Жарапазан айта келдім, универге, Кім кетіп, кім жетпеген бұл айларға?! Кірерсіз сегіз бейіш сарайларға Қазақ тілі және әлем тілдері институтына



Дата18.05.2022
өлшемі13.31 Kb.
#457057
ЖАРАПАЗАН


ЖАРАПАЗАН
Жарапазан айта келдім, УНИВЕРГЕ,
Кім кетіп, кім жетпеген бұл айларға?!
Кірерсіз сегіз бейіш сарайларға
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ИНСТИТУТЫНА айтамын жарапазан!
Бір келген он екі айда шақыр рамазан,
Қылыңыз рамазанда жанды құрбан!
Үш айда енді бізге қалам, Құран,
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫНА айтамын жарапазан!
Бес парыз мұсылманға минат болған,
Ораза, намаз, зекет, қажы, - ол- нұр иман!
Бұл айда рахмет нұрға дүние толған,
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫНА айтамын жарапазан!
Ораза тұт, үшбу айда оқып құран,
Қараңғы керде шамың жағып тұрған.
Наныңыз бұл сөзіме, хақ мұсылман,
ОРЫС ТІЛІ КАФЕДРАСЫНА айтамын жарапазан!
Бұл айды көрген де бар, көрмеген де,
Білерсіз жан қадірін тергегенде.
Жақсы емес садақаны бермеген де,
ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫНА айтамын жарапазан!
Бұл айда кешер Алла жазығыңды,
Сыйласаң біздей пақыр ғарібіңді!
Садақа, берген қайыр – азығыңды
ПРАКТИКАЛЫҚ ШЕТ ТІЛДЕРІ КАФЕДРАСЫНА айтамын жарпазан!
Бұл айда береке нұр тәңірім шашар,
Бұл айда шайтан лағын қорқып қашар.
Есігін сегіз жұмақ періште ашар,
Әр айда бола бермес бұл рамазан,
Қасиетін оразаның білмес надан.
Ықылас қып қарсы алыңыз, келсе шамаң,
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!
Наныңыз жұмақ, тамұқ-тамам барын,
Тағы бар ғаршы, күрсі,лаухи қалам,
Қожасы дүние, ақырет - Алла тағалам
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет