Жахина Гульжан Елубаевна Красный яр №13 «Амина» бала бақшасының тәрбиешісі Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық» Білім беру саласы



Дата30.06.2016
өлшемі52.85 Kb.
#168551


Жахина Гульжан Елубаевна

Красный яр №13 «Амина» бала бақшасының тәрбиешісі
Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық»
Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімдері: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Мақсаты : Білімділік: Реттік санау қабілеттерін нығайту 0-ден, 5-ке дейінгі сандар. Сандарды тура және кері санау,сандардың көршілерін атау,түстерді ажырату.Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Логикалық есте сақтау қабілетін дамыту,ертегі арқылы тілдерін дамыту, білімге деген құштарлығын арттыру.

Тәрбиелік: Зейінділікке, ойшылдыққа, қамқорлыққа, ұжыммен жұмыс істеуге

тәрбиелеу.



Әдіс-тәсілдер: Сұрақ -жауап, ертегі кейіпкерлерін жандандыру.

Көрнекті құралдар: 0-ден, 5-ке дейінгі сандар, жолақшалар (жуан-жіңішке)

(ұзын-қысқа), геометриялық пішіндерге байланысты слайд, магнитті тақта.





Іс- әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың

іс- әрекеті


Ұйымдастырушы__қозғаушы_қызмет'>Ұйымдастырушы

қозғаушы қызмет


--Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

--Сәлеметсіздер ме қонақтар!



Шаттық шеңбері:

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да,

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да,

Шуақпен төгіп нұр!


Амандасады.

Ортаға санамақ арқылы бір бала шығып, шаттық шеңберін көрсетеді.



Ұйымдастыру

ізденушілік

Рефлексиялық

түзетушілік

--Балалар бүгін өте ерекше күн!

Біз сендермен саяхатқа барамыз.

Саяхатқа бару үшін қандай көлік түрлерімен баруға болады? (балалардың жауаптары тыңдалады)

--Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Ол үшін біз бәріміз геометриялық

пішіндерден ұшақ құрастырайық.

Ұшағымызды енді іске қосайық,

музыка әуені ойналады.

--Балалар, қараңдаршы, біз ертегілер еліне келіп қалдық.

--Балалар не көріп тұрсыңдар?

--Не естіп тұрсыңдар?

--Ата-әже: Неге жыламайық,

Мен бауырсақ пісіріп, терезе алдына суытып қойып едім, оны түлкі алып кетіпті.

--Ата-әже жыламаңыздар, біз бауырсақты тауып береміз.

--Балалар, ата-мен әжеге көмектесеміз бе?

--Олай болса бауырсақты бірге

іздейік, бізбен болыңыздар.

Музыка әуенімен қоян келеді:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен орманда келе жатсам, қасымнан түлкі өтті, қолында сап-сары бауырсағы бар. Менің тапсырмамды орындап берсеңдер, сендерге көмектесемін.

--Балалар тапсырманы орындайсыңдар ма?



Қоянның тапсырмасы: «Адасқан сандар» 0ден, 5-ке дейінгі сандарды рет-ретімен орналастыру, тура және кері санау және сандардың көршілерін атау.

Музыка әуенімен қасқыр келеді:

Иіскеленіп мында не болып жатыр? Қоян сен не істеп жүрсің?



Қоян: Біз бауырсақты іздеп жүрміз.

Қасқыр: Менің бір шартым бар, тапсырманы орындасаңдар мен де көмектесем сендерге.

Қасқырдың тапсырмасы: «Ауызша есептер»

«Табақта 5 алма, қолымда 2 алма

барлығын қосқанда, болады неше алма?»

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз,

Орнымызда айналып,

Билеп, билеп аламыз,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Оңға қарай бір адым,

Солға қарай бір адым,

Жоғары –төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Музыка әуенімен аю келеді:

Мұнда не болып жатыр? Қоян қасқыр сендер не істеп жүрсіңдер?



Аю: Мен де көмектесем, тек мына тапсырмаларды орындасаңдар.

Мына слайд бойынша көлемді

және кеңістікті бағарлау

Музыка әуенімен түлкі келеді:

--Алло, мм, мана мен ата мен әженің терезеге қойған бауырсағын ұрлап алып кеттім.

Кешке кел, бауырсақпен шәй ішеміз.

Ата мен әже: Түлкі бауырсақты

бізге қайтарып берші?



Түлкі: Жоқ бермеймін, ол үшін менің тапсырмамды орындап беріңдер?

Түлкінің тапсырмасы: Ойын: «Кім

жылдам?» (жолақшалар арқылы жуан-жіңішке, ұзын-қысқа)

Түлкі: Жарайсыңдар, балалар,

тапсырманы жақсы орындадыңдар. Мен ата мен әжеге

бауырсақты қайтарып беремін.

Тыныштық сәті: Кәнекей, балалар,

барлығымыз жайғасып отырайық

(музыка әуені жүріп тұрады)

--Балалар көздерін ашқан кезде

ортада түлкі мен бауырсақ тұрады. Бауырсақтың қолында балаларға арналған сыйлық болады.

--Көрдіңдер ме, балалар, сендер барлық тапсырманы жақсы орындадыңдар, түлкі сендерге риза болып, бауырсақты босатты.

Бауырсақ ата мен әжені көргеніне қуанады.

Қорытындылау:

--Балалар бауырсақтың түсі қандай?

Бауырсақтың пішіні қандай?

Балалар, біз саяхатқа немен бардық?

Қандай аңдарды кезіктірдік?

Қандай тапсырмаларды орындадық?

Нешеге дейінгі сандарды қайталадық?

Жүректен-жүрекке:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан,

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан,

Мықты болсын іргеміз,

Бәрімізде біргеміз!

Автобус, машина,

самалет, ұшақ,

Ұшақ құрастырады.

Ұшақтарын іске қосады.
Үй көріп тұрмыз.

Үйдің қасына жақындап келеді.

Иә, көмектесеміз

Сәлеметсіз бе


Санды рет-ретімен орналастырады.

Тура және кері санайды,

Бауырсақты іздеп

Жүрміз
Балалар өздері де ауызша есептер айтты
Қимыл іс-әрекет арқылы көрсетті.

Біз бауырсақты іздеп жүрміз.

Слайд бойынша тапсырманы орындады.

Жолақшалар арқылы ойын ойнады.

Балалар көздерін жұмып отырады.
Балалар қуанды.

Сары
Дөңгелек.


Ұшақпен.

Қоян,қасқыр,аю, түлкі,

Сандарды орналастыру,тура және кері санау, көршілерін атау.

Жолақшалар арқылы жұмыс



Шеңберге тұру.





Күтілетін нәтиже:

Біледі: сандарды біледі, тура және кері санауды, көршілерін атауды,

Игереді: музыка әуенімен саяхатқа баруды,ұшақ құрастыруды,

Меңгереді: ертегі арқылы тапсырмаларды орындады

Тәрбиеші: Жахина Г.Е.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет