Жады — (сыртқы немесе қосалқы жады, ақпараттарды сақтауға арналған құрал, сақтағыш құрал) белгілі бір уақытта есептеуде қолданылатын, ақпарат сақтауға арналған физикалық құрылғы немесе орта болатын, есептегіш машина бөлігі. Процессор



Дата30.11.2023
өлшемі19.76 Kb.
#484935
түріПрограмма
539823176ans3


Амирханова Нургуль
ЭК-22-1к
1-тапсырма
Жады — (сыртқы немесе қосалқы жады, ақпараттарды сақтауға арналған құрал, сақтағыш құрал) белгілі бір уақытта есептеуде қолданылатын, ақпарат сақтауға арналған физикалық құрылғы немесе орта болатын, есептегіш машина бөлігі.
Процессор — (ағылш. central processing unit, CPU - Орталық есептеуіш бөлім) программаға сәйкес операцияларды орындауға арналған компьютердің негізгі құрылғысы, қызметтік бөлігі. Көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өндеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді;
Қатқыл диск (немесе винчестер; ағылш. Hard Disk Drive, HDD) — дерек жазуға және сақтауға арналған құрылғы.
Енгізу — (Ввод данных; data input) — мәліметтерді дискіден оқу, пернелік тақтадан, телефон арналарынан, сканерден және т.б. енгізу, енгізілген мәліметтер компьютердің жедел (негізгі) жадына жазылады.
Шығару құрылғылары — компьютердегі деректерді мәтін, кескін, дыбыстық сигналдар және т.с.с. түрінде береді.
Жүйелік блокқа қосылатын ең маңызды шығару құрылғылары мыналар:

  • Монитор

  • Принтер

  • Үндеткіштер


Шина(құрсым) — жабдықтың микропроцессор, ЖЖҚ және перифериялық құрылғылардың арасында дерек беруді жүзеге асыратын құраласы.
Өзін-өзі бақылаудың жауаптары:


I-буын (1940-1955)
Электронды-вакуумды шамдар:

    • Электронды шамдармен жұмыс істеді

    • Есептеу жылдамдығы сек.10-20 мың операция

    • Әр машинаның өз тілі болды

    • Операциялық жүйелер болған жоқ

    • Енгізу ж/е шығару:

перфоленталар,перфокарталар,магнитті таспалар


II-буын (1955-1965)
Транзисторлар:

(1948,Дж. Бардин,У. Бреттейн и У. Шокли)

  • Жылдамдығы сек. 10-200 мың операция

  • Алғашқы программалау тәсілдері:Фортран(1957),Алгол(1959)

  • Мәліметтерді сақтау құралдары:магниттік барабандар,магниттік дискілер.


III-буын (1965-1980)
Интегралды микрсхемалар:

  • интегралды микросхемалар(1958,Дж. Килби)

  • есептеу дылдамдығы сек. 1млн. операцияға дейін

  • жедел жад – жүзделген мың байт

  • операциялық жүйелер – жадты,құрылғыларды, процессор уақытын басқару

  • программалау тілдері Бэйсик(1965),Паскаль(1970,Н. Вирт),Си (1972,Д. Ритчи)

  • Программалар үйлесімділігі


IV-буын(1980-…)
Үлкен ж/е өте үлкен интегралды схемалар:

  • Үлкен ж/е өте үлкен интегралды схемалардан(ҮИС,АҮИС) тұратын компьютерлер

  • Дербес компьютерлер

  • Қарапайым пайдаланушылардың болуы,графикалық интерфейстің қажеттілігі

  • Әрекет ету жылдамдылығы сек. 1млрд. операциядан жоғары

  • Оперативтік жад – бірнеше гигабайт

  • Көппроцессорлық жүйе

  • Компьютерлік желілер

  • Мультимедиа мүмкіндіктері (графика,анимация,дыбыс)


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет