Есту жолдарындағы қабыну процесстері
- Ауруды жеңілдету үшін әрбір 4 сағатта жасыңа қарай парацетромолдың мөлшерін іш. - Егер құлағыңнан ірің ақпайтын болса, құлағыңа ыстық су құйылып сүлгімен бірнеше қабат оралған жылытқыш қой.
Есіңде болсын! Құлақты мақтамен немесе өзге затпен нығыздауға болмайды! Емханаға қарал.
Іш өту (диярея)
Сенің кеңесің: Аурудың белгілері жойылғанша ауруға тамақ берме. Ең болмағанда әдеттегіден жарты - литр артық тәттісі жоқ сұйықтық ішкіз.
Есіңді болсын! Сүт ішуге болмайды! - 1 литр суытылған қайнаған суға 1 шай қасық тұз және 4 шай қасық қант қос немесе дайын регидрон таблеткасын іш. - Аспирин және ауруды басатын дәрі-дәрмек қабылдама. - Егер бір тәуліктен кейін жеңілдікті сезінбесең, дәрігерге қарауға кеңес беріңіз.
Жарақат
Жарақат (грек. τραῦμα - жара) - сыртқы әсер ету (механикалық, химиялық, электрлік және т.б.) салдарлары тудырған ағзаның зақым алуы;
Жарақат әр түрлі болады (денеге бөгде заттық кіріп кетуі, не кесіп кетуі, тістің орны, оқ тию т. б.); жарақаттанғанда сүйек, қан тамырлары мен нервтер зақымдануы мүмкін.
Жарақаттың ауыр жеңілдігі (әсіресе басқа, кеуде мен ішке түскен жарақат қауіпті) оның қай жерде екендігіне, үлкен-кішілігіне, сондай-ақ қаншалықты ластанғанына, қанның қанша кеткеніне байланысты. Жарақат (хирургиялықтан басқасы) түскен кезде міндетті түрде және одан кейін де ластанады. Сондықтан жарақат тез жазылып кетуі үшін оны алғаш рет дұрыс таңудың маңызы зор. Егер мүмкіндік болса, медицина мекемесіне барып, сіреспе ауруына қарсы ектіріп, жарасын тандыру қажет. Жарақаттың қай түрі болса да ең алдымен қайын тоқатып, оған микроб түспеуі үшін дереу тандыру керек. Стерильденген дәкеден жасалған таңғыш өте қолайлы. Жараны тайраңда дәкенің үстіне мақта салады да, орап тасталды. Жарақатты таңу жөніндегі белгілі бір ережені сақтаған жөн: жарақатты жууға болмайды, өйткені оған іріңдететін микроб түсуі мүмкін. Жарадағы ағаттық жаңқасын, киімнің жыртылған жерінің шүберегін не топырақты, олар жарақаттың бетінде көрініп тұрса ғана алуға болады, бірақ жарақатқа қол тигізу ге мүлде болмайды. Стерильд енген материал-бинт болмаса, жарақатты ыстық үтікпен үтіктелген таза шүберекпен таңады.
Егер жапан далада жарақаттанған адам жарасын таңатын арнайы ештеме табылмаса, онда отқа киіз немесе шүберекті күйдіре қақтал барып, жара бетіне салады да, жақсылан таңып тастанды. Содан кейін сырқатты ауруханаға жеткізу керек.
Аяқ қолы ауыр жарақаттанып, сүйегі сынған адамды алғаш сынықтық екі жағына жақтау салып барып таңады. Үй жағдайында жарақатты таңудан бұрын оған қажетті заттық барлығын дайындал алу керек. Жарақатты таңу алдында көмек көрсететін адам көйлегінің жеңін шынтағынан жоғары түріп, тырнағын алуы тиіс, қолын сабындан жуып, орамалмен мұқият сүртіл құрғатуы қажет, ал шұғыл қимылдау керек болған жағдайда қолын спиртпен сүртеді.
Жарақаттың үстін стерильденген дәке мен және сутегі тотығына немесе спирт кем алынған мақтамен бастырып, жараны мұқият жуады, есте болатын жағдай жараға микроб түспеуі үшін оны ішінен сыртына қарай жуу керек. Содан кейін жарақатқа тигізбей, айналасына йод жатады. Жарақатты уақытша таңған дәке салфетканьі алып тастап, стерильденген дәкені бірнеше қабаттан салады. Қысқыш (пинцет) болмаса, дәкені шетінен ептеп ұетайды. Салфетканы бүктемей, жазып салу керек. Ал дәкенің үстіне тегістел, онша қалыңдатпай гигроскопиялық (дұрыс — стерильденген) мақта салады. Содан кейін мұның барлығын дәкеден жасалған бинтпен орап байлайды.
Жануарлардың тісі тиіп жарақат алған адамдар, жарақаты онша қауіпті болмаса да дәрігерге көрінуі тиіс. Жарақат медициналық мекемелерде танылған болса, оны үй жағдайында алмастырудың қажеті жоқ, өйткені жарақатқа инфекция түсуі, қанауы мүмкін. Бірақ қайткенде де таңғышты алмастыру қажет болғанда, кейбір ережені мұқият сақтау керек.
Жараға жабысып қатып қалған таңғышты бірден сыдырмай, алдымен үстіндегі мақталы алғаннан кейін дәкені бір шетінен ептеп көтеріп, сутегі тотығын, риванол мен марганец қышқылы калийінің ерітіндісін немесе ас тұзы ерітіндісін, сондай-ақ қайнаған жылы су тамызып жібітеді. Жарақатқа компресс қағазын салуға болмайды.
О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
Қазақ Энциклопедиясы
Достарыңызбен бөлісу: |