Кодексіне, Қазақсатн Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»



Дата29.02.2016
өлшемі156.38 Kb.
#30223
түріКодекс
Көксу ауданының 2014-2016 жылдарға негізгі

бюджет параметрлері бойынша ақпарат
2014 - 2016 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақсатн Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне сәйкес Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларында көрсетілген міндеттердің және ауданның даму бағдарламалары мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері негізінде қалыптастырылды.

Сонымен, бюджетті қалыптастыру барысында келесі мәселелерге назар аударылды:

- «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына;

- «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға;



- жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне бағалауды жүргізу ережесіне.

Кесте № 1
2014 жылға бекітілген бюджет

Аудан бюджетінің 2014-2016 жылдарға негізгі параметрлері
млн.тенге

Атауы

Барлығы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Түсімдердің - Барлығы:

10722,6

4186,5

3208,4

3327,7

Шығыстың - Барлығы:

10722,6

4186,5

3208,4

3327,7

оның ішінде:

 

 







Білім беру

6083,2

2108,7

1975,9

1998,6

Әлеуметтік көмек

541,4

168,8

180,9

191,7

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

2067,5

1226,4

385,5

455,6

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

277,0

95,3

89,9

91,8

Ауыл шаруашылығы

598,5

196,6

199,3

202,6

Көлік және коммуникация

21,5

6,9

7,2

7,4

Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі талқыланып, Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен және басқа да салалық басқармалармен келісіліп жасалды.



Кесте № 2

Түсімдер
млн. тенге

Атауы

Барлығы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Барлығы

10722,6

4186,5

3208,4

3327,7

Субвенция

6187,4

2126,3

2021,0

2040,1

Несие және трансферттер

4119,5

1930,3

1049,0

1140,2

Кірістер

415,7

129,9

138,4

147,4

Үш жылдық кезеңге меншікті кірістер жобасы салық заңнамаларына енгізілген өзгерістер, салықтарды төлеу ережесі, бір жолғы түсімдер, түсімдер динамикасы ескеріле отырып жасалды.

Нәтижесінде аудандық меншікті кірістер жобасы бойынша 2014 жылға- 129,9,0 млн. теңге, 2015 жылға - 138,4 млн. теңге, 2016 жылға - 147,4 млн. теңге қарастырылды.

2014 жылға қарастырылған кіріс түсімдерінің жалпы көлімінде салықтық түсімдер – 87,0%, немесе 113,0 млн. теңгені, салықтық емес түсімдер – 10,3%, немесе 13,4 млн. теңгені, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2,7% немесе 3,5 млн. теңгені құрайды.

Кесте № 3


Салықтық түсімдердің негізгі көздері
















Мүлікке салынатын салықтар - 26,9%













Жер салығы - 4,8%













Көлік құралдарына салынатын салықтар - 40,0%










Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар - 5,0%




Басқалары - 23,3%














Салықтық түсімдердің негізгі көздері болып мүлікке салынатын салықтар (26,9%), жер салығы (4,8%), көлік құралдарына салынатын салықтар (40,0%), кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар (5,0%), болып табылады, басқалары (23,3%).
Бюджет шығыстары

Аудан бюджетінің шығыстарына 2014-2016 жылдары 10722,6 млн. теңге

бағытталады деп жоспарланды.

2014 жылға арналған бюджет 4186,5 млн. теңге көлемінде қарастырылып, бұл 2013 жылдың бекітілген бюджетімен салыстырғанда 490,3 млн. теңгеге кеміді, немесе 10,5%.

2014 – 2016 жылдары бюджет шығыстары саясатының негізгі басымдылығы мыналар:

1) Әлеуметтік саланы жаңғырту. ҚР білім беру саласын дамыту бағдарламасы, «Балапан», бағдарламасы және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберіндегі шаралар қаржыландырылатын болады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамыту жалғастырылады – балабақшаларды, мектептерді салу.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде бюджеттік шығыстар әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейтуге, кадрларды даярлауға, жалақыны ішінара субсидиялауға бағытталатын болады.

2) Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Осы бағыт шеңберінде «2011 – 2020 жылдарға арналған аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру басым болып табылады.

Шығыстар коммуналдық тұрғын үй салуға, сумен жабдықтау жүйесін және коммуналдық шаруашылықты дамытуға жұмсалмақ.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде шығыстар елді мекендерді аббаттандыруға жұмсалмақ.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру бойынша елді мекендердің мал қорымдарын жайластыру, мектептердің спорт алаңдарын жөндеу, каналдарды тазалау жұмыстарына бағытталады.

3) Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру және мамандарға әлеуметтік әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін бөлінген кредиттерді мақсатты жұмсау.

4) Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру сапасын арттыру.



Кесте № 4

Аудан бюджеті шығыстарының саласы бойынша


2014 жылға барлығы - 4186,5 млн.тенге




2015 жылға барлығы - 3208,4 млн.тенге










Білім беру 50,4




Білім беру 61,6

Әлеуметтік көмек 4,0




Әлеуметтік көмек 5,6

Тұрғын үй коммуналдық шар. 29,3




Тұрғын үй коммуналдық шар. 9,9

Мәдениет, спорт 2,3




Мәдениет, спорт 2,8

Ауыл шаруашылығы 4,7




Ауылшаруашылығы 6,2

Көлік және коммуникация 0,2




Көлік және коммуникация 0,2

Басқалары 9,1




Басқалары 13,7










2016 жылға барлығы - 3327,7 млн.тенге

























Білім беру 60,0
















Әлеуметтік көмек 5,8
















Тұрғын үй коммуналдық шар. 11,6
















Мәдениет, спорт 2,8
















Ауыл шаруашылығы 6,1
















Көлік және коммуникация 0,2
















Басқалары 13,5

















Әлеуметтік сала
Әлеуметтік сала шығыстары өз блогына 3 функционаодық топты қамтиды, атап айтқанда: білім; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк.

Әлеуметтік сала бойынша бюджетті қалыптастыру барысында ҚР білім беру саласын дамыту бағдарламасы, «Балапан», бағдарламасы және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламалары назарға алынды.

2014-2016 жылдарға аудан бюджетінде әлеуметтік салаға барлығы – 6901,6 млн. теңге қаралып, жалпы бюджет көлемінің 64,4% құрады.

Әлеуметтік сала бойынша 2014 – 2016 жылдарда бөлінген

ағымдағы бюджет қаржысы

Кесте № 5


Функционалдық топтардың атауы

Барлығы

2014 жыл жоспар

2015 жыл жоба

2016 жыл жоба

Әлеуметтік саласына Барлығы

6901,6

2372,8

2246,7

2282,1

Білім беру

6083,2

2108,7

1975,9

1998,6

Әлеуметтік көмек

541,4

168,8

180,9

191,7

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

277,0

95,3

89,9

91,8

2014 жылы республикалық бюджеттен ауданға 37 жас мамандарға көтерме жәрдемақы төлеуге (129,6 мың теңгеден) және 26 маманға тұрғын үй сатып алу үшін несие беруге (2,8 млн. теңгеден), барлығы осы мақсатқа 85,7 млн. теңге қарастырылды.



Білім
Білім беру саласында 2020 жылға дейін білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыру жалғастырылуда, өз шеңберінде келесілер қарастырылады:

- мектепалды мекемелер желілерін қайтару және жұмыс жасамайтын, босатылған бала бақшаларға күрделі жөндеу жүргізу, шағын орталықтар ашу және жеке меншік бала бақшаларға мемлекеттік тапсырыспен орналастыру арқылы ұлғайту;

- апатты жағдайдағы мектептерді жаңа салынған мектептермен ауыстыру, үш ауысымдағы және бейімдендірілген мектептердің проблемасын шешу;

- кең жолақты интернетке қосылу жүйесін, компьютерлік техникаларын сатып алу, интерактивтік құрылғыларды, жаңа модификация кабинеттерін және ақысыз оқулықтарды дамыту;

- балалардың жазғы демалыс, сауықтандыру және оңалтуын ұйымдастыру;

- білім беру мекемелерінің материалдық – техникалық базасын нығайту;

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін аудан бюджетінде 2014-2016 жылдарға біла беру бойынша – 6083,2 млн. теңге қаралды, оның ішінде 2014 жылға арналған бюджет – 2108,7 млн. теңге, 2013 жылдың бекітілген бюджетіне қарағанда өсім – 0,3%, немесе 5,6 млн. теңгені құрады.

2014 жылға:



  • Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру үшін – 242,5 млн. тенңге (РБ мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге – 217,3 млн. теңге және 13 шағын орталықтарды ұстауға – 25,2 млн. теңге);

  • Мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының көлемін ұлғайтуға – 20,4 млн. теңге;

  • Оқушылар саны 500-ден артатын білім беру мекемелерін кезеңмен видео бақылаумен қамтамасыз етуге – 6,8 млн. теңге;

  • Жетім баланы және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы күтіп ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат – 7,6 млн. теңге;

  • Білім беру саласын дамыту бағдарламасын іске асыру үшін 2011-2020 жылдарға – 20,3 млн.теңге (білім беру мекемелерінің МТБ нығайтуға – 8,1 млн. теңге, физика, химия, биология кабинетттерін оқу жабдықтарымен жарақтандаруға – 8,2 млн.теңге, физика кабинеттерін оқу жабдықтармен жарақтандыруға – 12,3 млн. теңге,) қаралды.

  • Жергілікті бюджет есебінен – 200,0 млн. теңге 1 мектептің құрылысына жоспарланды.


Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету
Азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруды жетілдіруде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы, Аумақтарды дамыту бағдарламасында, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасында төмендегілер қарастырылды:

- еңбек нарығының қажеттіліктері мен жастар тәжірибесіне сәйкес, кәсіби білімді даярлау, қайта даярлау жүйесін дамытуға;

- халықтың нысаналы топтарынан жұмыспен қамтуды арттыруға;

- мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге;

- азаматтарды әлеуметтік қамсыздандаруды жетілдіруге.

Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін 2014-2016 жылдарға - 493,5 млн.теңге көзделді, оның ішінде 2014 жылы – 153,3 млн. теңге, 2013 жылдың бекітілген бюджетіне қарағанда 5,1% -ға өсті.




Кесте № 6

Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету

млн. теңге

Атауы

Барлығы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Әлеуметтік төлемдер барлығы, оның ішінде:

493,5

153,3

164,9

175,3

Еңбекпен қамту бағдарламасы

108,4

33,3

35,2

39,9

Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету

55,6

17,3

18,5

19,8

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

10,3

2,8

3,8

3,7

Тұрғын үй көмегін көрсету

35,2

9,1

12,8

13,3

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

34,0

10,9

11,3

11,8

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету

16,2

5

5,4

5,8

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету

61,5

20,5

20,5

20,5

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар

112,2

35,2

37,4

39,6

Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету

15,7

4,9

5,2

5,6

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету

44,4

14,3

14,8

15,3

2014 жылдың бюджетінде тек азаматтарды әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге жоспарланғаны:



  • «Жастар практикасы» бағдарламасы шеңберінде, жастар арасында жұмыссыздардың деңгейін төмендету үшін барлығы – 4,8 млн. теңге;

  • «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына қатысушыларғы мелекеттік қолдау шараларын көрсетуге – 7,5 млн. теңге;

  • Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге 34 штат бірлігі бөлініп, оларды ұстауға – 20,5 млн. теңге қарастырылды.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласы бойынша
Мәдениет саласы

- ішкі саясаттың тұрақтылығын және үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік тұрғыдан қолдау іс-шараларын жүзеге асыру;

- мемлекеттік тілдерді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту;

- кешенді спорт – бұқаралық іс-шараларын өткізу, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді қаржыландыруды қамтамасыз етуге 2014-2016 жылдарға аудан бюджетінде - 277,0 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде 2014 жылға95,3 млн. теңге, 2013 жылдың бекітілген бюджетімен салыстырғанда 2,8%-ға өсті.

Мәдениет және тілдерді дамыту саласы бойынша бір қатар іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр:


  • Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамытуға – 0,8 млн.теңге;

  • аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) деңгейде спорттық жарыстыр өткізуге – 9,7 млн. теңге;

  • әр түрлері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрама командыларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуына – 4,4 млн. теңге.


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша
2014-2016 жылдарға арналған бюджет жобасында ауыл шаруашылығында бір қатар іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып, оған – 381,9 мың теңге қаралды. 2014 жылға қаралғаны – 124,4 мың теңге.

- қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыруға – 1,0 млн. теңге;

- малдарды санитарлық союды ұйымдастыру – 8,4 млн. теңге;

- жануарлардың энзоотикалық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге – 1,3 млн. теңге;

- РБ-тен эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге – 76,8 млн.теңге.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша

Модернизация және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламасы шеңберінде үш бюджеттік бағдарламалар тұрғын үй шаруашылығы, коммуналдық шаруашылығы, елді мекендерді аббаттандыру жүйесін дамыту бойынша әрекет етуде.



2014-2015 жылдарға аудан бюджетінің жобасы осы топтар бойынша 2067,5 млн. теңгені құрайды.

2014 жылға бюджетте – 1226,4 млн. теңге қаралды, оның ішінде ағымдағы шығыстарға – 139,8 млн. теңге, даму бюджетіне1086,6 млн.тенге.
Ағымдағы шығыстар бойынша қаралғаны:

  • елді мекендерді аббаттандыруға, жарықтандыруға, көгалдандыруға, елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге – 36,7  млн. тенге;

  • «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде аббаттандыру жұмыстарына – 77,3 млн. теңге;



Даму бюджеті бойынша:

Республикалық бюджеттен бөлнгені – 883,5 млн.теңге: (Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алу, Коммуналдық шаруашылықты дамыту, сумен жабдықтау жүйесін дамыту).



Жергілікті бюджет есебінен қарастырылғаны – 203,1 млн. теңге.

Көлік және коммуникация саласы бойынша
2014-2016 жылдың бюджет жобасында елді мекендердің көшелерінің жақсы және орташа жағдайдағыларына – 21,5 млн.теңге қаражат қарастырылды.

2014 жылдың бюджетінде ағымды шығыстарға қарастырылған – 2,5 млн. теңге елді мекендердің көше жолдарын жөндеуге жұмсалады.



Басқалар

2014-2016 жылдарға бюджет жобасы - 129,3 млн. теңгені құрайды, оның ішінде 2014 жылға – 44,2 млн. тенге.



Республикалық бюджет есебінен «Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға – 35,9 млн. тенге. бөлінді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет