Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру” мемлекеттік қызметінің регламенті



Дата04.07.2016
өлшемі93.55 Kb.
#178582





Качир ауданы әкімдігінің

2012 жылғы 20 қарашадағы

№ 446/16 қаулысымен

бекітілген



Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру”



мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер


1.пОсы “Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 қаулысымен бекітілген “Жеке қосалқы шаруашы-лықтың болуы туралы анықтама беру” стандарты (әрі қарай- Стандарт) сәйкес дайындалды.

2. Мемлекеттік қызмет Качир ауданы ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары мемлекеттік мекемелерімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша демалыс пен мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін ұсынылады.

Сондай-ақ балама негізінде Тереңкөл ауылы, Тургенев көшесі, 85а мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ұсынылады (әрі қарай-орталық).

3. 1Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны –автоматтандырылмаған.

4.1Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама (қағаз жеткізгіште) не мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты уәкілетті орган ғимаратында, орталықта орналасқан стенттерден алуға болады.

6. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Качир ауданы әкімдігі ресми сайтында www.terenkol.pavlodar.gov.kz. орналасқан.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекет (өзара әрекеттілік) реттілігінің сипаттамасы
7.1Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет өтініш берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

2) өтініш беруші өтініш берген күні көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің ең жоғары шекті уақыты – 10 (он) минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең жоғары шекті уақыты – 10 (он) минуттан аспайды .

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Стандарттың 16-тармағында қарастырылған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі

іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзі, немесе сенімхат негізінде әрекет ететін сенімді өкіл келгенде ұсынылады.

11. Мемлекеттік қызмет алу үшін стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.

12.1Уәкілетті орган құжат мазмұны туралы ақпараттарды сақтау, қорғау және құпияда сақтау қажет.

13.1Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне тұтынушының уәкілетті органға тікелей өтініш беруі кезінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады:

1)1уәкілетті органның маманы;

2) ауылдық және ауылдық округтің әкімі.

14. Осы регламенттің 2-қосымшасында әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір құрылымдық-функционалды бірліктер қарапайым іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.

15. Осы регламенттің 3-қосымшасында олардың сипаттамасына сай іс-әрекеттердің қисынды реттілігі (мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) мен құрылымдық-функционалды бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін нобайы ұсынылған.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды

тұлғалардың жауапкершілігі
16. Уәкілетті органның 1лауазымды тұлғаларына мемлекеттік қызмет көрсету барысында олардың шешім қабылдау мен әрекетімен (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілік жүктеледі.



“Жеке қосалқы шаруашылықтың

болуы туралы анықтама беру”

мемлекеттік қызметінің регламентіне

1-қосымша



Качир ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының тізбесі




р/с №

Ауылдық округі әкімі аппаратының толық атауы

Елді мекен атауы

Байланыс

телефоны


Заңды мекен жайы

Сайт мекен жайы

1

“Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ

Байқоныс а., Қызылтаң а.,

Тілеубай а.



(871833)95490

Байқоныс а, Гвардейский к.,15

жоқ

2

“Береговой ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ

Береговой а.,

Осьмерыжск а.,

Зеленая Роща а.,

Луговое а.,

Тихомировка а.


(871833)94396

Береговой а., Намазбаев к., 1

жоқ

3

“Березовка ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ

Березовка а.,

Малые –Березняки а.



(871833)98642

Березовка а., Советов к., 1

жоқ

4

“Бобровка ауылдық округі әкімінің аппараты”ММ

Жаңабет а.,

Жасқайрат а.,

Бобровка а.


(871833)93450

Жаңабет а., 60 лет Октября к., 25

жоқ

5

“Верненка ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ

Львовка а.

(871833)21762

Львовка а., Киров к.,25

жоқ

6

“Воскресен ауылдық округі әкімінің аппараты”ММ

Воскресенка а.

(871833)23131

Воскресен а., 70 лет Октября к.,1

жоқ

7

“Жаңа-Құрылыс ауылдық округі әкімінің аппараты”ММ

Трофимовка а.,

Тегістік а.,

Покровка а.,

Жаңа - Құрылыс а.



(871833)91597

Трофимовка а., М-Горького к.13

жоқ

8

“Ивановка ауылдық округі әкімінің аппараты”ММ


Ивановка а.,

Новоспасовка а.



(871833)22242

Ивановка а., Советов к., 21

жоқ

9

“Калиновка ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ


Калиновка а.,

Қызылдау а.,

Қаратал а.


(871833)21386

Калиновка а., Победы к.,50

жоқ

10

“Коммунар ауылдық округі әкімінің аппараты”ММ

Фрументьевка а.

(871833)99783

Коммунар а., Школьная к.,
29

жоқ

11

“Октябрь ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ

Октябрьск а.,

Мотоғұл а.,

Первомай а.,

Лесное а., Благовещенка а.



(871833)97585

Октябрьск а., Панфилова к., 3

жоқ

12

“Песчан ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ

Песчаное а.,

Қарасуық а.



(871833)26897

Песчаное а., Шоссейная к., 5

жоқ

13

“Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ

Тереңкөл а, Ынталы а.,

Юбилейное а.



(871833)21494

Тереңкөл а.,

Тургенев к., 85а



жоқ

14

“Федоровка ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ

Федоровка а.,

Конторка а.,

Воронцовка а.


(871833)40206

Федоров а., Школьная к.

жоқ






“Жеке қосалқы шаруашылықтың

болуы туралы анықтама беру”

мемлекеттік қызметінің регламентіне

2-қосымша


Құрылымдық-функционалдық бірліктердің іс-әрекеттерінің сипаттамасы







Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)


1.

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

3

2.

Құрылымдық-функционалдық бірліктердің атауы

Уәкілетті органның маманы

Ауылдың немесе ауылдық округтің әкімі

Уәкілетті органның маманы

3.

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипатта-масы

өтінішті тіркеу, шаруашылық кітабы бойынша мәліметтерді тексеру

Анықтамаға не-месе тұтынушы-ға мемлекеттік қызметті ұсыну-дан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

Шығыс құжат айн-алымы журналына тіркеу

4.

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)

Анықтаманы толтыру және қол қою немесе тұтынушыға мемлекеттік қыз-метті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты жазу

Анықтама неме-се тұтынушыға мемлекеттік қызметті ұсыну-дан бас тарту туралы дәлелді жауап

Анықтама немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру

5.

Орындалу мерзімдері

10 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды





“Жеке қосалқы шаруашылықтың

болуы туралы анықтама беру”

мемлекеттік қызметінің регламентіне

3-қосымша


Жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтама беру үдерісінің сызбасы










Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет