Жануарлар әлемінің эволюциялық сипаттамасы. Жануарлардың жіктелуі. Жануарлар түрлерінің негізгі сипаттамасы



Дата30.01.2023
өлшемі51.9 Kb.
#468942
Жануарлар әлемінің эволюциялық сипаттамасы


Жануарлар әлемінің эволюциялық сипаттамасы. Жануарлардың жіктелуі. Жануарлар түрлерінің негізгі сипаттамасы
Сырттай қарағанда жануарлар мен өсімдіктерді туыстас ортақ тектен таралған деп есептеу мүмкін емес тәрізді жануарлар да өсімдіктерде біріне-бірі ұқсас күрделі органикалық заттардан, жасушалардан құралған тірі ағзалар болып табылады. Жануарлар да өсімдіктер тәрізді көбейеді, қоректенеді, тыныс алады. Жануарлардың тұқым қуалаушылық, өзгеріштік, тітіркену қасиеттері де өсімдіктерге ұқсас. Мұндай белгілер жануарлар мен өсімдіктердің туыстас екенін, ортақ тектен таралғанын дәлелдейді. Жануарлар мен өсімдіктерде болатын кейбір құбылыстар олардың арасында елеулі айармашылықтардың бар екенін де көрсетеді. Бұл әсіресе, олардың қоректену тәсілімен айқын байқалады.
1.Жасыл өсімдіктер қоректену кезінде бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзеді, яғни ауадан көміпқышқыл газын, топырақтан су мен минералды заттарды сіңіріп, бейорганикалық заттарды қорегіне жаратады.
Жануарлар болса дайын органикалық заттармен, яғни өсімдіктермен немесе басқа жануарлармен қоректенеді, жануарлардың жүйке жүйесі, сезу, зәр шығару және т.б. мүшелері жақсы жетілген. Жануарлар арнаулы мүшесі арқылы қозғалады.
2.Жануарлар қозғалып өмір сүрсе, өсімдіктер бір жерде бекініп тіршілік етеді.
3.Жануарлар клеткасының сырты мембранамен қоршалған болса, өсімдіктердің сыртқы қабығына серпімділік және мықтылық қасиет беретін клетчаткадан (жасунық) тұрады.
4.Жануарлар белгілі бір мерзімге дейін өмір сүрсе, өсімдіктер өмір бойы тіршілігін тоқтатпайды.
5.Жануарлардың мүшелері денесінің сыртында орналасса, ал өсмідіктерде ішінде орналасады.
Тұжырым:өсімдіктер мен жануарлар- тірі дүниенің өзара ұқсастықары менайырмашылықтары бар бірімен-бірі тығыз байланысты екі тобы, олар- табиғаттың біртұтас құрамдас бөлігі.
2.Жануарларды жер шарының кез келген түкпіріненкездестіруге болады.Олар тірі тірі ағзалардың барлығымен қарым-қатынаста тіршілік етеді. Қазіргі кезде дүние жүзінде жануарлардың 2 млн- нан астам түрі бар деп есептеледі, яғни жануарлар түрінің саны өсімдіктер түрінен 3 есе көп.Тек Қазақстанда ғана 30- мыңнан астам бунақденелілердің тіршілік етуі жануарлар дүниесінің сан алуандығына нақтылы дәлел бола алады.
Жануарлар туралы ғылым зоология өте ертеден белгілі.Оның негізін грек ғалымы Аристотель қалаған. Зоология (грекше-зоон-жануар логос-ғылым) жануарлар туралы ғылым. Жануарлардың құрылысын, көбеюі мен дамуы туралы, құрамын, таралуын шығу тегін, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын зерттейді.
Оны оқып-үйренуге бағыт сілтейтін оқулықтың атауы – “жануартану”деп аталады. Біздің Республикамызда мекендейтін жануарлар туралы алғашқы жазба деректер араб, парсы және қытай саяхатшыларының жазбалары мен орта-азиялық ғұлама ғалым Махмуд Қашқари еңбектерінде кездеседі. Қазақстанның жануарлар дүниесін жүйелі әрі ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстары 17-18 ғасырларда ұйымдастырылған экспедицияларға байланысты. Мұнда қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалихановтың еңбектері ерекше орын алады.
Жануарларды жіктеу.
Жер бетіндегі барлық жануарларды белгілі-бір ретке келтіруді жүйелеу деп аталады.Ал әлемдегі жануарларды бірінен-бірін толық ажыратып құрылысы, тіршілік ету ерекшеліктері, белгілі орында мекендеуі және басқа ортақ белгілері бойынша топтастыру жіктеу деп аталады.
Жануарлар дүниесіжануарлар дүниесінің тармағытипклассотрядтұқымдастуыстүр.
Жануарлар дүниесі Zoa (Animalia) екі дүние тармағына бөлінеді:Protozoa – бір клеткалыларға және Metazoa- көп клеткалыларға.
Protozoa тармағына қарапайымдылардың 5 типі жатады.Олар:
1.Саркомастигофора типі
2.Споралылар типі
3.Книдоспоридиялар типі
4.Микроспоридиялар типі
5.Кірпікшелілер немесе Инфузориялылар типі
Metazoa тармағына қалған 18 тип жатады.Олар:
1.Тақталылар типі
2.Губкалар типі
3.Ішекқуыстылар типі
4.Ескектілер типі
5.Жалпақ құрттар типі
6.Немертиналар типі
7.Жұмыр құрттар типі
8.Скребнилер типі
9.Буылтық құрттар типі
10.Буынаяқтылар типі
11.Онихофоралылар типі
12.Моллюскалар немесе былқылдақ денелілер типі
13.Қармалауыштар типі
14.Тікентерілілер типі
15.Погонофоралылар типі
16.Қылтанжақтылар типі
17.Жартылай хордалылар типі
18.Хордалылар типі
Одан әрі типтер класқа, класс отрядқа, отряд тұқымдасқа, тұқымдас туысқа, туыс түрге жіктеледі.
Жануарлар экологиясы
Жануарлар – табиғат туындысы. Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесінің де маңызы зор. Дүние жүзінде жануарлардың 1,5 млн түрі бар деп есептелген.
Жануарлардың тіршілік үшін қызметі сан алуан. Оларды адам баласы қолға үйретіп, өзінің материалдық игілігі үшін пайдаланып келеді. Жануарлардың жүні, терісі, еті, сүті өте бағалы.
Республикамызда сүтқоректілердің — 155, құүстардың – 481, бауырмен жорғалаушылардың – 48, қосмекенділердің – 33, балықтардың 140 түрі тіршілік етеді. Бұлар – біздің байлығымыз. Барлығының да табиғат пен адам өмірі үшін маңызы зор.
Десекте, соңғы 100 жыл ішінде Қазақстанда жануарлар дүниесі саны мен сапасы жағынан күрт төмендеп кеткен.
Жерімізде жүйткіп жүрген түз тағыларын бейберекет аулау олардың табиғаттағы санын күрт азайтып жіберді.
Жануарлар дүниесін қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тыйым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге бейімдеу, лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу жұмыстары.
Жануарларды сақтап қалудың ең басты жолы – адам баласының саналы жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті.Әрбір адам өзін туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сезіне отырып, табиғат қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.
3.Бірклеткалы жануарлар, яғни қарапайымдылар — бір клеткалы, ядролы, эукариотты жәндіктер, физиологиялық жағынан алғанда, олар өз алдына жеке организмдер, өйткені барлық жануарларға тән: қозғалу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, алмасу, көбеюі, дамуы т.б. қызметтерді атқарады.
Денесі бір ғана жасушадан құралатын жәндіктер қарапайымдар деп аталады. Қарапайымдар типін кейбір ғалымдар жануарлар дүниесінің тармағы ретінде қарастырады. Бұлардың жалпы саны әзірге тұрақты емес: 25 000 – 70 000 шамалы. Қарапайымдардың көпшілігі бір немесе бірнеше ядролы , құрылысы өте қарапайым болып келеді.Үш кластан тұрады.Олар:
1)Жалғанаяқтылар – белгілі дене пішіні сақталмайтын біржасушалы жәндіктер. Бұлардың денесін плазмалемма деп аталатын қарапайым цитоплазмалы жарғақшасы қаптайды. Жалғанаяқтылар класында 11 000-нан астам түр бар деп есептеледі.
Жалғанаяқтылар класына жататын жәндіктер теңізде және тұщы суларда, кейбір түрлері паразит ретінде еркін тіршілік етеді. Топырақта, сондай-ақ батпақты жердегі мүк арасында мекендейтін түрлері де бар. Олардың денесі бір ғана жасушадан тұрады.
Жасушасы қабықшасыз болғандықтан, жалғанаяқтылардың денесінде тұрақты пішін болмайды. Электрондық микроскоппен ғана көрінетін өте жұқа жарғақша немесе плазмалемма жасуша ішіндегі цитоплазма қозғалысынан бірде созылып, бірде қайтадан қалпына келіп, жалған аяқтар түзеді. Амебалар осы жалған аяқтармен жүреді және қорегін аулайды.
Кейбір жалғанаяқтылардың әктен түзілген ішкі қаңқасы, сондай-ақ денесін қаптайтын бақалшақтары болады.
Жалғанаяқтылар бактерияларымен, балдырлармен және әр түрлі қарапайым жәндіктермен қоректенеді. Оларда асқорыту және зәршығару вакуольдері болады. Жалғанаяқтылар тыныс алады, тітіркенеді және бөліну арқылы жыныссыз жолмен көбейеді.
2)Дене пішіні ұршыққа ұқсас, жұмыртқа тәрізді сопақша, цилиндр пішінді бір немесе одан да көп талшықтары бар біржасушалы қарапайым жәндіктер талшықтары класына жатқызылады. Бұлардың денесінің алдыңғы жағында болатын талшықтары қозғалу мүшесі болып табылады. Талшықтар теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, паразиттік жолмен тіршілік ететін түрлері бар. Талшықтылар класы 7 000-нан астам түрлерден құралады.
Талшықтылар класына жататын жәндіктердің денесінде бір немесе бірнеше талшықтар болады және бір ғана жасушадан тұрады.
Талшықтылардың денесі көпіршік тәрізді бір ядросы бар цитоплазмадан құралады. Цитоплазманың сыртқы қабаты мөлдір және тығыз, сондықтан талшықтардың дене пішіні өзгермей, тұрақты болады. Цитоплазманың ішкі қабаты кенеулі заттардан түзілген түйіршіктерге және жасыл тақташаларға толып тұрады.
Талшықтылар жарықты сезеді, арнаулы көзшесі болады. Жыныссыз жолмен бөліну арқылы көбейеді. Талшығы арқылы қозғалады, амеба тәрізді тыныс алып, зәр шығарады, циста түзеді.
Талшықтардың топтасып тіршілік ететін түрлері (домаланғы) де бар.
3)Дене пішіні алуан түрлі, тұщы немесе тұзды суларда мекендейтін, денесінде кірпікшелер болатын, мөлшері 10 микромиллиметрден 3 миллиметрге дейін жететін едәуір күрделі құрылысты бір жасушалы қарапайым жәндіктер кірпікшелілер класына жатқызылады. Бұлар еркін де қозғалады, кейбіреуі “отырықшылықпен” тіршілік етеді. Кірпікшелі жәндіктердің 1100-ден астам түрі бар деп есептеледі.
Кірпікшелілердің денесін жұқа, майысқақ қабықша қаптайды, сондықтан олардың денесі белгілі пішінін сақтайды (мысалы кірпікшелі кебісше). Бұларда сондай-ақ екі ядро – үлкен және кіші ядро болады. Кіші ядро кірпікшелілер тіршілігінде жыныстық көбею қызметін атқарады. Жыныстық жолмен көбею кезінде екі кірпікшелі біріне-бірі жақындасып, кішкене ядроларын алмастырады. Үлкен ядро негізінен өсімді ядро болып табылады, ол кірпікшелілердің жынысты көбеюінен басқа барлық тіршілік әрекетіне қатысады.
Кірпікшелілер – тұщы сулы ортаның мекендеушісі, олардың сондай-ақ тұздылау сулы ортадан да, теңіздерден және ылғалды топырақ арасынан да кездестіруге болады.Бұлардың көпшілоігі жәндіктер мен омыртқалы жануарлардың паразиті болып саналады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет