Жалпы рецептура



бет1/5
Дата20.10.2022
өлшемі82.1 Kb.
#463040
  1   2   3   4   5
№2 Жалпы рецептура. Дәрілік түр. (1)


ЖАЛПЫ РЕЦЕПТУРА
Жалпы рецептураға кіріспе
Жалпы рецептура — дәрілік заттарды рецепттерге жазу және оларды тұтынушыға босату ережесі туралы оқытатын дәрі-дәрмек тану ғылымының бөлімі.
Дәрілік қалып — фармакотерапияның тиімділігін, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолдануға, сақтауға ыңғайлы болу үшін дәрілік затқа берілетін қалып немесе агрегаттық күй.
Дәрілік шикізат — дәрілік заттарды шығару үшін қолданылатын табиғи өнімді және жасанды шикізат пен заттар жиынтығы.
Дәрі-дәрмек — патологиялық жағдайларды және әр түрлі ауруларды емдеу, алдын алу және диагностикалау үшін колданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттан тұрады.
Дәрілік зат — дәрілік зат ретінде қолданылатын, шығу тегі синтетикалық, табиғи, гендікинженерлік индивидуалды зат.
Дэрілік препарат — қолдануға дайын, белгілі бір дәрілік қалыптағы мөлшерленген (дозаланған) дәрілік зат.
Дәрілік препараттардың атын белгілеу үшін саудалық аты және халықаралық патенттелмеген атауы қолданылады. Саудалық аты немесе патенттелген коммерциялық аты — фармацевтикалық фирманың коммерциялық меншігі болып келетін, патентпен қорғалатын дәрілік затқа қойылған атау.
Халықаралық патенттелмеген атау (ХПА) — ұлттық және халықаралық фармакопеяда қолдану үшін қабылданған, ӘДСҰ-мен ұсынылған дәрілік заттың атауы.
Дәрілік препараттарды дайындауда унификациялау мақсатында және олардың сапасын анықтауда бірыңғай міндетті әдістерді қоюды фармакопея деп атаймыз.
Заңнамалық сипаты бар мемлекеттік (ұлттық) фармакопеямен қатар ұсыныстық функциясын атқаратын халықаралық түрі де бар (үйлестіру және ұтымды номенклатурасын, талдау әдістері мен дәрі-дәрмек сапасына қажетті талаптарға сай келеді).
Дәрілік заттардың ішінде олардың фармакологиялық белсенділігі және қауіпсіздігінен бөлек улы және қатты әсер ететін препараттар тобы бар.
Улы дәрілік заттар (VENENA) — уыттылығына байланысты мөлшері, сақталуы, қолданылуы және тағайындалуы аса сақтықпен жасалуы керек заттар. Оларға наркомания тудыратын, арнаулы органдармен бекітілген — наркотикалық дәрілік заттар да жатады.
Қатты әсер ететін дэрілік заттар (НЕКОІСА) — бұл тағайын- далуы, пайдаланылуы, дозировкасы және сақталуы сақтықпен жасалуы тиіс препараттар.
Улы заттарда қарапайым дозада грамның мыңыншы және он мыңыншы бөлігі қолданылады, ал қатты әсер ететін заттарда грамның жүзінші және оныншы бөлігі қолданылады. Улы заттар мен наркотикалық дәрілік заттар сейфте сақталады, қатты әсер ететін заттар жеке шкафтарда сақталады.
Рецепт — белгілі бір дәрілік қалыпта, дозада оны қолдану ережесімен қоса көрсетілген дәрілік заттың дәріханаға жазбаша түрде дәрігердің немесе уәкілетті тұлғаның (тіс дәрігері, фельд- шер, акушер) тағайындауы. Рецепт заңды құжат болып табылады және 16-қараша 2009 жылғы ҚР Денсаулық сақтау министрінің № 711 Жарлығымен белгіленген ережелерге сәйкес және «Дәрілік заттарды өндіруді, дайындауды, көтерме және бөлшек саудада сатуды лицензиялау» және 30-наурыз 2012 жылғы № 396 ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Рецепт классикалық нұсқасы 6 бөліктен тұрады: белгі немесе аты (Іnsсrірtіо). Рецепттің бұл бөлігінде медициналық мекеменің мөрі, аурулардың (балалар, үлкендер) категориялары көрсетіледі, уақыты (күні, айы, жылы), науқастыңтегі мен аты-жөні, оның жасы (18 жасқа дейінгі балаларға және 60 жастан асқандар), дәрігердің тегі мен аты-жөні;
«Recipe» — «ал» дәрігердің фармацевтке өтініші (Rр.: — қысқаша); рецепттің құрамына кіретін құрамдас бөліктерін көрсету (Designatio materiarum). Рецепттің бұл бөлігіне бірнеше ингредиент кіруі мүмкін: негізгі зат (Вasis) және қосымша зат (Adjuvans), дәм мен иісті түзетуші зат (Соrrigens) және қалып беретін зат (Соnstituens); дәрілік қалыптың дайындалуы мен берілуі туралы фармацевтке арналған нұсқау (subscriptio), рецепттің бұл бөлімінде айтылады: дәрілік қалыптардың әзірлену тәсілдері (мысалы: «Misce ut fiat pulvis» — «араластыр, ұнтақ түзілсін»); босатылатын дозаның саны мен бастапқы орауы (мысалы, «Da tales doses numero…. in ampullis» — «мынадай сандағы дозада... ампулада берілсін»); пациентке нұсқаулық немесе сигнатура (Signatura). Рецепттің бұл бөлігі «Signa» — «белгіле» сөзінен басталады, ал сигнатураның қалған бөлігі орыс немесе ұлттық тілде толтырылады.
Дәрігердің қолы, жеке мөрі (Nomen subscriptum).
Дәрілік затқа рецепт жай немесе күрделі болуы мүмкін. Жай рецепт бір, ал күрделі рецепт бірнеше дәрілік заттардан тұрады. Дәрілік заттар ресми, магистралды және мануалды жолмен дайындалады. Официналды жазу үлгісі — құрамы нақты белгілі және Мемлекеттік Фармакопеяда келтірілген. Магистралды жазу үлгісі — дәрілік заттардың фармакологиялық қасиеттеріне қарай және пациенттің ауруының индивидуалды ерекшеліктері негізінде дәрігер өзі жазады. Мануалды жазу үлгісі — фармацевтикалық және фармакологиялық анықтамалар мен нұсқаулықтарда келтіріледі (мануалды).
Дәрілік қалыптар дозаланған (бөлінген) және дозаланбаған (бөлінбеген) болып бөлінеді. Бірінші жағдайда дәрілік заттың дозасын бір реттік пайдалануға арнап жасайды (осындай рецепттермен дәріханада жеке қабылдауларға бөлінген дәрілерді жасайды және шығарады). Дозаланбағанда дәрілік затты барлық кабылдауға жалпы мөлшерін жазады (оны дәріханада бөлмей береді, науқас оны өзі қабылдау уақыттарына қарай бөліп алуы керек). Жалқы есімдер, рецепте жаңа жолдан басталған сөздер бас әріппен жазылады.
Рецепт жазу үлгісі қысқартылған және толық түрде болады. Дәрілік заттың аты латын тілінде жазылады, әрбір келесі атаулар бірінің астына бірі жаңа жолдан жазылады, бірінші қатты әсер ететін (уытты) және наркотикалық заттардың аты, содан кейін басқа заттардың аты жазылады.
Дәрілік заттың дозасы мен саны сұйық заттар үшін миллилитрмен, ал қалғандары үшін граммен немесе ӘБ (ЕД) көрсетіледі. Рецепт жазғанда рецептурадағы көпшілік мақұлдаған қысқартулар пайдаланылады.
Дәрілік қалыптар консистенциясына байланысты қатты, ұумсақ және сұйық болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет