Рефераты Қызылорда, 2013



бет1/3
Дата04.07.2016
өлшемі227 Kb.
#178547
түріРеферат
  1   2   3


ӘОЖ 316.74:80:82.03:574

Қолжазба құқығында




Байжанова Гүлнұр Нұрымбекқызы
Ағылшын тіліндегі экологиялық дискурстың лингвистикалық аспектілері және аудармада берілу жолдары

6М020700-Аударма ісі мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдары магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


Рефераты

Қызылорда, 2013

Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының кандидаты

Оспанова Ф.А.

Ресми оппоненті: филология ғылымдарының кандидаты,

доцент Баймахан Т.М.

Диссертация 2013 жылы «____» маусым айында сағат «_____» Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 6М020700- Аударма ісі мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдары магистрі академиялық дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесінде қорғалады.

( 120014, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі № 40, № 1 оқу ғимараты)

Диссертациямен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.


Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі таңдағы жаһандану заманында экология және қоршаған орта қоғам өмірінде маңызды орын алады. Сонымен қатар экология мәселесі қоғамның коммуникативті іс-әрекетіне еніп, оның дискурсивті кеңістігіне әсер етеді. Сол себепті экологиялық дискурс ұғымының мазмұнын анықтап, оның жалпы және жеке сипаттамаларын көрсету қажет. Қоғамның әртүрлі салаларындағы - экономикадағы, мәдениеттегі, ғылым мен білім салаларындағы өзгерістер ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесінің нығаюына, қоғамдық қатынастың қандай түрінде де қызмет етуіне талап қойып, әр саладағы дискурс негізіндегі терминологиялық жүйені жетілдіруді өзекті мәселелердің біріне айналдыруда.

Диссертация экологиялық дискурстың лингвистикалық аспектілерін зерттеу заңдылықтарына негізделген. Зерттеу жұмысымыз мәтін және дискурс лингвистикасы сондай-ақ, экологиялық дискурс салаларындағы заманауи жетістіктерге сүйене отырып прагматикалық лингвистика бағытында жүргізіледі. Қазіргі кезде лингвистика ғылымының ақпаратты тіл арқылы жеткізу әдістерінің кең өріс алуы дискурс табиғатын және оның түрлерінің терең зерттелуіне қажеттілік тудырып отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында экологиялық апат аймақтарын, әскери ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалтуды негізгі міндеттерге жатқызып, басты назар аударылған. Себебі, осы атап көрсетілген жағдайлардың барлығы біздің өңірден тиісті өз орындарын алады. Яғни, оған Арал апат аймағын, Байқоңыр ғарыш айлағын және қауіпті Возрождение аралын жатқыза аламыз. Мәселен, Арал экологиялық дағдарысы адам қарекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы. Арал теңізінің болашағы бүкіл дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Өйткені, оның жойылып кетуi Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес, көптеген Шығыс елдерінің тыныс тіршілігіне зардабын тигізген. Сондықтан, Арал мәселесі көптеген шетел және отандық ғалымдар арасында пікір таластар туғызып, осыған байланысты жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалып, халықаралық конференциялар ұйымдастырылуда. Жоғарыда аталған мәселелер экологиялық дискурстың өзектілігін айқындай түсетіні анық.

Дискурс – экстралингвистикалық факторларды қамтитын тілдік коммуникация, яғни адамдар арасындағы өзара ақпарат, пікір, білім мен тәжірибе алмасу негізінде бір бірімен қарым-қатынас түзу болып табылады. Экстралингвистикалық факторларға дискурс қатысушыларының жасы, жынысы, әлеуметтік статусы, білімі, дүниетанымын, өмірлік көзқарасын, пиғыл-ниетін жатқызамыз. Аталған факторлар коммуникацияға қатысушылар және олардың ұстанымдары мен мақсат міндеттері туралы жалпы мәлімет беріп, мәтінді түсінуге негіз болады.

XX ғасырдың екінші жартысынан бастап жаңашыл ғылымның “экологиялануы” көрініс тауып жүр. Экологиялық өзгеріс және басқа ғылымдарда зкологиялық проблемалардың кең көлемде тарауы, яғни cаяси және БАҚ сфераларында қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары пайда болып, дами түсуде сондай-ақ, адам өміріндегі экологиялық білімнің маңызының зор екендігін түсіне отырып, жаңа қоғамдық қозғалыстар, талпыныстар пайда болуда. Бұған себеп адамның еңбек әрекеті қоршаған ортаға тек зиянын тигізіп кана қоймай, сонымен қатар ол қоршаған ортаға қарама қайшы әсер етуі болып отыр. Бұл адамның жағдайын, өмір сүру деңгейін, адам баласының болмысына қауып төндіре отырып өзгертеді. Аталған барлық іс-шаралардың экологтар мемлекеттік басқармалар және халықаралық ұйымдар арасында талқылануы, бұқараға хабарлануы экологиялық дискурс аясында өрбиді.

XX ғасырдың екінші жартысында экология немесе қоршаған орта мен лингвистика ғылымдарының тоғысында пайда болған эколингвистиканың зерттеу объектісі “экологиялық дискурс” болып табылады. Эколингвистика – тіл білімі саласындағы жаңашыл ғылыми бағыттардың бірі, сондай-ақ лингвистикадағы қоғамдық, психологиялық, философиялық бағыттармен қатарласа дамып, аталмыш салалармен тығыз байланыста құрылған. Адам баласының қоршаған ортасының тілдік білім берудегі жаңа ғылыми бағыт ретінде, эколингвистика – экология мен тілдің дамуына ортақ заңдар, принциптер және ережелер анықтауда құрылады. Сонымен қоса, қоршаған ортаның өзекті мәселелерін шешу жолдарындағы тілдің рөлін зерттейді.



Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі күні лингвистика зерттеулерінде экологиялық ақпараттың тіл арқылы немесе вербалды түрде жеткізілуінің жүйелілік, бірегейлік сипаты белгіленбеген. Белгілі-бір зерттеу тәжірибесі қалыптасқан, мәселен: саяси, діни, медиялық, ғылыми, педагогикалық, құқықтық және т.б. дискурс түрлеріне қарағанда, экологиялық дискурс әлі де зерттеушілер назарынан тыс қалып отыр.

Заманауи қоғамның экологиялық мәселелерге ерекше көңіл бөліп, адам баласының экологиялық сауаттылының артуы экологиялық дискурс теориясының құрылуына түрткі болды және экологиялық дискурстың қабылдаушы немесе оқырман танымына, түсінігіне әсер, ықпал етуші тілдік құрал ретінде оның лингистикалық аспектілерін егжей-тегжейлі зерттеу себеп болды.

Экологиялық дискурс лексикасының, яғни терминологиясының және ауызша/ жазбаша мәтіндерінің прагматикалық лингвистика тұрғысында қарастырылуы, заманауи экологиялық дискурс құрылымын жүйелі қалыптастыру қажеттілігі біздің зерттеуіміздің өзектілігі болып табылады.

Зерттеу нысаны. Экологиялық терминдер жүйесі, экология тақырыбындағы ауызша және жазбаша мәтіндер.

Зерттеу пәні. Ағылшын тіліндегі экологиялық дискурстың лингвистикалық аспектілері және оның аудармада берілу жолдары.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері:

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – ағылшын тіліндегі экологиялық дискурс құрылымына байланысты лексемасына жалпы сипаттама беріп, оның құрылымдық-семантикалық ерекшеліктерін анықтау. Экологиялық дискурсты талдау алгоритмі негізінде зерделеу, сонымен қатар ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктерін айқындау. Ол төмендегідей міндеттердің шешімін табуын белгілейді:



  • экологиялық дискурс ұғымын, өзіндік ерекше қасиеттерін және құрылымын анықтау;

  • экологиялық дискурстың категориялық және концептуалдық тұрғыда талдау көрсету;

  • ағылшын тіліндегі экологиялық дискурс лексемасына жалпы сипаттама беру, пәнаралық байланысын көрсету және оның терминдік жүйесіне құрылымдық-семантикалық жіктеу;

  • ауызша және жазбаша экологиялық дискурсқа, оның түзілуіне әсер етуші экстралингвистикалық факторлар анықтау үшін дискурстық талдау алгоритмі бойынша талдау жолдарын белгілеп, ортақ қасиеттерін көрсету;

  • ағылшын тіліндегі экологиялық дискурс терминдерінің және адресант интенциясы негізінде қазақ тіліне аударылу жолдарын анықтау.

Зерттеу материалдары. 2001 – 2013 жылдар аралығында жарияланған ағылшын тіліндегі газет-журналдар және ғылыми-зерттеу: Surviving together, Green Salvation, Guardian, Newsscience, Ecology және т.б. басылымдар мақалалары. Зерттеу барысында 80-ге жуық мақала, яғни 150-ден аса бетті құрайтын мәтіндерден 200-ден аса терминдер мен терминдер тіркесі қарастырылып, оның ішінен біздің зерттеу жұмысымызға 100-ге термин іріктелініп алынды.

Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында сипаттау, жіктеу және салыстыру, құрылымдық топтастыру, морфологиялық талдау, құрылымдық және семантикалық талдау, сөздіктегі анықтамалар, кестелеу және дискурстық талдау әдістері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде төмендегі тұжырымдарды атауға болады:

- қазақ тіл білімінде экологиялық дискурстың түсіндірілуі мен түзілуіне қатысты ғылыми түсініктердің жүйеленуі, қалыптасуы, құрылымы және ерекшелігінің ғылыми зерделенуі;

- ағылшын тіліндегі экологиялық терминдердің пәнаралық байланысының және құрылымдық-семантикалық жіктелу жолдарының анықталуы;

- экологиялық дискурс талдау алгоритмінің қалыптасуы және алгоритм бойынша, прагматикалық тұрғыда талдау арқылы оның түзілуіне әсер етуші экстралингвистикалық, яғни экономикалық, саяси және әлеуметтік факторлардың айқындалуы.



Зерттеудің теориялық мәні. Біздің зерттеу жұмысымыз қазақ тіліндегі экологиялық дискурстың құрылымын және ерекшеліктерін зерттеуде, экологиялық терминологияның құрылымдық, семантикалық талдау және пәнаралық байланысын анықтауда, сондай-ақ ғылыми және ақпараттық жанрларындағы экологиялық дискурстың түзілуіне әсер ететін экстралингвистикалық факторларды айқындап, талдау дискурс, когнитивтік және прагма лингвистика салаларын дамытуда өз деңгейінде үлесін қосады.

Зерттеудің практикалық мәні. Эколингвистика ғылымын ЖОО филология факультеттерінде арнаулы пән ретінде енгізуге болады. Зерттеу нәтижелері арнайы курстар жүргізуде және лингвистика, терминология, лексикография пәндерінен дәріс оқуда, практикалық және семинар сабақтарын беруде қолданыла алады. Тілді үйрену және үйрету мен аударма жасауға қажетті және дискурсқа талдау жасау алгоритмінің, экологиялық терминдердің құрылымдық-семантикалық жіктеу, оларды морфологиялық талдау мен пәнаралық байланысын анықтау үлгілерінің ұсынылуынан, сонымен қатар жинақталған экологиялық терминдер қатары мен ауызша/жазбаша дискурс материалдарының алдағы зерттеулерде пайдаға асу мүмкіндігінен көрінеді.

Зерттеудің методологиялық негіздерін дискурс, экологиялық дискурс және дискурстық талдау негізінде жазылған шетелдік лингвисттер: Т.А. ван Дейк, М. Фуко, А. Греймас, М. Пешо, З. Харрис, Ф. де Соссюр, П. Серио, Д. Шифрин, А. Хауген, Д. Нюнан, Х. Хаарман, В. Трампе, А. Филл, Р. Харре, Л. Виттгинштейн, Э. Рош және т.б.; Ресей зерттеушілерінің: Н.Д.Арутюнова, В.И. Карасик, В.З. Демьянков, В.В. Красных, М.Л. Макаров, В.Е. Черняевская, Т. Милевская, О.В. Александрова, Е.В. Иванова, Н.Н. Кислицина, Е.М. Пылаева және т.б.; сондай-ақ отандық лингвистика ғылымының: Қ.Ө. Есенова, Б.А. Ахатова, К.Қ. Садирова, Г.Г. Бүркітбаева, Ә. Қайдар, Г. Сағидолла, Г. Абылова, М. Малбақов, Н. Уәлиұлы, Д. Әлкебаева, Қ.С. Дүсіпбаева, А.Б. Әмірбекова секілді зерттеуші-ғалымдарының теориялық еңбектеріне сүйене отырып жаздық.

Зерттеу жұмысы бойынша ұсынылатын тұжырымдар:

1. Экологиялық дискурс – экологиялық тақырыбында қарым-қатынас түзу жағдаятына сәйкес түрлі функционалдық стиль және жанрлардағы ауызша және жазбаша мәтіндер жиынтығын құрайды. Экологиялық дискурстың негізгі концептілері және тақырыбы табиғат пен қоршаған орта жағдайы.

2. Функционалды-стильдік түрлену тұрғысында ғылыми, ақпараттық (медиялық), көркем-әдеби және діни-уағыздаушылық экологиялық дискурс түрлерін анықтауға болады.

3. Экологиялық дискурс тілі жалпы қолданыстағы, жалпы ғылыми және арнайы салалық лексика негізінде сипатталынады. Бұл экологиялық терминологияның химия, ауыл шаруашылығы, метеорология, медицина, физика, биология ғылым салалары терминдерімен ұштаса, тығыз байланыста түзілетінін, яғни пәнаралық байланысын көрсетеді.

4. Экологиялық терминдер құрылымы жағынан жай, күрделі, терминологиялық тіркестер және қысқату немесе аббревиатуралар болып жіктеледі. Құрылымдық жіктелу бойынша экологиялық терминдерге семантикалық талдау, яғни күрделі терминдердің префикс, жұрнақ, жалғау арқылы жасалу жолдары, терминдік тіркестердің өзара тіркесу немесе байланысу тәсілдері анықталады.

5. Ғылыми және ақпараттық функционалды-стиль жанрындағы ауызша/ жазбаша экологиялық дискурстардың түзілуіне негізгі әсер етуші факторлар экономикалық және саяси мәселелер болып табылады. Бұл тұжырымдама, тұрақты даму үштігіне: экономикалық, экологиялық және саяси-әлеуметтік тұрақтылық теориясына сәйкес келеді.

6. Ауызша немесе жазбаша түрдегі ғылыми және ақпараттық экологиялық дискурстар адресанттың немесе автордың мақсаты негізінде қолданылған стратегияларына байланысты: экологиялық мәселені сипаттау; әсер етуші факторларды көрсету; апаттың салдарлары немесе зардаптарын мысалдар арқылы нақты фактілерге сүйене отырып дәлелдеп жариялау; жүргізіліп жатқан іс-шаралардың пайдасы мен зиянын, өнімділігін сыни талдап, баяндау және күтілетін іс әрекеттер немесе қарапайым адамдардың арман-тілегін, мұңы мен зарын баршаға немесе эколог мамандарына хабарлау секілді басты идеяларды қамтитын бөлімдерден құралады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Аталмыш диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Бірінші тарау «Дискурс теориясының негізгі қағидалары» деп аталады.

Лингвистикадағы «дискурс» ұғымы және дискурс типологиясының мәселелері. Заманауи лингвистика «мәтін» ұғымымен шектеліп қалмай, сөйлесімді жан-жақты басқа ғылымдармен салғастыра отырып, зерттеуді талап етеді. Яғни, мәтінге дәстүрлі лингвистикалық талдау жасау мәтінді мәдени және әлеуметтік тұрғыда қарастырмай, оны тек лингвистика аясында зерттейді. Сонымен қатар, лингвистикалық талдау жасауға алынған мәтінге тек аударма жасау үдерісінде қолданылатын аналитикалық әдістерді пайдалану мүмкін емес.

Қазіргі таңда тілдік құбылыс, сөйлеу актілерін дискурстық тұжырыммен немесе аса күрделі көзқараста зерттеу әлемдік лингвистикада кең өріс алуда. Дискурс теориясы және дискурстық талдау үдерісі лингвистика және филология ғылымдарынан бастау алады. Бұл тұжырым тек тіл білімі саласында ғана емес, басқа да ғылым салаларында кеңінен тарады. Дискурс сөзінің түпкі мағынасы астарлы қалып, саралана келе қарама-қарсы мағынада қолданылатын сөздер қатарына жатады. Қазақ тіл біліміне бұл термин лингвистика және философия ғылымы зерттеушілерінің еңбектері арқылы енді.

Лингвисттер дискурс ұғымы және дискурс-мәтін ара қатынасын, айырмашылықтарын басты назарға алса, қазіргі кезде олардың зерттеу бағыты дискурстың топтастырылуының түрлі ұстанымдарына сүйене отырып, түрлерін анықтау болып отыр.

Дискурс (лат. discursus - сөз, баяндау, әңгімелесу, сөйлеу) кең мағынада күрделі коммуникативтік құбылыс, сөйлеу немесе тілдік қатынастың бірегейлігін және экстралингивстикалық факторларды қамтиды [1]. Экстралингвистикалық факторларға адамның дүниетанымы, көзқарасы; адресаттың мақсатын, іс-әрекетін жатқызамыз. Аталған факторлар коммуникацияға қатысушылар және олардың ұстанымдары мен мақсат міндеттері туралы жалпы мәлімет беріп, мәтінді түсінуге негіз болады.

«Дискурс» түсінігі лингвистика, антропология, әдебиеттану, этнография, әлеуметтану, әлеуметтік лингвистика, философия, психология, когнитивті лингвистика және т.б. ғылымдар тоғысында дамыды [2]. Бүгінгі күні аталмыш ғылым салаларының зерттеуші-ғалымдарының зор еңбектерінің нәтижесінде, дискурс теориясы заманауи ғылымға беталыста жалпы тенденция тұрғысындағы жеке пәнаралық сала ретінде қалыптасты.

Лингвистика ғылымында дискурсты теориялық және практикалық тұрғыда талдау XX ғасырдың 60-70 жылдары белең алды. Дискурс және оны талдау әдістерін егжей-тегжейлі зерттеген шетел зерттеуші, ғалымдары неміс дәстүрлі мектеп өкілдері П. Хартман, П. Вундерлих; дискурсты әлеуметтік лингвистикалық қарым-қатынас тұрғысынан зерттеген американдық мектеп өкілдері Э. Щеглов, Г. Закс және т.б.; француз постструктуралисттер мектебінің өкілдері Ж. Дюбуа, А. Греймас, М. Фуко, П. Серио және т.б.мәтінді логикалық, семантикалық сипаттау арқылы дискурсқа талдау жасады. Ал, Р. Водак, Т.А. ван Дейк секілді чех дәстүрлі мектебінің өкілдері дискурсқа идеологиялық, сыни талдау жасап, жалпы дискурс табиғатын зерттеуде көптеген еңбектер жазды.

Дискурс ұғымына анықтамалар беріп, оның түрлерін белгілеген және дискурстық талдау теориясын зерттеген Ресей зерттеуші, ғалымдары: М.Л. Макаров, А.Е. Кибрик, В.В. Красных, Н.Д. Арутюнова, В.З. Демьянков, Л.С. Выготский, В.Е. Черняевская, И.С. Виноградов, Т. Милевская және т.б..

Т.А. ван Дейктің идеясын жетілдіре отырып, В.В. Красных дискурсты лингвистикалық және экстралингвистикалық параметрлері есепке алынған үдерістердің өзіндік даму ерекшелігі және нәтижесі [3] деп тұжырымдайды. Сондай-ақ, В.В. Петров және Ю.Н. Караулов адамның дүниетанымы, ой-пікірі, мақсаты секілді экстралингвистикалық факторлардың дискурстағы күрделі коммуникативті құбылыстарды түсінуде маңызы зор екендігін атап көрсетті.

Ресейлік тіл білімінің зерттеушісі В.Е. Черняевская дискурсты жағдаяттық контекстпен тығыз байланысты алынған мәтіндерді қамтитын кешенді қатысымдық-сөзжұмсамдық процесс [4] деп таниды. Мұндағы әлеуметтік контекст шеңберіне мәдени-тарихи, идеологиялық, әлеуметтік, психологиялық факторлар, автордың коммуникативтік-прагматикалық және когнитивтік ұстанымдар жүйесі жатады. Бұл ұғымдар тілдік бірліктерді мәтінге айналдыру барысында белгілі бір реттілік пен жүйеліліктің сақталуына негіз болады.

Дискурстың тек лингвистикалық қырынан ғана танылмайтындығын, оның экстралингвистикалық, әлеуметтік сипатын қоса қарастыруды негізге алып талдаған отандық зерттеуші, ғалымдар: Н. Уәли, Г.Г. Бүркітбаева, З.Ш. Ерназарова, Г. Әзімжанова, Ж.М. Кеншінбаева, Д. Әлкебаева, Қ.Ө. Есенова, А.Е. Саденова, Б. С. Жұмағұлова, К.Қ. Садирова, Б.А. Ахатова және т.б..

Отандық зерттеушілердің бірі Қ.Ө. Есенова: «Дискурс ұғымы белгілі бір мәтіннің жасалу барысымен байланысты түсінілетін күрделі қатысымдық құбылыс қана емес, сонымен бірге көптеген экстралингвистикалық факторларды қоса қамтитын құбылыс. Ондай факторларға ғалам, дүние, әлем жөніндегі білімдер жүйесі, дискурстық мәтінді жасаушы ниеттері, нақты мақсаты, ұстанымдары жататыны мәлім» [5] деп тұжырымдай отырып, дискурс мәселесін арнайы және қосымша зерттеу нысаны ретінде қарастырған.

Дискурс, коммуникация және іс-әрекеттің өзара байланысы арқылы Б.А. Ахатова: «дискурс – коммуникативті әрекеттің жазбаша немесе тілдік вербалды өнімі. «Дискурс» актуалды тілдік әрекетпен, ал «мәтін» тіл жүйесімен тығыз байланысты. Дискурс әрқашан нақты жағдайда белгілі бір контексттегі нақты нысандармен ұштасады» [6] деп дискурс-мәтін арақатынасын айқындайды.



Экологиялық дискурсты зерттеудің теориялық және құрылымдық аспектілері. Адам баласы өсіп-жетілу, дамуының алғашқы сатысынан бастап-ақ табиғатпен тығыз байланысты. Сондай-ақ, адам оның өсімдіктер және жануарлар әлеміне, табиғи ресурстарына тәуелді және өмір сүру ортасының ерекшеліктерімен, яғни жергілікті тірі ағзалардың тіршілік ету ережелеріне бағынуына тура келеді. Уақыт өте қоршаған орта туралы ежелгі адамның түсінігі экологиялық білімнің жинақталу көзі болып табылады.

Э. Геккель экологияны биологиялық ғылымдар және биологиялық ағзалардың тіршілігін зерттеумен айналысатын табиғат туралы ғылымдарға жатқызды. Дербес ғылым ретінде экология ХХ ғасырдың басында құрылды. Бұл кезеңге дейін экологиялық дискурс биологиялық ғылым аясында дамыды.

Жалпы мағынада экология – тірі ағзалардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасын және олардың тұрғылықты қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым.

Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуына орай айналадағы қоршаған орта елеулі өзгерістерге ұшырап отырады. Мұның өзі барлық тіршілік иелеріне әсер ететін қолайсыз факторлармен, яғни ортаның ластануымен және кейбір табиғи ресурстардың сарқыла бастауына әкеп соқтырады. Қоршаған ортаның ластануы, жер мен судың қалыпты жағдайдан едәуір ауытқып, өзгеруі адамзат өміріне, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіне, бүкіл табиғат ресурстарының жай-күйіне елеулі нұқсан келтіретіні айқын.

Айналадағы табиғи ортаны қорғау, яғни экология мәселелері бүгінгі таңда жер бетіндегі бүкіл адамзатты толғандырып отыр. Оның бүгінгі заманғы негізгі мәселелердің санатында орын алуы көптеген жаңа ғылым салаларының мәселен лингвистикалық, психологиялық, экономика, құқық экологиясы және т.б. пайда болып, экологиялық мәселелерді шешуде өз үлестерін қосуының нәтижесі. Сол секілді экологиялық лингвистика ғылым саласының негізгі мақсат-міндеті – тілді қарым-қатынас, хабарлаушы, бейнелуіш-сипаттау құралы ретінде пайдалана отырып, табиғатты қорғау жөніндегі іс-әрекетімізді жандандырып, ұлғайта түсу, сондай-ақ қоғам және адамзат үшін қолайсыз, зардапты өзгерістерді барынша болдырмау және алдын алу шараларын ұйымдастыру болып табылады.

Қазіргі таңда экологиялық дискурсты, негізгі экологиялық мәселе көтерілген сала бағытына байланысты бірнеше аспектілерде зерттеуге болады:

а) мәдени және тарихи тұрғыда үздіксіздік шарттары және экологиялық байланыстардың таризи түсінікте өзгеруі қарастырылады;

ә) жаратылыстану ғылымы көзқарасында тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасының заңдылықтарының мәселелері негізге алынады;

б) философиялық тұрғыдан экологиялық ой пікірдің ерекшеліктері зеттелінеді;

в) эстетика жағынан экологиялық қарым-қатынастың қабылдануы зерделенеді;

г) әлеуметтік-саяси тұрғыда экологиялық білім негізінде жаңа әлеуметтік көзқарастың даму шарттары турасында мәселелер қарастырылады;

д) әдеп-ғұрыптық көзқараста тәжірибелік дискурстардағы тұлғаның тәртібі және адамның қоршаған ортамен ұжымдық қарым – қатынасын зерттейді.

Экологиялық тақырыпта қарым-қатынас түзетін көптеген ауызша және жазбаша мәтіндер құрайтын экологиялық дискурс эколингвистиканың зерттеу нысаны болып табылады. Эколингвистика ХХ ғасырда пайда болған экология және лингвистика ғылымдарын біріктіретін тіл білімінің жаңа саласы.

Функционалдық стильді саралау тұрғысынан экологиялық дискурстың келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

1. ғылыми дискурс, экологтар құрған ғылыми мақалалар, зерттеулер және өзге де мәтіндерді қамтиды;

2. ақпараттық дискурс, баспасөз, телеарна, радио және интернет желілері арқылы таратылатын, сондай-ақ тілшілер түзетін мәтіндерді қарастырады;

3. діни-уағыздаушылық дискурс, ауызша және жазбаша мәтіндердің діни қарым-қатынас құрамдас бөліктерінің жиынтығы;

4. көркем-әдеби дискурс, көркем әдебиет шығармаларын қамтиды.

Диссертацияның екінші тарауы «Экологиялық дискурстың лингвистикалық аспектілері және аударылу тәсілдері» деп аталады.

Экологиялық дискурс лексемасының жалпы сипаттамасы және құрылымдық-семантикалық жіктелуі. ХХ ғасырдың соңында ғылым мен техниканың қарқынды дамуы экологиялық тепе-теңдіктің, табиғи құбылыстардың және жер планетасының атмосфера қабатындағы процестердің бұзылуына, сондай-ақ қоршаған орта ластануының жаһандық мәселеге айналуына әкеп соқтырды. Осының нәтижесінде аталмыш үдерістерді және олармен күресу жолдарының аталымын білдіретін, сипаттайтын жаңа ұғымдар мен терминдер пайда болды. Экологиялық лексика негізінде түрлі функционалды стильдерде экологиялық дискурс түзіледі және оның лингвистикалық аспектілері анықталып, зерделенеді.

Экологиялық терминдердің қалыптасуы және қолданысы экология ғылымының қалыптасып дамуына тікелей байланысты, тіпті тәуелді десек те болады. Экологиялық терминология саласының қалыптасуын лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларды қамтитын үш даму кезеңдерінде қарастыруға болады. Бұл экология ғылымының даму тарихы зерттеулерінің, атап айтқанда Р. Виттих, Б. Штрайт, Л. Трепль, И. Дюдо секілді ғалымдар еңбектерінің негізінде тұжырымдалады.

ХХ ғасырдың 40-50 жылдары «экология» ғылымының зерттеу аясы кеңейе түсті. Экология ғылымы тек адам және басқа да тірі ағзалар мен олардың тіршілік ортасының өзара байланысын, әрекеттесуін зерттеп қана қоймай, сондай-ақ табиғат құрылымы, жер шарыныңбарлық қабаттарының тіршідік әрекеті, біртұтастығының сақталуының ғылыми зерделенуін қамтиды. Экология – география, биология, химия, физика, медицина, метеорология және т.б. ғылым салаларының тоғысында жан-жақты дамиды. Бұл ғылыми пән ретінде экологияның пәнаралық сипатын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет