«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)



Pdf көрінісі
бет128/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

Сабақтың барысы 
1. Кіріспе (2 минутқа дейін): талқылау, жас шектеулері және олар қайда қолданылады. 
Танымал сайттар мен қосымшалардағы жас шектеулерінің мысалдары (презентацияда). 
Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы және интернет желісінің кең таралуы 
адамдарға қарым-қатынас пен даму үшін үлкен мүмкіндіктер береді.
Мектеп оқушыларына сынып сағатының ұсынылған тақырыбының өзектілігін 
көрсетуге бағытталған балалар сауалнамасы: 
✓ интернетті күнделікті қолданатындар қолдарыңызды көтеріңіздер; 
✓ әлеуметтік желілерде тіркелген балалар қолымызды көтереміз; 
✓ интернетте өздері туралы ақпарат қалдырған адамдар қолымызды көтереміз, 
мысалы: аты-жөні, туған күні, телефон нөмірі, фотосуреттер және т.б. 
2. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін) 
- Жас шектеулерін енгізу себептерін талқылау (қажетсіз мазмұннан қорғау, жеке 
қауіпсіздікті сақтау). 
- Жас шектеулерін бұзудың жағымсыз салдарының мысалдары (кибербуллинг, орынсыз 
контентті қарау). 
Педагог балаларға сауалнама жүргізеді: сіздердің біреулеріңіз интернетте осындай 
жағдайларға тап болдыңыздар ма және қалай әрекет еттіңіздер? 
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! 
1. Ең алдымен, интернеттегі өзіңіз туралы ақпарат көлемін шектеу керек. 
!!! 
Артық фотосуреттерді, бейнелерді, мекенжайларды, телефон 
нөмірлерін, туған күн, туыстар мен жақындар туралы мәліметтерді 
жойыңыз.
 
2. Интернетте танысқан және оларды нақты өмірде білмейтін адамдарға бейнелер мен 
фотосуреттер жібермеңіз. 
3. Әртүрлі есептік жазбалар мен қызметтер үшін әртүрлі құпия сөздерді ғана 
қолданыңыз. 
4. Құпия сөздерді жиі өзгертуге тырысыңыз. 
5. Үйдегі компьютерлерде вирустар бар-жоғын жүйелі түрде тексеріңіз. 
6. Маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасаңыз. 
3. Қорытынды 
Сабақты қорытындылау 
Карточкалар
1. Жеке ақпаратты қалай дұрыс басқаруға болады? 
2. Оны кімге және қандай көлемде беруге болады? 
Жадынама. Жас шектеулерін сақтау және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық 
бойынша кеңестер. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет