Жаратылыстанудың техника мен технология дамуына



Дата08.12.2022
өлшемі27.2 Kb.
#466890
Жаратылыстану


«Жаратылыстану» пәні:
1) әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан
қалыптасқан бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім
негіздерін қалыптастыру, жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды идеялар және жетістіктерімен таныстыруға;
2) білімдерін қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін бұқаралық
ақпарат құралдары, интернет ресурстары, арнайы және ғылыми-көпшілік
әдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы тұрғысынан және өмірлік маңызды мазмұны бар ақпаратты қолдану және қабылдау біліктіліктерін меңгеруге;
3) интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлау
қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану
ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамытуға;
4) күнделікті өмірде өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдануға бағытталған.
«Жаратылыстану» пәні негізгі мектептегі «Биология», «География»,
«Химия», «Физика» пәндерін зерделеу негізін қалауға бағытталған кіріктірілген курс болып табылады.
Бағдарлама халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес, білім алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін есепке алу арқылы әзірленген.
Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімнен тұрады:
- «Ғылым әлемі»;
- «Ғалам. Жер. Адам»;
- «Заттар және материалдар»;
- «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер»;
- «Энергия және қозғалыс»;
- «Экология және тұрақты даму»;
- «Әлемді өзгертетін жаңалықтар».
Білім алушыларға қоршаған әлемнің көптүрлілігін, табиғи құбылыстар
мен процестердің өзара байланысын, тірі және өлі табиғатта болатын табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін, табиғаттағы нысандар мен процестердің көптүрлілігін жүйелеу принциптерін, адамның көптеген іс-әрекеті үшін ғылыми-жаратылыстану білімінің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді.
Аталған пәннің бірнеше негізгі мақсаты бар. Олардың бірі бақылау,
ғылыми зерттеуді жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді
түсіндіру тәрізді зерттеушілік, ойлау және коммуникативтік дағдыларды
қалыптастыру және дамыту болып табылады. Мысалы, түрлі тақырыптарды зерделеу арқылы, білім алушы зерттеу жоспарын құрастыруды, жіктеуді, бақылауды, эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді сипаттауды және бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Пән үйде, мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды түсіндіру үшін, алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану біліктерін дамытады.
«Жаратылыстану» оқу пәнінің басты мақсаты – білуге құмарлықты,
баланың ой-өрісін, қоршаған әлемді ғылым тұрғысынан түсінуді, табиғи және адамның қолымен жасалған мұраларды бағалау және қорғау білігін дамыту.
Аталған пәнді оқу қоршаған әлемнің түрлі нысандары мен құбылыстары
туралы білім қорының жинақталуына, түрлі практикалық және зерттеушілік іс- әрекеттер арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысы түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Жаратылыстану» оқу пәні веб-сайттан ақпаратты іздеу, іріктеп алу, оқу
және қойылған мәселені шешуде қолдану үшін; деректерді графикалық түрде ұсыну және оларды сипаттау барысында мәтінмен, кестелермен, слайдтармен жұмыс істеуде базалық офистік бағдарламаларды қолдану үшін
«География» – жаратылыстану, қоғамдық, әлеуметтік нысандар мен
құбылыстарды зерделейтін оқу пәні. География табиғи және антропогендік
нысандар арасындағы өзара байланысты және өзара тәуелділікті зерделейді.
География ғылымдар жүйесінде ерекше орын алады, себебі ол әлеуметтік,
экономикалық, жаратылыстану және техникалық ғылымдардың тоғысқан
шегінде дамиды. Географияның өзіне тән теориясы, әдіснамасы және зерттеу әдістері бар.
Жалпы білім беретін мектептердің 7-сыныбында «География» оқу пәнін
оқудың мақсаты: дүниенің географиялық бейнесін тұтас қабылдайтын,
географиялық ойлау қабілеті дамыған, географияның әдістері мен тілін білетін
және қолданатын, географиялық мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу.
«География» оқу пәнінің міндеттері:
1) географияның ғылыми пән ретіндегі рөлі мен оның қазіргі замандағы
адамзат мәселелерін, сондай-ақ ғаламдық мәселелерді шешудегі әлеуетін
түсінуге мүмкіндік беру;
2) оқушылардың бойында табиғат пен қоғам арасындағы өзара
байланыстарға, осы байланыстардың кеңістіктік ерекшеліктеріне ғылыми
көзқарастарды қалыптастыру;
3) қоғамдық өндірістің, табиғатты қорғау мен табиғатты тиімді
пайдаланудың ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін
ашу;
4) оқушылардың географиялық зерттеу әдістері мен зерттеу дағдыларын
игеруіне ықпал жасау;
5) оқушылардың география ғылымының түсініктері мен терминдерін
меңгеруіне ықпал жасау;
6) кеңістіктік ойлау мен картографиялық дағдыларды қалыптастыру;
7) географиялық білімді күнделікті өмірде, өз іс-тәжірибесінде пайдалану
дағдыларын қалыптастыру.
«География» оқу пәнінің мазмұны 6 бөлімді қамтиды: «Географиялық
зерттеу әдістері»; «Картография және географиялық деректер базасы»;
«Физикалық география»; «Әлеуметтік география»; «Экономикалық
география»; «Елтану және саяси география негіздері».
Пәннің бөлімдері мен тақырыптары «шиыршық» принципі негізінде
әзірленген, бұл принцип сәйкес әр сынып сайын тақырыптар бойынша білім мен дағды көлемі тереңдетіліп, қиындатып беріледі.
Бірінші және екінші бөлімдерге қатысты оқытудың ортақ мақсаттары,
зерттеушілік және картографиялық дағдыларды қалыптастыру мақсатында, әр оқу жылының басында жеке сабақтар түрінде өткізіледі. Басқа бөлімдерді оқу барысында ортақ оқу мақсаттары оқылатын бөлім мәнмәтінінде зерделенеді.
Оқудың мақсаттары тақырыптық бөлімді оқу барысында жүзеге асырылуы тиіс.
Әр сабақты оқыту барысында мақсаттарды қайталап, яғни өткен мақсатпен
толықтырып отыру қажет емес. «Биология» пәні жаратылыстану ғылымдарының құрамдас бөлігі ретінде оқушыларға қоршаған ортаның көп түрлілігі мен эволюциясы туралы білім береді, тірі ағзалардың даму заңы мен заңдылықтарын қарастырады, сонымен қатар әлемнің таңғажайып құбылыстарын оқып-тануға және зерттеуге мүмкіндік береді.
7-сыныпқа арналған «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу
бағдарламасы оқушыларға алған білімдерін нысандар мен ақпаратты бақылау, топтастыру, жүйелендіру, салыстыру, талдау, себеп-салдарлық байланыстарды орнату сияқты дағдыларын дамыту үшін қолдануға көмектеседі.
«Биология» пәні: биологияның оқу құрал-жабдықтарын пайдалану
бойынша, эксперименттік зерттеу жоспарын құру, зерттеулер жүргізу, алынған мәліметтерді жинау, өңдеу және түсінік беру сияқты бірқатар практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Биологияны оқу, оқушыларға алған білім, білік пен дағдыны күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді.
«Биология» пәнінің мақсаты – оқушыларға органикалық дүниенің
көптүрлілігі, ондағы болып жатқан құбылыстар мен үдерістердің заңдары мен заңдылықтары, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі туралы білім мен түсінік жүйелерін беру.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) жер бетіндегі барлық тірінің құндылығын түсіну үшін өмірдің
құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың негізгі патшалықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе,
биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін асыру;
2) экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа
жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;
3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру - салауатты өмір салты
негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау;
4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін
практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология,
экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы
практикалық іс-шараларға қатысу;
«Биология» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының негізі
оқытудың төрт бөлімін қамтиды: «Тірі ағзалардың алуан түрлілігі, құрылымы және функциялары»; «Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік»;
«Эволюциялық даму, ағза және қоршаған орта»; «Кіріктірілген қолданбалы ғылымдар».
Биология бойынша білім беру бағдарламасы оқытудың бастапқы сатыларының өзінде пән туралы бүтіндей түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Биология бойынша оқу бағдарламасына мынадай бөлімшелер енгізілді:
«Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары», оның шеңберінде
тұқым қуалайтын және жүре пайда болған белгілері қаралады, «Микробиология және биотехнология» – микроорганиздер, антибиотиктер және антисептиктер туралы түсініктер енгізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет