Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы « » _________
№ ____ бұйрығымен бекітілген
«Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
-
«Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуші болып Министрліктің Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштер қабылдау және оның нәтижелерін беру Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртiбi
4. Көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап мемлекеттік қызметті көрсетуі мерзімі:
1) шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру – 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
2) құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік кызмет көрсету нәтижесі куәлік беру не қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Ішкі суда жүзетін және «өзен-теңіз» суларында жүзетін жалға алынған кемелерді мемлекеттiк тіркеу үшін алым тіркеуді жүзеге асырған орын бойынша жергілікті бюджетке төленеді, алым мөлшерлемесі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы он бес еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
8. ХҚО-ның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау және нәтижелерді беру жеделдетілген қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жазбаша өтiнiш;
2) кемені мемлекеттік тіркеудің негізі болатын мынадай құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесін:
мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шығарған актiлерi;
кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмілелер;
мұраға құқық туралы куәлік;
соттың заңды күшіне енген шешiмi;
Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген кемеге құқық туралы куәлік;
3) сыныптаушы куәліктің көшірмесі;
4) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат;
5) кемені жалдау шартының нотариат куәландырған көшірмесі;
6) кеменің меншік иесінің және кеменің тіркелген ипотекасының немесе оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге кемені ауыстыруға ауыртпалықтың кепіл ұстаушысының жазбаша рұқсаты;
7) жалдау шарты бойынша қазақстандық кемені жалға алушының атын және тұратын жерін не атауын және орналасқан жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы және осы кеменің атауын белгілеу туралы шешім;
9) кеме ту ауыстырылғанға дейін тікелей тіркелген және осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру мерзіміне тоқтатылғанын растайтын шетел мемлекетінің құзыретті билік орындары берген құжат.
Мемлекеттік көрсетілген қызметті алу үшін құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) өтініштің нөмірін және қабылданған күнін;
2) сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;
3) қоса берілген құжаттардың санын және атауларын;
4) құжаттарды беру күнін (уақытын) және орнын;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді ХҚО қызметкері қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жеке өзі келген кезде қол қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты және/немесе сенімхатты ұсыну бойынша күн сайын «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырады.
10. Кемелерді мемлекеттік тіркеуге берілетін құжаттарға қойылатын талаптар:
1) құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады;
2) егер Қазақстан Республикасы заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдік құжаттар Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде заңдастырылады.
Егер ұсынатын құжаттар шет тілінде жасалса, оларға мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырылған аудармасы қоса беріледі;
3) құжаттардың мәтіндері анық, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелері – қысқартусыз жазылған болуы тиіс;
4) тазартылған немесе үстінен жазылған, сызылған сөздер мен оларда ескертілмеген өзге де түзетулер, қарындашпен толтырылған құжаттар, сондай-ақ оларды мазмұнын біржақты түсіндіруге мүмкіндік бермейтін бүлінген жерлері бар құжаттар мемлекеттік тіркеуге қабылдауға жатпайды;
5) тіркеуге қажетті барлық құжаттар көшірмелері бар түпнұсқада беріледі. Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырылғаннан кейін тұтынушыға қайтарылады. Құжаттардың түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмелер ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ХҚО-ның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, электрондық почталық мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, (8-7172) 24-13-12 телефоны арқылы Министрлік басшысының атына не Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогына (www.mtc.gov.kz мекенжайы бойынша Министрлік интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогы» бетіне) беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауап орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
ХҚО-ның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым ХҚО басшысына ХҚО-ның www.con.gov.kz
интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай мен байланыс телефондары бойынша жіберіледі.
ХҚО кеңсесінде қолма-қол да, почта арқылы да түскен шағымдардың қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта жазылады). Тіркелгеннен кейін шағым ХҚО басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почта мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – атауы, почта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде ХҚО арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті анықтамалық бюро, күтуге арналған креслолар және дене мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта көрсетіледі.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурсында орналастырылған:
көрсетілетін қызметті берушінің – www.mtc.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер») кіші бөлімінде;
ХҚО- ның – www.con.gov.kz.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай
байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға да болады.
________________________
«Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органына ______________________
Территориальному органу Комитета транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан__________________________
Кеме иесінің толық және қысқартылған атауы, оның заңды мекенжайы, телефоны, факсы, тіркелген жері__________________________
Полное и сокращенное наименование судовладельца, его юридический адрес, телефон, факс, место регистрации ______________________
Кемені мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) және кеме куәлiгiнің телнұсқасын
беруге өтінім
Заявление на государственную регистрацию (перерегистрацию) судна и выдачу дубликата судового свидетельства
______________________ тиесілі, мынадай айырма белгілері бар кемені тіркеуге, қайта тіркеуге алуды, кеме куәлiгiнің телнұсқасын беруді сұраймын (керегін сызу):
Прошу выдать дубликат судового свидетельства, принять к регистрации, перерегистрации (необходимое подчеркнуть) судно, принадлежащее __________, имеющее следующие отличительные признаки:
1. Кеменің атауы немесе оның нөмірі
Название судна или его номер ________
2. Түрі және мақсаты
Тип и назначение _______
3. Жобаның № жасалған жылы және жері
Проект № ___ год и место постройки ______
4. Корпусының материалы
Материал корпуса _________
5. Негізгі машиналары (үлгісі, саны және жалпы қуаты)
Главные машины (тип, число и общая мощность) _______________
6. Кеменің габариттік өлшемдері:
ұзындығы______ м, ені______ м,
Габариты размера судна:
длина ______ м, ширина ______ м,
толық жүкпен шөгу _______ м, жүксіз шөгу _________м,
осадка в полном грузу _______ м, осадка порожним _______ м,
қондырғысымен бірге ең жоғарғы биіктігі (жүксіз, бос шөккен кезде) _____м.
наибольшая высота с надстройками (от осадки порожнем)_____м.
7. Белгіленген жүккөтергіштігі ______ т. жолаушы сыйымдылығы (адам)____
Установленная грузоподъемность ____т. пассажировместимость (чел) ____
8. Жүзу разряды_________________
Разряд плавания _____________________
9. Қозғаушыларының түрі_________
Род движителей ______________
10. Руль құрылғысы (қол, механикалық, электрлік және т.с.с)_________
Рулевое устройство (ручное, механическое, электрическое и т.п.) _____
11. Су өткізбейтін аралықтардың саны_____________________________
Число водонепроницаемых переборок _____________________________
12. Құтқару қайықтары (саны, жалпы сыйымдылығы)_________________
Спасательные шлюпки (кол-во, общая вместимость) __________________
13. Жүру жылдамдығы (ең жоғарғы) (км/сағ)_________________________
Скорость хода (максимальная) (км/час)______________________________
14. Зәкірлер саны және олардың салмағы_____________________________
Количество якорей и их вес _______________________________________
15. Радионавигациялық жабдық (атауы, үлгісі, саны)___________________
Радионавигационное оборудование (наименование, тип, число) __________
16. Су төкпе құралдары (жүйесі, өнімділігі)___________________________
Водоотливные средства (система, производительность) ________________
17. Өрт сөндіргіш жүйесі (үлгісі, өнімділігі)___________________________
Пожарная система (тип, производительность) _________________________
18. Тіркеу үшін қоса берілген құжаттар _____________________________
Прилагаемые для регистрации документы: __________________________
19. Кеменің меншік иесінің немесе уәкілетті тұлғаның қолы
Подпись собственника судна или уполномоченного лица _________________ (өтінімге кім және қандай лауазымында қол қояды, ___________________________________________________________________________________________________________________ өтінімге қол қоюшы тұлғаның өкілеттік негіздемесі, Т.А.Ә., паспорттық деректері / кто и в каком качестве подписывает заявление, основание полномочий лица, подписывающего заявление, Ф.И.О., (паспортные данные)
Күні М.О. (заңды тұлға үшін)
Дата ____________ М.П. (для юридического лица)
________________________
«Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
болса әкесінің аты не көрсетілетін
қызметті алушы ұйымының атауы)
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайын көрсетк керек) «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) ...
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
Т.А.Ә. (ХҚО қызметкерінің) (қолы)
Орындаушы. Т.А.Ә.
Телефон.
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызмет алушының қолы
«__» _________ 20__ж.
________________________
Достарыңызбен бөлісу: |