«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің паспорты



Дата26.06.2016
өлшемі54.5 Kb.
#159617
«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің паспорты

 


1

Қызметтің атауы

Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу

2

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Жамбыл облысының  аудандар мен Тараз қаласының білім бөлімдері

3

Қызмтті алушылар

Жеке тұлғалар

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде

5

Қызмет көрсету орны

Жамбыл облысының  аудандар мен Тараз қаласының білім бөлімдері, «электрондық үкіметтің» веб-порталы  www.e.gov.kz  арқылы

6

Қызметті көрсету тәртібі

 


Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе портал арқылы өтініш береді.

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.

Жұмыс кестесі:

1) Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 15.00-ге дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.

Көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала жазу және оған жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:

1) адамды соттың әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп тануы;

2) адамды соттың ата-ана құқықтарынан айыруы немесе сот ата-ана құқықтарын шектеуі;

3) өзiне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдар;

4) егер сот бала асырап алудың күшiн олардың кiнәсi бойынша жойса, бұрынғы бала асырап алушылар;

5) денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар


7

Қажетті  құжаттар тізбесі

        1)көрсетілетін қызметті берушіге

        мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке адамның өзінің қорғаншы (қамқоршы) болуға ниеті туралы өтініші;

егер қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адам некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адам некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды;

егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрмаған болса, нотариалды расталған анықтама;

көрсетілетін қызметті алушыға жұмыс орнынан берілген мінездеме;

некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәлігі (егер некеге тұрған болса);

бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігі;

баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және баланың даму тарихынан үзінді;

баланың оқу орнынан анықтама;

аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы мәлімет.

Бала жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрған жағдайда, баланың туу туралы куәлігі (бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда), баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және баланың даму тарихынан үзінді, баланың оқу орнынан анықтама, аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы мәлімет ұсыну талап етілмейді.  

           порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

            мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адам некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесі;

егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрмаған болса, нотариалды расталған анықтаманың электрондық көшірмесі;

көрсетілетін қызметті алушыға жұмыс орнынан берілген мінездеменің электрондық көшірмесі;

некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәлігінің (егер некеге тұрған болса) электрондық көшірмесі;

бала 2007 жылға дейін туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың және баланың даму тарихынан үзіндінің электрондық көшірмесі;

баланың оқу орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі;

аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.

Бала жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің (бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда), баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың және баланың даму тарихынан үзіндінің, баланың оқу орнынан анықтаманың, аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы мәліметтердің электрондық көшірмелерін тіркеу талап етілмейді  


8

Қызметтің құны мен төлеу тәртібі

Тегін

 


9

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы анықтама не мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту

11

Нормативтік құықтық актілер

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, «Отбасы және балалар саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы  №115 қаулысы, «Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы  №95 қаулысы

 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет