Жаратылыстану пәнін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану



бет1/2
Дата07.11.2023
өлшемі27.81 Kb.
#482528
  1   2
жарат 8 тақырып Касенова


Жаратылыстану пәнін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану.

Мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жүргізілетін реформалардың мақсаты оның нарықтық экономика жағдайында ғаламдық ауқымға ие болу бағытында сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету.


Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасында «Бізге қажетті жаныда, қаныда қазақы,халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына сіңірген туған жерін түлетуді,егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» деп атап көлсетілгендей, білім мен тәрбие беруде негізгі мақсатымыз егемен еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. 
Орыс ғалымы Рубинштейіннің сөзімен айтқанымызда «білімі терең құдық тәрізді мұғалімдер болады,бірақ,өкініштісі бала одан су алып іше алмайды, оның жолын білмейді. Жақсы мұғалім деп әрі білімі терең құдық тәрізді, әрі шелегі де қасында болатын адамды айтса болар» 
Қазіргі таңда оқыту үрдісін жоспарлау,қолдану және бағалаудың тиімді әдістерін ұсынушы жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Олардың негізгі мақсаты біреу, ол өз бетінше дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақ мектептері үшін мазмұны жағынан ұлттық құндылықтарға бай, мұғалімдер тәжірбиесіне енгізуде көп қиындық туғызбайтын технологиялар тиімді.
Бұл тұрғыдан алғанда ақпараттық- комуникативтік технология барлық талапқа сай келеді.
Қазіргі қоғамда оның дамыған ақпараттық мәдениетімен ақпараттық білім беруді ұйымдастыру аса маңызды болып табылады. Оқу- тәрбие үрдісінде оқушылардың оқу – танымдық белсенділіктері мен оқуға деген қөзқарастары өз дәрежесінде емес. Осы проблеманы жаңа ақпараттық технологияны тиімді пайдалану арқылы шешуге болады. Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда ақпараттық технология төмендегідей мүмкіндіктерді береді:

  1. аудиовизуалды құралдарды қолдану оқу материалының мазмұнын түсінікті, қызықты етеді;

  2. оқу материалын түрлі динамикалық суреттермен жан – жақты бірнеше қырынан түсіндіруге болады;

  3. қарапайым жағдайларда қиындық туғызатынзаңдылықтарды көрсетуге болады;

  4. күрделі химиялық эксперименттерді виртуалды лаборатория арқылы көрсетуге болады;

  5. оқушылардың білімін есепке алу мақсатында тез және тиімді жолмен тест алуға болады;

  6. оқушыларға өзіндік жұмыс және анықтамалықпен жұмыс жасауға үйретуге болады;

  7. тұлғаға бағытталаған оқыту жүзеге асырылады;

  8. оқушының жеке жас ерекшеліктеріне сай жағдай жасалады;

  9. ақпараттық мәдениеттің дамуына, жаңа ақпараттық құралдармен жұмыс жасауына ықпал жасалады.

Бағдарламалық өнімдерді пайдалыну бірнеше оқу ұстанымдарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқыту жүйесі мен ЖАКТ қолданылған оқыту жүйесі үлкен айырмашылықты көрсетеді. Басты айырмашылық мұғалімнің рөлі өзгереді, ол бағыт – бағдар берушінің функциясын атқарады. Жаңа электрондық оқулықтарды, виртуалды химиялық лабораторияларды қолдануда интернет, компьютерді білу ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.
Компьютерлік технология мүғалімге оқыту қызметін түрлендіруге мүмкіндік туғызады:

  1. оқушылардың білімін тексеру ;

  2. көрнекіліктер дайындау;

  3. сұрақтарға жауаптар дайындау ;

  4. есептердің шешу жолдарын көрсету;

  5. практикалық жұмыстар жүргізу.

Сабақтың бірсарындылығы оқушыны тез шаршатады. Сондықтан қандай да сабақ үстіндегі оқыту мен іс - әрекет формаларын түрлендіріп отырған жөн.. 7- 10 минут сайын оқу іс - әрекет түрлері өзгертілуі керек.
Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның жаңа мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары көп. Соның бірі – интерактивті тақтаны сабақ барысында пайдалану. Сабақта технологиялық құралдарды пайдаланғанда уақыт үнемделіп, сабақтың сапасы көтеріліп, оқушының сабаққа қызығушылыға артады.
Қосымша материалды іздеп, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны, интернетті пайдалану арқылы оқушы танымын кеңейтіп, дүниеге деген ғылыми- материалистік қөзқарастарын тереңдету мақсатымен өткізілетін сабақтар да үлкен нәтижеге қол жеткізуге болатынына өз тәжірибелерімізде көз жеткізіп жүрміз. 
Енді сабақтың әр түрлі кезеңдерінде ақпараттық- комуникативтік технологияның қолданылуын қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет