Дәрумендер с дәрумені



Дата21.02.2022
өлшемі2.21 Mb.
#455628
Дәрумендер

Дәрумендер С дәрумені

ФАКУЛЬТЕТ:Фармация

ГРУППА:Фа20-001-1к

ОКЫТУШЫ:Балнур Бауыржанкызы

СТУДЕНТ:Жолдас Акерке

Дәрумендерді зерттейтін ілім витаминология деп аталады.

  • Дәрумен — адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta – тіршілік және амин) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді. Дәрумен немесе витамин - салыстырмалы құрылысы күрделі емес және әртүрлы табиғаты бар төменгі молекулярлы органикалық қосылыстардың тобы. Бұл жиынды химиялық табиғаты бойынша органикада біріктіріледі, олардың ортақ қасиеті гетеротрофтылармен азық түрінде тұтынатынында.

Авитаминоз

  • Дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі дәрумені аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағы да басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса дәрумен жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы дәрумендер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР дәрумені) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.

С ВИТАМИНІ Адам ағзасы үшін бұл витаминнің маңызы зор. С витаминінің жеткіліксіздігінен, дінгене ауруы пайда болады. Соның салдарынан адам тез шаршайды, аяқ-қолы сырқырайды, тісі қызарып, бөртіп қанайды, ауыздан жағыссыз иіс шығады, денеде қызыл бөртік пайда болады, гемоглабині азаяды. Ересек адамда С витамині 50-60 мг, кішкентай балада 15-25 мг болуы керек. Жалпы, С витамині балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге көбірек қажет.

С дәрумені: жалпы мәліметтер С дәрумені, аскорбин қышқылы деген атпен белгілі – суда еритін дәрумен. Бұл қосылыс ұлпалық, қантамырлық, сүйек жасушаларының дамуына, өсуіне және қалпына келуіне үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар бұл қышқыл темірдің дұрыс сіңірілуіне себеп болады, жалпы денсаулыққа жағымды әсер етеді. Әсіресе, инфекциялық аурулармен күресу кезінде, аскорбин қышқылының пайдалы әсері мен құндылығы өте өзекті мәселе болып табылады. Дәрумен барлық иммундық әрекеттерді іске қосатын механизм сияқты әрекет етеді. Аскорбин қышқылы тағам өндірісінде Е315 деген атпен белгілі. Өлшем бірлігі – жалпыға белгілі (МЕ).

С дәруменін төмендегі жағдайларда пайдалануға кеңес беріледі:

.

  • аскорбин қышқылының жетіспеушілігінде;
  • ағзаның дәруменге деген жоғары қажеттілігінде;
  • емшекпен емуден толық бас тартып, түгелдей жасанды тамақтандыруға көшкен кезде;
  • белсенді өсу кезеңінде;
  • теңгерімсіз тамақтануда;
  • асқорыту жолдарынан тыс тамақтануда;
  • айтарлықтай физикалық күш түскенде;
  • ауыр науқастардан кейін қайта қалпына келу кезеңінде;
  • қырқұлақ ауруында;

.

  • алкогольге тәуелділікте;
  • күйікте;
  • ұзақ уақыт суықтың астында болғанда;
  • ұзақ уақыт қалтырауда;
  • гипертиреозда;
  • инфекциялық аурулар және олардың созылмалығы кезінде;
  • ішек қарын жолдары органдарының патологиясында;
  • темекі шегуде;
  • күйзеліс жағдайларына шалдыққыштықта;
  • түрлі сипаттағы жарақаттарда;
  • тыныс алу жолдарының ауруларында;
  • отадан кейінгі кезеңде;
  • жүктілік кезінде.

С дәрумені жетіспеушілігінің белгілері

  • Аталған дәрумен жетіспеушілігі көбінесе бронхтық астмамен ауыратын науқастарда кездеседі. Аскорбин қышқылының май алмасуына қатысатынын және холестерин деңгейін бақылайтынын есепке ала отырып, оның жетіспеушілігі атеросклероздың дамуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар С дәруменінің жетіспеушілігі көздері су қараңғы науқастарда жиі болады: қышқыл шоғыры көз қарашығында және оның сұйықтығында айтарлықтай төмендеп кетеді.
  • С дәруменінің жетіспеушілігі сондай-ақ цервикальді дисплазиядан зардап шегетін науқастарда жиі кездеседі. Қышқылдың жеткіліксіз мөлшері Крон ауруымен сырқаттанған науқастардың біразында кездеседі. Жақын арада гипертониялық ауру мен С дәруменінің жетіспеушілігі арасындағы байланыс дәлелденді.

,

Қандай азық-түліктерде кездеседі

  • Аскорбин қышқылы шоғырлануының жоғары пайызы теңіз өсімдіктерінде (қоңыр балдыр Ламинария), жаңа піскен көкөністер мен жемістерде кездеседі. Олардың ішіндегі басымдық танытатыны: 
  • қара қарақат;
  • болгар бұрышы және қызыл бұрыш;
  • жасыл бұршақ;
  • қырыққабат (түсті, брюссель қырыққабаты);
  • итмұрын;
  • шырғанақ;
  • цитрустар.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет