Түсінік хат
«Жас Эколог» 4-сынып оқушыларына арналған факультатив сабағының
бағдарламасы .
Аптасына 1 сағат 34 сағат берілген.
Келешек ұрпаққа экологиялық мәдени тәрбие беру қазіргі заманда өзекті мәселе болып табылады.Бастауыш мектепте экологиялық білім беру баланың дүние танымымының қалыптасуында өте маңызды кезең деуге болады. Теориялық және әдістемелік экологияға байланысты шығармаларды талдау нәтижесінде бастауыш мектептегі экологиялық білім беру жұмысын жандандыру жөнінде ой туғызды.
Басты мақсаттың бірі:
- Табиғаттағы өз орнын білетін, қоршаған ортамен өзара байланысты
- экологиялық сауатты тұлға қалыптастыру.Бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу барысында балалар қоршаған ортаны білуге қызығушылық, білім құмарлықтарын көрсетті. Экологияға байланысты сұрақтарды зерделеу барысында белсенділік пайда болды. Балалардың көбінде туған өлкенің табиғатын зерделеп білуге құмарлық байқалды. Табиғи ортада өздерін дұрыс ұстауға тырысатын болды.
Бағдарламаның өзектілігі экологиялық тәрбиеге арналған жинақтардың бастауыш сатыда жетіспеуінен туындап отыр. Бағдарлама бойынша өткізілген жұмыстар барысында балалар қоршаған ортаға,түрлі қызықты мәліметтерге қызығушылықтарын танытты.Олардың экологиялық тұрғыдағы сұрақтарға жауап іздеуде белсенділік көрсетті.
Балалардың көбісі қызығушылық танытып,туған өлкеге байланысты тақырыптарды зерттеу жұмысына алып,ізденіс жұмыстарын бастап кетті.
Олардың осы сабақтардан кейінгі алған мәліметтерін ата-аналарымен бөлісуі,естігенін есте қалдыруы сабақтың мазмұндылығына саяды.Білім мекемелерінің баланың дамуына жағдай жасап,осы тәріздес сабақтар өткізуі баланың толық дамыған жеке тұлға ретінде қалыптасады.
Табиғатпен үйлесім табуы, баланың бойында табиғатқа деген қамқорлығы, жауаптылығы, жанашырлығы артады.
Бағдарламаның материалдары бастауыш сынып мұғалімдеріне жалпы білім беру жұмысында,үйірме, сыныптан тыс т.б. жұмыстарда «Қоршаған орта» курсы бойынша қосымша материал ретінде қолдануға ұсынылады.
Және қосымша білім беру, балабақша даярлық тобының педагогтарына пайдалы болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |