НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ МӘДЕНИ ЖӘНЕ КӘСІБИ МҰРАСЫ
Жакупова Камила
«Әлемдік экономика» мамандығының 1 курс бакалавры
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ғылыми жетекшісі: Phd докторы,Жаппар Ж.
Кіріспе
Тәуелсіздік жылдарында бұрындары белгісіз болып келген артына жақсы із, сөз калдырған талай қоғам зиялылары туған халқына кайта кауышты. Солардың бірі-Нәзір Төреқұлов. Н. Төрекұловтың артында қалган қыруар еңбектері бар.
Сан қырлы дарын иесі Н. Төреқұловтың мемлекеттік қызметтер атқара жүріп, коғамдық жұмыстармен де айналысқаны, қоғамдық өмірдің шешімін күткен түрлі мәселелеріне арнап, тұрақты түрде өз пікірін ашық білдіріп отырғаны белгілі.
Нәзір Төреқұлов - ХХ ғасыр басында ұлттық элита өкілдерінің бірі болып тарих сахнасына шықса өзінің жан-жақты кабілеті, биік ақыл-парасаты мен жоғары саяси мәдениеті бойынша өзі айналысқан қызмет салаларында қайталанбас «сыңары жок» бірегей тұлғаға айналды. Нәзірді кәсіби журналист, баспагер, білікті партия-кеңес кайраткері, дипломат ретінде жақсы танитын жұртшылыққа оның тарих пен филология саласының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым екендігі жеткілікті танымал емес.
Өзектілігі
1920-жылдары көптеген ұлт қайраткерлері шығармашылықпен айналысумен бірге баспасөз бетінде әдебиет, өнер жайында өз пікірлерін білдірді. Сынға, аудармаға қатысып, сын-айтыстарға араласқан бұл қаламгерлердің өзіндік жазғандары көп болмаса да, олардың әдебиет ағымына тигізген әсері мол болғандықтан, бұлардан қалған мұралар зерттеліп, әдебиет тарихына енуде. Олардың қатарында Нәзір Төреқұлов, Ғаббас Тоғжанов, Смағұл Садуакасов, Мұстафа Қайыпназаров, Ыдырыс Мұстамбаев Шаймерден Тоқжігітов сынды қаламгерлерді атауға болады. Казақ әдебиеті мен мәдениеті тарихына үлес қосқан алаштың асыл азаматтарынып ұлт қайраткерлерінің есімі қайта жаңғырып, олардың әдеби мұрасы әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанасына айналды.
Кеңестік ресми тарих мүлдем елемей келген, аты бірыңғай мансұқталған алаш азаматтарының бірі көрнекті қоғам қайраткері, әдебиетші, сыншы Нәзір Төреқұлов. 1937 жылы репрессияға ұшыраған оның қайраткерлік еңбегі, шығармашылығы кеңес дәуірінде қалыптасқан танымға байланысты арнайы зерттелінген емес.
Достарыңызбен бөлісу: |