«Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесі бойынша қызмет түрлерін көрсету шарттары 1-тарау. Жалпы ережелер «Қазақстан Халық Банкі»



Дата03.07.2016
өлшемі111.05 Kb.
#175167



«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да

«Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг»

жүйесі қызметтерін көрсету ережесіне

1-қосымша


«Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесі бойынша қызмет түрлерін көрсету шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) Клиентке Интернет желісінің қорғалған арнасы арқылы қашықтан өз бетімен ақпарат алу және қолма-қол ақшасыз тәртіппен операциялар жүргізу үшін «Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі (бұдан әрі - «Интернет-банкинг») қызметтерін ұсынады (https://www.myhalyk.kz).

«Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтерін пайдалану үшін Клиентке мыналар қажет:


  • Банктің активті карточкасы болу,

  • «SMS-парольдерді жеткізу» жүйесіне қосылу,

  • Интернет желісіне қосылған компьютері болу керек.

Егер карточка жаңа ғана алынған болса, онда жүйеде тіркеуден бұрын бұл карточканы банкоматта ЖСН-код енгізе отырып кез-келген карточкалық операция жүргізу, мысалы теңгерімді сұрату арқылы іске қосу қажет.



2-тарау. Қосылу тәртібі және қызмет көрсетудің жалпы шарттары

Клиенттердің «Интернет-банкинг» жүйесінде тіркелуі және оларға қызметтердің көрсетілуі былайша іске асырылады:


  • Банктің web-сайтында Интернет желісінің қорғалған арнасы арқылы қашықтан https://www.myhalyk.kz;

  • банкомат арқылы.

«Интернет-банкинг» жүйесінде қашықтықтан Банктің https://
www.
myhalyk.kz web-сайтында тіркелу үшін Клиенттің мобильдік телефонының нөмірін «SMS-парольдерді жеткізу» жүйесіне қосылу міндетті талап болып табылады. Бұл қызметке қосылу банкомат арқылы «Интернет-банкинг» атты мәзірде жүргізіледі.

Банктің web-сайтында жүйеге қашықтан қосылу үшін https://www.myhalyk.kz мынадай әрекеттерді орындау қажет:


  • «Тіркеу» мәзірін таңдау қажет және «SMS-парольдерді жеткізу» қызметін пайдалану шеңберінде мобильді телефоныңыздың нөміріне қосылған активті карточкаңыздың нөмірін енгізу қажет;

  • көрсетілген деректерді қауіпсіздік мақсатында жүйе ұсынатын алты таңбалы растау кодымен растау керек;

  • тиісті жолда мобильді телефонға жіберілген SMS-хабарламадағы бір реттік парольді көрсету керек;

  • пайдаланушының атын (бұдан әрі – логин), сондай-ақ өзінің сәйкестендіру паролін (бұдан әрі – пароль) ойлап табу және енгізу керек;

  • «Интернет-банкинг» жүйесінің шарттарымен танысу және жүйедегі тіркеуді растау керек.

Тіркелгеннен кейін және жүйеге кіргеннен кейін Клиент «Интернет-банкинг» жүйесіне кіруге парольді өзгертуі тиіс, логин мен парольді есте сақтап, оларды ешкімге жария етпеуге тиіс. Бұдан кейін Клиент жүйеге кіруі үшін логинді, парольді енгізу арқылы іске асырады.

Банкоматтың көмегімен тіркелу үшін Клиент мынадай әрекеттерді орындауға тиіс:



  • Банктің кез келген банкоматына карточканы салу;

  • «Интернет банкинг» — «Интернет банкинг жүйесінде тіркелу» қызметттерін таңдау;

  • Жүйеге кіру үшін уақытша пароль мен логині бар чек алу.

Жүйеге банкоматта алынған уақытша пароль бойынша бірінші рет кірген кезде Клиент парольді өзгерту керек.

Банкомат арқылы тіркелу барысында Клиентке «Интернет-банкинг» жүйесінде қаржы операцияларын жасау үшін мобильдік телефонды «SMS-парольдерді жеткізу» қызметіне қосу керек деген хабарлама шығарылады. Қосылу болмаған кезде Клиент үшін тек қана ақпараттық-банктік қызметтер (шоттарды көру, көшірмелерді құру және т.с.с.) қолжетімді болады.



«Интернет-банкинг» жүйесі Клиент үшін тәулік бойы қол жетімді, жүйенің көмегімен ұсынылатын қызметтердің тізбесі мынадай:

    1. ақпараттық-банктік қызметтер:

  • Банкте ашылған Клиенттің шоттарының болуы және нөмірлері туралы ақпарат ұсыну;

  • Банкте ашылған барлық шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы ақпарат ұсыну, сондай-ақ шоттар бойынша үзінді көшірмелер алу, оның ішінде несиелік берешектің жай-күйі туралы ақпарат пен кредит бойынша өтеу кестесін алу;

  • жүйеде жүргізілген төлемдер және аударымдардың тарихын қарау;

  • болашақта біртектес төлемдер мен аударымдарды іске асыру үшін үлгілерді (шаблон) құру, редакциялау және жою;

  • карточканы уақытша оқшаулау/оқшаулауды алу;

  • жүйеге кіру үшін парольді өзгерту;

    1. транзакциялық-банктік қызметтер:

          1. мынадай төлемдерді өз карточкаларынан іске асыру:

  • коммуналдық;

  • бюджетке (салықтар, алымдар, баж салықтары, айыппұлдар);

  • телекоммуникациялар байланысының қызметтері үшін;

  • қаржылық қызметтер үшін (сақтандыруды қоспағанда);

  • сақтандыру үшін;

  • білім беру қызметтері үшін;

  • басқалар (тауарлар мен қызметтерді төлеу);

          1. алдағы күнге (ұзақ тапсырмалар) төлемдерді апта сайын/ай сайын жүргізу туралы тұрақты әрекет ететін тапсырмалар (нұсқаулар) құру, өзгерту немесе болдырмау;

          2. Банктің бағдарламалық жасақтамаларында аударымдардың қолжетімділік режиміне қарай мынадай аударымдарды жүзеге асыру1:

  • өзінің шоттары мен карточкалары арасында;

  • өзінің карточкасынан Банкте ашылған кез келген карточкаға;

  • Visa карточкасынан кез келген Visa карточкасына және MasterCard карточкасынан MasterCard карточкасына;

          1. өзінің жинақ шотын ағымдағы шот арқылы толықтыру және одан ақша алу;

          2. шетел валюталарын Банкте ашылған шоттар арасында аударымдар жасау кезінде қолма-қол жасалмайтын тәртіппен сатып алу және сату, операция жүргізілетін сәтте белгіленген Банктің төлем жүйелерінде валюталарды қолма-қол жасалмайтын тәртіппен сатып алу/сату бағамдарына қарай;

          3. қолда бар карточкалық шотқа карточка берместен виртуалды карточка шығаруға және кепілсіз кредитке өтінімдерді ресімдеу;

          4. шетелде карточкалық операциялар жасауға шектеулерді, банкоматта қолма-қол ақша алуға және Интернет желісінде операцияларды жүргізуге шектеулерді алып тастау/қою.

          5. картаны «Мобильдік банкинг» жүйесінен ажырату/оған қосу және «HalykBank» қосымшасын іске қосу.

Операциялардың бұл тізбесі аяқталған болып табылмайды және «Интернет-банкинг» жүйесі дамыған сайын толықтырылып отырады.

«Интернет-банкинг» жүйесі ұсынатын операциялар тізбесінің өзгеруі туралы хабарландыру ақпаратты Банктің web-сайты беттерінде орналастыру жолымен жүргізіледі.

Клиенттер үшін смартфондарда пайдалану үшін бейімделген «Интернет-банкинг» жүйесінің мобильдік нұсқасы қолжетімді, ол iOS, Chrome үшін Safari сияқты стандартты браузерлердегі жұмысты және Android-ке арналған стандартты веб-шолушыны қолдайды. Мобильдік нұсқада жүйенің толық нұсқасын пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.

Операциялар Банктің ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Банктің Бөлшек жүйесіне қолжетімділіктің шектеулігіне байланысты ағымдағы және жинақ шоттарының қатысуымен жүргізілетін операцияларды жұмыс күндері жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жасау ұсынылады, себебі сағат 20-00 кейін жасалған операциялар келесі жұмыс күнімен өңделеді. Карточкалар базасында жүзеге асырылатын операциялар тәулік бойы қол жетімді.

Клиенттің «Интернет-банкинг» жүйесінде жүргізген операциялары Клиент тарапынан жасалған деп саналады және Клиенттен алынған нұсқауларға теңестіріледі. Бұл ретте Клиент Банкке орындау үшін жіберілген электрондық құжаттарға енгізілген деректемелердің мазмұны мен дұрыстығы үшін толық жауапкершілік арқалайды. Даулы жағдайлар туындағанда, Клиенттің «Интернет-банкинг» жүйесінде операция жүргізуі оның операцияны жүргізуге берген келісімін растау болып табылады.

«Интернет-банкинг» жүйесінде әрбір қаржылық транзакцияны (аударымдар, төлемдердер) растау, сондай-ақ карточканы оқшаулау/оқшаулауды алу мүмкіндігі және карточкалық операциялардан шектеулерді алу/қою Клиентке «SMS-парольдерді жеткізу» қызметі шеңберінде SMS-хабарлама түрінде ұсынылған бір реттік парольмен жүзеге асырылады.

«Интернет-банкинг» жүйесінде жүргізілген операциялар бойынша Банк қызметтерін төлеу операция жүргізілетін сәтте қолданыстағы Банк Тарифтеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Барлық сұрақтар бойынша Клиент web-сайт беттерінде орналастырылған байланыс телефондары арқылы Байланыс орталығына хабарласа алады немесе Банкпен кері байланысу үшін электрондық мекен-жайға сұрату жолдай алады.
3-тарау. Клиент пен Банктің құқықтары мен міндеттері
Клиенттің құқықтары:

1) «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы шартта қарастырылған талаптармен операциялар жүргізу;

2) Банктен шарт бойынша міндеттемелерінің тиісті түрде орындалуын талап ету.

Клиенттің міндеттері:

1) «Интернет-банкинг» жүйесінде операциялар жүргізгені үшін қолданыстағы тарифтерге сәйкес комиссиялық сыйақы төлеу;

2) төлем жүргізу қажет болған жағдайда Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес төлем, аударым жүргізу және комиссиялық сыйақы төлеу үшін банктік шотта жеткілікті ақша сомасының болуын қамтамасыз ету;

3) өзінің авторизациялау параметрлері туралы (логин, пароль) ақпаратты басқа тұлғаларға жария етпеу/бермеу. Бұл ретте өзінің авторизациялау параметрлері туралы ақпаратты басқа тұлғаларға жария етуге/беруге байланысты пайда болуы мүмкін шығындар мен залалдардың барлығын Клиент өз мойнына алады және Банктен оларды өтеп беруді талап етуге құқығы жоқ;

4) Клиенттің банктік шоттарына «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы рұқсатсыз қолжетімділік алу анықталған немесе рұқсатсыз қолжетімділік алуға қатысты күдік болған жағдайда Банктің «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы операциялар жүргізуге рұқсатты оқшаулауы мақсатында Банк тарапынан «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы операциялар жүргізуге қолжетімділікті оқшаулау үшін Банкке дереу хабар беру;

5) «Интернет-банкинг» жүйесімен қауіпсіз жұмыс істеу және жүйені пайдалану ережелерін сақтау, әрбір жұмыс сеансынан кейін «Интернет-банкинг» жүйесімен жұмыс істеу үшін ашылған Интернет желісімен барлық байланыс сессияларын жабуды қамтамасыз ету;

6) виртуалды карточкада ақшаны сақтамауға кеңес беріледі, себебі төлемдерді Интернет желісінде жүргізу үшін кіруге рұқсат ұдайы ашық болады. Виртуалды карточканы пайдалана отырып операция жүргізу үшін бұл карточканы жоспарланған операция сомасына толықтырып отыру қажет;

7) Виртуалды карточканың сақталуын, сондай-ақ оның деректемелері мен CVV2-кодының құпиялылығын сақтау;

8) Клиенттің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруымен байланысты төлем және (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ тіркеу куәлігін, хабарландыру туралы куәлік алуды және мәміле паспортын ресімдеуді талап ететін валюталық операцияларды жүзеге асырмау;

9) Клиентке «Интерне-банкинг» жүйесі арқылы қызмет көрсетілген кезде Банктің Клиент туралы кез келген ақпаратты (оның дербес деректерін қосқанда) Банктің ішкі ережесіне және рәсімдеріне сәйкес кез келген тәсілмен жинауды және өңдеуді (оның ішінде жинақтау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, тарату және жою) жүзеге асыруына өзінің сөзсіз келісімін Банкке беру.


Банктің құқықтары:

1) Клиенттің «Интернет-банкинг» жүйесіне қолжетімділігін уақытша оқшаулау немесе мынадай жағдайларда қызметтерден ажырату:



  • Банктің пікірінше мұндай шара «Интернет-банкинг» жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайда;

  • жеке пароль үшінші рет қате енгізілген жағдайда және мұны қауіпсіздік жүйесін бұзу деп қарастыру;

  • Клиенттің өз авторизациялау параметрлері туралы (логин, пароль) ақпаратты басқа тұлғаларға беруі анықталған жағдайда. Бұл ретте Банк осындай ақпараттың басқа тұлғаларға берілгенін анықтамай тұрып Клиент жүргізген операциялар үшін Банк жауапкершілік арқаламайды, өйткені оларды Клиент жүргізген болып саналады;

2) мынадай жағдайларда операцияны орындауды тоқтата тұру:

  • Клиенттің шотындағы ақшаға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тыйым салынған болса немесе ол бойынша операцияны Клиент тоқтатқан болса;

  • жүргізілетін операция Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмесе;

  • тиісті банктік шотта жүргізілетін операция үшін Банктің сыйақысын төлеуге ақша жеткіліксіз болса;

  • Клиент жүргізілетін операцияның деректемелерін толық көрсетпесе, теріс көрсетсе, оны жүргізу кезеңін сақтамаса, жүргізілетін операция Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмесе;

  • Клиенттің ағымдағы шоты/Карточкалар базасындағы ағымдағы шоты/жинақ шоты оқшауланған/жабылған жағдайда;

  • Банктің пікірі бойынша, «Интернет-банкинг» жүйесінің қауіпсіздік рәсімін бұзу немесе бұзуға талпыныстар жасалған жағдайда;

3) Клиентті филиалдардың құрылымдық бөлімшелерінде және Банктің www.halykbank.kz сайтында өзгерістер туралы алдын-ала хабарландыра отырып Тарифтерді біржақты тәртіппен өзгерту;

4) алаяқтық операциялардың алдын алу және Клиентті шотқа заңсыз қолжетімділіктен қорғау мақсатында үшінші тұлғалардың пайдасына және ұялы операторлардың пайдасына төлеу үшін ақша аударымдарына шектеулер (сомасы бойынша) белгілеу;

6) бағдарламалық жасақтаманы алмастыру және профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін «Интернет-банкинг» жүйесінің жұмысын уақытша тоқтата тұру;

7) жүргізілген төлем және (немесе) аударым туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына және Ұлттық Банкке олардың талабы бойынша ұсынып отыру;

8) клиенттің кез келген операциясын жүргізуден бас тарту немесе жүргізуді тоқтату, егер мұндай бас тартуды немесе тоқтатуды Банк әрекеті Банкке және клиентке таратылатын, кез келген елдің немесе халықаралық ұйымдардың (ФАТФ пен БҰҰ-н қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей,) юрисдикциясына (мысалы, OFAC) сәйкес қолданылған санкцияларға сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте Банктің жоғарыда көрсетілген санкцияларға байланысты Клиенттің төлем нұсқауларын орындаудан бас тартуынан немесе орындауды тоқтатуынан Клиент шеккен залалдары үшін Банк ешқандай жауапкершілік арқаламайды.
Банктің міндеттері:

1) Клиент «Интернет-банкинг» жүйесінде тіркелгеннен кейін оған қызмет көрсету жүргізілетін Банктің web-сайтының тиісті түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

2) Клиентті «Интернет-банкинг» жүйесінде операциялар жүргізуге оған кедергі келтіруі және тоқтатуы мүмкін техникалық жұмыстар туралы тиісті ақпаратты web-сайт беттерінде орналастыру арқылы хабардар ету;

3) Клиент шарттың талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарын сақтаған жағдайда Клиенттің нұсқамаларын орындау;

4) web-сайтта «Интернет-банкинг» жүйесінің пайдаланушылары үшін тиісті Нұсқаулықтар орналастыру;

5) Клиенттің операциялары бойынша құпияны сақтау және олар бойынша мәліметтерді үшінші тұлғаларға тек Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайларда және шекте ғана ұсыну.

«Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтері жеке тұлғаның ағымдағы шотын қосу шартының немесе төлем карточкасын беру және қызмет көрсету туралы қосылу шартының негізінде көрсетіледі.

Банк «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтерін көрсеткен кезде пайда болатын даулы жағдайларды шешудің тәсілдері, Банктің және Клиенттің жауапкершілігі жеке тұлғаның ағымдағы шотын қосу шарттарымен және төлем карточкаларын беру және қызмет көрсету туралы қосылу шартымен реттеледі.




1 Ағымдағы және жинақ шоттардың қатысуымен жергілікті уақыт бойынша сағат 20-00-ден кейін жасалатын операциялар Банктің Бөлшек жүйесіне қолжетімділіктің шектелуіне байланысты келесі жұмыс күнімен өңделетін болады. Карточкалар базасында жүзеге асырылатын операциялар тәулік бойы қолжетімді болады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет