«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер



Дата25.02.2016
өлшемі107.55 Kb.
#21721
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 96 қаулысына

12-қосымша

«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, оның ішінде «электрондық үкіметтің»


веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының атына ілеспе хатпен жіберілетін жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) және көрсетілетін қызметті берушінің оны тіркегені туралы белгісі бар (жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген кезде) акциялар шығарылымы проспектісінің бір данасы не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі – бас тарту).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз: көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы, сондай-ақ келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкердің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауы және тіркеуі, құжаттар топтамасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығына беруі – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының құжаттардың мазмұнымен танысуы және оларға бұрыштама қоюы, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау департаментіне (бұдан әрі – БҚНСҚД)


беруі – күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде;

3) БҚНСҚД басшылығының құжаттарды қарауы, уәкілетті қызметкерді айқындауы және оған құжаттарды орындауға беруі – күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде;

4) БҚНСҚД уәкілетті қызметкерінің құжаттардың стандарттың


9-тармағының талаптарына сәйкестігін қарауы, куәліктің жобасын не бас тартуды дайындауы – күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде;

5) БҚНСҚД басшылығының куәлік жобасын не бас тартуды


келісуі – күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде;

6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының куәлікке не бас тартуға қол қоюы – күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде;

7) БҚНСҚД уәкілетті қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін пошта арқылы жіберуі немесе көрсетілетін қызметті алушыға тікелей немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатты тапсырған кезде оның уәкілетті өкіліне беруі – мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы;



3) БҚНСҚД басшылығы;

4) БҚНСҚД уәкілетті қызметкері.

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаты
8. Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдері (іс-қимылдары) жүйелілігінің сипаты:

1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;

2) 1-рәсім – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда пароль енгізу (авторизациялау процесі);

3) 1-талап – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірін не бизнес сәйкестендіру нөмірі) және пароль арқылы тексеру;

4) 2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде қоса беру;

5) 3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны таңдауы;

6) 1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің порталда логин мен парольді енгізуі (авторизация);

7) 1-талап – порталда көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын логин мен пароль арқылы тексеру;

8) 2-рәсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және оны порталда өңдеу;

9) 2-талап – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексеру;

10) 3-рәсім – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру;

11) 4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы.

9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 3-қосымшасында келтірілген.


«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау




3. БҚНСҚД басшылығы

Құжаттарды қарау, уәкілетті қызметкерді айқындау және құжаттарды оған орындау үшін беру

(күнтізбелік 2 күн ішінде)


5. БҚНСҚД басшылығы

Куәліктің не бас тартудың жобасын келісу

(күнтізбелік 2 күн ішінде)





4. БҚНСҚД уәкілетті қызметкері

Құжаттардың стандарттың 9-тармағының талаптарына сәйкестігін қарау, куәліктің не бас тартудың жобасын дайындау

(күнтізбелік 20 күн ішінде);

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін пошта арқылы жіберу немесе көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ресімделген сенімхатты тапсырған кезде оның уәкілетті өкіліне беру

(мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде күнтізбелік 1 күн ішінде).






-





«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»


мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы


прямоугольник 2223



ромб 2296ромб 2301


портал

ромб 2240
2-рәсім

3-рәсім

1-рәсім

2-рәсім



прямая соединительная линия 2249прямая соединительная линия 2241прямая соединительная линия 2251прямая соединительная линия 22931-рәсім

прямая соединительная линия 2245
3-рәсім

4-рәсім
прямая соединительная линия 2215 группа 2231 группа 2232


загнутый угол 2238

сұрау салу


Көрсетілетін қызметті алушы

Шартты белгілер
прямая соединительная линия 2243 Хабарлар ағыны

Рәсім
ромб 2246

Талап
группа 2247

Бастапқы хабар


группа 2216

Аяқтайтын хабар


загнутый угол 2304 Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын электрондық құжат


Ақпараттық жүйе

«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша



Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы









































Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет