Жамбыл облыстық Соты Төрағасының



Дата09.07.2016
өлшемі79.84 Kb.
#186647


Жамбыл облыстық

Соты Төрағасының

2014 жылғы «08» қаңтар

№ 7-1-1/1 өкімімен

БЕКІТІЛГЕН
Жамбыл облыстық сотында, Жамбыл облыстық соты

Кеңсесінде жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың өкілдерін

жеке қабылдауды ұйымдастыру және өткізу қағидасы


  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Қағида 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 278 өкіміне сәйкес әзірленді.

1.2. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды Жамбыл облыстық сотының төрағасы, Жамбыл облыстық сотының Кеңсе басшысы жүргізеді.

1.3. Жеке қабылдау кезінде түскен өтініштер сот төрелігін жүзеге асыру процесіне араласуға жол бермей, қабылдауды жүргізіп отырған тұлғаның құзыреті шегінде шешілуге жатады.

Сот ісін жүргізу тәртібінде қарауға жататын мәселелер бойынша жеке қабылдауға сұранған кезде Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы заңнама нормаларына түсіндірме беріледі.

1.4. Жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты тұлғалар судья әдебінің, мемлекеттік қызмет туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы, әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың нормаларын, соттарда іс қағаздарын жүргізу туралы ведомстволық нормативтік актілердің талаптарын және осы Қағиданың ережелерін қатаң сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.


  1. Жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың өкілдерін

жеке қабылдауды ұйымдастыру

2.1. Жамбыл облыстық сотында, Жамбыл облыстық соты Кеңсесінде жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды лауазымды тұлғалар облыстық соттың төрағасы бекітетін кестеге сәйкес жүргізеді.

2.2. Соттарда азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету олардың құзыретіне сәйкес Сот кеңсесінің құрылымдық бөлімшелеріне жүктеледі.

2.3. Қабылдауды жүргізетін тұлға туралы деректер, қабылдаудың күні мен уақыты көрсетілген, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі соттың қарауға ыңғайлы жерінде орналастырылады, сондай-ақ тиісті соттың Интернет-ресурсында жарияланады.

2.4. Жеке қабылдау күні мереке немесе демалыс күніне түсетін жағдайда жеке қабылдаудың өткізілетін күні одан кейінгі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

Тиісті ақпарат осы Қағиданың 2.3-тармағында бекітілген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізіледі.

2.5. Жеке қабылдауды жүргізуге уәілетті лауазымды тұлға жекелеген тұлғаларды олардың тұрғылықты жерін, денсаулық жағдайын, жасын және басқа да мән-жайларды ескере отырып, бекітілген кестеден тыс, арыз берген күні қабылдау туралы шешім қабылдауға құқылы.

2.6. Жеке қабылдау сот ғимаратында жүргізіледі. Жеке тұлғалардың, заңды тұлғалар өкілдерінің мүдделерін ескере отырып, олардың келісімімен, жеке қабылдау бейне-дыбыс жазбасы қондырғылары арқылы өткізілуі мүмкін.

2.7. Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру азаматтардың сот ғимараттарында болу қағидаларын, өткізу және объект ішіндегі режим туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

Жеке қабылдау басталғанға дейін белгіленген тәртіппен келген азаматтардың жеке бастарын анықтау шаралары қабылданады.

2.8. Азаматтарды қабылдау арыз беруге байланысты кезектілік сақталып жүргізіледі.

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектер, жүкті әйелдер және мемлекеттік наградалары бар адамдар кезектен тыс қабылданады.

2.9. Жеке қабылдау мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайларда жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің ана тілін немесе өзі білетін тілді қолдануға құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданады.

2.10. Жеке қабылдауды жүргізетін лауазымда тұлға жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің өтінішін мәні бойынша шешу үшін түбегейлі шаралар қабылдайды.



Егер лауазымды тұлға өтінішті жеке қабылдау уақытында шеше алмаса, ол жазбаша түрде жазылады және онымен жазбаша өтініш ретінде жұмыс жүргізіледі.

2.11. Жеке қабылдауда берілген өтініштерге жазбаша жауаптар, әдетте, қабылдауды жүргізген лауазымды тұлғаның қол қоюымен беріледі.


  1. Облыстық соттағы азаматтарды жеке қабылдауды

ұйымдастырудың ерекшеліктері
3.1. Облыстық сотта азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді осы Қағидаға 1-қосымшадағы бекітуге сәйкес Сот Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.

3.2. Жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың өкілдері қабылдауға жазылу жөніндегі жазбаша арызбен, сондай-ақ бейне-дыбыс жазбасы қондырғыларын пайдаланып, жеке қабылдау туралы өтінішпен алдын-ала жүгінуге құқылы.

3.3. Жеке қабылдауға жазылу, бейне-дыбыс жазбасы қондырғыларын пайдалану туралы арыздар электрондық үкімет порталы немесе облыстық соттың Интернет-ресурсы арқылы электрондық байланыс құралдары қолданылып берілуі мүмкін.

Арыздың электрондық түріне электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылуы тиіс.

3.4. Жеке қабылдау мәселелері бойынша жазбаша, соның ішінде электрондық арыз жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Жеке қабылдауды тиімді ұйымдастыру мақсатында арызға дәлелдерді растайтын материалдар, арыз берген адамның өкілеттіктерін растайтын құжаттар, тиісті түрде расталған сот актілерінің көшірмелері не оларды сұрату жөніндегі өтініш қоса беріледі.

Сұрақтың мәні көрсетілмеген жеке қабылдауға сұрану жөніндегі өтініш оны берген адамға қараусыз қайтарылады.

3.5. Жеке қабылдау мәселелері жөніндегі өтініштер ұйымдық-техникалық шараларды қабылдау үшін жеке қабылдауды жүргізетін лауазымды адамның қызметін қамтамасыз ететін Сот Кеңсесінің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне таратылады.

Нақты сот істері бойынша іс жүргізушілік шешімдердің және сот әрекеттерінің заңдылығымен байланысты облыстық сот басшылығының жеке қабылдауы мәселелері жөніндегі өтініштер олардың шешілуін ұйымдастыру үшін облыстық соттың тиісті сот алқаларына беріледі.

3.6. Қажеттілігіне байланысты жеке қабылдауды жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше азаматтарды жеке қабылдауға уәкілетті лауазымды тұлғаға бейне-дыбыс жазбасы қондырғыларын пайдалану туралы ұсыныс енгізеді.

3.7. бейне-дыбыс жазбасы қондырғылары арқылы жеке қабылдау жүргізу туралы шешім мүдделі жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне, сондай-ақ облыстық соттың кеңсесіне электрондық жүйенің іске қосылатын күні мен уақыты көрсетіліп алдын ала хабарланады.

3.8. бейне-дыбыс жазбасы қондырғылары арқылы жеке қабылдауды жүргізу кезінде қабылдауға келген адамдардың жеке басын куәландыруды, аудиосигналдың және бейнесуреттің қабылдануын бақылауды сот кеңсесінің жауапты қызметкерлері қамтамасыз етеді.

3.9. Жеке қабылдау уақытында жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардың өкілдерінен түскен арыздар орындау үшін жеке қабылдау жүргізіп отырған лауазымды тұлғаның бұрыштамасына сәйкес бөлінеді.

3.10. Жеке қабылдауда берілген азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін апелляциялық, кассациялық тәртіптермен қайта қарау туралы өтініштер, шағымға немесе өтінішке наразылықтар, қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін басқа да іс жүргізушілік сипатындағы құжаттар облыстық соттың тиісті сот алқаларына беріледі.

3.11. Жеке қабылдау мәселелері жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ жеке қабылдау уақытында түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу және олардың орындалуын бақылау Жамбыл облыстық сотының төрағасы бекіткен облыстық соттың Кеңсесінде құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке қабылдаудан түскен өтініштерге «жеке қабылдаудан» деген белгі қойылады.

3.12. Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің әрбір өтініші бойынша қабылдау бөлімнің жауапты қызметкері қабылдау жүргізілген күні осы Қағидаға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша қабылдауға келушілердің есеп карточкасын толтырады.

3.13. Қабылдауға келушілердің есеп карточкасы, тұлғаның жазбаша өтініші, қолда бар барлық өндірістер және басқа да материалдар қабылдауды жүргізетін лауазымды тұлғаға қабылдау басталғанға дейін беріледі.

3.14. Қабылдау аяқталғаннан кейін қабылдаудың нәтижелері туралы мәлімет, қабылдау жүргізген лауазымды тұлғалардың тапсырмалары мен бұрыштамалары салынған жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері, өндірістер және басқа да материалдар есепке алу және қатыстылығына байланысты тапсыру үшін тез арада қабылдау бөлімге беріледі.

3.15. «Жеке қабылдаудан» деген белгісі бар өтініштер арыз берген адамға қабылдауды жүргізген лауазымды тұлға не оның тапсырмасы бойынша басқа лауазымды тұлға қол қойған дәлелді жауаптың негізінде, сондай-ақ облыстық сот төрағасының өтінішті қарауды тоқтату туралы қабылдаған шешімдеріне байланысты бақылаудан алынады.

1-қосымша

Жамбыл облыстық сотында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдық-техникалық жағынан

қамтамасыз етудің бекітілуі

Жамбыл облыстық сотының төрағасы

Қабылдау бөлім


Жеке қабылдауды ұйымдастыру, соның ішінде бейне-дыбыс жазбасы қондырғыларын пайдалану арқылы ұйымдастыру, өндірістерді дайындау.

Бақылау және құжат айналымы бөлімі

өтініштерді есепке алу мен тіркеу

Ішкі қауіпсіздік және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі

Жеке қабылдаудың өткізілуін қамтамасыз ету

Жамбыл облыстық сотының Кеңсе басшысы

Бақылау және құжат айналымы бөлімі

Жеке қабылдауды ұйымдастыру, соның ішінде бейне-дыбыс жазбасы қондырғыларын пайдалану арқылы ұйымдастыру, қажетті материалдарды дайындау, өтініштерді есепке алу және тіркеу

Ішкі қауіпсіздік және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі

Жеке қабылдаудың өткізілуін қамтамасыз ету



2-қосымша
Қабылдауға келушілердің есеп карточкасы
 «__­__»___________201_ ж.

Арыз берушінің тегі, аты, әкесінің аты_______________________________________________________________

__________________________________________________________________

Арыз берушінің жұмыс орны мен атқаратын қызметі___________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекенжайы__________________________________________________________________________________________________________________________

Арыздың қысқаша мазмұны__________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қабылдауды жүргізуші тұлға______________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Кімге және не тапсырылды, күні_______________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Арызды қараудың нәтижелері___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бейнеконференцбайланысты пайдалану туралы белгі______________________________________________________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет