«Жануарға ветеринариялық паспорт беру»
мемлекеттiк қызмет регламентi
1. Негiзгi ұғымдар
1. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ветеринариялық паспорт – жануардың иесi, түрi, жынысы, түсi, жасы, жануарды және ветеринарлық iс-шараны есепке алу мақсатында жасалған ветеринарлық өңдеу мерзiмi мен түрi көрсетiлетiн, бекiтiлген нысандағы құжат;
2) құрылымдық-функционалдық бiрлiк - мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын уәкiлеттi органның жауапты тұлғалары (бұдан әрi - ҚФБ);
3) жеке номер – биркаға, чипке, болюске және тавроға қойлатын әрiптiк және сандық белгiлерi бар жануарға берiлетiн жеке код.
2. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттiк қызметтiң атауы: «Жануарға ветеринариялық паспорт беру».
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 сәуiрдегi «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» №464 қаулысымен бекiтiлген «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттiк қызмет стандарты негiзiнде көрсетiледi (бұдан әрi – стандарт).
5. Мемлекеттiк қызмет Шарбақты ауданы ауыл және ауылдық округтерi әкiмдерiнiң аппараттары мемлекеттiк мекемелерiмен (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген мекен жайлар бойынша демалыс пен мереке күндерiн қоспағанда аптасына бес күн сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн ұсынылады. Қабылдау кезек бойынша алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі одан әрі тұтынушы.
7.Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң аяқталу нәтижесi жануарға ветеринариялық паспорт (жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға ветеринариялық паспорттын үзiндiсiн) беру немесе қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап беру болып табылады.
8. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
1) мемлекеттік қызмет өтініш берген күні көрсетиіледі;
2) мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) мемлекеттiк қызметтi тұтынушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
9. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде көрсетiледi (тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің аумағында ветеринарлық анықтама, бланкілер беру).Тұтынушы мемлекеттiк қызмет төлемiн Стандарттың 8 тармағына сәйкес іске асырады.
10. Осы стандарттың 16 тармағында ескерілген негіздемеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға болады.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi әрекет
(өзара әрекеттiлiк) реттiлiгiнiң сипаттамасы
11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы жануарға берiлген жеке номерi болған жағдайда жануарға ветеринариялық паспорт бланкiсiнiң құнын төлегендiгiн растайтын құжатты ұсынады.
Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын және жануарға арналған ветеринариялық паспорттың үзiндiсiн алу үшiн:
1) еркiн нысандағы жазбаша өтiнiш;
2) жануарға ветеринариялық паспорттың жоғалған фактiсiн растайтын құжаттар (болған жағдайда).
Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы белгiленген үлгiдегi өтiнiштi толтырады және уәкiлеттi органның ветеринария жөнiндегi маманына құжаттарды тапсырады.
Уәкiлеттi органның ветеринария жөнiндегi маманы жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын қабылдау туралы өтiнiштердi тiркеу журналына тiркеу нөмерiн берiп, өтiнiштi қабылдау мерзiмiн және қызметтi ұсыну мерзiмiн көрсетiп құжаттарды қабылдау туралы жазбаны енгiзедi.
12. Уәкiлеттi органның мөрiмен және уәкiлеттi органның ветеринария жөнiндегi маманның қолымен келiсiлген жануарға ветеринариялық паспорты (жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға ветеринариялық паспорттың үзiндiсi) тұтынушыға берiледi.
13. Ақпараттық қауiпсiздiк талаптары:
құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, тұтынушының құжаттар мазмұны туралы ақпараттарды құпияда сақтау.
14. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне уәкiлеттi органның ветеринария жөнiндегi маманы (ҚФБ 1) қатысады.
15. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттiң орындалу мерзiмiн көрсете отырып, әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң (үдерiстердiң) өзара әрекеттестiгi мен реттiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.
16. ҚФБ мен мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде әкiмшiлiк әрекеттердiң логикалық реттiлiгiнiң арасындағы өзара байланысты бейнелейтiн сызба осы регламенттiң 3-қосымшасында келтiрiлген.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн
лауазымдық тұлғалардың жауапкершiлiгi
17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiн бұзғандығы үшiн лауазымдық тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес жауап береді.
Шарбақты ауданының ауылдар және ауылдық
округтер әкiмдерi аппараттарының тiзбесi
№
р/қ
|
Ауылдық округтерінің атауы
|
Ауылдық округ әкімдерінің мекенжайы
|
Телефон нөмірі
|
Заңды мекенжайы
|
Сайтт
ың мекенжайы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1.
|
«Александровка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме
|
Александровка а/о
Жаңа-ауыл ауылы
|
(8 718 2)787151
|
Александровка ауылы
50 лет Октября көшесі, 27
|
жоқ
|
2.
|
«Алексеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме
|
Алексеевка а,
Николаевка а,
Құрғамыс а,
Бөріктал а
|
(871836)21537
|
Алексеевка а, Молодежная көшесі, 23
|
жоқ
|
3.
|
«Галкин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме
|
Галкин а,
Арбаиген а,
Құлат а,
Ботабас а
|
(871836) 33404
|
Галкин а,
Ленин көшесі,1
|
жоқ
|
4.
|
«Жылы-Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме
|
Жылы-бұлақ а,
Қосқұдық а
|
(871836)21518
|
Жылы-Бұлақ а,
Ф.Сәдуақасов көшесі,23
|
жоқ
|
5.
|
«Ильичевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме
|
Богодаровка а,
Аникино а
|
(871836) 40440
|
Богодаровка а,
Школьная көшесі, 33
|
жоқ
|
6.
|
«Қарабидай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме
|
Сахновка а,
Марьяновка а
|
(871836)22079
|
Сахновка а
|
жоқ
|
7.
|
«Красиловка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме
|
Красиловка а,
|
(871836)23100
|
Красиловка а,
|
жоқ
|
8.
|
«Назаровка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме
|
Назаровка а,
Каховка
|
(871836)40310
|
Назаровка а,
Победа көшесі,11
|
жоқ
|
9.
|
«Орловка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
|
Орловка а,
|
(871836)29766
|
Орловка а,
1 май көшесі,33
|
жоқ
|
10.
|
«Сосновка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме
|
Сосновка а,
Заборовка а,
Софиевка а,
Сретенка а
|
(871836) 21687
|
Сосновка а,
Ворошилов көшесі,23
|
жоқ
|
11.
|
«Северный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме
|
Северный а,
Аникино а
|
(87183621174
|
Северный а,
Калинин көшесі,20
|
жоқ
|
12.
|
«Татьяновка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме
|
Татьяновка а,
Малиновка а
|
(871836)40520
|
Малиновка а
|
жоқ
|
13.
|
«Хмельницкий ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме
|
Хмельницкий а,
Көлбұлақ а
|
(871836)26398
|
Хмельницкий а,
Ленин көшесі
|
жоқ
|
14.
|
«Чигиринов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме
|
Чигириновка ауылы
Есілбай а
|
(871842)28826
|
Чигириновка а,
Есілбай а,
Школьная көшесі
|
жоқ
|
15.
|
«Шалдай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме
|
Шалдай а,
Садық-Ащы а,
Бозалаң а,
Сүгір а,
Шошқалы а
|
(871836)32242
|
Шалдай а,
|
жоқ
|
Жануарға ветеринариялық паспорт беру"
мемлекеттiк қызметiнiң регламентiне
2-қосымша
Құрылымдық-функционалдық бiрлiктердiң
(ҚФБ) iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы
1) жануарға ветеринариялық паспорт алуға өтiнiш бергенде
Негiзгi үдерiстiң iс-әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)
|
р/с N
|
Iс-әрекеттiң (барысының, жұмыс ағынының) N
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
ҚФБ атауы
|
ҚФБ-тiң 1 тобы Уәкiлеттi органның ветеринария жөнiндегi маманы
|
ҚФБ-тiң 1 тобы Уәкiлеттi органның ветеринария жөнiндегi маманы
|
ҚФБ-тiң 1 тобы Уәкiлеттi органның ветеринария жөнiндегi маманы
|
2.
|
Iс-әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және оның сипаттамасы
|
1)1ұсынылған құ-жаттарды тексеру;
2)1кiрiс құжатта-ры журналына тiркеу
|
ветеринариялық паспортты толтыру немесе тұтынушыға мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап
|
Шығыс құжаттары журналына тiркеу
|
3.
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкiмгерлiк шешiм)
|
тұтынушыға қажеттi құжаттарды алғандығы туралы қол хатты беру
|
ветеринариялық паспортқа немесе тұтынушыға мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою
|
Ветеринарлық паспорт немесе қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап беру
|
4.
|
Орындалу мерзiмдерi
|
1 жұмыс күнi iшiнде
|
1 жұмыс күнi iшiнде
|
1 жұмыс күнi iшiнде
|
3 жұмыс күнi iшiнде
|
5.
|
Келесi iс-әрекеттiң нөмiрi
|
2 бағана
|
3 бағана
|
|
2) жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға арналған ветеринариялық паспорттың үзiндiсiн алуға өтiнiш бергенде:
р/с N
|
Iс-әрекеттiң (барысының, жұмыс ағынының) N
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
ҚФБ атауы
|
ҚФБ-тiң 1 тобы Уәкiлеттi органның ветеринария жөнiндегi маманы
|
ҚФБ-тiң 1 тобы Уәкiлеттi органның ветеринария жөнiндегi маманы
|
Қ ҚФБ-тiң 1 тобы Уәкiлеттi органның ветеринария жөнiндегi маманы
|
2.
|
Iс-әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және оның сипатта-масы
|
1)1ұсынылған құжаттарды тексеру;
2)1кiрiс құжаттары журналына тiркеу
|
жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға арналған ветеринариялық паспорттың үзiндiсiн толтыру немесе тұтынушыға мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап
|
Шығыс құжаттары журналына тiркеу
|
3.
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкiмгерлiк шешiм)
|
тұтынушыға қажеттi құжаттарды алғандығы туралы қол хатты беру
|
жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға арналған ветеринариялық паспорттың үзiндiсiне немесе тұтынушыға мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою
|
жануарға ветеринарлық паспорттың телнұсқасын, жануарға арналған ветеринариялық паспорттыңүзiндiсiн немесе қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап беру
|
4.
|
Орындалу мерзiмдерi
|
1 жұмыс күнi iшiнде
|
8 жұмыс күнi iшiнде
|
1 жұмыс күнi iшiнде
|
10 жұмыс күнi iшiнде
|
5.
|
Келесi iс-әрекеттiң нөмiрi
|
2 бағана
|
3 бағана
|
|
"Жануарға ветеринариялық паспорт беру"
мемлекеттiк қызметiнiң регламентiне
3-қосымша
Жануарға ветеринариялық паспорт беру үдерiсiнiң схемасы
1) жануарға ветеринариялық паспорт алуға өтiнiш бергенде:
2) жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға арналған ветеринарлық паспорттың үзiндiсiн алуға өтiнiш бергенде:
Достарыңызбен бөлісу: |