Жеңіспен оралған шәкірт



Дата04.07.2016
өлшемі99.85 Kb.
#178605
Жеңіспен оралған шәкірт

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2012 жылдың 4-8 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша   Халықаралық ғылыми жарыстарын өткізді.

Жарыстың мақсаты - ғарыштық технологиялар, астрофизика және модельдеу, Космос және Жер туралы ғылым саласындағы қолданбалы зерттеулерге оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін ынталандыру болып табылады.  Ақтөбе  облысының    құрама командасында   біздің ауданның  И.Білтабанов  атындағы  орта мектебінің  11класс  оқушысы  Драбовский  Олег болды.  Олегтің  жұмысының  тақырыбы: «Закон  Вант Гоффе. Изучение осмотического давления».  Ұстазы  Драбовский Сергей Григорьевичпен бірге  жасаған   ғылыми зерттеу  жұмысы  биылғы жылы өзінің  жемісін берді.   Облыстық  ғылыми  жоба  жарысында  бірінші  орын, енді міне  халықаралық  ғылыми жарыста  да бірінші орынға ие болып келіп отыр.  Олег  ҚР Білім және Ғылым Министрінің  дипломымен  марапатталды. Білім жолында  әрдайым талмай ізденіп,  шәкірт  жүрегіне білім нәрін сепкен ұстаз Драбовский Сергей Григорьевичке  және аудан, облыс, республика намысын     қорғаған    11 класс  оқушысы  Драбовский Олегке  алғысымыз  шексіз. 

Жарыс жұмысы В.Н Челомей атындағы Халықаралық ғарыш мектебінде «Ғарыштық техника және инфрақұрылым», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және үлгілендіру», «Ғарыштық қызмет және экология», «Астрофизика және ғаламдық эволюция», «Күн жүйесі» атты 5 секция бойынша өткізілді.  

Сонымен қатар жарыстың бағдарламасына сәйкес Байқоңыр ғарыш алаңы мұражайына, «Боран» орбиталдық кемесіне, академик С.П.Королевтың мемориалдық, тұңғыш Жер планетасының ғарышкері Ю.А.Гагариннің мемориалдық үйлеріне және Байқоңыр қаласының мемориалдық және тарихи жерлеріне саяхат: қалалық ғарышкерлер мұражайына, «СОЮЗ» ғарыш тасығыш-зымыран; континентаралық балистикалық әскери зымыран; «Аполлон-Союз» кеңес-американ ғарышқа ұшуына қойылған «Ғарыш-Ғылымға»; қаза тапқан зымыран-сынаушылар; академиктер Королев, Янгель, Челомей, Глушко, Бармин, Рязанский, Кузнецов монументтеріне  және Қорқыт ата монументіне саяхат жасалды.



Главное меню



  • Главная

  • Положение об отделе

  • Новости

  • Государственные закупки

  • Сотрудники отдела

  • Карта района

  • Контакты



Қобда ауданы бойынша 2013 жылғы мектеп бітірушілердің ұлттық бірыңғай тестілеуін өткізуді ұйымдастыру туралы

Қобда ауданы бойынша 2012-2013 оқу жылын 20 жалпы білім беретін мектептегі 244 түлек аяқтауда. Оның ішінде 195 оқушы – қазақ тілді, 49-ы орыс тілді. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пунктінде ағымдағы жылдың 10 наурызынан бастап, ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниетті түлектердің өтініштері қабылдануда. Қазіргі таңда, 141 түлек өтініш берді. Өтініштерді қабылдау мерзімі 25-ші сәуірге дейін жалғасады.

ҰБТ-ға дайындау мақсатында 2012 жылғы қазан - 2013 жылғы сәуір айлары аралығында аудан бойынша 8 сынама тестілеу ұйымдастырылып, өткізілді.

Ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер, жұртшылық арасында ҰБТ-ға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

ҰБТ-ға дайындық жұмыстары шеңберінде 10 аудитория дайындалды. Барлығында оқушыларға жағдай жасау мақсатында ауа баптағыш (кондиционер) орнатылған. 8 аудиторияда бейнебақылау камералары қондырылған (маркасы: High Resolution Mini Dome Camera SCD-2010/2030), 2 бейнебақылау камералары қосымша алынады. 2 дана ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыратын құралдары қолданылады (маркасы: qualitassured firm iso 9002).

Ағымдағы жылы негізгі пәндерден білім сапасын арттыру бағытында аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша пән мұғалімдерінің қатысуымен ақпан, наурыз, сәуір айларында тәжірибе алмасу семинарлары ұйымдастырылып, өткізілді.

Түлектерді ҰБТ өткізу орнына және кері қарай жеткізу, тамақтандыру, жатын орындарын дайындау шаралары Қобда аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан шешіледі.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтын алдын алу мен қылмысты ескерту жөніндегі көшпелі комиссияның отырысы туралы


Ақпан айында (07.02.2013ж) Калиновка ОМ базасында Қобда аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтын алдын алу мен қылмысты ескерту жөніндегі көшпелі комиссияның отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің ақпараттық талдау бөлімінің жетекші маманы Вольф Н.И., аудандық ІІБ КТІЖ инспекторы Шудабаев С.Н., аудандық БДШжСБ бас маманы Қаири Р.А., аудандық БДШжСБ әдіскері Абилкалиева А.Б., Жарық МБ, Өтек МБ, Құрсай ОМ, Калиновка ОМ, Бегалы ОМ, И.Құрманов ат.ОМ директорлары, тәрбие ісінің меңгерушілері, әлеуметтік педагогтары мен психологтары қатысты. Жоғарыда аталған мектептер жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және алдын - алу, есірткі және психотропты заттарды, алкогольдік ішімдіктерді пайдаланатын кәмелетке толмағандарды анықтау, сондай-ақ жасөспірімдерді қоғамға қарсы іс-қимылдар жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау, кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктер мен темекі сату фактілерін, сабақтан жалтарған жасөспірімдерді анықтау жөнінде және қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуде атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Аудандық БДШжСБ бас маманы Қаири Р.А. ауданның білім беру мекемелерінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтын алдын алу жұмыстары бойынша құжаттаманың жүргізілуі туралы ақпарат және  ІІБ КТІЖ инспекторы Шудабаев С.Н аудандық  ІІБ есепте тұрған кәмелетке толмағандармен жүргізілетін жұмыстары туралы ақпарат берілді. Отырыс қатысушылары өз пікірлерін ортаға салып, талқылады.



«Ең үздік мектеп аспазшысы» байқауы

Қобда  ауданы  мектептері арасында 2013 жылдың 16 қаңтарында Қобда  қазақ  орта  мектебінің  базасында  аудандық  «Ең үздік мектеп аспазшысы» байқауы өткізілді. Байқауға 22 мектеп  аспазшысы  қатынасты.

Байқаудың  мақсаты: Мектеп  аспазшыларының  кәсіптік  деңгейін  көтеру, ас дайындау кезінде жаңа технологиялық әдістерді қолдана білуге, өз жұмысында шығармашылықпен  жұмыс жасауға жетелеу.

Мектеп аспазшылары  байқау ережесіне сай  4 критерий бойынша сайысқа түсті. Дастархан мәзірін жасау, дайын тағамдарды көркемдеу, ас ішетін құралдарды дұрыс пайдалану, санитарлық талаптардың сақталуы, жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуы, дастархан басындағы этикет сақтау, байқауға дайындалған тағамдардың технологиясын жақсы білу, тағам дайындау кезінде жаңа технологиялық әдістерді енгізу талаптары қойылды.



1номинация  бойынша «Салқын тағам», 2 номинация бойынша «Ыстық тағам» әзірленді. Аспазшылар  тағамдардың дайындалуы туралы критерийдің талаптарына  сәйкес қорғады. Барлық мектеп аспазшылары байқау  талаптын  орындады. Дайын  тағамдар  сапасына  қарай  бағаланды. Қобда орыс орта мектебі, Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп, Бегалы орта мектебі, Қобда мектеп балабақша комплексі, Бестау мектеп балабақшасының аспазшыларының дайындаған тағамдары өте жоғары баға алды.

«Десерттік  тағамдар»  номинациясында  С дәрумендерін,  жалпы дәрумендерді  мектеп  оқушыларын  тамақтандыру кезінде  тиімді қолдана білу  талабы  қойылды.  Мектеп  аспазшылары  арасынан  десерттік  тағам дайындау  шеберліктерімен  Бегалы орта мектебі,  Әлия  Молдағұлова  атындағы  орта  мектебі, Қобда  орыс  орта  мектебі, Бестау  орта  мектебі  аспазшылары  алда болды.

Әлия Молдағұлова  атындағы  орта  аспазшысы «Аспазшы»  мамандығы  туралы  шығармашылық  жұмысқа   өте жақсы  дайындықпен  келді.

Аудандық  «Ең  үздік  мектеп  аспазшысы»  байқауының  комиссия мүшелерінің  шешімі  бойынша:

«Бас жүлде» -   Жұмалиева Қ.Б. -  Бегалы орта мектебі
               1 орын  -  Минеева С.А.  -  Бестау орта мектебі
               2 орын  -  Қосниязова А.К. - Қобда орыс орта мектебі
               3 орын  -  Мұхамбетқалиева Н.Ж.  Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп  аспазшылары  иеленді.

Байқау жеңімпаздары мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқауға  қатынасқан  аспазшыларға сертификат берілді.



«Балапан» бағдарламасы

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуды қамтамасыз етудің 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік «Балапан» бағдарламасын  жүзеге асыру мақсатында Қобда аудандық білім бөлімі бойынша  мектепке дейінгі  ұйымдар желісін дамытуда бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

Қазіргі таңда ауданда 20 мектепке дейінгі ұйым: 11 балабақша,9 мектеп-балабақша  жұмыс жасайды.
Аудан бойынша 0 мен 7 жас аралығында мектепке дейінгі  жастағы  балалар саны-2368. Мектепке дейінгі ұйымдарда ғы  тәрбиеленушілер   контингенті-937.Балабақша мен шағын орталықтармен қамту -98,6 пайызды құрайды.

2012 жылы «Шұғыла»  мен «Балдырған» балабақшаларында 100 орынға кеңейту жоспарланып, жүзеге асыруда « Шұғыла» балабақшасын 50 орынға қосымша кеңейту іс-шаралары жүргізілді. Мектепке дейінгі мекемелердің кеңейтілуіне байланысты «Шұғыла» балабақшасында 6 адам жұмыспен қамтылды. «Көркейе  бер, туған жер» акциясы бойынша ауданымызда 200 млн теңгеге 150 орындық балабақша құрылысы басталып кетті. Демеушісі: «Алтын Қыран» корпоративті халықаралық қайырымдылық қоры, президенті И.Т. Салжанов.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу  және оқытуды қамтамасыз етудің 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру, жаңа мемлекеттік стандарты  мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін еңгізу, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің  алдында жаңа міндеттер жүктейді.

Қобда аудандық білім бөлімі осы сұрақтарды үнемі өз бақылауында ұстайды.




«Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалуы туралы


«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 24 желтоқсандағы Заңын және «Дипломмен - ауылға» жобасының Медиа-жоспарын іске асыру мақсатында Қобда аудандық білім бөлімі бойынша 2012-2013 оқу жылында Медиа-жоспар жаңартылып, жас мамандардың  ауылдық жерге тұрақтануын  қамтамасыз ету іс-шаралары жасалынып, жоспарлы түрде іске асырылуда. 2012-2013 оқу жылына маман кадрлар сұранысы 15 маманды құраған болатын. Ауданның жалпы білім беретін мектептеріндегі кадрларға сұранысты жабу мақсатында аудандық білім бөлімі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтымен және гуманитарлық колледжбен тығыз байланыста жұмыс жасап, әр мамандық бойынша бітіретін түлектермен өткізген үгіт-насихат жұмыстары нәтижесінде ауданға 2012-2013 оқу жылында жолдамамен келген 28 жас маман жұмысқа орналастырылды.Олардың 14-ті арнаулы,14-ті жоғарғы оқу орнынан жолдамамен келген.Қазіргі таңда барлық жас мамандар ауданның жалпы білім беретін мектептеріне мамандықтары бойынша орналастырылып, толық сағат жүктемесімен қамтамасыз етіліп отыр. Дегенмен, қажетті мамандардың жеткіліксіз келуіне байланысты  аудан мектептеріне жаңа оқу жылы басында математика (2), орыс тілі мен әдебиеті (2),ағылшын тілі (3), бастауыш сынып  мамандықтары бойынша (1) т.б. пәндер бойынша мұғалімдерге қажеттілік жабылмай қалды.Сондықтан,ол сағат жүктемелері зейнеткерлікке шыққан мұғалімдерге,мектептегі мұғалімдерге қосымша бөлініп берілді. Соңғы жылдары аса қажет мамандықтар(математика,ағылшын тілі) бойынша педагогикалық институттың соңғы курсының 4 студенттерін  жұмысқа тартып,кейіннен сол жерде жұмыста қалдырылу әдісі қолданылып келеді.


Спорт жаңалықтары


Қобда аудандық білім, дене шынықтыру    және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2013 жылдың қаңтар айының 25 күні Қобда ауылында аудандық оқушылар арасында қысқы Президенттік көпсайыс және шаңғы жарысы өткізілді. Жарысқа 21 команда 250 оқушы қатысты.

Қысқы Президенттік көпсайыстан 16-17 жас аралығындағы ұлдар арасында 1-орынды Э.Пеливан (Қобда ООМ), 2-орын Г.Мыц (Қобда ООМ), 3-орын Д.Бузенков (Білтабанов МБ), қыздар арасында 1-орын А.Ноздрачева (Қобда ООМ), 2-орын А.Егінбай (Қобда ООМ), 3-орын А.Абашева (Қобда ҚОМ) жеңіп алды. 14-15 жас аралығындағы ұлдар арасында 1-орын А.Бимашев (Қобда ҚОМ), 2-орын Б.Жетыбаев (Қобда ҚОМ), 3-орын О.Лата (Қобда ООМ) жеңіп алды. Командалық есепте 1-орын Қобда орыс орта мектебі, 2-орын Қобда қазақ орта мектебі, 3-орын Калиновка орта мектебі жеңіп алды.

Шаңғы жарысынан ұлдар арасында 1-орын Э.Пеливан (Қобда ООМ), 2-орын Б.Жетыбаев (Қобда ҚОМ), 3-орын Г.Мыц (Қобда ООМ), қыздар арасында 1-орын М.Мыц (Қобда ООМ), 2-орын А.Вагнер (Қобда ООМ), 3-орын А.Ноздрачева (Қобда ООМ) жеңіп алды. Командалық есепте 1-орын Қобда орыс орта мектебі, 2-орын Қобда қазақ орта мектебі, 3-орын Пятигорск мектеп-балабақшасы жеңіп алды.  Осы команда 2013 жылдың ақпан айының 13-15 күндері аралғында Облыстық оқушылар арасындағы Спартакиадасында шаңғы жарысынан командалық есепте екінші орынды жеңіп алды.

Жеңімпаздарға медальдар және мақтау қағаздары табыс етілді.

Қобда аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2013 жылдың ақпан айының 1 күні Қобда орыс орта мектебінің  базасында жеті салмақ дәрежесі бойынша аудандық оқушылар арасында гір көтеруден жарыс өткізілді. Жарысқа 22 команда - 151 оқушы қатысты.



55 кг салмақ дәрежесі бойынша 1-орын А.Ерғали (Жиренқопа ОМ), 2-орын А.Бисембаев (Терісаққан ОМ), 3-орын Е.Шрайнер (Білтабанов МБ), 60 кг бойынша 1-орын А.Өмірзақов (Пятигорск МБ), 2-орын А.Есимбек (Терісаққан ОМ), 3-орын М.Жағыпаров (Қобда ҚОМ), 65 кг бойныша 1-орын Д.Бузенков (Білтабанов МБ), 2-орын А.Салимов (Құрсай ОМ), 3-орын С.Алпамысов (Қобда ҚОМ), 70 кг бойынша 1-орын Б.Құттығұл (Әлия ОМ), 2-орын Ж.Самат (Жиренқопа ОМ), 3-орын О.Драбовский (Білтабанов МБ), 75 кг бойынша 1-орын М.Бузенков (Білтабанов МБ), 2-орын Н.Есениязов (Құрсай ОМ), 3-орын А.Молосилко (Терісаққан ОМ), 80 кг бойынша 1-орын А.Жолдыбай (Жиренқопа ОМ), 2-орын Д.Буркутов (Қобда ҚОМ), 3-орын Е.Танибергенов (Калиновка ОМ), 80 кг-нан жоғары салмақ дәрежесі бойынша 1-орынды  Ж.Кравец (Қобда ООМ), 2-орын М.Хмелевский (Калиновка ОМ), 3-орынды К.Хайролла (Терісаққан ОМ) жеңіп алды. Командалық есепте 1-орынды Қобда қазақ орта мектебі, 2-орынды Терісаққан орта мектебі, 3-орынды Калиновка орта мектебі жеңіп алды.

Жеңімпаздарға медальдар және мақтау қағаздары табыс етілді. Жүлдегерлер сәуір айында облыстық оқушылар арасындағы гір көтеру жарысына қатысады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет