А.Құсайынов атындағы Еуразия Гуманитарлық институты
Реферат
Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері
Пәні: Қазақстан тарихы
Орындаған: Бирлесова Алтынай
Тобы: ЮҚ-2301
Тексерген: Шокатова Айсұлу Қажымұқановна
Астана қаласы 2024 ж
Жоспар:
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Тас дәуірі кезеңдерінің ерекшеліктері
2.2 Қазақстан аумағында табылған ескерткіштер
II. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
К І Р І С П Е
Белгілі бір әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты адамзат тарихы ұзақ-ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Көне тарихтың ұзак уақытты қамтитын маңызды бөлігі археологиялық дерек көздері бойынша зерттеледі. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас, қола, темір дәуірлеріне бөлінеді.
Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мынадай 3 кезеңге бөлінеді:
1. Палеолит -- ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн. жылдан -- 12 мыңжылдыққа дейін);
2. Мезолит -- орта тас дәуірі (б.з.б. 12 – 5 мыңжылдықтар);
3. Неолит -- жаңа тас дәуірі (б.з.б. 5 – 3 мыңжылдықтар);
Тас дәуірі – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. Тас дəуірі ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.
Археологиялық ескерткіштер – халықтардың ежелгі тарихына қатысты материалдық мәдениетінің ескерткіштері. Оған: қалашықтар мен қалалар ; ежелгі қоныстардың қалдықтары; обалар, қабір үстіне орнатылған ескерткіштер мен салт-дәстүрлік құрылыстар; адамның еңбек қызметін сипаттайтын ескерткіштер; тасқа және үңгірде қашалған жазулар; табылған жекелеген қазбалардың орындары жатады. Солтүстік Қазақстан облысы ежелгі тұрғындарының жоғ. палеолит дәуірінен ортағасырлық кезеңге дейінгі өмірі мен тұрмысын көрсетеді. 100-ден аса нышанға қазба жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениетін көрсететін көптеген коллекциялар жиналды.
Достарыңызбен бөлісу: |