Мінездеме
Жеңіс Рита Айболатқызы 1994жылы 23-ақпан Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарший ауылында дүниеге келді.
2001 жылы Бәшенкөл ауылының мектеп табалдырығын аттап, 2011 жылы мектепті бітіріп шықты. 2011- жылы Ақтобе гуманитарлық пед колледжіне «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша оқуға түсіп осы колледжде 3-жыл оқып, 2014 жылы бітіріп шықты.
2018 жылдың қаңтар айында Сарыкөл ауылы «Алақай» балабақшасына тәрбиеші болып жұмысқа қабылданды. Осы «Алақай» балабақшасын да тәрбиеші қызметін атқарғанына 3-жыл болды. Ритаға балалармен жұмыс жасаған ұнайды әрі қызықты мамандық деп есептейді. Ол балаларды жақсы көреді және әрдайым қандай да бір жаңа нәрселер күтеді. Ол балалармен бірге өмір сүріп, табыстарына, жеткен жетістіктеріне қуанады.
Осы 3 -жыл ішінде жеткен жетістіктері де аз емес. Мамандығы бойынша сайыстарға қатысып жүлделі орындар алды, түрлі семинарларға қатысып әріптестерінен іс-тәжірибе де жинауда. Мәдениет үйінің ұйымдастырып жатқан түрлі сайыстарына, қашықтықтан ұйымдастырылған байқаулар, «ПОНИ», «ҮРКЕР» зияткерлік және т.б көптеген сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Осы білім саласы бойынша ұйымдастырылып жатқан түрлі іс-шараларға ат салысып келеді. Сонымен қатар балабақшаның түрлі қоғамдық жұмыстарына қатысады. Қазіргі таңда бір бала тәрбиелеуде. Ританың мінезі жай, балалармен қарым-қатынасы жақсы. Болашақта жақсы тәрбиеші болады деген ойдамын. Рита Айболатқызының еңбегін елей отырып Облыстық кәсіподақ марапатына ұсынғым келеді.
«Алақай»балабақшасының меңгерушісі: М.Б.Маханова
Достарыңызбен бөлісу: |