«Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
«Өзін- өзі басқару» ұйымының іс-шараларының өткізілуі туралы есеп
«Өзін- өзі» басқару ұйымының іс-шара жоспары құрылып, бекітілді. Жоғарғы сынып оқушылары арасында сайлау өткізіліп, «Өзін- өзі басқару» ұйымының басшысы ретінде 10 ә сынып оқушысы Әубәкір Ақерке тағайындалды. Ұйым белсенділері тағайындалып, тізімі құрылды.
Мақсаты:
өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Айына бір рет ұйым белсенділерінің жиналысы өткізіледі. Жоспар құрылып, міндеттері тағайындалады. Сабаққа кешігетін, сабақты жиі қалдыратын, сыныптар бойынша үлгерімдерін бақылау рейді жүргізіледі. Күнделік рейд кестесі қойылған, айына бір рет тексеріліп отырылады.
Қыркүйек айында спорт күні, Республикалық « Сергіту сәті» челленджі, қазан айларында «Қарттарым -асыл қазынам», «Ұстаз -аты мәңгілік», «Дублер күні», «Алтын күз» мектепішілік іс- шаралар өткізілді. Іс шараларды ұйым мүшелері белсенді өткізіп, ұйымдастырды.
Қараша айында 25 қараша Республика күніне салтанатты жиын, жалпы мектептік Гимн айту, желтоқсан айларында. Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні қарсаңында Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Мектебіміздің 2, 5 сыныптары Республикалық бірыңғай «Жас ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. Галстуктерді мектебіміздің ұлағатты ұстаздары, мектебіміздегі «Жас Ұлан» ұйымы мен «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері және жоғарғы сыныптардың үздік оқушылары тақты. Бұл рәсім «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру мақсатында өткізілді. Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балармен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресінде өтті.
Педагог-ұйымдастырушы: Болатова А. Б.
Достарыңызбен бөлісу: |