Пәнді оқытудың түйінді мәселелері Қазақ тіліндегі оқу бағдарламасының ерекшелігі



Pdf көрінісі
Дата24.02.2022
өлшемі119.64 Kb.
#455726
түріБағдарламасы
Оқу мақсаттарын зерделеу



Пәнді оқытудың түйінді мәселелері 
Қазақ тіліндегі оқу бағдарламасының ерекшелігі – оқушылардың пәндік білімі мен 
дағдыларын қалыптастыруға ғана емес, сонымен бірге кең ауқымды дағдыларға назар 
аудару. Оқу мақсаттарының бағдарламалық жүйесі кең ауқымды дағдыларды дамытудың 
негізі болып табылады, оларға мыналар жатады: 
• 
білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу; 
• 
сын тұрғысынан ойлау; 
• 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу; 
• 
коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру. 
 
Қазақ тілін оқытуда олар келесі оқыту әдістемесі аспектісінде ерекше қиындықтарға 
кездеседі:
 
сөйлеу дағдыларын дамыту әдістемесі; 
 
оқуға қызығушылықты арттырудың тиімді формалары мен әдістері; 
 
мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту әдістері. 
Барлық көрсетілген проблемалар кейіннен осы нұсқаулықта өз шешімін табады. 
Коммуникативтік тәсіл тілдерді оқытуға негізделеді, кез келген оқу процесінің негізі 
байланыс болып табылады. Тіл мен сөйлеу адамдардың өзара әрекеттесуі үшін сөйлеу 
әрекетінің әртүрлі тәсілдерін жүзеге асыру құралдары мен тәсілдері ретінде біріктіріледі. 
Оқытудағы коммуникативтік тәсіл оқушыларда сөйлеуді семантикалық жақтан қабылдау 
мен түсінуді қалыптастыруға, сондай-ақ сөйлеу тілін қалыптастыру үшін тілдік материалды 
игеруге бағытталған тәсіл ретінде анықталады. Тілдерді оқытудағы коммуникативтік тәсіл, 
ең алдымен, тілдік ортада өзін еркін сезінуге, сонымен қатар әртүрлі сөйлеу 
жағдаяттарында дұрыс әрекет етуді үйретуге арналған. Оқыту процесі кезінде осы көзқарас 
негізінде коммуникация моделі құрылады. Оқыту нақты қарым-қатынасқа мүмкіндігінше 
жақын болуы тиіс. Мұндағы субъектілер – мұғалім мен оқушылар сөйлеу серіктестері 
ретінде тең болып табылады. Сондықтан бұл тәсілдің басты ерекшелігі – оқытудың сөйлеу 
бағытын, сөйлеу-ойлау белсенділігін ынталандыруды, даралануды қамтамасыз етуді
сөйлеудің функционалдығын ескеруді, оқу ортасын қалыптастыруды, жаңашылдық 
принципін және оқу процесін ұйымдастыру тәртібін қамтамасыз ететін коммуникативтілік 
сипаты болып табылады. 
Оқу мақсаттарын зерделеу 
Тілдік пәндердің мазмұны ойын және танымдық іс-әрекеттер арқылы білім 
алушылардың бойында тілдерді үйренуге деген қызығушылығы мен оң қатынасын 
дамытуға, сондай-ақ ақпарат алмасу, тілдік материал ретінде мәтінмен жұмыс істей білу, 
фразалар мен сөз орамдарының мәнін түсіну және оларды нақты жағдайлар кезінде қолдану 
үшін бастапқы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. 
Бастауыш мектепте 
«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: 
тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді 
меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде 
қолдану.
«Қазақ тілі» пәнін оқыту міндеттері: 
1) 
тіл білімі бойынша бастапқы теориялық түсініктер беру;
2) 
сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дамыту; 
3) 
білім алушылардың сөздік қорын толықтыру және сөздің грамматикалық 
құрылысын меңгерте отырып, тілін дамыту және жетілдіру; 
4) 
тілдің қоғамдық мәнін түсінуге, қарым-қатынас жасау салалары мен түрлі 
жағдаяттарда өз ойларын сауатты және мәдениетті түрде жеткізе білуге 
дағдыландыру; 
5) 
түрлі мәтіндер негізінде білім алушыларға адамдардың өзара түсінісуі, 


сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс-
әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастыру; 
6) 
түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында сөйлеу этикетін қолдану; 
7) 
ауызша және жазбаша сөйлеу нормалары мен тіл мәдениеті негіздерін меңгерту; 
8) 
қарым-қатынас жасаудың түрлерін мақсатты түрде қолдануға, ойын 
жинақтауға, ауызша немесе жазбаша мәтіндерге сүйене отырып, өзіндік 
пайымдау жасауға үйрету. 
Үлгілік бағдарламаға (3-бөлім) сәйкес оқыту мақсаттарының жүйесі сөйлеу қызметінің 
барлық түрлерін дамытуға бағытталған. 
Тыңдалым және айтылым. Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну, мәтіннің 
мазмұнын болжау, түрлі жағдаяттарда сөйлеу мәдениетін сақтау және берілген тақырып 
бойынша әңгіме құрау. Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру мен 
тыңдарманның назарын аудару және дыбыстарды, сөздерді орфоэпиялық нормаларға 
сәйкес дұрыс айтуға назар аударылады.
Оқылым. Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау, мәтіндегі 
лексикалық бірліктердің қолданылуын түсіну, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою 
және жауап беру, мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау және түрлі 
дереккөздерден ақпарат алу мен мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау секілді түйінді 
дағдыларға назар аударылады. 
Жазылым. Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап, түрлі стильде мәтін жазу; оқыған, 
тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу; жазба 
жұмыстарын түрлі формада ұсыну; қатені табу және түзету; каллиграфиялық нормаларды 
сақтау; пунктуациялық нормаларды сақтау секілді түйінді дағдыларды қалыптастырумен 
байланысты.
Сілтеме: Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен 
үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде). Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2018 жылғы «10» мамырдағы № 199 бұйрығына 12-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет