Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті | 3 деңгейлі СМЖ құжаты | ПОӘК | ПОӘК 042 –18-17.1.17/01-2015 | ПОӘК Оқытушыға арналған «Жазбаша аударма практикасы» пәнінің жұмыс бағдарламасы | Басылым №2 11.06.2015ж.
|
«Жазбаша аударма практикасы» пәні бойынша
5В020700 «Аударма ісі» мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Пәннің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы
Семей,2015
МАЗМҰНЫ
1 Қолдану саласы.
2 Нормативті сілтемелер.
3 Жалпы ережелер.
4 Пәннің оқытушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасының мазмұны
5 Студенттердің өздік жұмыстары тақырыптарының тізімі.
6 Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтылу картасы
7 Әдебиет
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
«Жазбаша аударма практикасы» курсы аудармашыларды дайындаудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады, оның негізінде арнайы кәсіби дағдылардың барлық түрі қалыптасады. Шет тіліне жазбаша аударма жасау шет тіліндегі жүйелілік және айқын құралдарды барынша терең игеруге, ШТ мен АТ мәтіндер мен тілдік қорларына аударма тұрғысынан салыстырмалы сараптама жасау дағдысын дамытуға, ана тіліндегі жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға, фразеологиялық қорын байытуға, синонимдік қорларды игеруге мүмкіндік тудырады. Пән 5B020700 -«Аударма ісі» мамандығы бойынша типтік оқу жоспары негізінде құрастырылған.
2 НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
«Жазбаша аударма практикасы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені аталған пән бойынша оқу процесін келесі құжаттардың нұсқаулары мен талаптарына сәйкес ұйымдастыру тәртібін бекітеді:
-
Білім деңгейіне сай Мемлекеттік білім стандарты
-
«5B020700»- «Аударма ісі» мамандығы бойынша типтік оқу жоспары
- СТУ 042-ГУ-4-2013 Университет стандарты « Пәннің оқу-әдістемелік кешенін құрастыруға және безендіруге қойылатын жалпы талаптар»;
- ДП 042-1.01-2014 Басылым №2 Құжатталған процедура « Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылысы мен мазмұны».
- «5B020700»- «Аударма ісі» бакалавриат мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 22.10.2014 жылғы №1 бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген.
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 . Курстың қысқаша мінездемесі
«Жазбаша аударма практикасы» курсы аудармашыларды дайындаудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады, оның негізінде арнайы кәсіби дағдылардың бәрі қалыптасады. Пән 5B020700 -«Аударма ісі» мамандығы бойынша типтік оқу жоспары негізінде құрастырылған.
3.2 Курстың мақсаты.
Мәдениаралық- коммуникативтік біліктілікті, соның ішінде тіларалық қарым-қатынас жағдайында баламалы аударма жасауға қажетті кәсіби мамандандырылған біліктілікті қалыптастыру.
3.3 Курс міндеттері:
- кәсіби қызмет саласында мәдениаралық қарым -қатынас тиімділігін арттыру мақсатымен мәдениаралық біліктілікті арттыру;
- білім алушыларға жазбаша аударманың ерекшеліктері, түрлері, кезеңдері және технологиясы туралы түсінік беру;
- аударылатын мәтін саласы бойынша хабардар болу;
- жұмыс талабымен, толық мәтінмен танысу және оның құрылымына бейімделу;
- түпнұсқа мәтінді талдау, қайта кодтау, аударма мәтінін түзету белгілерін анықтау;
- әртүрлі жанрдағы мәтіндерді аудару ерекшеліктерін салыстыру және зерттеу;
- жалпы және лингвистикалық ой – өрісін кеңейту;
- аударма техникасын білу және сөздіктерді тиімді қолдана алу;
- заманауи талаптарға сай аударманы жоспарлау, жасау, талдау және өзін-өзі тексеру талаптарымен танысу.
3.4 Курс соңында студент білуі тиіс:
Аудармашылық қызметтің қазіргі жағдайдағы ерекшеліктерін;
Жазбаша аударма түрлерінің жіктелуін;
Жазбаша аударма үрдісінің ерекшеліктерін, кезеңдерін, әр кезең бойынша жұмыс істеудің технологиясы мен тәсілдерін;
Аудармашыға жазбаша аударма саласында қойылатын талаптарды;
Түпнұсқа мәтінің талдау, аудармашылықтың стандартқа сәйкес және стандартқа сәйкес емес мәселелерін анықтау, әр түрлі аудармашылық өзгертулер қолдана отырып, оларды шешудің тәсілдерін таңдау;
Меңгеруі тиіс:
Лексикалық, граматикалық, стилистикалық өзгерту жүйесін бастапқы мәтінді тілдік қайта құру құралы ретінде пайдалану;
Бастапқы мәтін авторының түпкі ойы және өзге тілді алушыға бейімдеу негізінде қайта кодтау;
Аударма мәтінін редакциялау;
Күрделілік дәрежесі әр түрлі аударма мәтіндерінің тәжірибесін жинақтап қорыту;
Сөздіктерді, анықтамаларды және өзгеде ақпарат көздерін кәсіби түрде пайдалану;
Мәтіндік редакторлардың компьютерлік бағдарламаларын, электрондық сөздіктерді пайдалану.
Игеру:
Мәтіннің күрделі элементтерін тез түсіну;
Баламасыз лексика қатынасын белгілеу;
Әртүрлі типтегі мәтіндерді құруды зерттеу;
Істей білу:
Сөйлеудің мазмұнын компрессиялау және декомпрессиялау тәсілдерін қолдану;
Ұлттық- мәдени семантикасы бар лексикалық бірліктерді қолдану;
Прагматикалық тұрғыдан барабар аударма жасау.
3.5 Курстың перереквизиттері: Аударма теориясы, Мәдениетаралық қарым-қатынас мәнмәтініндегі базалық шет тілі (В2 деңгейі), Тіл біліміне кіріспе, Оқытылатын тіл теориясының негіздері, Аудармашылардың кәсіби қызметінің негіздері
3.6 Курстың постреквизиттері: Мәдениетаралық қарым-қатынас мәнмәтініндегі арнайы кәсіби шет тілі,Мәдениаралық қарым-қатынастың теориясы және практикасы, Ауызша аударма практикасы, Ақпараттық аударма практикасы, Оқытылатын тілдің әдебиеті мен аударма мәселелері
3.7 Оқу жоспарының көшірмесі
Кесте 1
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәріс
|
ПС
|
ООӨЖ
|
ОӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау түрі
|
III
|
V
|
3
|
|
45
|
22.5
|
67.5
|
135
|
Емтихан
|
4. ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Кесте 2
Тақырыптың атауы мен мазмұны
|
Сағат саны
|
1
|
2
|
Практикалық сабақтар
|
|
Модуль 1. Аударманың грамматикалық мәселелері.
1. Түпнұсқа және аударма тілі арасындағы грамматикалық айырмашылықтар себептері. Түр ұқсастығы мен айырмашылығы жағдайында морфологиялық түрлендіру. Грамматикалық түрлендіру классификациясы. Аударма тілінің синтаксистік ерекшеліктерін ескеру. Аударма жасау кезінде сөйлем құрылымының өзгеруі. Әрекет уақытын, түрін, бағытын белгілеудегі формалдық айырмашылықтар. Ағылшын тіліндегі етістік тұлғаларының аударылу ерекшеліктері. Абсолютті және кейбір басқа грамматикалық құрылымдарды аудару.
Артиклдер, союздар және предлогтарды аудару. Шет тілі мен ана тілінде сөйлемдерді бөлу тәсілдеріндегі тіларалық айырмашылықтар.
|
3
|
2. Сөйлемді талдау. Аударма үдерісінде сөйлем құрылымын таңдау. Шет және ана тілдеріндегі аттас құрылымдардың формалдық және функционалдық сәйкестігі. Грамматикалық құрылымдарды жеткізудің функционалдық қағидасы және сөйлемнің мағыналық құрылымы.
Аударма жасау кезінде сөйлем құрылымы өзгеруінің әртүрлі факторға байланыстылығы: шет және ана тілдеріндегі грамматикалық құрылымдарының бір-біріне сай келмеуі; грамматикалық формалар мен синтаксистік құрылымдардың лексикалық түрде толығуы, мәнмәтін.
|
3
|
3. Аударма үдерісіндегі грамматикалық трансформациялар: құрылымның толық және ішінара өзгеруі, сөз ретінің өзгеруі, сөз таптары мен сөйлем мүшелерінің ауыстырылуы. Грамматикалық себептерге байланысты сөздерді қосу және алып тастау. Ырықсыз етіс құрылымдарын аудару. Тұлғасыз грамматикалық формаларды, етістіктен жасалған зат есімдерді аудару. Көп мүшелі атрибуттық топтарды аудару. Әр түрлі меңгерудегі сөйлемнің біріңғай мүшелерін аудару. Синтаксистік кешендерді аудару: күрделі бастауыш, күрделі баяндауыш, күрделі толықтауыш. Артикль арқылы берілетін мағыналарды ана тілінің грамматикалық тәсілдері арқылы беру.
|
3
|
4. Күрделі сөйлемді аудару. Аударма барысында күрделі сөйлемді жай сөйлемге және жай сөйлемді күрделі сөйлемге айналдыру.
Айтылымдар арасындағы логикалық байланыстарға орай аударма барысында сөйлемдерді бөлшектеу және біріктіру. Мәтіннің коммуникативтік – логикалық тұтастығын беру үшін синтаксистік тәсілдерді пайдалану. Модалділіктің шет және ана тілінде жеткізілуі.
|
3
|
5. Әрекет уақытын көрсетудегі тіларалық өзгешеліктер. Шет тілге аудару барысында шартты түрде «уақытты үйлестіру» ережесін пайдалану қағидалары. Етістіктің және етістік формаларының мағыналарын беру. Әрекет фазалары мен тұрақтылығын беру тәсілдері (басталуы, өтуі, аяқталуы, бітуі/бітпеуі, бірреттілік/көпреттілік).
|
2
|
6. Түпнұсқада аударма тілінде формалдық-грамматикалық сәйкестігі жоқ элементтің болуы. Аударма тілінде түпнұсқада сәйкестігі жоқ элементтің болуы. Атқаратын қызметінің әртүрлілігіне қарамастан түпнұсқа мен аудармадағы грамматикалық элементтердің формалды сәйкестігі. Аудармадағы интерференция ұғымы. Сөзбе-сөз аударма. Сөйлемдерді бөлу және біріктіру. Грамматикалық алмастыру. Грамматикалық трансформациялармен қатар жүретін аудармашылық тәсілдер. Морфологиялық және синтаксистік деңгейдегі алып тастау және қосу тәсілдері. Орын алмастыру тәсілі.
|
3
|
7. Ана тіліндегі айтылымдардың әрқилы формалдық түрлерінің түрлі мағынаға ие болуы (хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті) және олардың жиіліілік пен қызметі тұрғысынан шет тілінде айырмашылығы болуы. Аудармадағы риторикалық сұрақ.
|
1
|
Модуль 2 Аударманың лексико-семантикалық және фразеологиялық мәселелері.
8. Сөз мағынасы және аударма. Сөздің көпмағыналығы және сөз мағынасының бөлшектелмеуі, ана тілі мен шет тіліндегі сөз бірліктерінің мазмұны мен көлемінің, сондай-ақ айтылымның мағыналас құрамдас бөліктерінің үйлесімінің сай келмеуі. Көп мағыналы сөздердің лексикалық-семантикалық нұсқалары және оларды мәнмәтінге сәйкес таңдау. Сөз аудармасы және мәнмәтін Баламасыз лексика және оны беру тәсілдері: транскрипция, транслитерация, калькалау, алмастыру, түсіндірмелі аударма.
Мәтіндегі реалийлер. Шет тіліне аудару кезінде реалияны беру тәсілдері және этномәдени лакуналардың орнын толтыру (кірме сөздер, калькалау, грамматикалық алмастыру, функционалды тұрғыдан ұқсас келетін бірліктермен алмастыру, түсіндірмелі аударма). Жалқы есімдер мен географиялық атауларды, баспасөз органдарының, кәсіпорындардың және ұйымдардың атауларын, әдебиет пен өнер туындыларының атауларын беру ерекшеліктері.
|
3
|
9. Сөздердің бірігуі арқылы жасалған сөздердің аудармасы (күрделі зат есімдер, сын есімдер, үстеулер мен етістктер). Аударма кезінде сөздердің үйлесімдігін ескеру. Еркін сөз тіркесін аударудың ерекшеліктері және аударма барысында еркін және фразеологиялық тұрғыдан байланысқан сөз тіркестерін ажырату қажеттілігі. Ұлтаралық және жалған ұлтаралық лексика. Неологизмдарды аудару.
|
2
|
10. Аударма үдерісіндегі лексико-семантикалық қайта құрулар. Аударма үдерісіндегі лексико-семантикалық трансформациялардың әртүрлілігі: мағынасының тарылуы (жіктеу және нақтылау), сөз мағынасының кеңеюі (жалпылау), мағыналық ауытқулар (метафоралық және метонимиялық трансформациялар), антонимдік аударма, сөйлемді қайта құру. Сөзді алып тастау және қосу.
|
2
|
11. Фразеологиялық бірліктердің әртүрлі типтерін (идиома, образды фразеологиялық бірліктер, ұлттық өзіндік ерекшеліктері айқын фразеологизмдер, фразеологизмдер- салыстырулар және т.б.) аударудың ерекшеліктері. Тілдік мағына және аударма. Мәнмәтін мен тілден тыс жағдайлардын рөлі. Мәнмәтін түрлері. Сөздердің көпмағыналығы және аудармасы, аударма барысында синонимдік қатардан сөз таңдау.
|
2
|
12. Мәтіндегі жалқы есімдер. Жалқы есімдердің ақпараттылығы. Жалқы есімдердің әртүрлі категорияларының аударылу жолдары (транскрипциялау, калькалау, аралас тәсіл, айқындауыш сөздерді енгізу). Шет тілінен ана тіліне аудару кезінде тарнскрипциялауды қолдану.
Реалия ұғымы. Аудармада аймақтық, мәдени және тілдік реалияларды ескеру. Реалияларды аудару және аударма барысында этномәдени лакуналардың орнын толтыру тәсілдері (калькалау, гиперонимикалық алмастыру, түсіндірмелі аударма).
|
2
|
13. Тілден тыс әлем құбылыстарына қатыстытілдерді іріктеу. Тарихи қалыптасқан жағдайларда тілдік бірліктердің мағыналық негіздерін түрлендіру. Жалған баламалар. Салыстырылып отырған тілдік бірліктердің денотативті және коннотативті тіркесуі. Мазмұнның дискретті және дискретті емес көрінісі. Салыстырылып отырған тілдік бірліктердің эксплицитті және имплицитті мағыналық элементтерінің арақатынасы. Лексика- грамматикалық трансформациялар, нақтылау және жалпылау. Модуляция және мағыналық дамыту. Лексикалық трансформациялар.
|
2
|
14. Түпнұсқа мен аудармадағы неологизмдер мен тосын сөздер. Түпнұсқа мен аудармадағы архаизмдер.
“Аудармашының жалған достары”. Тіларалық лексика- семантикалық алмастырулар. Мазмұн жоспарының тіларалық асимметриясы мен форма ұқсастығы. Тең көлемділік пен тіларалық синонимия. Алмастыру және тіларалық семантикалық қайта үлестіру.
|
1
|
15. Терминологияны аудару. Терминді аударудың мәтіннің коммуникативті- прагматикалық параметрлеріне тәуелді болуы.
|
1
|
Модуль 3. Аудармада мәтіннің авторлық тұжырымдамасын ескеру.
16. Автордың түпкі ойына аудармашының мазмұндық талдау жасауы. Мәтінішілік байланыстарды талдау. Сипатталған оқиғалардың, жағдайлардың әрекет етуші тұлғалардың авторлық тұжырымдамасын беру. Автордың стилистикалық тәсілдерін беру. Сөздердің ауысып тусуінің берілу мәселелері.
Аудармашы тарапынан авторлық мәтінге стилистикалық сараптама жасау. Аудармадағы әзіл.
|
3
|
17. Аудармашының автор мәтінін автордың бағалау және идеологиялық көзқарасы тұрғысынан талдауы. Аудармашының автор көзқарасын анықтауындағы көмекші құралдар: түпнұсқа мәтінді терминологиялық және логикалық тұрғыдан талдау. Аудармада бағалаушылық сипаттаманың бұрмалауына жол берілмеуі. Аудармашылық шешімнің әртүрлі болуы. Аударма стратегиясын дайындау. Түпнұсқаға қатысты аудармашының еркіндік дәрежесі. Аудармашының өзіндік жүйелі мәтін тұжырымдамасын қалыптастыру қажеттілігі. Авторлық тұжырымдаманы әртүрлі аудармашының түрліше түсіндіру көзқарасы тұрғысынан түрлі аудармашы аударған бір ғана шығарманы талдау.
|
3
|
Модуль4. Аудармада тілден тыс факторларды ескеру және аударылған мәтіннің адресаты.
18. Аудармада тілден тыс факторларды: туындыны, дәуірді және автордың жеке тұлғасын, сипатталатын оқиғалар мен жағдаяттар туралы қосымша мәліметтер жасау жағдайын ескеру.
|
2
|
19. Шет және ана тілдеріндегі мәтінді қабылдаушылардың этномәдени өзгешеліктерін ескеру. Әр тілді аудиторияға мәтіннің түрліше әсер етуі. Мәтін аудармасын қабылдаушының ықтимал категориясына байланысты және ол үшін үйреншікті мәтінді қабылдауға қойылатын талаптарға сәйкес бейімдеу. Аударма стратегияларын таңдау мәселелері: қабылдануы күрделі мәтінді қабылдаушыға “жақындату” және қабылдаушыны түпнұсқаның күрделілік деңгейіне дейін “көтеру”. Мамандарға, дайындалмаған аудиторияға, балаларға арналған аударма. Аударма кезіңде мәтіндік редакторларды қолдану.
|
2
|
20. Аудармада экстралингвистикалық факторларды ескеру. АТ мен ШТ мәтіндерін қабылдаушылар арасындағы этномәдени ерекшеліктерді ескеру. Қабылдаушыға және мәтінді түсінуге қойылатын талаптарға сай аударма мәтінін бейімдеу. АТ-нен аудару кезінде ШТ нормаларын сақтау. Неологизмдер мен баламасыз лексиканы аудару қиындығы.
|
2
|
5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА
АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
5.1 111-113беттегі «Declaration bу Heads of State and Government of NATO Mеmbеr States and thе Russian Federation» мәтініне ағылшын тілінен ана тіліне толық жазбаша аударма жасаңыз. Кейбір бірліктерді қысқарту мен ықшамдау мүмкіндігіне көңіл аударыңыз . (Translation: Письменный перевод (английский язык): учебное пособие / Усачева А.Н., Хайрова С.Р., Серопегина Т.В.; ВолГУ. – 2-изд., испр. и доп. – Волгоград: Издательство Волгоградского университета, 2005. – 214 с.)
5.2 Реалий, клише, тақырыптық бағытталған және стилистикалық реңктегі лексикаға көңіл бөле отырып, 180-181беттегі « Моцарттың әуені» мәтініне ағылшын тілінен ана тіліне толық жазбаша аударма жасаңыз . (Translation: Письменный перевод (английский язык): учебное пособие / Усачева А.Н., Хайрова С.Р., Серопегина Т.В.; ВолГУ. – 2-изд., испр. и доп. – Волгоград: Издательство Волгоградского университета, 2005. – 214 с.)
5.3 Аударма тіліндегі қабылдаушының ұлттық-мәдени дәстүрлерін ескере отырып 24-25 беттегі 7 жаттығуды аударыңыз. (Казакова Т.А.Практические основы перевода. Спб: Изд-во «Союз», 2002.- 320с.).
5.4 Аударма бірліктеріне көңіл бөле отырып 48 беттегі 8 жаттығуды ағылшын тіліне аударыңыз. Аударма бірліктеріне түсініктеме беріңіз. (Казакова Т.А. Практические основы перевода. Спб: Изд-во «Союз», 2002.- 320с.).
5.5 1 және 2 мәтінді салыстырыңыз, берілу кезіндегі мазмұндық айырмашылықтарға және ол айырмашылықтың берілу жолдарына назар аударыңыз. 35-36 беттегі «Certificate of Birth» и «Туу туралы куәлік» мәтіндеріне ағылшын тілінен ана тіліне және ана тілінен ағылшын тіліне толық жазбаша аударма жасаңыз. (Translation: Письменный перевод (английский язык): учебное пособие / Усачева А.Н., Хайрова С.Р., Серопегина Т.В.; ВолГУ. – 2-изд., испр. и доп. – Волгоград: Издательство Волгоградского университета, 2005. – 214 с.)
6.ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТУ КАРТАСЫ
Кесте 3
Оқулықтың атауы
|
Әдебиет саны
|
Студент саны
|
Қамтамасыздандыру пайызы
|
Усачева А.Н., Хайрова С.Р., Серопегина Т.В. Translation: Письменный перевод (английский язык): учебное пособие, 2005.
|
Электронды
нұсқа
|
6
|
100%
|
Бреус Е.В. Теория и практика перевода с английского на русский язык: Учебное пособие, 2001.
|
6
|
6
|
100%
|
Алексеева И.С. Введение в переводоведение: Учебное пособие для студентов. М.: Издательский центр «Академия», 2004.
|
6
|
6
|
100%
|
Комиссаров В.Н. Теория перевода. 2008
|
Электронды
нұсқа
|
6
|
100%
|
Алексеева И.С. Профессиональный тренинг переводчика. 2008
|
Электронды
нұсқа
|
6
|
100%
|
Казакова Т.А.Практические основы перевода, 2006.
|
Электронды
нұсқа
|
6
|
100%
|
7 ӘДЕБИЕТ
7.1.1 Translation: Письменный перевод (английский язык): учебное пособие / Усачева А.Н., Хайрова С.Р., Серопегина Т.В.; ВолГУ. – 2-изд., испр. и доп. – Волгоград: Издательство Волгоградского университета, 2005. – 214 с.
7.1.2 Казакова Т.А. Практические основы перевода. Спб: Изд-во «Союз», 2006.- 320с.
7.1.3 Алексеева И.С. Введение в переводоведение: Учебное пособие для студентов. М.: Издательский центр «Академия», 2004.- 352с.
7.1.4 Кабакчи В.В. Практика английского языка. Сборник упражнений по переводу. – СпБ.: Изд-во «Союз», 2000. - 256с.
7.1.5 Сдобников В.В. Теория перевода. М., 2007. – 448 с.
7.1.6 Бреус Е.В. Теория и практика перевода с английского языка на русский. – М., 2001. – 104 с.
7.2 Қосымша әдебиет
7.2.1. Английский язык. Учебник устного перевода: Учебник для вузов / А.П. Миньяр-Белоручева, К.В. Миньяр-Белоручев. — М.: Издательство «Экзамен», 2003. — 352 с.
7.2.2. Комиссаров В.Н. Теория перевода (лингвистические аспекты).- М.: Высшая школа, 1990. -253с.
7.2.3 Белякова Е.И. Переводим с английского. Спб: Изд-во «Каро», 2003.-160с.
7.2.4 Беспалова Е.И. и др. Перевод и реферирование общественно-политических текстов. М.: Изд-во РУДН, 2003.-125
7.2.5 Дмитриев Л.Ф., Кунцевич С.Е., Мартинкевич Е.А., Смирнова Н.Ф. Английский язык. Курс перевода. – М., ИКЦ «МарТ»: Ростов н/Д: Издательский центр «МарТ», 2005 – 304 с.
7.2.6 Мирам Г. и др.Основы перевода. Курс лекций по теории и практике перевода для институтов и факультетов международных отношений. Киев, 2002.- 200с.
7.2.7 Хрестоматия по теории перевода. – Алматы, 2001. – 231 с.
Достарыңызбен бөлісу: |