Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Оқылым .Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз



бет66/76
Дата03.05.2024
өлшемі2.31 Mb.
#500424
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
5 класс Т2

Оқылым .Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
«Алтынемел» - 1996 жылы Алматы облысының Кербұлақ ауданында ашылған ұлттық саябақ. Ол Іле өзенінің солтүстігінде орналасқан. Жер көлемі – 460 мың гектар. Оның құрамына Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан тауларының қасында орналасқан табиғи ескерткішінің бірі – «Әнші құм» кіреді. Құмды төбенің биіктігі – 150метр , ұзындығы – 8, ені – 3 шақырым.Мұндай «Әнші құм» табиғатта өте аз кездеседі. «Әнші құм» табиғат ескерткіші ретінде мемлекет қамқорлығына алынған.
« Алтынемел» саябағы археологиялық ескерткіштерге бай. Онда түрлі-түрлі көне суреттер салынған тастар мен үлкен-үлкен үңгірлер көп.
«Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында 1800-ге жуық өсімдіктің түрі, 56-ға жуық жануардың түрі,балықтар, құстар бар. Олардың көбі «Қазақстанның қызыл кітабына» енген.
Айналада биік-биік ағаштар,өзендер де,көлдер де мол. Оларға жан-жақтан келген туристер қызыға қарайды.
Саябақта он жеті қорықшы бекеті мен үш туристік бағыт жұмыс істейді.

(125 сөз)


https://youtu.be/II5YqXABsA8

1. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.


__________________________________________________________________
[1]
2. «Алтынемел» ұлттық саябағындағы ерекше табиғи ескерткішті атаңыз. __________________________________________________________________
[1]

3. Ұлттық саябақ қандай ескерткіштерге бай?


А) археологиялық
В) баға жетпес
С) пайдалы
D) табиғи
[1]

4. Мәтінге сай сөйлемнің жалғасын табыңыз



1

«Әнші құм» табиғат ескерткіші






А

салынған тастар мен үлкен-үлкен үңгірлер көп.

2

Онда түрлі-түрлі көне суреттер

Б

мемлекет қамқорлығына алынған.

[1]

5. Сөздерді дұрыс орналастырып, қосымшаларды түрлендіріп, сөйлем құрап жазыңыз.


Ескерткіш, «Алтынемел», «Әнші құм», табиғи, ұлттық саябақ
__________________________________________________________________
[1]

Балл қою кестесі


Тыңдалым, айтылым



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет