Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктің облыстық ұйымдарының тізімін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата03.07.2016
өлшемі20.78 Kb.
#175694
Жекешелендіруге жататын коммуналдық

меншіктің облыстық ұйымдарының

тізімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:




  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2014-2016 жылдарда жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктің облыстық ұйымдарының тізімі бекітілсін.

  2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.

  3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К.Кемаловаға жүктелсін.

  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Облыс әкімі А. Мұхамбетов

Облыс әкімінің 2014 жылғы «___» _______

№____ қаулысына қосымша

2014 - 2016 жылдарда жекешелендіруге жататын коммуналдық



меншіктің облыстық ұйымдарының тізімі


  1. «Ақтөбе облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау жөніндегі Ақтөбе өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

  2. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

  3. Ақтөбе облысының «Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Намыс» спорттың ойындық түрлері клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

  4. «Ақтөбе облысының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

  5. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;

  6. «Ақтөбе политехникалық колледжі» акционерлік қоғамы;

  7. «Ақтөбе» облыстық футбол клубы» акционерлік қоғамы;

  8. «Шамшырақ-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

  9. «Ақтөбе-агросервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет