«Жаратылыстану» пәнін оқытуда қолданылатын smart әдістер



Дата30.09.2023
өлшемі20.66 Kb.
#479314
Жаратылыстану


«Жаратылыстану» пәнін оқытуда қолданылатын SMART әдістер

Елбасымыздың жүргізіп отырған көрегенді саясатының арқасында мәңгілік елдің ертеңгі болашағы – бүгінгі мектеп оқушыларына білім беру жүйесіндегі озық тәжірибелі теориялар негізінде баланың ақыл – ой қабілетін дамыту, шығармашылық талант иесін ашу арқылы, жан – жақты ізденімпаз, белсенді ойын еркін жеткізетін, өзіне сенімді өмірге өзіндік сыни пікір көзқарасты тұлғаны қалыптастыру ұстаздар еншісіне тиесілі міндеттердің бірі екені баршаға мәлім.


«Егер мұғалім өзі ғылымға бар тәнімен беріліп, оны толық меңгеріп, сүйе білмесе, онда оқушыларды да ешқашан ғылымға құлшындыра алмайды, мұғалімнің бұл саладағы еңбегі де – жеміссіз болады» — дейді ұлы орыс ғалымы, атақты химик Д.И.Менделеев.
Қазіргі таңда мұғалімнің алдында тұрған міндеттердің қатарына оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін тек теориялық біліммен шектеліп қана қоймай, оның қажырлы тынымсыз еңбектенуінде, балалармен жұмыс істеуі қабілетінің жоғары дәрежеде болуын талап етуде. Сонда ғана, қоғамымызға, білімге құштар, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігі үшін өзіндік үлес қосып, ел абыройын асқақтатып ұлтымыздың мерейін көтеретін ұрпақ тәрбиесі жүзеге асырылмақ. Олай болса, мұғалімнің осы бағыттағы жұмыстарының негізгі қа
руы — өз сабақтарында қолданатын жаңа әдіс –тәсілдердің маңызды роль атқаратынына күмән жоқ.
Оқу мен оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін сабақта қолданудың тиімділігі: оқушылардың пәнге қызығушылығы оянады, әрқайсысының оқу үдерісіне қатысу белсенділігі артады, жұмыс барысында әрбір оқушының сезіміне көңіл бөлінеді, оқу материалы жеңіл меңгеріледі, оқушылардың қабілеті әр түрлі қырынан танылады, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс жүзеге асады, орқушылардың өзіндік пікірі мен өзара ынтымақтастық қарым – қатынасы орнайды, жағымды мінез – құлық, өмірлік дағдылары қалыптасады.
Озық тәжірибелі теорияны мектеп практикасында қолданудың өзіндік мәні: мұғалім оқушыға білімді дайын күйінде емес, тек диалогтік оқыту әдісі барысында оқушының білімді өздігінен игреуіне жағдай жасап, жетелеп отыруында, балалар жаңа материалды және көмекті мұғалімнен емес, жанындағы жолдасынан алып отыруында, сонымен қатар, мұғалім топтық өзара әрекеттердің әр түрлі әдістемелерін игеру арқылы оқушылардың топтық жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруымен ерекшеленеді.
Оқу мен оқытудың әдістеріне: Уақыт шеңбері, Тыңдап отырған үштік, Джиксо, Аквариум, Ыстық орындық, Сұрақтар шеңбері, Инсерт, Сөздер банкасы, Ақылдың алты қалпағы, Еркін талқылау, Бағдаршам, Дебат т.б.
Уақыт шеңбері әдісі: идеялар , тәжірибелер және ойлармен бөлісу. Өзіндік түсінгенін жолдасына түсіндіру және топта сұрақтар қойып отыру. Ұйымдастыру: барлық орындықта отырған жерінде немесе шеңбер құрып тұрып орындайды. Сөйлеушінің қолында ғана ұстайтын зат бар (Мысалы, доп).
Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже – талқылауға барлығы түгелдей қатысулары керек, тек біреу ғана сөйлеу керек – әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік туғызуы керек, егер сіз бір тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді» басқаға бересіз, ешқандай қатты ескертулер болмауы керек.
Бұл әдісте мен өз сабақтарымда жаңа тақырыптың алдында бұрынғы білімін еске түсіру мақсатында немесе жаңа сабақ соңында білімдерін қайта тиянақтап шығуы үшін қолданып жүрмін. Ойын ережесі Қар кесегіне ұқсас жүргізіледі.
«Сұрақты тап» әдісі. Әдістің тиімділігі сол, оқушылар талқылаумен қатар, берілген бірнеше жауаптарға сұрақтар құрастырады. Балалар ойланады, талдайды, бірлесіп жұмыс жасайды.
«КТМҚ» стратегиясы. Бұл стратегия жаңа сабақты ашуға, анықтаманы өздері шығаруға өте тиімді әдістің бірі.
І. Менің ойыма бұл жерде……..
ІІ. Себебі…..
ІІІ. Мен мына мысалдар арқылы дәлелдей аламын……
ІҮ. Осыдан келіп шығатын қорытынды………
Джиксо әдісі: Сұрақтар топтамасы мен жұмыс істеудің құрылымдалған тәсілі және топта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Джигсо әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі. Оқушыларды сынып бойынша үш – төрттен топтарға бөліңіз. Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріңіз(оқулықтан беруге болады). Тапсырманы үлестірме материалдар түрінде таратсаңыз оқушыларға тың мәлімет қызығушылығын жоғарылата түседі. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материа
лдың тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді. Нақты бір сұрақ төңірегінде жүреді. Сарапшы топ деп аталатын жаңа топ құрылып, ортақ проблеманың шешімін табу үшін олар бірлесіп жұмыс істейді. Тапсырманы орындаудың бұл кезеңінің соңына қарай оқушы өзге «сарапшылармен» өзара қарым – қатынас жасап, мәселені талқылаудың арқасында �
�з сұрағы бойынша сарапшы болып қалыптасады. Оқушылар бастапқы топтарына қайтіп оралады. Материалдар таратылады да, бастапқы топтарға қорытынды тапсырма беріледі. Ол ұжымдық қорытынды шығару немесе жеке тапсырма болуы мүмкін. Бұл тапсырманың көздегені: тапсырманы сәтті аяқтау үшін оқушылар әрқайсысының сарапшы топта болған кезде алған мәліметтерін еске түсіріп, өз тобының мүшелеріне бірлескен оқу арқылы түсіндіруді қамтамасыз ету.
Мен бұл әдісті өз тәжірибемде химия және биология сабақтарында жаңа материалды оқушылардың өздері меңгеруіне мүмкіндік беру үшін, оқулықтағы тақырыпты топтарға, тақырыпшаларға, абзацтарға бөліп беріп немесе арнайы парақшаларға тапсырмалар дайындап келіп, оны топтарға таратып беремін. Олар топта танысып, талқылап, ортаға шығып, бүкіл сыныпқа түсіндіреді. Материалды түсінгенін анықтау мақсатында өзім немесе топтарға, қарсы топтарға сұрақтар қойғызамын.
Ақылдың алды қалпағы әдісі: мәселені барынша мұқият талқылап, баланың жалпы ойлау қабілеттерін жетілдіру үшін ойдың сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданылатын әдіс. Ақылдың алты қалпағы – Едвард де Боно әзірлеген әдістемесі, ол әртүрлі шешімдердің ішінен ойды бір мәселе төңірегінде шоғырландыруға мүмкіндік беретін қатарласып ойлау үдерісі болып табылады. Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі де (алты түске боялған қалпақ), олардан белгілі бір
тақырып аясында, бірақ әр түрлі көзқараспен қалпақ түсіне сәйкес талқылау ұйымдастырылады. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді.
Аквариум әдісі арқылы тақырыпқа тапсырмалар пайдалану. Мысалы, тақырып саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы. Оқушыларға тақырып төңірегінде тапсырма таратылады, тапсырманы топ ішінде отырғызып, топпен талқылату. Топ ішінен бір сарапшыны тағайындап, басқа топтарға түсіндіреді, қайтадан өз топтарына барып, түсінгендерін түсіндіреді. Ортаға шығып, шеңбер жасап, ортаға тапсырмаларын түсіндіреді. Оқушылардың мұндағы мақсаты, берілген тапсырманы өздері талқылап, өз ой- пікірлерімен санаса білуі, топпен жұмыс жасауы.
«Он сұрақ» әдісінде бір оқушыны таңдап алып, арқасына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырып қойдым. Ал қатысушы стикердегі сөзді табу үшін он сұрақ қоя тұрып, табуы керек болатын және сыныптан алынатын жауап «иә» немесе «жоқ» түрінде берілуі керек. Оқушы жасырылған сөзді ойлана отырып және сұрақтар қоя отырып, табуға тырысты. Алайда менің осы тұста байқағаным, оқушылардың ойлау қабілеттерінің баяулылығы, еркін ойланудың қалыптаспағандығы. Оқушылардан кері байланыс алғанымда осы ойынның ұнағандығын жазған. Демек, балаларға ұнады, �
�рі қызықты болды.
«Жалған ба?» «Шындық па?» әдісі. Бұл әдістің сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытудағы маңызы зор тиімді әдістің бірі болды мен үшін. Мұнда тақырыпқа байланысты үш түрлі мәлімет бердім. Үш мәліметтен де көп мәлімет беруге де болады.
Оқушылар топпен бірлесе жұмыс жасай отырып, қай мәлімет жалған, қай мәлімет шындық екендігін табуға тырысты. Шатастырып берген бұл тапсырмамда балалар бір сұрақтардан шатасып жатты. Сабақ соңында оқушылар жазған рефлексиясында осы әдістің ұнағандығын жазған болатын.
«Стикердегі диалог» әдісін пайдалану арқылы өткен тақырыпты қайталау және жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында пайдалануға болады. Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой – пікірлерімен санаса білуі, жалпы сабақтың соңғы кезеңдеріне қолданатын әдіс.
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағдаршам түстері бойынша өзіне сабақтағы бағалауға тиімді тәсіл.
Қызыл – «өте жақсы»
Жасыл – «жақсы»
Сары – «қанағаттанарлық» .
Қорыта келе айтарым, оқушыларым сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланды, Өз ойларын ашық, еркін жеткізуге үйренді. Бүгінгі сабақ туралы өз ойларымен бөлісуді, өзіне – өзі есеп беруді, өзін – өзі реттеуді, түрлі болжамдар жасауға, бірлесе жұмыс жасауға үйренді. Келешекте сабағыма ең тиімді болған тәсілдерді пайдаланумен қатар, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін, дұрыс, жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың жолдарын тауып, оқытудағы кедергілерді жоюға тырысатын боламын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Құсайынов А.Қ. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы.№1.4,79 бет.
2. Әлімов А. Диалог – адам өмірінің мәні мен мақсаты. №5, 108 бет.
3. Ғаламтор желісі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет