы метр жолдар асфальттандырылып, 1000 шаршы метр жерге тас ұнтағы салынды.

Кент әкімі аппаратының қызметкерлері МАИ қызметкерлерімен бірлесіп Абай даңғылы және С.Сейфуллин даңғылы жолдарына жасанды кедергілер және барлық орталық көшелердегі ескі жол белгілері ауыстырылып, барлығы 60 жол белгілері қойылды. Бұл жұмыс алдағы уақытта да өзінің жалғасын табады. Өйткені, жылдан – жылға аудан тұрғындарының әлеуметтік – экономикалық жағдайы жақсаруына байланысты ауданымызда автокөлік сандары өсу үстінде. Атап айтқанда, 2003 жылы ауданымыз бойынша автокөлік сандары 1545 автокөлікті құраса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 4567 құрап отыр. Осыған орай ауданымыздың басты көшелеріне үстіміздегі жылы үш бағдаршам орнату, қосымша 118 жол белгілері қойылу және кенттің ішкі автокөлік жолдарын кеңейту жұмыстары жоспарлануда.

Кентті абаттандыру жоспары бойынша белгіленген ішкі көлік жолдарын орта жөндеу жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда Жамбыл, Сарытоқа және Садуақасова көшелерінің жолдарына 9340 шаршы метр аумағына асфальт төселіп, 24 млн. 394 мың 158 теңге қаржы игерілді. Ал облыстан бөлінген 3 млн. 467 мың теңгеге Ақтасты, Атасу кентінің, Ынтымақ, Ынталы және Қылыш селолық округтерінің кіре берістеріне жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бөлінген қаржы толығымен игерілді. Үстіміздегі жылы да бұл жұмыстар жалғасын тауып, жергілікті бюджеттен қомақты қаражат қарастырылып белгіленген жоспарға сәйкес аудан орталығының көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

2009 жылға ішкі жолдарды орта жөндеуден өткізу үшін – 35282,0 мың тенге бөлініп отыр. Оған арнайы құрылған комиссия ұсынысы негізінде Атасу кентінің жолдарына асфальт төселетін болады.

Атасу кентін абаттандыру мен санитарлық жағдайды жақсарту жәнеде басқадай жұмыстар үшін 63677,0 мың тенге қаралған. Бұл тұрғыда істелетін жұмыстар көлемі алдын – ала аңықталып, жоспарға енгізілген.



Жалпы 2008 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында қол жеткізген табыстарымыз аудан азаматтарының ерен еңбегімен ауыз бірлігінің нәтижесі арқасында болды. Бұл көрсеткіштеріміз бәріміздің ортақ табысымыз.

Алдағы уақытта Сіздер мен Біздер уақыт талабына сай Елбасының тапсырмаларын іске асыру мақсатында жұмыс атқаруымыз қажет. Ол қажетті аудан тұрғындарымен мекеме, кәсіпорындардың, кәсіпкерлермен шаруа қожалықтарының потенциалдық мүмкіндігі де, күш қуаты да жеткілікті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет