1)көрсетілетін қызметті берушіге
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке адамның өзінің қорғаншы (қамқоршы) болуға ниеті туралы өтініші;
егер қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адам некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адам некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды;
егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрмаған болса, нотариалды расталған анықтама;
көрсетілетін қызметті алушыға жұмыс орнынан берілген мінездеме;
некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәлігі (егер некеге тұрған болса);
бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігі;
баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және баланың даму тарихынан үзінді;
баланың оқу орнынан анықтама;
аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы мәлімет.
Бала жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрған жағдайда, баланың туу туралы куәлігі (бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда), баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және баланың даму тарихынан үзінді, баланың оқу орнынан анықтама, аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы мәлімет ұсыну талап етілмейді.
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адам некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесі;
егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрмаған болса, нотариалды расталған анықтаманың электрондық көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушыға жұмыс орнынан берілген мінездеменің электрондық көшірмесі;
некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәлігінің (егер некеге тұрған болса) электрондық көшірмесі;
бала 2007 жылға дейін туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың және баланың даму тарихынан үзіндінің электрондық көшірмесі;
баланың оқу орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі;
аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Бала жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің (бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда), баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың және баланың даму тарихынан үзіндінің, баланың оқу орнынан анықтаманың, аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы мәліметтердің электрондық көшірмелерін тіркеу талап етілмейді
|