Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Баламаларды да бағалай отырып



Pdf көрінісі
бет54/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Баламаларды да бағалай отырып 
Машиналық өңдеуге не жатпайтынына қысқаша тоқталып кетейік. Көптеген өндірістік 
үдерістерден ерекшелігі ‒ механикалық өңдеу металды біріктірмейді, керісінше, оны 
бөліктерге бөледі. Болат дайындамадан немесе алюминий құймасынан басталатын нәрсе 
артынша кесіледі және жел диірменінің роторында велосипед белағашының немесе өмірді 
аман алып қалатын жүрек қақпақшасының пішініне жонылады. Міне, сондықтан да 
механикалық өңдеуді «субтрактивті өндіріс үдерісі» деп жиі атайды, себебі ол материалды 
шығарып тастайды немесе алып тастайды.
Әрине, механикалық өңдеудің арқасында пайда болған көптеген бөлшектерді басқа 
тәсілмен де жасауға болар еді. Гаражыңыздың қабырғасындағы баспалдақты ұстап тұрған 
тіреуіштер қысыммен немесе прогерссивті матрицада құйылған, ал «Mach 5-тегі» F-18 
ұшқышының отырған орнын қауіпсіз ету үшін пайдаланылған тіреуіштер құйылған, ал содан 
соң аяққы өңдеумен өңделген болуы әбден мүмкін. Осындай өңдеу туралы пікірлер өндіріс 
туралы ғылымды қызықты етеді.
Өндірістің алтын жолымен бір немесе екі қадам жасаңыз және жақын арада сіз өзіңіз үшін 
ондаған маңызды әрі өзара толықтырылатын технологияларды ашасыз, оларың кейбірін ғана
өңдеу санатына жатқызуға болады. Қысыммен құю, электронды сәулемен бұрғылау, 
қорытылатын үлгілер бойынша құю, ыстық изостатистикалық сығымдау ‒ осылардың бәрі 
металл мен басқа материалдарды өңдеудің кейбір тәсілдері ғана. Әрқайсысының өз 
ережелерінің жиынтығы мен оларды қолдану тәсілдері бар. Табақ металды жасау да тура 
осындай. 
Металды қысыммен өңдеу цехтары
«Металл құрастырылымды әзірлеу» маңыздылығы тұрғысынан механикалық өңдеумен 
бір қатарда тұр. Осы сөз тіркесі ию, иіп қалыптау, қалыптама және металды біріктіру ретінде 
анықталады. Егер сіз бұрын қағаздан жасалған ұшақты бүктеген болсаңыз, онда сіз бір 
нәрсені әзірледіңіз, ал металды бүктеудің де одан ешқандай айырмашылығы жоқ (сізге 
қарулырақ қол қажет болса да). Компьютерлердің корпустары да, сіздің көне «Chrysler 
Sebring» көлігіңіздің корпус панелі де, гаражыңыздың металл есігінде жоғары-төмен сырғитын
жалпақ металдың өзекшелері де (тура осылай) осылай әзірленген. Металл құрастырылымды 
әзірлеу механикалық өңдеудей керемет болмаса да, ол әлі күнге дейін өндірістің маңызды 
әдісі болып қалуда. Төменде кеңінен таралған бірнеше үдеріс келтірілген: 
Ию: Қағаздан жасалған ұшақпен келтірілген мысалымыздағыдай, жалпақ металл 
бөлшектерінің аса үлкен үлесі ертелі-кеш иіледі және бүктеледі. Осы жұмыстың басым бөлігі 
жартылай автоматтандырылған немесе роботпен басқарылатын табақ қалыптау қысқышында 
және құбыр бүгуші білдектерде орындалады (3-6-суретті қараңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет