№
|
Кезеңдер
|
Әрекет алгоритмі
|
|
Пациентті алғашқы тексеру. Өзінің және зардап шегушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
|
Өзі және зардап шегуші үшін алғашқы тексеру жүргізудің қауіпсіздігіне көз жеткізу. Пациентті тыныштандыру, ақпараттық келісім алу.
|
|
Қолды жарақаттанған аяқты иммобилизациялауға дайындау
|
Қолды тері антисептигімен өңдеу және стерильді қолғап кию
|
|
Зардап шегушінің жағдайын бағалау (жарақаттың орналасуына байланысты).
|
Қайталама тексеру жүргізу. Сынықтың бар екеніне көз жеткізу.
|
|
Анестезияны жүргізу. Аяқты орташа физиологиялық жағдайға келтіру.
|
Ауырсынуды басатын дәрі трамадол гидрохлориді 100 мг бұлшық етке жасаңыз. Аяқты орташа физиологиялық қалыпқа келтіру.
|
|
Ұзындығы мен ені әртүрлі Крамердің сатылы шендеуішін дайындау.
|
Крамердің сатылы шендеуішін таңдаңыз: біріншісі - ұзындығы 120 см, ені 11 см, екі шендеуіш - 80 см, ені 8 см.
|
|
Сатылы шендеуіштерді сау аяққа «өлшеп алу»
|
Шендеуіштің ұшын (120х11) пациенттің сау аяғының табанына, башпайлардан өкшеге дейін өлшеңіз. Шендеуішті өкше аймағында тік бұрышта бүгіңіз (900).
|
|
Жарақаттанған аяқты дайындалған шендеуіштерге орналастыру.
|
Аяқты дайындалған шендеуішке қойыңыз:
бір шендеуіш аяқтың бойымен, жіліншіктің артқы бетімен санның үштен біріне дейін өтеді (аяқтың башпайлары жіліншікке қарай созылуы керек).
|
екінші шендеуіш аяқтың сыртқы бетінен жіліншіктің сыртқы жиегінен санның ортаңғы үштен біріне дейін өтеді;
|
үшінші шендеуіш жіліншіктің ішкі бетінен аяқтың ішкі жиегінен санның ортаңғы үштен біріне дейін өтеді.
|
|
Шендеуіштерді таңу (қолда бар) материалымен бекіту
|
Жұмсақ төсемдерді сүйек шодырына (шығыңқы жеріне) қойып таңу. Шендеуішті аяққа дәкені спираль сияқты орап бекіту.
|
|
Зардап шегушіні стационарға қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз ету.
|
Стационарға қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету.
|