Жасырын ақпарат алуға арналған арнайы техникалық құралдарды кедендік одақтың кедендік аумағына енгізу және кедендік одақтың кедендік аумағынан шығару тәртібі туралы ереже



Дата09.06.2016
өлшемі33.5 Kb.
#125176
Қосымша
1. Жасырын ақпарат алуға арналған арнайы техникалық құралдарды

кедендік одақтың кедендік аумағына енгізу және кедендік одақтың кедендік аумағынан шығару тәртібі туралы

ЕРЕЖЕ
Жасырын ақпарат алуға арналған арнайы техникалық құралдарды кедендік одақтың кедендік аумағына енгізу (әрі қарай – енгізу) және кедендік одақтың кедендік аумағынан шығару (әрі қарай – шығару) тәртібі туралы ереже (әрі қарай – Ереже) 2009 жылғы 9 маусымдағы Тауарларды ішкі сауда саласында саудалау саласындағы лицензиялау тәртібі туралы келісімге және 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлармен ішкі сауданы қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімге сәйкес әзірленді.

Ереже үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде кедендік одаққа мүше мемлекеттер енгізуге немесе шығаруға тыйым немесе шектеу қоятын Тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.17 тарауында көрсетілген жасырын ақпарат алуға арналған арнайы техникалық құралдарға қатысты әрекет етеді.

2. Ереже арнайы техникалық құралдарды енгізуді және шығаруды жүзег асыратын кедендік одаққа мүше мемлекеттердің жеке және заңды тұлғаларына таралады (әрі қарай – өтініш берушілер).

3. Жеке тұлғалар кедендік одаққа мүше мемлекеттердің аумағына арнайы техникалық құралдарды енгізе немесе шығара алмайды.

4. Арнайы техникалық құралдарды енгізу және шығару аумағында өтініш беруші тіркелген кедендік одаққа мүше мемлекеттің келісуші органы берген (әрі қарай – келісуші орган) бір реттік лицензия негізінде (әрі қарай – лицензия) жүзеге асады.

5. Лицензия ресімдеу үшін өтініш беруші уәкілетті органға Келісімнің 3-бөлігі 3-бабында көзделген құжаттарды, сондай-ақ арнайы техникалық құралдарды енгізу немесе шығару мүмкіндігі туралы кедендік одаққа мүше мемлекеттің мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы атқарушы органы (әрі қарай – келісуші орган) берген қорытындыны ұсыну керек.

СЭҚ БТН-ге сәйкес 10 таңбалы классификациялық кодтың біреуіне сәйкес келетін арнайы техникалық құралдардың бірнеше түрін енгізген немесе шығарған жағдайда лицензия беру туралы өтінішке қосымша бірге ұсынылады.

6. Өтініш беруші арнайы техникалық құралдарды енгізу немесе шығару мүмкіндігі туралы қорытынды алу үшін келісуші органға келесі құжаттарды ұсынады:

қорытынды беру туралы өтініш;

ішкі сауда шартының (келісім-шартының), қосымшасының және (немесе) оған қосымшаның көшірмесі, ішкі сауда шарты (келісім-шарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын басқа құжаттың көшірмесі;

арнайы техникалық құралдар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;

кедендік одаққа мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасында көзделген тәртіпте жүргізілген арнайы техникалық құралдар үлгілерін сараптау қорытындысының көшірмесі;

арнайы техникалық құралдарға техникалық құжаттама;

арнайы техникалық құралдардың үлгілері (келісуші органның талабы бойынша).

Келісуші органға ұсынылатын құжаттарды қарастыру мерзімін кедендік одаққа мүше мемлекеттің келісуші органы белгілейді.

7. Мынадай жағдайда лицензия алу талап етілмейді:

арнайы техникалық құралдарды уақытша енгізуде және уақытша шығаруда: зерттеу, сынау және сараптау жүргізерде; көрмелерге қоярда;

шарт бойынша (келісім-шарт, келісім) міндеттемелерге сәйкес жөндеуді жүзеге асыру үшін арнайы техникалық құралдарды енгізу және шығару кезінде;

кедендік одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы арнайы техникалық құралдарды транзиттік тасымалдау кезінде.

Өтініш беруші осы жағдайларда арнайы техникалық құралдарды енгізу және шығаруды кедендік органдарға келісуші органның қорытындысын (рұқсат беру құжатын) ұсынған жағдайда жүзеге асырады.



  1. Өтініш беруші қорытындыны (рұқсат беру құжатын) алу үшін келісуші органға келесі құжаттарды ұсынады:

қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру туралы өтініш;

ішкі сауда шартының (келісім-шартының), қосымшасының және (немесе) оған қосымшаның, және (немесе) тараптардың ниетін растайтын басқа құжаттың көшірмесі;

арнайы техникалық құралдар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі (уақытша шығару кезінде);

арнайы техникалық құралдарға техникалық құжаттама;

арнайы техникалық құралдардың үлгілері (келісуші органның талабы бойынша).

Келісуші органға ұсынылатын құжаттарды қарастыру мерзімін кедендік одаққа мүше мемлекеттің келісуші органы белгілейді.



  1. Лицензия беруге (келісуші органның қорытындысы), Келісімнің 3-бабы 6-бөлігінде көрсетілген негіздемеден басқа, келесі жағдайларда бас тартылуы мүмкін:

Осы Ереженің 5,6 және 8-бөліктерінде көзделген құжаттарды толық көлемде бермеген жағдайда;

үшінші елдерде олардың кедендік аумақтарына арнайы техникалық құралдарды енгізуге шектеу болған жағдайда;



кедендік одаққа мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне залал келтіру мүмкін болған жағдайда, ол арнайы техникалық құралдарды және/немесе олардың құжаттарын зерттеу (сынау, сараптау) нәтижелері бойынша анықталады.

  1. Егер арнайы техникалық құралдар құрамында шифрлеу (криптографиялық) құралдар болған жағдайда, лицензия берілетін тауардың санаты туралы шешімді кедендік одаққа мүше мемлекеттің келісуші органы қабылдайды.

  2. Уәкілетті орган лицензия беру мәселелері бойынша түсініктеме (қорытынды) беруге құқылы. Берілген түсініктеме (қорытынды) туралы ақпарат Кедендік одақ комиссиясына жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет