Жазбаша аударма тєжірибесі



Pdf көрінісі
бет1/53
Дата01.02.2022
өлшемі0.54 Mb.
#455027
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
аударма теория



Қазақстан  Республикасы  Білім  және Ғылым Министрлігі  

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жазбаша аударма жолдары мен тәсілдері  

 

«Аударма ісі»  050207 

 

мамандығы үшін 

 

жаттығулар жинағы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Құрастырушы: 



 оқытушы Кущанова А.Н., Тулегенова Г.Ғ.  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе 2009. 


 

Кущанова А.Н., Тулегенова Г.Ғ.  



Жазбаша аударма жолдары мен тәсілдері  (жаттығулар жинағы) 

 

050207 «Аударма ісі» - бакалавриат мамандығы студенттері үшін «Жазбаша 



аударма практикасы» пәні бойынша жаттығулар жинағы, Ақтөбе.     

 

 «Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алушы жоғары курс студенттеріне 



арналған.  Жаттығулар  жинағы  жазбаша  аударма  барысында  қолданылатын 

аударма  жолдары  мен  тәсілдері.  Мұнда  аударманың  лексикалық, 

грамматикалық  тәсілдеріне қатысты дәрістер мен жаттығулар берілген. 

 

 



 

 

 

Рецензент:            Кузясова А.М.  Қ.Жұбанов атындағы АМУ-дің     

                         «Аударма ісі» кафедрасының аға оқытушысы 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ.Жұбанов  атындағы  АМУ-дің  ОӘК  отырысында  бекітіліп,  баспаға 

ұсынылды  

Хаттама №       «»     ____   200__ ж.  



 


 



Алғы сөз 



 

 

Берілген әдістемелік құрал «Аударма ісі» мамандығының үшінші курс, 



қазақ  бөлімі  студенттеріне  арналған.  Бұл  әдістемелік  құрал  аударманың 

теориялық  және  практилық  негіздерінен  құралған.  Әдістемелік  құралдың 

мақсаты  –  жазбаша  аударма  процесі  барысындағы  әдіс-тәсілдермен 

таныстыру.   

Мұнда аударма барысында қолданылатын грамматикалық, лексикалық 

және 


лексико-семантикалық, 

фразеологиялық 

тәсілдердің 

өзіндік 


ерекшеліктері мен қолданылу негіздері қарастырылған. Әдістемелік көмекші 

құрал  Т.Р.  Левицкая,  А.М.  Фитерманның  «Ағылшын  тілінен  орыс  тіліне 

аудару  теориясы  мен  практикасы»,  В.С.  Слеповичтің  «Аударма  курсы: 

ағылшын-орыс  тілдері»,  Ж.А.  Голикованың  «Ағылшын  тілінен  орыс  тіліне 

аударма» атты оқу құралдарын негізге ала отырып құрастырылған. Берілген 

әдістемелік  көмекші  құралдың  болашақ  аудармашыларға  аударманың 

теориялық 

негіздерінен 

білімін 

кеңейтуде, 

алдағы 

тәжірибелік 

жұмыстарында  жинақтаған  білімдерін  іс  жүзінде  қолдануда    көп  көмек 

болады деген сенімдемін. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 




 



I тарау.Кіріспе 



§ 1. Жазбаша аударма тәжірибесі.  

 

 



Жазбаша аударма тәжірибесі пәні жазбаша аударманың технологиясын, 

түрлерін ерекшеліктерін зерттейді. Пәннің басқа пәндер секілді 

аудармашыны  дайындауда  маңызы  орасан  зор.  Оның  өзіндік  мақсаты, 

міндеті, және талаптары бар.  

Пәннің  мақсаты  –  тіларалық  коммуникация  жағдайында  баламалық 

аударманы қамтамасыз ету, студенттерде практикалық жәене аудармашылық 

дағдыны  қалыптастыру.  Алайда  негізгі  мақсаты  –  студенттерге  аударманың 

техникалық  сатылары  және  ерекшеліктері  туралы  түсінік  беру;  түпнұсқа 

және  аударма  мәтіндерін  салыстыра  отырып  ондағы  ұқсастық  пен 

айырмашылықты талдап айыра білу. 

Осы  пәнді  оқып  шығу  нәтижесінде  студентте  келесі  дағды  мен  іскерлік 

жүйесі қалыптасу қажет: 

1.  түпнұсқа мәтіндеріне талдама жасап, түрлі аударманы қолдану. 

2.  Түпнұсқа 

мәтінінің 

түрлену 


құралдары 

ретінде 


лексикалық, 

грамматикалық және стилистикалық өзгертулер жұйесін тиімді пайдалана 

білу. 

3.  әртүрлі күрделі деңгейлердегі мәтіннің аударма тәжірибесінде талдау. 



Сонымен  қатар  студент  осы  пәнді  меңгеру  барысында  қазіргі  заман 

жағдайында  аударма  ісінің  ерекшеліктерін,  жазбаша  аударма  түрлерінің 

бөліну ерекшеліктерін, жазбаша аударма саласындағы аудармаға қойылатын 

талаптармен т.б. ақпаратпен танысады. 

 

Аударма  дегеніміз  –  белгілі  бір  халықтың  немесе  мәтіннің  түпнұсқа 



тілінен  аударма  тіліне  ауысуы.  Осы  анықтама  бойынша  дәлме-дәл  аударма 

көбінесе  мүмкін  емес  болады.  Өйткені,  екі  тіл  тек  өздерінің    тек 

грамматикалық  жағынан  емес,  сонымен  қатар  мәдени  ерекшеліктері  және 

сөздердің  көлемі  жағынан  әртүрлі  болып  келеді.  Ал  осының  барлығы 

аударма  әдісіне  және  оның  нәтижесіне  әсер  етеді.  Мысалы  іскерлік  хатты 

ағылшын  тілінен  қазақ  тіліне  аударғанда  «Dear  Sir»  деген  бастаманы 

«Құрметті  Сэр»  немесе  «Құрметті  Мырза»    деп  аудару  дұрыс  болмайды. 

Мұны  біз  «Қадірлі  директор»  немесе  «Қадірлі  басшы»  болып  аударылады. 

Сол сияқты қазақ тілінен ағылшын тіліне аударғанда «Аса құрметті Шредер 

мырза»  сөз  тіркесін  «Deeply  respected  Mr.  Shroeder»  деп  аударған  дұрыс 

болмайды.  Өйткені  мұндай  сөз  тіркестерді  аударғанда  ағылшын  тілінің 

қалыптасқан дәстүрі бар, яғни ол «Dear Sir» немесе «Dear Mr. Shroeder» деп 

аударылады.  Осы  мысалдар  аударманың  коммуникативті  іс-әрекетін 

дәледейді,  яғни  аудармашы  жұмыс  жасап  отырған  екі  тілдің  мәдениетінен 

хабардар болуы қажет. Әрбір аудармашы аударманың ауызша және жазбаша 

түрлерімен  жұмыс  жасай  алуы  тиіс.  Ол  үшін  аудармашы  осы  екі  аударма 

түрлерінің    негізін  және  айырмашылықтарын  білуі  қажет.  Ауызша 

аударманың     ең басты талабы – шапшаңдылық және дәлділік. Аудармашы 

аударманы неғұрлым тез берсе,  соғұрлым оның нәтижесі жемісті болады.                                                                                                                                  



 

Ауызша аудармашының бойында ораторлық өнер болуы қажет. Ал жазбаша 



аудармада ондай қатаң тәртіп жоқ. Өйткені жазбаша аудармада әрбір 

аудармашы  ойланып,  мәтінді  бірнеше  рет  оқып  шығып  аударманың  әдісін 

әбден  анықтап  барып  аударуы  мүмкін,  себебі  жазбаша  мәтіндер  әр  түрлі 

стильде  болады.  Сонымен  қатар  жазбаша  аударма  тәжірибесі  пәні 

аударманың  грамматикалық  және  лексикалық  аспектілерін  қарастырады. 

Қорыта  келгенде    аударма  деп  қазіргі  тіл  білімінің  тіл  арлық  іс-әрекеттің 

лингвистикалық  аспектісін  оқыпүйренуде  ең  маңызды  құралын  айтамыз 

жәнеде  аударма  деген  әр  түрлі  тілде  сөйлейтін  екі  адамның  арасындағы 

сұхбатты, яғни комуникацияны  жүзеге асыратын құрал. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет