Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамытудың әдістері, оларға сипаттама



бет1/3
Дата06.07.2023
өлшемі21.17 Kb.
#475561
түріҚұрамы
  1   2   3
сөздік қор


Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамытудың әдістері, оларға сипаттама
Тілдің негізгі өлшемі - сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз - тілдің құрамының ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халықа ортақ сөздер жиынтығы.
Тілдің негізгі сөздік қоры - тілдің сөздік құрамының ең тұрақты бөлігі.Сөздік қор тілдегі сөздерді ғасырлар бойы сақтап отырып, тілдегі жаңа, туынды сөздер мен жаңа мағынаның жасалуына ұйытқы болады.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Тіл арқылы бала өзінің қоғамының бір бөлшегі, қоғамға қатысты екендігін сезінеді. Бұл баланың психикалық дамуына оның жеке тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізеді.Тіл – қоғамдық құбылыс болғандықтан, сөздік қорда тек қоғам бар жерде ғана жинақталады. Қоғам жоқ жерде сөздік қор дамымайды, жетілмейді.Ғалымдар (Л.С.Выготский, А.В. Ярмоленко сәбидің күлкісін, былдарлауын, ым- шараларын ( қолымен бір затты нұсқағанын ) « қатысым амалдарына жатқызып, мұның барлығы баланың қаршаған ортаға өзінің сезімін көңіл- күйін білдіреді дейді. Бала былдырлап сөйлегенде қршаған ортаиысындағы естіген дыбыстарын қайталайды.Сәбилер 3-9 айлық арасында тілдің бүкіл дыбыстық жүйесін дбыстай алады.Осы кезеңнен бастап сәбилердің сөздік қоры зор қарқынмен дамиды.Бала психикасының дамуына оның тілді меңгеруі, оны сөйлеу процесінде қолдануды ерекше роль атқарады. Сөйлеу әрекетінде бала өзінің жинақтаған « қамбасы» сөздік қорды пайдаланады. Сондықтан оның түсінікті сөйлеудағдыларының жетелуі, лексикалық қорының сандық және сапалық жағынан дамуы т.б. Мәселелер психолог, дефектолог- педагог, тілші ғалымдарды ғасырлар бойы мазалап келеді.


Оқушылардың сөздік қорын молайту жұмысының әдістемелік алғы шарты: лингвитикалық
Тіл – адамдардың бір – бірімен қарым – қатынас жасауының құралы болса, адамдар тіл арқылы қарым – қатынас жасау үшін алдымен сөзді, сонан соң сөздерді қалай қолдануды білуі шарт. Міне, сондықтан да тілді үйретуде оқушының сөздік қорын байыту мен сөздердің қалай қолданатынын үйрететін грамматиканы оқыту қатар жүріп отырады.Ана тілін оқыту әдістемесінде де оқушының сөздік қорын байытуға ерекше мән берілетіні де бұл мәселердің сөйлеуде атқаратын зор қызметіне байланысты. Ал екінші тілді оқытуда сөзді білу, сөздік қорының мол болуы оқушының тілді меңгеру дәрежесінің негізгі көрсеткішінің бірі.Оқушының сөздік қоры неғұрлым бай болса, соғұрлым оқушының ойын толық, дәл, анық жеткізуге мүмкіндігі мол болады. Бұлардың әрқайсысы өте үлкен мәселелер, олар қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі объектісі.Сөйлеу үшін, ойын басқаға жеткізу үшін адамдаро ойын жеткізуге қатысты сөздерді білу керек. Сөздерді білмейінше адам ойын басқаға жеткізе алмайды. Сөсіз тіл арқылы қарым – қатынас жасау мүмкін емес. Тәжірбиеде екінші тідлі үйрене бастаған адамның ойын жеткізуге қажетті сөзді білмей дағдарып, әдепті тұрғаны жиі кездеседі. Сөздік қоры мол адамдар ондай қиындыққа кездеспейді. Сондықтанда халықта тіл байлығы мол, шебер сөйлей білу адамның мәдениетінің көрсеткішінің бірі болып саналады. Ол туралы әдістемеші ғалым А.В. Текучевтің пікірін келтірейік: « Әрбір жеке адамның сөйлеу тілі – оның жалпы мәдениетінің деңгейлік көрсеткіші ». Оқушының сөздік қорын байыту,біртіндеп оны дамыту тілдің байлығын ұғынуға жетектеуді қажет етеді.Оқушыны алғашқы кезден бастап ойын жеткізуге мағыналас сөздердің ішінен ойын дәл білдіретін сөзді таңдай білуге үйрету қажет.Ол үшін оқушыға синоним сөздерді де үйрету керек. Сондықтан бастауыш сыныптарында синоним сөздерге тиісті орын беріп,оқушының сөздік қорында ондай сөздерде болуға тиісті.Оқушының сөздік қорына кіретін сөз мазмұны, мағынасы жағынан ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейтін, жас сәбидің жанына жақсылықтың нұрын себетін сөздер болғаны дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет