Жанр: Ертегі


қайрақты төске қойып, балғамен ортасынан бөледі, тәрелкені уатады, пышақты жетесінен сындырады, гауһар тасты қақ жарады



бет7/13
Дата30.11.2023
өлшемі35.58 Kb.
#484993
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
аяз би

қайрақты төске қойып, балғамен ортасынан бөледі, тәрелкені уатады, пышақты жетесінен сындырады, гауһар тасты қақ жарады.
— Мә, бикешке алып бар! – деп, келіншектің колына береді. Сынған заттарды көрген соң қыз ұшып тұра келіп:
Сол адам шайтан болмай, адам болса, менің тап баратын кісім. Шақыр мұнда! – дейді. Жеңгесі не дерін білмей, Жаманды шақырып келеді. Қыз оны құрметтеп қарсы алады...
Бұрын да талай бай балалары, хан балалары келеді екен. Бәріне де қыз манағы заттарды береді екен. Бәрі де: «Менің үйімде пышағым жоқ па, болмаса қазынамда гауһар тасым жоқ па, әлде қайрақ таба алмай жүрмін бе?» – деп, ашуланып қайтып кетеді екен. Тап сол күні қыздың ағалары ақылдасып «Бұл қалай болды? Осы қыз отыз беске келді. Күйеу таңдап, әлі біреуге тиген жоқ. Сірә, оның басқа бір сүйгені бар шығар? Ондай адамы болса, ұстап алайық», – деп, қарауыл қойыпты. Таң атқан соң Жаман қыздың үйінен шығып бара жатса, қарауылшылар оны ұстап, байдың балаларының қолына апарып береді. Бай балалары Жаманды дірдектетіп ханға апарып:
— Мына уәзірді ұстап алдық. Бізді келмей жатып басынды! – дейді. Хан Жаманды оңаша алып, сұрайды.
— Қыздың үйіне бардың ба?
— Жоқ!
— Мыналар ұстап алдық дейді ғой?
Олар өтірік айтып, бәле жауып жүр, мені даладан ұстап алды.
— Мен сенің ақылыңды сыйлап, астымдағы тағымды да беріп едім. Тақты өзің алмаған соң, ең жақын уәзірім қылып едім. Уәлі маған олардан қымбат емес. Шыныңды айт. Қызды алып берем, – деп еді хан, Жаман тіпті шынын айтар болмады. Хан ашуланып, жендеттерге Жаманды дарға асуға әмір қылды. Жендеттер хан бұйырған соң, Жаманды дарға апарып, мойнына дұзақ салып, дардың жібін тартып, жоғары көтерді. Жаман иманын айтып, қырылдап, енді демі бітуге айналғанда, көпті жарып, ақ боз атты, ақ киімді, бетіне перде жапқан бір кісі келіп, қылышпен дардың жібін кесіп жібереді де, сұлап жатқан Жаманның көкірегіне қылышын көлденең тастап, жайына кетеді. Жаман біраз қырылдап жатып, есін жиған соң, жендеттер тағы да дарға тартайын деп ыңғайланғанда: «Мені енді ханға апарындар», – деп өтінеді. Жендеттер қайтып алып келген соң, хан:
— Бұл кезге дейін неге өлтірмедіңдер? Менің бұйрығымды екі еттіңдер ме?! – деп ақырады. Жендеттер тұрып, уақиғаны айтып беріп, ас десе, әлде де дарға асуға әзір екенін білдіреді. Енді хан Жаманға:
— Маған барам деп неге айттың? Әлде манағы айтпаған шыныңды айтайын деп келдің бе? – дейді.
— Е, тақсыр, шынымды айтайын деп келдім.
— Онда Уәлібайдың қызының үйіне барғаның рас па еді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет