Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды облыстық білім басқармасы
Қарағанды облыстық дарынды балаларға арнайы
мамандандырылған «Дарын»мектеп-интернаты
Бекітілді
ДБМ «Дарын»
директорының ҒИЖ
жөніндегі орынбасары
Еркен И.Е.
«___»_______2009ж
«Абай жолы» эпопеясын оқып-талдауға
арналған таңдау
курсының бағдарламасы
Орындаған: «Дарын»мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жашкеева Н.Е.
Хаттама
№ «___»______ 2009ж
Қ а р а ғ а н д ы 2009
Жашкеева Назиха Елубайқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Абай жолы» эпопеясын оқып-талдауға арналған таңдау курсының бағдарламасы. 34 сағатқа арналған. Қарағанды облыстық дарынды балаларға арнайы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты жанында дайындалды.
Түсінік хат
Білім беру жүйесінің талаптары бойынша, қазақ әдебиетін оқыта отырып оқушылардың рухани дүниесін байытып, оларға азаматтық, адамгершілік, елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру және олардың ой-өрісін кеңейтіп, ауызша сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін қалыптастыру көзделеді. Көркем шығарманы оқып-талдау арқылы оқушылар халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруланады.
Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда көркем шығармаға қызығушылық азайып, оқушылардың оқу белсенділігі төмендеп келеді. Ең алдымен мұғалімдер оқушылардың оқуға қызығушылығын арттырып, әртүрлі оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдаланып, адамның рухани құндылығын арттыратын көркем шығармаларды өз бетімен оқуға ізденуге тәрбиелеуі тиіс. Осындай өзекті мәселелердің шешу жолының бірі ретінде осы бағдарлама ұсынылды.
Бағдарлама мектептердің 9-сыныбына арналған. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Білім» бағдарламасының, Мемлекеттік білім стандартының талаптарын ескере отырып жасалды.
Бағдарлама 34 сағатқа жасалған. Оқушылардың өзіндік-зерттеу жұмысын жетілдіру үшін, пәндік теориялық бөлімге 7 сағат, тәжірибелік (практикалық) жұмыстарға 27 сағат бөлінді. Апталық жүктеме 1 сағат.
Көркем шығарманы оқыта отырып, заманға сай белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру көзделеді.
Таңдау курсының мақсаты: жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы «Абай жолы» эпопеясындағы ұлттық тәрбие мәселелерін талдау .
Осы мақсат негізінде келесі міндеттер анықталды:
-
оқушыны·шығарма мәтініндегі керек мәліметтерді теріп жазып, талдауға үйрету;
-
сөздіктерді пайдалану арқылы көркем шығарманың тілін меңгеру, сөз мағынасымен жұмыс істеуге дағдыландыру;
-
халық дәстүрін, салт-санасын, мәдениетін, ән өнерін, ақындық өнерін, т.б. таныта отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
-
ұлттық тәрбие ерекшеліктеріне мән бере отырып, ұлы ақын өскен ортасынан тәрбие алу;
- ұлы Абай мен ол өмір сүрген заман шындығын түсініп, баға беруге, сыни тұрғыдан пікір айтуға үйрету;
- көркем шығарма тілін үлгі ете отырып, тіл байлығын арттыру;
- кейіпкерлерге жаңаша көзқарас қалыптастыру;
- эпопеяны жүйелі талдау арқылы энциклопедиялық құндылықтарын таныту.
- оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
- Абай өлеңдерімен байланыстыра отырып, ұлы ақын әлеміне енуге жағдай жасау;
- зерттей оқу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;
- жазушы шеберлігіне көз жеткізу.
Таңдау курсы бойынша білім алған оқушы:
-
«Абай жолы» эпопеясын оқу барысында алған мәліметтерді қорытып, толықтырып, жіктеп, жинақтап, жүйелеп, электрондық оқулық жасау үшін материал жинауы;
-
әдеби-теориялық білімін жазба жұмыстарда сауатты қолдана алуы тиіс.
«Абай жолы» эпопеясын оқып-талдауға
арналған таңдау курсының
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Реті
|
Сабақ тақырыбы
|
Сағат саны
|
Дәріс
|
Тәжірибе
|
1
|
Кіріспе.
|
1
|
1
|
|
2
|
«Абай жолы» эпопеясының 1, 2-кітабы бойынша мазмұндық жоспар жасау
|
2
|
|
2
|
3
|
«Абай жолы» эпопеясының 3, 4-кітабы бойынша мазмұндық жоспар жасау
|
2
|
|
2
|
4
|
Эпопеяға композициялық жоспар жасау
|
1
|
|
1
|
5
|
Образдау. Ақын және ақындық. Бала Абай. Ақын Абай.
|
2
|
1
|
1
|
6
|
«Абай жолы» эпопеясындағы Құнанбай бейнесі
|
1
|
|
1
|
7
|
Эпопеядағы аналар бейнесі
|
1
|
|
1
|
8
|
«Абай жолы» эпопеясындағы тарихи тұлғалар бейнесі
|
1
|
1
|
|
9
|
Эпопеядағы ән образының берілуі
|
2
|
|
2
|
10
|
Ұлттық тәрбие ерекшелігінің көрінісі
|
1
|
1
|
|
11
|
Ауыл суреті
|
1
|
|
1
|
12
|
Абай мен Тоғжан
|
1
|
|
1
|
13
|
Ру ақсақалдарының тұлғасы
|
2
|
|
2
|
14
|
Тектілік әкеден балаға мұра. Абай шежіресі. Туыстық атаулар
|
1
|
|
1
|
15
|
Портрет
|
1
|
|
1
|
16
|
Пейзаждық суреттеу
|
1
|
|
1
|
17
|
Эпопеядағы салт-дәстүр, ырымдар көрінісі.
|
1
|
|
1
|
18
|
Ел мінезінің көрінуі
|
1
|
|
1
|
19
|
Тұрақты тіркестер. Мақал-мәтелдер
|
1
|
|
1
|
20
|
Тілдік ерекшеліктер
|
1
|
|
1
|
21
|
Диалог. Монолог
|
1
|
|
1
|
22
|
Эпопеядағы ұлттық бұйымдарға сөздік
|
1
|
|
1
|
23
|
Эпопеядағы жер, мезгіл атауларына сөздік
|
1
|
|
1
|
24
|
Шығармадағы ойын түрлері, жануар атауларына сөздік
|
1
|
|
1
|
25
|
Абай трагедиясы
|
1
|
|
1
|
26
|
Эпопеядағы жыр үлгілерінің қолданысы
|
1
|
1
|
|
27
|
Абай шығармашылығы мен эпопея арасындағы байланыс
|
1
|
1
|
|
28
|
Қорытындылау
|
2
|
1
|
1
|
Барлығы
|
34
|
7
|
27
|
«Абай жолы» эпопеясын оқып-талдауға
арналған таңдау курсы бойынша қарастырылатын мәселелердің қысқаша мазмұны
реті
|
Қарастырылатын мәселелер.
|
сағаты
|
1
|
Кіріспе. «М.Әуезов – заңғар жазушы» атты слайд-шоу бойынша жазушы өмірі, оқуы, жастық шағы, қызметі жөнінде толық мәлімет. Әр жылғы суреттер тарихы. Ш.Айтматов, Л.Арагон т.б. әйгілі адамдардың Әуезов жайындағы естеліктері.
Эпопеяның жазылу тарихы. «Абай жолы» кітабының әр жылғы баспадан шыққан үлгілері. Шығарма мазмұнын ашатын суреттер. А.Курелла, Қ.Сәтбаев, Б.Матип, К.Федин, т.б. эпопея жайлы пікірлері. Эпопеяның жазылуы туралы Абайдың немересі Мәкен апаның сөзінен үзінді
|
1
|
2
|
«Абай жолы» эпопеясының 1, 2-кітабы бойынша мазмұндық жоспар жасау. Эпопеяның 1, 2-кітаптары бойынша 2 мазмұндық жоспар жазу. Шығарма мәтінімен жұмыс істеу. Жеке, топтық жұмыстар нәтижесінде мазмұндай отырып, негізгі мәселелерді тауып, ортақ жоспар құру.
|
2
|
3
|
«Абай жолы» эпопеясының 3, 4-кітабы бойынша мазмұндық жоспар жасау. Эпопеяның 3, 4-кітаптары бойынша 2 мазмұндық жоспар жазу. Шығарма мәтінімен жұмыс істеп, жеке, топтық жұмыстар нәтижесін мазмұндай отырып, Абай іс-әрекеті бойынша ортақ жоспар құру.
|
2
|
4
|
Эпопеяға композициялық жоспар жасау. Эпопеяның жалпы сюжетін Абай тұлғасы маңайына жинақтап, жалпы композициялық жоспар құру. 4 мазмұндық жоспарды негізге ала отырып, құрылымдық ерекшелігін таныту.
|
1
|
5
|
Образдау. Ақын және ақындық. Бала Абай. Ақын Абай. Сұрақ-жауап арқылы ақын және ақындық қасиет жайлы ұғым қалыптастыру.Ақын жүрегінің сезімталдығы, нәзіктігі. Ақын Абайдың образы, шәкірттері. Ақындық туралы ойлары, мақсаттары. Болашақ ақынның жас кезіндегі жан күйзелісі. Ауырып, халық жырын тыңдап жазылуы. Сценарий жазып, «Бала Абай» атты инсценировка дайындау
|
2
|
6
|
«Абай жолы» эпопеясындағы Құнанбай бейнесі. Мәтінмен жұмыс істей отырып, эпопеядан Құнанбайға қатысты тұстарды тауып жазу, ру ақсақалдарымен, балаларымен, әйелдерімен, анасымен қарым-қатынасына байланысты сызба жасап, Құнанбайға мінездеме беру. Құнанбайдың типтік бейне екенін ескеріп, жаңаша көзқарас таныту. Қаратайдың сөзі, Алшынбаймен қарым-қатынасы, Қарқаралыдағы мешіт ашылуы, Қарқаралыдағы Құнанбайдың үй, қажылық туралы ойларын мәтін арқылы дәлелдеу. Өмірдегі және эпопеядағы Абаймен қарым-қатынасына пікір.
|
|
7
|
Эпопеядағы аналар бейнесі. Зере, Ұлжан, Айғыз, Ділдә, Әйгерім т.б. жайында мәтінмен тауып оқып, мінездеме беру. Көп әйел алу, күндестік мәселесіне эпопеядан мысал. М.Әуезовтің «Адамдық негізі - әйел» мақаласынан үзінді оқып, эпопеямен байланыстырып, әйел тәрбиесі жөнінде пікірлесу.
|
1
|
8
|
«Абай жолы» эпопеясындағы тарихи тұлғалар бейнесі. Эпопеядағы кейбір кейіпкерлер бейнесін ашу. Д.Бабатайұлы, Шәкәрім, Шөже, Біржан, Жамбыл, т.б. Абаймен қарым-қатынасына байланысты тұстарды мәтіннен тауып,осы кісілердің Абай өміріндегі орнын мәтін арқылы көрсету
|
1
|
9
|
Эпопеядағы ән образының берілуі. Әндер тарихын «Абай жолы» арқылы айту. Мәтін бойынша әндердің тізімін жасап, эпопеядағы орнын көрсету. Мысалы: «Топайкөк» әнін Абай мен Ербол Қарқаралыдан үйреніп келуі, Тоғжанның келісті орындауы, осы әннің Абайды Әйгеріммен жолықтыруы. Концерт сабақ ұйымдастыру.
|
2
|
10
|
Ұлттық тәрбие ерекшелігінің көрінісі. Ұлы ақынның өсу жолындағаы ұлттық тәрбиенің рөлін сызба арқылы дәлелдеу. Халық ауыз әдебиетінен сусындау. Әке тәрбиесі. Ана тәрбиесі. Әже тәрбиесі. Мәтіннен тауып, дәлелдеу.
|
1
|
11
|
Ауыл суреті. Жылқышы, қойшылар өмірінің қиындығы. Күз бен қыс мезгілдерінің қазақ тұрмысына ауырлығы. Аңшылықтың сән-салтанаты. Көш қызығы. Осы суреттерді мәтіннен тауып оқу.
|
1
|
12
|
Абай мен Тоғжан. Алғаш Сүйіндік ауылындағы кездесу. Алтыбақан. Боранда адасып, Абай мен Тоғжанның кездесу сәті. Мәтінмен жұмыс істеп, инсценировка дайындау.
|
1
|
13
|
Ру ақсақалдарының тұлғасы. Бөжей, Байсал, Сүйіндік, Байдалы т.б. мінездеме беріп, шешендікпен сөйлеуге үйрену.
|
2
|
14
|
Тектілік әкеден балаға мұра. Абай шежіресі. Туыстық атаулар. Эпопеяны оқу барысында сызбалар арқылы, Абай шежіресін жасау.
|
1
|
15
|
Портрет. Құнанбай, Абай, Тоғжан т.б. портретін эпопеядан жазып, суреттер бойынша жұмыс істеу.
|
1
|
16
|
Пейзаждық суреттеу. «Абай елі» кітабын пайдалана отырып, мәтіндегі пейзажды суреттермен жұмыс.
|
1
|
17
|
Эпопеядағы салт-дәстүр, ырымдар көрінісі. Сыбаға тарту. Ас беру. Атастыру. Ұрын бару. Жоқтау т.б. салт-дәстүр көріністерін мәтіннен тауып, талдау.
|
1
|
18
|
Ел мінезінің көрінуі. Жер дауы, жесір дауы, көре алмаушылық, барымта, бірлік жоқтық, бөспе мақтаншақтық т.б. сөздері арқылы берілген қазақ мінезінің кемшіліктерін талдау. Сыни тұрғыдан қарау.
|
1
|
19
|
Тұрақты тіркестер. Мақал-мәтелдер. Осы тақырыптар бойынша топтық жұмыс жасау.
|
1
|
20
|
Тілдік ерекшеліктер. синоним, одағай, еліктеу сөз, қаратпа сөз, табу, эвфемизм, дисфемизм, диалект, кәсіби сөз,архаизм бойынша мәтінмен жұмыс.
|
1
|
21
|
Диалог. Монолог. Мәтіннен тауып, мәнерлеп оқу.
|
1
|
22
|
Эпопеядағы ұлттық бұйымдарға сөздік. Ұлттық киімдер: ішік, бас киім, етік, шапан т.б. түрлері. Ұлттық тағамдар, ұлттық ыдыстар түрлеріне сөздік.
|
1
|
23
|
Эпопеядағы жер, мезгіл атауларына сөздік. Сөздік жасап, жер аттары мен мезгіл атауларының шығу тарихын мәтіннен табу. Сам жамырау, отамалы, айдың тоғамы, өліара, қыркүйек сөздерінің мәнін ашу.
|
1
|
24
|
Шығармадағы ойын түрлері, жануар атауларына сөздік. Мәтіннен үзінділер жазып отыру. Мағынасын ашу.
|
1
|
25
|
Абай трагедиясы. Ұлы ақынның заман трагедиясын қабылдауын ұғыну. Жанына жақын адамдар – Базаралы, Ербол, Ақылбай, Мағауия т.б. өлімінің жаны нәзік, ақын жүрекке әсері. Өмірінің соңы. Мәтін арқылы ақын арманын айту. Мәнерлеп оқу.
|
1
|
26
|
Эпопеядағы жыр үлгілерінің қолданысы. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Еңлік Кебек» жырларының эпопеяда көрініс табуы. «Аттың жалы», «түйенің қомы», «садақтың ұшы» сөздерінің мәнін ашу.
|
1
|
27
|
Абай шығармашылығы мен эпопея арасындағы байланыс. «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай», «Жаз», «Интернатта оқып жүр», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» т.б. Абай өлеңдерінің «Абай жолы» эпопеясындағы көрінісін талдау.
|
1
|
28
|
Қорытындылау. «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы...» атты слайд-шоу арқылы сабақты қорытындылау. Оқушылардың алған әсерлері бойынша әңгіме.
|
2
|
Барлығы
|
34
|
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
-
Әуезов М. Абай жолы. – Алматы: Жеті жарғы, 1997ж.
-
Абай Құнанбаев. Шығармалары. – Алматы: Жалын, 1995ж.
-
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008 ж.
-
Қасымбаев Ж. Қазақстан тарихы. 9-сыныпқа арналған оқулық. – Алматы, 2004 ж.
-
Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. – Алматы: Рауан, 1992 жыл.
-
«Қазақ әдебиеті» газеті, «Абай» журналы.
Достарыңызбен бөлісу: |