Жамбыл облыстық мәслихатының
2014 жылғы «___» сәуірдегі
№ ______ шешіміне қосымша
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы
Бірлік тіректі ауылдық елді мекенінің
2014-2018 жылдарға арналған
КЕШЕНДІ ДАМУ ЖОСПАРЫ
Бірлік ауылы
2014 жыл
Кіріспе
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік тіректі ауылдық елді мекенінің 2014-2018 жылға арналған кешенді даму жоспары (бұдан әрі - КДЖ) осы жердегі іргелес аумақтағы тұрғындардың қолайлы жағдайын жасау үшін әзірленген.
Бірлік ауылы аудан орталығынан 59 шақырым қашықта орналасқан және халық саны 3347 адам құрайтын Бірлік ауылдық округінің орталығы болып табылады.
Ауылда экономикалық қызмет түрлерi бойынша 28 субъектiден астам кәсіпкерлер тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Жалпы тұрғындар саны шамамен 2500 адам құрайтын 15 шақырым радиуста Биназар, Кеңес елді мекендері орналасқан.
Ауылдың негiзгi қызмет бағыты ауылшаруашылығы, оның ішінде мүйізді ірі қара, қой өсіру және өсімдік саласы басымды.
Бірлік ауылы экономикалық тиімді жерде орналасқан, себебі ол Алматы - Астана автомобилдік трассасына шығатын Шу-Бұрылбайтал трасса бойында орналасқан. Автомобиль көлiгiнiң ағыны қазiргi талаптарға сай жол бойындағы сервис жүйесінің дамуын қажет етеді. Сонымен қатар жақын орналасқан Кенес ауылының тұрғындары негiзiнен өсiмдiк шаруашылығымен; оның ішінде бақша, көкөніс өсірумен шұғылданады, бұл жол бойындағы көтерме нарығын дамытуды орталығының дамумен және көкөніс қоймаларының құрылысын қажет етеді.
КДЖ-де шағын және орта бизнесті, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, елді мекендер мен өнім өткеру нарығына көліктік қолжетімділікті кеңейту, мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтарын құру және дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу, халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар қарастырылған.
Бірлік ауылының ағымдағы даму жағдайын талдау.
Ауылдық округтiң жалпы аумақ ауданы 81827,0 гектарды құрайды, оның iшiнен 3029 гектары елдi мекен аумағы, 61534 га жер ауыл шаруашылық жерлер.
Ауылдық округ халық саны – 3347 адам, соның iшiнде ерлер - 1479, әйелдер - 1550, 331зейнеткер, 69 мүгедек, 18 бен 29 аралығындағы жастар - 405, 589 оқушылар, 843 жұмыс iстейтiн қызметкерлер, 735 өз бетінше жұмыс істейтіндер, 18 адам жұмыссыздар.
Еңбекке жарамды халықтың саны 1874 адамды құрайды, оның iшiнде – 1408 адам ауылда жұмысқа орналастырылған, мемлекеттiк және әлеуметтік мәдени салада 353 адам.
Шаруа қожалықтарында 96 адам қамтылған. Аймақтың елдi мекендерінде 181 адам жұмысқа орналастырған: 72 адам Тараз қаласында, 41 адам Шу қаласында, 68 адам басқа аймақтарда. Зерттеу нәтижесінде анықталғаны: 735 – өз бетінше жұмыспен қамтығандар, оның ішінде 181 салық органдарында тіркелген және 554 жеке қосалқы шаруашылығы бар ақы төленбейтін отбасылық қызметіндегілер.
Аудандағы кәсiпорындар мен мекемелер саны 11, оның ішінде мемлекеттiк - 6, (ауылдық округ әкімдігінің аппараты, мектеп, полиция учаскелік бөлімшесі, балабақша, ауылдық клуб, аурухана, орман шаруашылығы).
Әлеуметтік саланың нысандарынан ауылда тәлiм-тәрбие беретін 589 орындық қазақ-орыс орта мектебі жұмыс iстейдi, жанұялық дәрiгерлiк амбулатория, стадион, кiтапханасы бар ауылдық клуб, бұлардың барлығы күрделі жөндеу өткiзуді қажет етеді.
Қызмет көрсету саласында пошталық бөлiмше, сандық АТС, 19 дүкен, 2 дәмхана, 2 шағын наубайхана, 2 жанармай құятын станциялар, техникалық қызмет көрсетудiң станциясы істейді.
Ауыл iшiндегі 25 шақырым жолдардың 3,5 шақырымы асфальттанған, орталық сумен қамтамасыз етілген, кәрiз жүйесі орнатылмаған, көшелер жартылай жарықтандырылған, жақын темір жол бекеті 30 шақырымда орналасқан.
604 тұрғын үйдің 80% қанағаттанарлық күйде болса, 15% қанағаттанарлықсыз күйде.
Ауылда 76 шаруа қожалықтары, 19 жеке кәсiпкерлер жұмыс iстейдi.
Ауылдық округте 1328 бас МIҚ, 566 бас жылқы, 12075 бас қойлар мен ешкi және 4 бас түйе тіркелген. 604 аулалардың 120-сы мал ұстамайды.
Бірлік ауылының ағымдағы даму жағдайының сараптамасы бойынша төмендегідей жағдайлар анықталды:
- Бірлік ауылында бас жоспар жоқ;
- Тұрмыстық қызмет көрсету орталығы қажет;
- Мәдени-спорт кешені жоқ;
- Дәріхана керек;
- Ауыл клубын күрделі жөндеу қажет;
- Жол және жаяу жолдар апатты жағдайда;
- Ауылдың сыртқы әлпеті қанағаттанарлықсыз күйде;
- Кәсiпкерлiк қызметті дамытуға жағдайы жасалмаған.
Ауылда қайта құрылу қарқындарының жоғары болмауына байланысты туындаған мәселелер бар. Салалардың баяу дамуының негізгі себептері: ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің кірістері қажетті деңгейде болмағандықтан ауыл шаруашылығын техникалық-технологиялық жабдықтаудың төмен деңгейі, пайдаланылмайтын құнарлы ауыл шаруашылығы жерлерінің болуы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым қанағаттанғысыз деңгейде дамуы, ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейінің және сапасының төмен болуынан білікті кадрлардың тапшылығы.
Сонда да, Бірлік ауылының келесі бәсекелi артықшылығы бар: Меркі-Шу-Бұрылбайтал автомобилдiк трассаның бойында орналасқан, ауыл шаруашылық құнарлы жері бар, өнеркәсіп кәсiпорынның болуы, әлеуметтiк инфрақұрылымның негiзгi нысандарының бар болуы, нарықтық сауда орталықтарына жақын жерде орналасуы.
ТАЕМ-і 3 асыл тұқымды шаруашылық, 5 бордақылайтын алаң, жасанды ұрықтандыру пунктін, 3 сүт-тауарлық фермасын, көкөнiс қоймасын, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін цех, терiлерді қабылдау пунктін, мал дәрiгерлiк аптека, жылы жайлар, жем зауыты және ауыл техникасын жөндеу бойынша ұстахана құру жоспарлануда.
Осының бәрі іс-шараларды қабылдап, іске асыруды қажет етіп, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бірлік тіректі ауылдық елді мекенінің 2014-2018 жылдарға арналған кешенді дамытудың іс-шаралар жоспарында көрініс тапты.
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік тіректі ауылдық елдi мекенінің
2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспары
№
р/с
|
Іс-шаралар
|
Аяқталу мерзімі
|
Жауапты орындаушы
|
Атқару мерзімі
|
Шығын
дар
(млн. теңге)
|
Қаржы көздері
|
Жұмыс
шылар саны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1. Ұйымдастыру шаралары
|
1.1
|
Ауылдық аумақтардың дамуы мен кешенді даму жоспарын әзірлеу бойынша аудан әкімінің уәкілетті органын анықтау (уәкiлеттi орган).
|
Аудан әкімінің қаулысы
|
Аудан әкімі
|
ақпан
2014 ж.
|
-
|
-
|
-
|
1.2
|
Бірлік ауылының өндірістік, әлеуметтік, инженерлік, көлік инфрақұрылымына тұрғын үй қоры мен орта және кіші кәсіпкерлік инфрақұрылымына түгендеу жүргізу
|
Мониторинг туралы есеп
|
Аудан әкімі
|
ақпан
2014 ж.
|
-
|
-
|
-
|
1.3
|
Бірлік ауылының бәсекелестiк артықшылықтарын және басымдықтарын анықтау
|
Облыс әкіміне
ақпарат
|
Аудан әкімі
|
ақпан
2014 ж.
|
-
|
-
|
-
|
1.4
|
Кәсiпкерлiк белсендiлiктi және өнімді өткізу нарығы мүмкіндігін бағалау
|
Облыс әкіміне
ақпарат
|
Аудан әкімі
|
ақпан
2014 ж.
|
-
|
-
|
-
|
1.5.
|
Бірлік ауылшаруашылық субъекттілері жетекшілері мен аудан әкімдігі және ауыл әкімімен меморандум әзірлеу
|
Меморандум
|
Аудан әкімі
|
ақпан
2014 ж.
|
-
|
-
|
-
|
1.6.
|
Бірлік ауылының жергілікті қауымдастық жиынында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын талқылау
|
Жиынның (жиналыс) шешімі
|
Аудан әкімі
|
ақпан
2014 ж.
|
-
|
-
|
-
|
2. Бірлік ауылының экономикалық қызметінің дамуы
|
2.1.
|
Ауылдың бас жоспарын құру
|
Облыс әкіміне
ақпарат
|
ЖҚБ, аудан әкім
|
2015 ж.
|
5,0
|
ЖБ
|
|
2.2.
|
Ауылшаруашылығында пайдаланылмаған жерлерді ауыл шаруашылық алқаптардың айланысына және ауыл шаруашылық мақсатына тарту
|
Облыс әкіміне
ақпарат
|
ЖҚБ, аудан әкім
|
тұрақты
|
|
|
|
2.3
|
Ауылшаруашылық алқапты өрттен, зиянкестер мен өсімдік ауруларынан қорғау
|
Облыс әкіміне
ақпарат
|
АШБ, аудан әкімі
|
тұрақты
|
20,0
|
РБ Агробизнес 2020
|
5*
|
2.4
|
Тәулігіне 600-700 бөлке нан өндіретін шағын наубайхананы кеңейту
|
Іске қосу актісі
|
ЖҚҮӘББ, аудан әкімі
|
2015 ж.
|
5.0
|
РБ
ЖҚЖК - 2020
|
3
|
2.5
|
Ағаш өңдеу цехін кеңейту
|
Іске қосу актісі
|
ЖҚҮжӘББ, аудан әкімі
|
2016 ж.
|
3.0
|
РБ
ЖҚЖК - 2020
|
2
|
2.6
|
Қоғамдық монша құрылысы
|
Іске қосу актісі
|
ЖҚҮжӘББ, аудан әкімі
|
2015 ж.
|
3.0
|
РБ
ЖҚЖК - 2020
|
3
|
2.7
|
Бордақылау алаңының құрылысы
|
Іске қосу актісі
|
ЖҚҮжӘББ, аудан әкімі
|
2016 ж.
|
3.0
|
РБ
ЖҚЖК - 2020
|
3
|
2.8
|
Дәріхана құрылысы
|
Іске қосу актісі
|
ЖҚҮжӘББ, аудан әкімі
|
2015ж
|
2.0
|
РБ
ЖҚЖК - 2020
|
2
|
2.9
|
Қонақ үй, мейрамхана құрылысы
|
Іске қосу актісі
|
ЖҚҮжӘББ, аудан әкімі
|
2014 ж.
|
3.0
|
РБ
ЖҚЖК - 2020
|
3
|
2.10
|
Тамшылап суландыру әдісімен, теплица құрылысы
|
Іске қосу актісі
|
АШБ, аудан әкімі
|
2015 ж.
|
3.0
|
РБ
ЖҚЖК - 2020
|
3
|
2.11
|
Жол бойындағы сервис кешенінiң құрылысы (КЖС, ЖМС, қоғамдық тамақтану пункті)
|
Іске қосу актісі
|
Аудан әкімі
|
2016 ж.
|
-
|
өзіндік қаражат
|
-
|
2.12
|
Шу-Бұрылбайтал жол бойында көтерме нарық сауда орталығының құрылысы
|
Іске қосу актісі
|
КжИИДБ, аудан әкімі
|
2016 ж.
|
-
|
өзіндік қаражат, БЖК - 2020
|
-
|
2.13
|
Ірі шаруа қожалықтарын құру (бірігу жолымен қолданыстағы жеке шаруашылықтарды ірілендіру)
|
Бірігу
|
АШБ, аудан әкімі
|
2015 ж.
|
1,0
|
өзіндік қаражат
|
2
|
2.14
|
Шұжық, сүт өнiмдерiн өңдеу бойынша цех ашу
|
Іске қосу актісі
|
ЖҚҮӘжББ, аудан әкімі
|
2016 ж.
|
3,5
|
өзіндік қаражат, ЖҚЖК – 2020
|
4
|
2.15
|
Жүгері, арпаны ұсақтау цехын ашу.
|
Іске қосу актісі
|
КжИИДБ, аудан әкімі
|
2017 ж.
|
0,8
|
өзіндік қаражат
|
1
|
3. ТАЕМ әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның дамуы
|
3.1
|
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы
|
Іске қосу актісі
|
Аудан әкімі
|
2015 ж.
|
50,0
|
ОБ
|
3
|
3.2
|
Исабекова көшесін орташа жөндеу (2 шқ)
|
Іске қосу актісі
|
Аудан әкімі
|
2014 ж.
|
42,9
|
ЖБ
|
16*
|
3.3
|
Көшені және көлік жолдарын орташа жөндеу
|
Іске қосу актісі
|
Аудан әкімі
|
2015 ж.
|
17,5
|
ЖБ
|
12*
|
3.4
|
Көшені және көлік жолдарын орташа жөндеу
|
Іске қосу актісі
|
Аудан әкімі
|
2016-2017 жж.
|
83,0
|
ЖБ
|
12*
|
3.5
|
Саябақты абаттандыру және көгалдандыру
|
Іске қосу актісі
|
Аудан әкімі
|
2014-2015 жж.
|
3,0
|
ЖБ
|
5*
|
3.6
|
Бірлік ауылында газ құбыры жүйелерін жеткізу құрылысына ТЭН және ЖСҚ әзірлеу
|
Іске қосу актісі
|
ЭжКШБ, айдан әкімі
|
2015-2016 жж.
|
10,63
|
РБ
|
-
|
3.7
|
Бірлік ауылында газ құбыры жүйелерін жүргізу құрылысы
|
Іске қосу актісі
|
ҚЖКжАЖБ, аудан әкімі
|
2017-2018 жж.
|
212,5
|
РБ
|
6*
|
3.8
|
Қоғамдық монша құрылысы
|
Іске қосу актісі
|
ҚЖКжАЖБ, аудан әкімі
|
2018 ж.
|
80,0
|
ЖБ
|
22*
|
3.9
|
Спорт зал құрылысы
|
Іске қосу актісі
|
ДШжСБ, аудан әкімі
|
2018 ж.
|
130,0
|
РБ
|
2
|
3.10
|
«Желтоксан» мәдениет үйiн күрделі жөндеуге мем.сараптама мен жобалық сметалық құжаттама әзірлеу
|
Пайдалануға беру актісі
|
Аудан әкімі
|
2015 ж.
|
10,0
|
ЖБ
|
-
|
3.11
|
Спорт мектебi құрылысы
|
Пайдалануға беру актісі
|
ДШжСБ, аудан әкімі
|
2014 ж.
|
150,0
|
РБ
|
2
|
3.12
|
Музыкалық мектептiң құрылысы
|
Пайдалануға беру актісі
|
ББ, аудан әкімі
|
2015 ж.
|
120,0
|
ОБ
|
2
|
3.13
|
Бірлік ауыл клубын күрделі жөндеуге мем.сараптама мен жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеу
|
Іске қосу актісі
|
Ауан әкімі
|
2014 ж
|
10,0
|
ЖБ
|
-
|
3.14
|
Д. Асанбаев саябағын ашуға жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеу және мем.сараптамадан өту
|
Іске қосу актісі
|
Ауан әкімі
|
2015 ж.
|
25,0
|
ЖБ
|
-
|
3.15
|
Дәрiгерлiк амбулаторияның ғимаратын күрделі жөндеу
|
Іске қосу актісі
|
ДСБ, аудан әкімі
|
2016 ж.
|
20,0
|
ЖБ
|
3*
|
3.16
|
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында биотермиялық шұңқырлар құрылысы
|
Іске қосу актісі
|
Ауан әкімі
|
2014 ж.
|
10,2
|
ЖБ
ӨДБ
|
|
3.17
|
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы мал дәрiгерлiк лазареттiң құрылысы жобалық сметалық құжаттамасы байланыстыру және МС өту
|
Іске қосу актісі
|
Ауан әкімі
|
2014 ж.
|
0,6
|
ЖБ
ӨДБ
|
|
3.18
|
Бірлік ауылы аймағын тұрмыстық қоқыстан тазарту
|
Іске қосу актісі
|
Ауан әкімі
|
2014 ж.
|
0,7
|
ЖБ
ӨДБ
|
|
3.19
|
Ауыл округiндегі Биназар көшесіндегі көпiрді ағымдағы жөндеу
|
Іске қосу актісі
|
Ауан әкімі
|
2014 ж.
|
1,0
|
ЖБ
ӨДБ
|
|
3.20
|
Бірлік ауылында аулаларда балаларға арналған ойын алаңдарын құру
|
Іске қосу актісі
|
Ауан әкімі
|
2014 ж.
|
1,6
|
ЖБ
ӨДБ
|
|
5. Тіректі ауылдық елді мекенде мемлекеттік және коммерциалық қызмет көрсететін орталықтарды құру және дамыту
|
5.1
|
Халық банкiнiң банкоматын орнату
|
Іске қосу актісі
|
Ауан әкімі
|
2014 ж.
|
|
|
|
5.2
|
Өртке қарсы пункт ашу
|
Іске қосу актісі
|
Ауан әкімі
|
2014 ж.
|
50,0
|
ЖБ
|
|
5.3
|
Сұлулық салоны мен тұрмыстық қызмет көрсету орталығын ашу
|
Іске қосу актісі
|
ЖҚҮжӘББ, аудан әкімі
|
2018 ж.
|
3,0
|
өзіндік қаражат, ЖҚЖК – 2020
|
3
|
5.4.
|
Ауылдағы полиция бөлімшесінің №10 ғимаратын күрделі жөндеу
|
Қабылдау актісі
|
ІІД, аудан әкімі
|
2016 ж.
|
Бюджетте қарастырылған қаражат шегінде
|
ЖБ, ЖҚЖК – 2020
|
|
Барлығы
|
1083,9
|
|
|
РБ
|
503,1
|
|
|
ЖБ
|
530,5
|
|
|
Басқа да көздер
|
50,3
|
|
|
Жұмыс орындар саны
|
|
|
119
|
Құрылыс кезеңінде
|
|
|
81
|
Қолданыс кезеңінде
|
|
|
38
|
*- құрылыс кезеңінде
Қысқартылған атаулар:
ББ - Білім басқармасы
ДСБ - Денсаулық сақтау басқармасы
МБ – Мәдениет басқармасы
ДШжСБ – Дене шынықтыру және спорт басқармасы
АШБ – Ауыл шаруашылық басқармасы
ҚЖКжАЖБ – Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
ЖҚҮжӘББ – Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
КжИИДБ - Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы
ЭжКШБ – Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
ЖҚБ – Жер қатынастары басқармасы
ТРжТПРБ – Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
ЭжБЖБ – Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
ІІД – Ішкі істер департаменті
СД – Салық департаменті
ТЖД – Төтенше жағдайлар департаменті
БЖК 2020 – бағдарлама «Бизнес жол картасы 2020»
ЖҚЖК 2020 – бағдарлама «Жұмыспен қамту жол картасы 2020»
ҚТҮБ – 2020 - бағдарлама «Қолжетімді тұрғын үй 2020»
ЖБ – Жергілікті бюджет
РБ – Республикалық бюджет
ОБ – Облыстық бюджет
АД – Аудандық бюджет
Достарыңызбен бөлісу: |