Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта заттай түрде белгіленген өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің мөлшері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есебінің салық есептілігін жасау қағидалары



Дата07.07.2016
өлшемі58.7 Kb.
#183838


Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрінің

2014 жылғы «25» желтоқсандағы

№ 587 бұйрығына

41-қосымша
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта заттай түрде белгіленген өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің мөлшері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есебінің

салық есептілігін жасау қағидалары

(531.00-нысан)

1. Жалпы ережелер
1. Бұл қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 346-бабына сәйкес әзірленген және «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта заттай түрде белгіленген өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің мөлшері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есеп (531.00-нысан) (бұдан әрі - есеп) салық есептілігінің нысанын жасау тәртібін айқындайды.

2. Бұл есеп Салық кодексінің 308-1 бабының көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттармен белгіленген өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеу есебіне пайдалы қазбаларды Қазақстан Республикасына заттай түрде беруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға арналған.

3. Есепті жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеу есебіне пайдалы қазбаларды Қазақстан Республикасына заттай түрде беруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар және мемлекет атынан алушылар жасайды.

4. Есеп жер қойнауын пайдаланушының орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірілмей табыс етіледі. Күнтізбелік тоқсан салық кезеңі болып табылады. Мемлекет атынан алушы жер қойнауын пайдаланушының (оператордың) орналасқан жері бойынша бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей төлеуге міндетті.

5. Есеп көлемдер бойынша жер қойнауын пайдаланушымен (оператормен) және ақшалай түрде мемлекет атынан алушымен жеке табыс етіледі:

1) қағаз тасығышта – қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

6. Есепке жер қойнауын пайдаланушы (оператор) және мемлекет атынан алушы қол қояды және жер қойнауын пайдаланушының және мемлекет атынан алушының мөрімен куәландырылады.

7. Есепті беру кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз тасығышта - екі данада толтырылып, бір данасы мемлекеттік кірістер органының белгісімен жер қойнауын пайдаланушыға және мемлекет атынан алушыға қайтарылады;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы – қағаз тасығышта;

3) электронды түрде – салық төлеуші (оператор) мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінен қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.

8. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.


2. Есепті жасау (531.00-нысан)

9. «Жер қойнауын пайдаланушы (оператор) туралы жалпы ақпарат» бөлімінде жер қойнауын пайдаланушы (оператор) мынадай деректерді көрсетеді:

1) БСН – жер қойнауын пайдаланушының (оператордың) бизнес сәйкестендіру нөмірі. Салық міндеттемесін сенім білдірілген басқарушы орындаған жағдайда жолда сенім білдірілген басқарушының бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

2) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі - жер қойнауын пайдаланушының шикі мұнайды (газ конденсатын) салықтың тиісті түрін төлеу есебіне заттай түрде беруді жүргізген салық кезеңі көрсетіледі;

3) жер қойнауын пайдаланушының (оператордың) атауы - құрылтай құжаттарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының (оператордың) толық атауы көрсетіледі.

Сенім білдірілген басқарушымен салық міндеттемесін орындаған кезде жолда құрылтай құжаттарына сәйкес сенім білдірілген заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

4) келісімшарттың нөмірі мен күні - жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт нөмірі мен күні көрсетіледі;

5) есеп түрі:

Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігі түріне есепті жатқызуды есепке алып, тиісті төркөздер белгіленеді.

10. «Мемлекет атынан алушы туралы жалпы ақпарат» бөлімінде мемлекет атынан алушы келесі деректерді көрсетеді:

1) БСН – мемлекет атынан алушының бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

2) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі – мемлекет атынан алушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі төленген және шикі мұнайдың (газ конденсатының) көлемі алынған салық кезеңі көрсетіледі;

3) мемлекет атынан алушының атауы - құрылтай құжаттарына сәйкес мемлекет атынан алушының толық атауы көрсетіледі;

4) жер қойнауын пайдаланушының (оператордың) БСН – заттай түрде белгіленген өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі алынған және есебі мемлекеттік кірістер органы орналасқан және салық төленетін жері бойынша табыс етілетін жер қойнауын пайдаланушының (оператордың) БСН көрсетіледі;

5) есеп түрі:

Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігі түріне есепті жатқызуды есепке алып, тиісті төркөздер белгіленеді.

11. «Заттай түрде өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеу (беру) мөлшері» бөлімінде:

1) 1 жолдың А бағанында жер қойнауын пайдаланушымен (оператормен) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес салық кезеңі үшін есептелген салық төлеу есебіне беруге жататын мұнайдың (газ конденсатының) көлемі көрсетіледі;

2) 2 жолдың А бағанында жер қойнауын пайдаланушымен (оператормен) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес салық кезеңі үшін есептелген салық төлеу есебіне беруге жататын газдың көлемі көрсетіледі;

3) 3 жолдың А бағанында жер қойнауын пайдаланушымен (оператормен) салық кезеңі үшін салық төлеу есебіне берілген мұнайдың (газ конденсатының) көлемі көрсетіледі;

4) 4 жолдың А бағанында жер қойнауын пайдаланушымен (оператормен) салық кезеңі үшін салық төлеу есебіне берілген газдың көлемі көрсетіледі;

5) 5 жолдың В бағанында мемлекет атынан алушымен салық кезеңі үшін салық төлеу есебіне алынатын мұнайдың (газ конденсатының) көлемі көрсетіледі;

6) 6 жолдың В бағанында мемлекет атынан алушымен салық кезеңі үшін салық төлеу есебіне алынған газдың көлемі көрсетіледі;

7) 7 жолдың А және В бағандарында жер қойнауын пайдаланушымен (оператормен) және мемлекет атынан алушымен салық төлеу есебіне мұнайдың (газ конденсатының) және газдың беретін (алатын) күні көрсетіледі. Егер мұнайды (газ конденсатын) және газды беруі (алуы) тұрақты негізде жүзеге асырылатын болса, онда беру (алу) күні ретінде мұнайдың (газ конденсатының) соңғы және газдың есепті кезеңдегі беруі (алуы) жүргізілген күні көрсетіледі;

8) 8 жолдың В бағанында мемлекет атынан алушымен заттай түрде төленетін өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есептеу үшін бағаны анықтаудың белгіленген тетіктеріне сәйкес өткізілген мұнайдың (газ конденсатының) 1 тоннасының бағасы көрсетіледі;

9) 9 жолдың В бағанында мемлекет атынан алушымен заттай түрде төленетін өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есептеу үшін бағаны анықтаудың белгіленген тетіктеріне сәйкес өткізілген газдың


1 шаршы метрінің бағасы көрсетіледі;

10) 10 жолдың В бағанында мемлекет атынан алушымен заттай түрде төленетін өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есептеу үшін бағаны анықтаудың белгіленген тетіктеріне сәйкес, алынған мұнай (газ конденсаты) және газ бойынша төлеуге жататын (төленген) салық сомасы көрсетіледі. Бұл жол жер қойнауын пайдаланушының (оператордың) дербес шотына жазылуға жатады.

12. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» бөлімінде:

1) «Жер қойнауын пайдаланушы (оператор)» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының (оператордың) толық атауы көрсетіледі;

2) «Мемлекет атынан алушы» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес мемлекет атынан алушының толық атауы көрсетіледі;

3) «Басшының аты-жөні» жолында басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;

4) есепті беру күні - есептің мемлекеттік кірістер органына табыс етілген күні көрсетіледі;

5) мемлекеттік кірістер органының коды – жер қойнауын пайдаланушының (оператордың) орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;

6) «есепті қабылдаған лауазымды тұлғаның аты-жөні» жолында есепті қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;

7) есепті қабылдау күні - Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес есепті табыс ету күні көрсетіледі;



8) пошта штемпелінің күні - пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет