Жылдар аралығында бюджеттік бағдарламалар бойынша атқарылған ғылыми жұмыстар



бет1/4
Дата25.06.2016
өлшемі334.5 Kb.
#157903
  1   2   3   4
2006-2008 жылдар аралығында бюджеттік бағдарламалар бойынша атқарылған ғылыми жұмыстар



ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ТАНУ





  1. Жобаның атауы «Қазақстанның солтүстігінде жаздық жұмсақ бидайдың селекциясына бастапқы материалдың негізгі көзі ретінде бірегей комбинацияларды сақтап қалу және әр түрлі ұрпақтағы будандардың ажырамайтын формаларын алу мақсатында in vitro жағдайында будандық комбинациялардың гендік қорын құру»

  2. Жобаның арналуы. Жаздық жұмсақ бидайдың будан комбинацияларын in vitro жағдайында ұзақ сақтаудың теориялық және практикалық параметрлерін жасау, гендік банктің алғашқы үлгісін жасау.

  3. Қолданылу саласы, бәсекелестігі, қолдағы бар патент. Жаздық жұмсақ бидай селекциясы. Әлемдік тәжірибеде ұқсастық жоқ.

  4. Практикада іске асу үшін дайындық дәрежесі. Жаздық жұмсақ бидайдың будан комбинацияларының in vitroда гендік банкі құрылды. Инновациялық патентке мәлімдеме жасалды. Мәлімдеме атауы «in vitro жағдайында каллус ұлпасын ұзақ сақтаудың тәсілі».

  5. Ендіру аумағы. «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ биотехнология зертханасының базасында өсімдіктің ұлпа культурасында будан комбинациялардың банкі құрылды, 75 будан комбинация бар. Бұл комбинациялар жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі сорттарын будандастырудан алынған.

  6. Жобаның құны, жобаның техникалық-экономикалық мақсатқа лайықтылығын делелдеу. Қазақстанның солтүстігінде жаздық жұмсақ бидайдың селекциясына бастапқы материалдың негізгі көзі ретінде бірегей комбинацияларды сақтап қалу және әр түрлі ұрпақтағы будандардың ажырамайтын формаларын алу мақсатында in vitro жағдайында будандық комбинациялардың гендік қорын құру

  7. Жобаны тапсыру тәсілі және шарты, қарым-қатынас формасы. Қазақстан Республикасының селекциялық мекемелеріне гендік материалды тапсыру.

  8. Жобаның авторлары, НИО, телефон, факс, электронды пошта. Швидченко В.К., а-ш.ғ.к, доцент, Хасанов В.Т., б.ғ.к., Каманова С.Г., Москаленко В.М. 010011, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 38. Тел.: (7172) 39-38-47. Факс: (7172)316072, e-mail: agun @mbox.kz, vadim_kazgatu@mail.ru.

  9. Жобаның қысқаша мазмұны. Зерттеу нысаны отандық және шетелдік селекцияның жұмсақ бидай сорттары мен будандары.

Жұмыстың мақсаты – жаздық жұмсақ бидайдың бірегей комбинацияларын сақтап қалу және әр түрлі ұрпақ будандарының ажырамайтын формаларын алу мақсатында in vitro жағдайында будандық комбинациялардың гендік қорын құру бойынша теориялық және практикалық негіздерін дайындау. Зерттеу барысында отандық және шетелдік жұмсақ бидай сорттарынан каллустар алынып, олардан өсімдік-регенеранттар алынды. Зеттеудегі сорттар мен будандардың тозаңқаптары оқшауланып in vitro жағдайына ауыстырылды, бидайдың дигаплоидты тұрақты формалары алынды. Өсімдіктің ұлпа культурасында жаздық жұмсақ бидайдың будан комбинацияларының гендік банкінің теориялық және практикалық негіздері жасалды. Биотехнологияның - өсімдік регенерациясы, каллус культурасындағы сомалық эмбриогенез және жаздық жұмсақ бидайдың будан өсімдіктерінің индукцияланған қосымша өркендерін микроклонды көбейту сияқты элементтерін қолдана отырып оның негізгі параметрлері іске асырылды. Практикада қолдану үшін ұлпа культурасында жаздық жұмсақ бидайдың будан өсімдіктерін ұзақ ұстау және жеделдете көбейтудің екі сызбанұсқасы жасалды. ұзақ ұстау және жеделдете көбейтудің сызбанұсқаның негізінде, ұлпа культурасында жаздық жұмсақ бидайдың будан өсімдіктерінің әр түрлі будан комбинацияларынан 153 тұрақты форма алынды.

1. Жобаның атауы. Қазақстанның солтүстігінде бидай селекциясы үшін бастапқы материалдың гендік сан алуандығын құру мақсатында, классикалық селекция және биотехнология негізінде гендік өзгергіштікті кеңейтудің теориялық және практикалық негіздері.

2. Жобаның арналуы. Қазақстанның солтүстігінде бидай сорттарының селекциясы үшін бастапқы материал жасау.

3. Қолданылу саласы, бәсекелестігі, қолдағы бар патент. Жаздық бидайдың биотехнологиясы және селекциясы. Қазақстанның солтүстігіндегі бидай сорттары селекциясы үшін гендік әр түрлі бастапқы материалды жасау қаншалықты мүмкін болса, ғылыми зерттеулердің нәтижелері соншалықты бәсекелестікке қабілетті. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша өнертапқыштыққа мәлімдеме берілді. Мәлімдеме атауы «Күздік бидай формаларын жаздыққа трансформациялау».

4. Практикада іске асу үшін дайындық дәрежесі. Күздік бидай сорттарын жаздыққа ауыстыру және жасанды жарық беру әдісі негізінде өсімдіктің жаңа формаларын жеделдетіп шығару бойынша әдістемелік нұсқау дайындалды. Жаздық жұмсақ бидай селекциясы үшін кең көлемде бастапқы материал дайындалды.

5. Практикада іске асу үшін дайындық дәрежесі. Зерттеулер жүргізілген кезеңде жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі сорттарынан 560 өсімдік-регенерант, 1533 дана мутант форма (М1,М2,М3,М4), күздік бидайды жаздыққа трансформациялау әдісімен 5 линия алынып, зерттелді.

6. Жобаның құны, жобаның техникалық-экономикалық мақсатқа лайықтылығын делелдеу. Жаздық жұмсақ бидайдың жаңа сорттарын шығарудың негізі - бастапқы материал алу. Бұл жұмыс қандай да болмасын ауылшаруашылығы дақылдарының селекциялық үрдісінің үздіксіз жүруін, сонымен қатар жұмыстың жоғары сапалы болуын қамтамасыздандырады.

7. Жобаны тапсыру тәсілі және шарты, қарым-қатынас формасы. Қазақстан Республикасының селекциялық мекемелеріне гендік материалды тапсыру.

8. Жобаның авторлары, НИО, телефон, факс, электронды пошта. Швидченко В.К., а-ш.ғ.к, доцент, Хасанов В.Т., б.ғ.к., Абышева Г.Т., 010011, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 38. Тел.: (7172) 39-38-47. Факс: (7172)316072, e-mail: agun @mbox.kz, vadim_kazgatu@mail.ru.

9. Жобаның қысқаша мазмұны. Зерттеу нысаны – отандық және шетелдік селекцияның жаздық бидай сорттары мен будандары.

Жұмыстың мақсаты - ұлпа өсіндісінде индукциялық мутагенез, полиплоидия, классикалық селекция әдістері негізінде жаздық жұмсақ бидайдың сорттары мен будандарының генетикалық өзгергіштігін кеңейтудің теориялық және практикалық негіздерін дайындау, осының негізінде жоғары өнімді және стрестік жағдайларға төзімді сорттардың селекциясы үшін алғашқы материал дайындау.

Бидайдың жетілмеген және пісіп жетілген дәндерінің ұрықтарынан, дән өскіндерінен, бидай өсімдігінің жас гүлшоғырларынан каллустар индукцияланды. Жаздық және күздік бидайдың әр түрлі сорттарының каллус түзушілік қабілеттері зерттелді. Бидай сорттарының клетка құрылымдарынан регенеранттар алынды, олар табиғи егістік жағдайында шаруашылық – биологиялық белгілері бойынша (2007-2008 ж) селекциялық бағалаудан өтті. Зерттеу жүргізген уақытта 560 регенерант-өсімдік алынды.

Этилендиамин, нитрозометилмочевина және нитрозоэтилмочевина мутагендерінің әр түрлі концентрацияларында өңделген дәндердің өскіндерінің дозалық қисық сызығы жасалынды. Мутагендердің қолайлы концентрациялары анықталды. Мутант формалардың М1, М2, М3, М4 ұрпақтарының құрылымына сипаттамалар жасалынды. Барлығы 1533 мутант форма зерттелді (М2-449 дана, М3-271 дана, М4-813 дана). Бидайдың күздік формаларын жаздыққа трансформациялаудың негізгі параметрлері жасалынды. Күздік бидайды жаздыққа ауыстырудың негізінде 5 линия алынды, олардың барлығы биіктігі және басқа да белгілері бойынша жаздық бидайға тән барлық ерекшеліктерді иеленген. Бидайдың гендік сан алуандығын құруда биотехнология, классикалық селекция, индукциялық мутагенез және күздік бидайды жаздыққа трансформациялау әдістерінің негізінде алынған нәтижелер бойынша салыстырмалы бағалау жұмыстары жасалынды.



1. Жобаның атауы. «Сауықтырылған картоп сорттарының банкін құру, солтүстік Қазақстанда жоғары сапалық бірегей, элиталық және репродуктивтік картопты қазіргі заманғы биотехнология негізінде өндіру мақсатында сертификаттау қызметінің технологиялық регламентімен үлгісін дайындау»

2. Жобаның арналуы. Сауықтырылған картоп сорттарының банкін құру. Солтүстік Қазақстанның жоғары сапалы тұқымдық картоп өндірісі үшін технологиялық регламент және сертификаттау қызметінің үлгісін жасап шығару.

3. Қолданылу саласы, бәсекелестігі, қолдағы бар патент. Сауықтырылған картоп сорттарының вируссыз тұқымшаруашылығы. Авторлық өнертапқыштық 2 патент алынды. «Картоп өсімдігін көбейтудің тәсілі» және «In vitroда картоптың апикалды меристемасын культуралау тәсілі».

4. Практикада іске асу үшін дайындық дәрежесі. Өсімдіктің ұлпа культурасында сауықтырылған картоп сорттарының банкі құрылды. Солтүстік Қазақстан өндірісі үшін жоғары сапалық бірегей, элиталық және репродуктивтік картопты қазіргі заманғы биотехнология негізінде өндіру мақсатында сертификаттау қызметінің технологиялық регламентімен үлгісі дайындалды.

5. Ендіру аумағы. Отандық және шетел картоп селекциясының 35 сорты сауықтырылды.

6. Жобаның құны, жобаның техникалық-экономикалық мақсатқа лайықтылығын делелдеу. Қазақстан Республикасында картоптың өнімділігі орта есеппен 15 т/га құрайды. Ал, вируссыз картоп тұқым шаруашылығын ұйымдастыру арқылы өнімділікті 45-50 т/га көтеруге мүмкіндік туады.

7. Жобаны тапсыру тәсілі және шарты, қарым-қатынас формасы. Аймақтың элиталы-тұқымдық шаруашылықтарына тұқымдық жұмыстарды енгізуге көмек көрсетіледі.

8. Жобаның авторлары, НИО, телефон, факс, электронды пошта. Швидченко В.К., а-ш.ғ.к, доцент, Хасанов В.Т., б.ғ.к., Мазурок В.В., Куаншбекова М.К., Темирова И.Ж., 010011, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 38. Тел.: (7172) 39-38-47. Факс: (7172)316072, e-mail: agun @mbox.kz, vadim_kazgatu@mail.ru.

9. Жобаның қысқаша баяндамасы. Зерттеу жұмыстары жүргізілген уақытта сауықтырылған картоп сорттарының банкі құрылды (СКСБ).

Қазақстанның солтүстігінде тұқымдық картоптың сапасын бақылау және сертификаттау бойынша сертификациялық қызметтің үлгісі жасалынып, зертхана ұйымдастырылды. Осы жүргізілген зерттеулер нәтижелерінен кейін Қазақстан Республикасының тұқымдық картоп системасы келесі маңызды істерді аяқтауды қажет етеді: міндетті нормативті талап ретінде тұқымдық картопты жинағаннан кейін алғашқы материал кластары және супер-суперэлиталарды зертханалық диагностикалық құралдардың көмегімен иммуноферменттік талдау жүргізу арқылы тестілеу; тұқымдық шаруашылықтардың картоп егістігінде жәндіктер мен вирус тасымалдаушылардың ұшуы мен олардың таралуын бақылау және есепке алуды ұйымдастыру; міндетті талап ретінде тұқымдық шаруашылықта оңтайлы мерзімде картоптың сабағын қырқу; клондық сұрыптаусыз тұқым шаруашылығы сызбанұсқасын қолдануға тиым салу; Республикада картоп өнімін көтеру үшін жоғарыда көрсетілген мәселелермен қатар міндетті түрде сауықтырылған картоп сорттарының банкін егістік жағдайында, табиғи таза фитосанитарлық аудандарда (оңтүстіктің таулы аймағында және солтүстік Қазақстанның орманды массивтерінде) ұйымдастыру шараларын жасау қажет.





  1. Жобаның атауы. «Солтүстік Қазақстан жағыдайындағы күнгүрт қара қоңыр топырақтарда дәнді дақылдардың ылғалды-ресурстарды үнемдеп өндеу технологиясын құру»

  2. Жобаның мақсаты. Солтүстік Қазақстан жағыдайындағы күнгүрт қара қоңыр топырақтарда дәнді дақылдардың ылғалды-ресурстарды үнемдеп өндеу технологиясын құру.

  3. Пайдаланатын саласы, бәсекелестілігі, патенттің болуы. Бұл өнер табысы ауыл шаруашылықтың өсімдік шаруашылық саласына жатады. Осыған ұқсаған зерттеулер бұрын Солтүстңк Қазақстан аймағында бұрын өткізілмеген. Өндіріске арналған ұсыныс вегетация кезеніңде дақылдардың сумен қаматамасыз етілуін жақсартуға арамшөптермен күресуге, жаздық бидайдың өнімділігін арттыруға, олардың өнделуіне кеткен шығындарды азайтуға мұмкүншілік береді. Бәсекелестілігі бар. Өнертабысқа иновациялық патент алынған.

  4. Өндірісте пайдалануға дайындығы. Ғылыми ұсыныс сатуға толығымен дайын, нәтижелері бойынша өндіріске ұсыныс шығарылды.

  5. Игеру көлемі. «Астана-Өнім»АҚ танаптарында 2008 жылы жаздық бидайды өндеу технологиясының элементтері 3000 га алаңында енгізілген.

  6. Жобаның бағасы, технико-экономикалық пайдалалығының дәлелдеуі. Ұсынылған механикалық өндеулерді азайтатың технология әдеттегі технологиямен салыстырғанда топырақтың оптималды физикалық қасиеттерін сақтауды, топырақты ластануын азайтуды, рентабелдік денгейі 125-130% денгейі жағыдайында әдеттегі технология денгейіндегі жаздық бидайдың өнімді алу. Жобаның бағасы 300000 тенге.

  7. Жобаны беру жағдайы және тәсілі, байланыстың түрі. Ұсыныстарды беру. Ақпараттық-кеңес тренингтері және семинрларын өндірісте өткізу. Келісім шарт жасау.

  8. Жобаның авторлары, ҒЗМ мекен жайы, телефон, факс, электрондық почта. Аралин А.У. а.ш.ғ.к., Хамзина Б.Н., Хамзин С.Б. 473011 Қазақстан Республикасы, Астана қ., Жеңіс данғылы 62, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, телефон , С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, телефон 39-55-48, факс 32-22-94, электронды почта – agun@mbox.kz.

  9. Жобаның қысқаша сипаттамасы. Ылғалды үнемдеуді қаматамасыз ететің, материалдық және қуаттық шығынды азайтатың өнер табысының техникалық мақсаты топырақты минималды өндеуі болады, оны мехникалық өндеулерді азайту арқылы жасйды. Гербицидті сүрі танапты қолдануды ұсынылады, сүрі танаптан кейінгі бірінші бидайдың себу алдындағы өндеуді егу тереңдігіне ЛДГ – 10 сыдыражыртқышымен өндеуді ұсынылады және сүрі танаптан кеінгі екінші бидайдың егістерінде жаздық бидайдың түптену кезенінде талғам әсерлі гербицидтрмен өндеуді ұсынылады.


1. Жобаның атауы: Солтүстік Қазақстанның қара-қоңыр топырақтарында дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының аймақтық ылғалды және қорларды үнемдеп жұмсайтын технологиясын жетілдіру.

2. Жобаның мақсаты: Солтүстік Қазақстанның қара-қоңыр топырақтарында дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының ылғалды және қорларды үнемдеп жұмсайтын технологиясын әзірлеу және өндіріске еңгізу.

3. Пайдаланатын саласы, бәсекелестілігі, патентердің болуы. Жаңалығы ауыл шаруашылығының өсімдік саласында жатады. Осындай зерттеулер бұрын қара-қоңыр топырақтарында жүргізілмеген. Өндіріске еңгізуге ұсынылған технология дақылдардың вегетация кезінде ылғалмен қамтамасыз етілуін жақсартуына мүмкіндік туғызады, топырақтың желге қарсы төзімділігін көтеруге, егістерді арамшөптерден таза күйінде ұстауға, жаздық бидаймен ноқаттың өнімділігін жоғарлатуға, олардың өсіруіне шығындарды азайтуға мүмкіндік туғызады бәсекелестілігі бар. Иновациялық патент алынған.

4. Тәжіребеде технологиялық қолдануға дайындығы. Өндіріске ұсыныстар әзірленген және баспадан шығарылған. Өндірісте қолдануға толығымен дайын.

5. Өндірісте игерген көлемі. Қазіргі кезде ылғалды және қорларды үнемдеп жұмсайтын технология Ақмола облысы Целиноград ауданындағы «Ақмола-Феникс» АҚ-да 12560 га жерлерінде қолданады.

6. Жобаның бағасы. 500000 тенгеге сатылады.

7. Жобаны игеру жолы және жағдайы, қарым қатынастың түрі.

Рекомендацияны өндіріс мекемелерге ұсыну. Өндірісте ақпараттық – кеңес тренингтерді өткізу. Келісім шарт жасау.



8. Жобаның авторы, ҒЗБ мекен жайы, телефон, факс, электрондық адрес Карипов Р.Х. а.ш.ғ.к., Жұмағұлов И.И., а.ш.ғ.к., Кошкаров Н.Б., а.ш.ғ.к.,473011. Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 62, С.Сейфуллин атындағы КАТУ, телефон 39-55-48 факс 32-22-34, электрондық адрес agun @ mbox.кz.

9. Жобаның қысқаша сипаттамасы. Жаңалықтың техникалық жоспары бұл ылғалды үнемді жұмсайтын, жадығаттардың және энергетикалық шығындарды төмендетуін қамтамасыз ететін минималды өңдеу болып табылады, оған келесі шаралар арқылы жетеді: Күзгі терең өңдеу жүргізілмейді және себу алдында, себуден кейін механикалық өңдеулерді алып тастайды өнім жинаған соң ұсақталған сабанмен жамылғылай керек, өнім жинаған соң күзгі тырмалау, себу алдында бүркелеу (себу алдында 7-8 күн бұрын) жаппай әсер ететін гербицидтермен бүркелеу жасайды, (ураган форте) 2 л/га, анкерлік сошниктермен себеді.

Жаздық бидайдың қосымша өнімділігі минималды және нөлдік технологияларында керісінше 2,7 және 2,9 ц/га, ал ноқатта 2,7 және 2,5 ц/га болды. 1 га-дан таза пайда дәстүрлі технологияларымен салыстырғанда жаздық бидайда 4,7-5,3 мың тг., ал ноқатта 4,8-6,2 мың тг. жоғарлады.



1. Жобаның атауы «Қазақстан Республикасы өсімдік энтомофаунасын жүйелеу, бунақ денелілер отрядтары, фитофагтар, энтомофагтардың коллекциялық қорлары мен экспозицияларды қалыптастыру».

2. Жобаның ұсынылуы Бунақ денелілер коллекциясын құрастыру, табиғаттың алуан түрлілігін көрсету және агроценоздағы энтомофаунаның түр құрамын анықтау үшін қажет. Бұл, анықтама коллекциясын қалыптастыру, ауыл шаруашылық және биологиялық бағыттағы мамандарды дайындауда, ерекше көрнекілік құралы ретінде қолданылануға қажет.

3. Қолдану аясы, бәсекеге қабілеттіліг, патенттердің бар болуы. Агроценоздағы бунақденелілердің коллекцияларын энтомология мен өсімдік қорғаудың білімдерін дамыту және насихатаудың негізі болып табылады. Нысандары тірі табиғаттан жинақталып алынды.

4. Тәжірибеде қолдануға дайындық дәрежесі Қалыптастырылған экспозициялар мамандықтарды дайындауда, тажірибе өткізу барысында арнайы курстардың оку базасы болып табылады.

5. Енгізу көлемі. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өсімдік қорғаудан оқу үрдісінде фитофагтар (көрнекілік қуралдар) бойынша толығымен қамсыздандырылған. «Ауылшаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері және олардан қорғау шаралары» («РФДжәнеБӘО» ММ бірлесіп шығарылған) оқу құралында, «Иллюстративный атлас по защите плодовых, ягодных культур и виноградной лозы от вредителей и болезней» (Қазақ ғылыми зерттеу өсімдік қорғау және карантин институтымен бірлесе құрастырылған).

6. Жобаның бағасы, жобаның техника-экономикалық мақсатқа сәйкестілігі. Энтомологиялық коллекцияларының нысандары табиғаттан жинақталып алынады. Биологиялық бағыттағы пәндерді жүргізу барысында, ғылыми жұмыскерлерге зерттеулердің нәтижелері өте қажет.

7. Жобаның шарттары және берілу жолдары, ынтымақтастық формалары. Ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі зиянкестерін және бунақ денелілердің даму кезеңдерін көрсетіп, көрнекілік құралдарын дайындау (келісім шарт негізінде).

8. Жобаның авторлары, ғылыми-зерттеу ұйымының мекен-жайы, телефон, факс, электрондық поштасы. доцент, а.ш.ғ.к. Тулеева Ә.Қ., ассистент Байтасова Б.М., Астана қаласы, Жеңіс данғылы 62, С. Сейфуллина атындағы Қазақ агротехникалық университет, тел. (8-717-2) 30-21-26, e-mail: tuleeva.a.k@mail.ru

9. Жобаның қысқаша сипаттамасы. Бунақ денелілердің әлемін алуан түрлілігін көрсететін стендтер және коллекциялар құрастырылған. Orthoptera, Dermaptera, Homoptera, Hemiptera, Thysanoptera, Coleoptera, Lepidoptera, Hymenoptera, Diptera отрядтары бойынша бунақ денелілердің түрлері, тұқымдастары және басқа таксондары жүйеленіп көрсетілді. Егістік, техникалық, жеміс-жидек, көкөніс дақылдарының, орман фитофагтары қоректенуіне байланысты және энтомофагтар жеке экспозицияларда бөлек көрсетілді.

1. Жобаның аты. Осы заманғы ақпараттық технологияларды пайдаланып, дәнді дақылдардың жаңа үнемділігі тиімді және экологиялық қауіпсіз ылғалресурстар сақтайтын өсіру технологияларын дайындау.

2. Жоба арнауы. Дәннің сұр көбелегі фитосанитарлық бақылауын және агротехнологияларда химиялық өңдеудің экологиялық бақылауын жетілдіру.

3. Қолдану саласы, таласу қабілеттілігі, патент қолда бары. Өсімдік қорғаудың интегралды жүйесі, фитосанитарлық мониторинг және бақылау, химиялық өңдеуді экологиялық бақылау; таласуға қабілетті; патент қолда жоқ.

4. Практикаға қолдану үшін дайындық дәрежесі. Дән сұр көбелегін фитосанитарлық мониторингі мен бақылауына арналған ұсыныстар және химиялық өңдеуді экологиялық бақылауына арналған методикалық нұсқаулар дайын.

5. Енгізу аумағы. Ақмола, Қостанай, Солтүсік Қазақстан және Қарағанды облыстарының жаздық бидай өсіретін аудандары.

6. Жоба құны, жоба керектігін техникалық-экономикалық негіздеу. 1 гектар жерді зерттеу 5 теңге, 1 гектар жерді қорғау 25 теңге экономикалық нәтиже береді. Жабаны қолдану зерттеу жұмыстарын уақытында ұйымдастыруға, сигнал берудің және химиялық өңдеудің биологиялық нәтижесін 92-95%-ке дейін көтеруге, дәнді инсектицид ластауынан сақтауға мүмкіндік береді.

7. Жобаны тапсыру жағдайы мен тәсілі, қарым-қатынас формалары. ҒЗЖ тапсыру мен енгізуін С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ атқарады. Университет енгізу жоспары мен келісуін, меморандум және енгізу шартын құрып, оларды кейін ҚР АШМ-да тіркеуін қамтамасыз етеді.

8. Жоба авторы, ҒЗМ адресі, телефон, факс, электрондық байланыс. Әжбенов В.К., б.ғ.д., профессор, 8-7172-31-76-52, ұйяы тел. 8-7016439920, E-mail: azhbenow@mail.ru

9. Жобаның қысқаша мазмұны. Аса қауіпті зиянкес дән сұр көбелегінің фитосанитарлық бақылауының нәтижесі тексеру жұмыстарын және химиялық өңдеуді бастауды дер кезінде анықтап, сигнал беруге, ал дән өнімінің экологиялық қауіпсіздігі - инсектицидтер қолданудың санитарлық-гигиеналық талаптарын бұлжытпай орындауына байланысты.

Жоба дән сұр көбелегінің фитосанитарлық бақылауынының және химиялық өңдеудің экологиялық бақылауының мынадай технологияларын нәтижелі түрде жүргізуге мүмкіндік туғызады:

- аудандар мен биологиялық нысаналардың ерекшеліктерін ескере отырып, дән сұр көбелегінің жаз кезінде таралуын анықтайтын тексеру жұмыстарының дәл уақытын анықтау;

- жаздық бидай мен дән сұр көбелегінің фенологиясын ескеріп, химиялық өңдеуді жүргізу уақытын ойдағыдай анықтау;

- санитарно-гигиеналық талаптарға сәйкес қолдануға ұсынған препаратты егін жинауға дейін 7, 15 немесе 20 күн қалғанда ғана бүркуге болатынын ескеріп, химиялық өңдеуді тоқтатуының санитарлық уақытын сигналдау.

Пайдаланушыларға арнап, қысқа мерзімді болжамдарды және сигналдарды тез дайындайтын фенокалендардың ыңғайлы формасы ұсынылды.

Жоба шараларының нәтижелігі мынада:

- әрбір жердің зерттеуін бөлек-бөлек ұйымдастыру, күмәнсіз мәліметтерді көбейту және артық зерттеулерден құтылу;

- химиялық өңдеудің биологиялық нәтижесін 92-95%-ке дейін көтеру;

- егін жинауға дейін жүргізетін соңғы өңдеу жұмыстарының тәртібін сақтау және дәнді инсектицид қалдықтарымен ластауына мүмкіндік бермеу;

- 1 гектар жерді зерттеуде 5 теңге, 1 гектар жерді қорғауда 25 теңге экономикалық нәтиже алу;

- қалыптасқан фитосанитарлық жағдай туралы шындық мәлеметтер алу, жағдайды дұрыс бағалау және ойдағыдай шешімдер қабылдау.



1. Жобаның атауы: «Солтүстік Қазақстан жағдайында дәнді дақылдары тамыр шірігі ауруларынан қорғаудың биологиялық шараларын іске асыру».

2. Жобаның тағайындалуы. Солтүстік Қазақстан жағдайында дәнді дақылдарды тамыр шірігі ауруларынан қорғаудың биологиялық шараларын іске асыруда саңырауқұлақтар – антганистерді пайдалануды негізге алу және дәнді дақылдар өндірісіне ауруларға қарсы тұру қабілетін жақсарту және өнімділігін көтеру үшін тиімді биопрепараттар енгізу.

3. Қолдану аймағы, бәсекелестігі, патенттердің болуы. Өсімдіктерді қорғау. Патентттер жоқ. Болашағы зор триходерма штамдары депонирленді және жоғары сапалы биопрепараттар алу технологиясы жасалды.

4. Іс-сана жүзінде қолдануға дайындық дәрежесі. ҒЗЖ нәтижесі бойынша Т.134, Т.124, Т.115 және Т.340 триходерма штамдары микроағзалардың мемлекеттік коллекциясында депонирленген.

5. Енгізу көлемі. Жобаның орындалуы нәтижесі бойынша авторлары Науанова А.П., Айдаркулова Р.С., Бекишев Н.Ш., Ишмуханбетова Г.Н. “Ауылшаруашылық іс-санасында триходерма биопрепараттарын қолдану бойынша ұсыныстар” - Астана: ҚазАТУ,-2008.-22 б атты әдістемелік ұсыныстар баспадан жарық көрді.

6. Жобаның құны, жоба мақсатына сәйкес техникалық-экономикалық негіздеу. 3000 мың теңге. Тірі микробтар-антагонистер негізінде биологиялық препараттарды қолдану фитопатогендер – альтернариоз қоздырғыштарының, фузариоздың және гельминтоспориоздың таралуына жол бермейді және тиісінше, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін көтеруге мүмкіндік береді.

7. Жобаны тарату әдістері мен жағдайы, ынтымақтастық түрлері. Өзара келісім негізінде.

8. Жоба авторлары, мекен-жайы, телефоны, факс, электрондық пошта. Науанова А.П. б.ғ.д., профессор, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, тел/факс –8(717)2-302024, e-mail, nauanova @mail.ru.

9. Жобаның қысқаша сипаттамасы. Дәнді дақылдар егілетін аймақтар жағдайында таралған саңырауқұлақтар – антагонистердің, ғылыми-тәжірибелік жұмыстар негізінде биологиялық, экологиялық, морфологиялық, физиологиялық және гиперпаразитттік қасиеттері зерттелді. Сонымен қатар олардың азот және көміртегі көздеріне қажеттілігі зерттелді. Мәдени саңырауқұлақтар – антагонистер фильтраттарының дәнді дақылдар өскіндерінің өсіп-дамуына әсері анықталды және әр түрлі триходерма штаммаларының тұқымдарын инокуляциялау әдісімен егістік тәжірибелер жүргізілді. Шағын мөлдекті тәжірибелерде жаздық қатты бидай мен арпаның тамыр шірігіне қарсы жекелеген саңырауқұлақтар – антагонистер штамдарының биологиялық тиімділігі анықталды. Триходермин биопрепаратын жасап шығару үшін тиімділігі жоғары антагонистер штамдары және субстраттар таңдалып алынды. Зертханалық тәжірибелердегі биопрепарат үлгілері жартылай өндірістік жағдайда келесідей нәтиже көрсетті, яғни тұқымдарды Т.115, Т.124 және Т.340 штамдарымен өңдеу өнімділікті 0,7-1,8 ц/га жоғарылатады. Тиісінше, бидай тұқымын Т.124, Т.115 және Т.340 штаммалар негізінде биопрепараттармен өңдеудің шаруашылықтық тиімділігі 20,9%, 14,8%, 11,3% құрады.

Trichoderma саңырауқұлақтары негізінде биопрепараттар шығару үшін кепілдеме дайындалды.






  1. Жобаның аты: «Солтүстік Қазақстанның далалық аймағында өсірілетін дәнді дақылдардың саңырауқұлақ ауруларының қоздырғыштарына қарсы мәдени дақылдар және жабайы өсімдіктер негізінде биопестицидтер жасау».

  2. Жобаның тағайындалуы. «Солтүстік Қазақстанның далалық аймағында өсірілетін дәнді дақылдардың альтернариоз, гельминтоспориоз, фузариоз қоздырғыштарына байланысты антифунгальды қасиеттері бар өсімдіктерді іздеу»

  3. Қолдану аймағы, бәсекелестігі, патенттердің болуы. Өсімдік қорғау. Патенттер жоқ.

  4. Тәжірибе жүзінде қолдануға дайындық дәрежесі. Жоғары өсімдіктердің антифунгальды қасиеттерін байқау жұмысының сұлбасы жасалды, осыны өсімдік сығындыларынан биопрепараттарын дайындау кезінде басшылыққа алу керек.

  5. Енгізу көлемі. Жобаның орындалу нәтижесі бойынша авторлары Науанова А.П., Бекішев Н.Ш., Ишмуханбетова Г.Н – Астана: КАТУ, -2008.- 36 б. «Өсімдік текті фунгициттерді жасау бойынша ұсыныстар» атты әдістемелік нұсқаулары шығарылды.

  6. Жобаның құны, жоба мақсатына сәйкес техникалық – экономикалық негіздеу 3000 мың тенге. Ауылшаруашылық тәжірибесінде мәдени және жабайы өсімдіктер негізінде дайындалған биопестицидтерді қолдану қоршаған ортаның ластануын азайтуға, бағасы жоғары фунгициттерге қажеттілікті төмендетуге және агроценоздың фитосанитарлық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

  7. Жобаны тарату әдістері мен жағдайы, ынтымақтастық түрлері. Өзара келісім негізінде.

  8. Жобаны тарату әдістері мен жағдай, телефон, факс, электрондық пошта. Науанова А.П. С.Сейфуллин атындағы КАТУ тел/ факс – 8 (717)2-302024, е – mail nauanova @ mail. ru.

  9. Жобаның қысқаша сипатттамасы: ҒЗЖ нәтижесінде қылтықсыз арпабас, тарғақты еркешөп, жатаған бидайық, қымыздық, сары жоңышқа, ноқат, рапс, беде, кенепшөп, сүттігеннің сулы сығындылары фитопатогендік саңырауқұлақтардың морфологиясы мен конидийлерінің түзілуіне әсер етпейтіні анықталды. Ащы жусан, сұлы, шалфей, орал миясы, жоңышқа, кориандр, амарант сияқты емдік өсімдіктердің сулы сығындысы саңырауқұлақ қоздырғыштарының өсуін тежейді.

Арша жыңғылының әр түрлі сығындыларының антифунгицидтік қасиеттері зерттелінді. Арша жыңғылының сығындысын- Tamarix arceuthoioies Bge. жай түрде арнайы жабдықтар қажет етпейтін экономикалық тиімді және экологиялық зияны жоқ технологиялармен алады. Шығымы 12-15%.

Бидай мен арпаның тамыр шірігіне қарсы сығындыларының биологиялық тиімділігі 51,6-67,7% аралықта ауытқыды. Арша жыңғылының гүл шоғырының бутанолды сығындысын қолданатын нұсқада толық пісіп-жетілу кезеңіне дейін ең жоғарғы биологиялық тиімділік- 66,6-67,7% болды.

Өсімдік текті биопрепараттар дайындауда қолданатын жоғары сатыдағы өсімдіктердің антифунгицидтік қасиетін анықтайтын жұмыс сұлбасы еңгізілді.

Дәнді дақылдардың альтернариоз, гельминтоспориоз және фузариоз ауруларына қарсы өсімдік текті биопрепараттарды жасауда гүл шоғырынан алынған 5% бутанолды сығындының, арша жыңғылы жапырағының этилацетатты және этаналды экстракттарының фунгицидті қасиеттерінің заңдылықтарын ескеру қажет.



1. Жобаның аты: «Потенциалды өнім мүмкіншілігін және сапасын қамтамасыз ететін дәнді, майлы және бұршақ тұқымдас дақылдардың топырақтың агрохимиялық қасиеттерінің оңтайлы параметрін анықтау негізінде осы дақылдарды топырақтағы қоректену жағдайын оңтайландыру әдістерін жасау».

2. Жобаның тағайындалуы. Солтүстік Қазақстан топырақтарына енгізу.

3. Қолдану аймағы, бәсекелестігі, патенттердің болуы. Ауыл шаруашылығы, бәсекелестілігі – жоғары, патенттердің болуы – патентке өтініш берілген, авторлық куәлігі бар.

4. Практика жүзінде қолдануға дайындық дәрежесі. 100%. Ғылыми негізделген және дақылдар өнімділігінің топырақ құнарлылығын практикалық басқару әдістері жөнінде ұсыныс шығарылды.

5. Енгізу көлемі. Жекелеген дақылдардың немесе ауыспалы егістегі танаптардың ғылыми негізделген жүйесінде тыңайтқыш қолдану және қоректенуді оңтайландыруды қамтамасыз ету дақылдар өнімділігін (бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, ноқат, асбұршақ, рапс және т.б.) 10-12 ц өнім жағдайында 30-50%-дан екі есеге дейін жоғарылату тұтынушылардың өтініштеріне байланысты қолданылады.

6. Жобаның құны, жоба мақсатына сәйкес техникалық-экономикалық негіздеу. Өзара келісім негізінде.

7. Жобаны тарату әдістері мен жағдайы, ынтымақтастық түрлері. Шаруашылық үшін жекелеген ұсыныстарды дайындау, өндірісте семинарлар өткізу, келісім-шарт негізінде өндіріске енгізуге практикалық көмек пен кеңес беру.

8. Жоба авторлары, мекен-жайы, телефоны, факс, электрондық пошта. Черненок В.Г. а.ш.ғ.д., профессор, Нұрманов Е.Т. а.ш.ғ.к., Жанабекова Ж.К., Кудашев А.Б., электрондық пошта – agun@mbox.kz.

9. Жобаның қысқаша сипаттамасы. Көпжылдық зерттеулер және математикалық талдаулар негізінде топырақтағы негізгі қоректік элементтері және дақылдар өнімділігі арасында сандық байланыс анықталды. Дақылдардың потенциалды мүмкіндігін және құрылған ылғалдылық жағдайында барынша жоғары өнім алуды қамтамасыз ететін әрбір дақылға топырақтағы қоректік элементтердің қолайлы мөлшері, олардың арақатынасы анықталды. Ұсынылған әдіс құрғақ жылдары 7-8 ц/га емес, 12-15 ц, орташа құрғақшылық жылдары 25 ц дейін, ал ылғалдылығы қолайлы жылдары 35-40 ц/га өнім алуды көздейді.

Әдіс қажетті қосымша өнім алуға және тыңайтқышқа деген қажеттілікті анықтауға; болатын жағдайға сәйкес қосымша өнімді жобалауға және олардың тиімділігін есептеу мен тиімді енгізуге мүмкіндік береді.






МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ВЕТЕРИНАРИЯ

Анализ состояния семеноводства кормовых трав в Республике Казахстан и Акмолинской области показал, что в регионе до сих пор нет ни одного семеноводческого хозяйства по этой группе культур, а для залужения всех имеющихся бурьянистых залежей только в продовольственном поясе потребуется не менее 30 тыс. тонн семян многолетних трав. В связи с этим, кроме развития сети семхозов массового размножения семян кормовых трав, следует организовать дальнейшее их размножение в каждом животноводческом хозяйстве в необходимом количестве.

Опыт показал, что на освоенных бурьянистых залежах в зависимости от вида культур можно получать от 1,5 (житняк, люцерна) до 6 ц/га (эспарцет) семян кормовых трав.
1. Жобаның атауы. «Көпжылдық шөптердің тауарлық тұқым шаруашылығының фитоценологиялық негіздерін және практикалық тәсілдерін жасау және пайдаланылмайтын танаптан шығарылған жерлерді жоғары өнімді малазықтық жерлерге қайта құру»

2. Жобаның бағыты. Малдарды толыққанды азықтармен қамтамасыз ететін жақсы жүйелері бар орташа және ірі мал шаруашылығы өнеркәсіптерін құру. Мал азықтық дақылдарының егістіктерін көбейту үшін танаптан шығарылған жерлерді айналымға еңгізу, яғни көпжылдық бұршақ және астық тұқымдас шөптерді алу. Көпжылдық малазықтық шөптердің тауарлық тұқым шаруашылығын ұйымдастыру.

3. Қолдану аумағы, бәсекеге қабілеттілігі, патенттердің болуы. Ірі және орташа мал шаруашылығы кәсіпорындары, кооперациялық, фермерлік және шаруа қожалықтары.

Айналымнан шығарылған жерлерді жайылым мен шабындықтарға айналдырғаннан кейін алынған, арзан және жоғары сапалы малазықтары арқылы мал шаруашылығы өнімдерінің (ет, сүт және т.б.) өзіндік құнын төмендету, бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Өнертабысқа № 20916 инновациялық патент. Атауы «Далалы аймақта тыңайған қурайлы жерлерді тездетіп шалғындандыру тәсілі».

Өнертабысқа № 20917 инновациялық патент. Атауы «Далалы аймақтағы тыңайған қурайлы жерлерде топырақты алғашқы өңдеу тәсілі».

Зияткерлік меншік обьектісі мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік №169 2007 жыл 14 наурыз, атауы «Солтүстік Қазақстанның далалы аймағындағы айналымнан шығарылған жерлердегі сукцессиялық процесстер» (ғылыми жұмыс).

4. Іс-санада жүзеге асыруға дайындығы. «Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы аймағында айналымнан шығарылған жерлерді (қурайлы тыңайған жерлерді) шабындық пен жайылымға пайдалануды игеру және шалғындандыру технологиясы» Астана, 2008 атты ұсыным басып шығарылды.

5. Өндіріске еңгізу көлемі. Ақмола облысының Целиноград ауданындағы ЖШС «Семеновка АЭ» 100 га жерге, ал ЖШС «Агрофирма Актык» -та 300 га аумаққа енгізілген.

6. Жобаның бағасы , оның пайдалылығының технико-экономикалық негіздемесі. Бірінші жылғы көпжылдық шөптерге кеткен шығындарды қоса есептегенде жобаның құны 1 гектарға 15000 теңгені құрады. Кейінгі тіршілік жылдары жобаның шығындары 85%-ға төмендейді. Ал шөпоттылығын үш жыл бойы сол немесе басқа технологияны қолдана отырып пайдаланғанда түсетін шартты таза түсім 18,3 мың теңгеден 30,7 мың теңгеге дейін болады. Қурайлы жерлерді жоғары өнімді малазықтықтық жерлерге айналдыру және жоғары құнарлы, құны арзан, бәсекеге қабілетті малазықтық өнімдері алу. Жусан басқан бос жерлерді мәдени малазықтық жерлерге, шабындықтар мен жайылымдарға, табиғи шымдылығын қалпына келтіре отырып және зиянкестер мен аурулардан фитосанитарлық, экологиялық жағдайын жақсарта отырып айналдыру қажет.

7. Жобаны берудің шарты мен әдісі, қызмет ету формасы. Кеңес беру жолымен келісім шарт негізінде, оқыту семинарларын өткізу, тренингтер, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.

8. Жобаның авторлары, НИО мекенжайы, телефоны, факс, электронды почта. Можаев Н.И., Серекпаев Н.А., Стыбаев Г.Ж. тел. 87172 -21-57-53; 87172 -21-30-44, E-mail –serekpaev @ mail.ru.

9. Жобаның қысқаша мазмұны. Ірі және орташа, жоғары өнімді мал шаруашылығы кәсіпорындарын дамыту қажеттілігіне және Республикамызда, Астананың азық-түліктік белдеуінде мал басының өсуіне байланысты қолда ұстаған кезде де, жайылым кезеңінде де мал азығының барлық түрлеріне сұраныс артуда. Сондықтан, мал шаруашылығын жасыл, шырынды және ірі мал азығымен қамтамасыз ету денгейін көтеру үшін қосымша жер қорларын пайдалану қажеттілігі туындайды. Еліміздің әр аймақтары бойынша шартты түрде малдың бір басына қажетті мал азығы, мал азықтық өсімдіктерді өсіруге пайдаланылатын жыртылатын жерлердің және табиғи шабындықты-жайылымдық жерлердің көлеміне байланысты өзгереді. Жануарларды қолда ұстаған кезде және жайылым кезеңінде құнарлы мал азығымен қамтамасыз етудің негізгі жолы және үлкен қоры ретінде, айналымнан 8 – 12 жыл бұрын шығарылған жерлерді атауға болады. Бұл жерлердің көлемі Ақмола облысында 2 млн.га, ал Солтүстік Қазақстанның далалы аймағында 10 -12 млн.га астам.

Ақмола облысының шаруашылықтарында айналымнан шығарылғанына 6 – 12 жыл болған әр түрлі егістіктердегі өсімдік құрамын зерттеу нәтижесінде, екінші – үшінші жылдары біржылдық және көпжылдық арамшөптері (қара сұлы, қалуен, ақ алабұта, сүттіген) басым фитоценоз қалыптасқан, ал кейін аталған арамшөптері бар бұл кезең қурайлы кезеңге ауысқан. Бұл кезеңде жартылай бұталы өсімдіктер, әр түрлі жусандар (ақ жусан, ащы жусан, және т.б.), басым болды, яғни бұл өсімдіктер бір жерде ондаған жылдар бойы өсе алады. Бұл фитоценоздарда шөптердің басқа түрлері кездеспейді, сондықтан бұл жерлердің мал азықтық құндылығы төмен.

Бұл жерлер қарашірігі, құрамындағы қоректік элементтері бойынша бидай егілген топырақтарға қарағанда айырмашылығы жоқ, бірақ сортаңдығы жоғары (рН 8,0 – 9,0), сондықтан бұл жерлерде құнарлы мал азықтық шөптерді егіп, жоғары өнімді шабындықтар мен жайылымдар жасауға болады.

Целиноград ауданында 2001 – 2006 жылдары егістіктен шығарылған жерлерді өңдеу технологиясын үйрену және бұл жерлерді шалғындандырудың барысында жоңышқаның, эспарцеттің, еркекшөптің, қылтықсыз арпабастың және осы аталған шөптер қоспаларының құрғақ масса өнімі 15 – 18 ц/га дейін жететіндігі анықталды.



Жарияланымдарда жазылған ұсыныстар мен кепілдемелерді қолдана отырып, қурайлы жерлерді игеру және шалғындандыру мәселелерін шешу, мемлекеттік маңызды болашағы бар экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі.




  1. Жоба атауы «Жаңа жоғары өнімді қара-ала мал (қазақы типті) тұқымын алу».

  2. Жобаның бағыты. Республикада сүт өндірісін арттыру және тұрғындарды сүт және сүт өнімдерімен қанағаттандыру мақсатында жергілікті қара-ала сиырды голштин тұқымымен будандастыру әдісімен алынған сүтті малдың жаңа тұқымынан сүтті және майлы сүтті өзіндік топтарын алу.

  3. Қолдану аясы, бәсекеге қабілеттілігі, патент алғандығы. Өзіндік топ малдарының қолданылу аясы кең болуы мүмкін, себебі голштин тұқымды бұқалар пайдаланылған Солтүстік Қазақстанның барлық малдары селекциялық үрдіске қатыстырылуы мүмкін. Қазақстанда гоштинмен будандастырылған қара-ала сиырдың өзіндік топтары жоқ. Біз селекцияда ресейлік бұқалар, ал тұқымды шаруашылықтарда шетелдік бұқалар пайдаланылды.

  4. Практикалық қолданысқа дайындық дәрежесі. Зерттеу жұмысы басталды, 2011 жылы бірінші еркек бұзауларды аламыз. Кейіннен оны үздіктерін (бұқалардың деңгейіндегілерді не одан жоғары деңгейдегілерді) іріктеу үшін тұқымдық сапасы бойынша бағалау қажет. Одан кейін осы бұзаулардан ұрпақ алып, оларды да бағалап, содан кейін ғана топты саралайды (олардың үш ұрпағы болуы керек).

  5. Енгізу көлемі. Аталған тақырыптың нәтижелерін өндіріске енгізу туралы алынған топтарды саралағаннан кейін ғана сөз қылуға болады. Сонымен қатар Мақсатты стандарт бойынша бұқалардың генетикалық әлеуеті 6500 және 5400 кг болатынын ескерсек, сиырдың сүт өнімділігінің артуы 1 сауын кезінде 1 басқа шаққанда 750-900 кг шамасында болады деп болжам жасауға болады. Оларды Солтүстік Қазақстанның барлық голштинделген қара-ала сиырларына қолдануға болады.

  6. Жоба құны, жобаның мақсаттылығының техника-экономикалық негіздемесі. Жобаның мақсаттылығын пайдаланылған сиырлар мен қашарлар санымен анықтауға болады, алайда сиырларды құнарлы заттармен нормаға сай қамтамасыз еткен кезде сүтті сатудан түсетін пайда 1 сиырдан 80-100 мың теңгені құрауы мүмкін.

  7. Жобаны тарату шарттары мен тәсілі, ынтымақтастық формалары. Топты саралағаннан кейін бұқалардың ұрығын жасанды ұрықтандыру жолымен тарату қажет. Ынтымақтастық формасы келісім-шарт бойынша.

  8. Жоба авторлары, ҒЗБ мекенжайы, телефон, факс, электронды пошта. Б.Ө.Әлімжанов а/ш.ғ.д., профессор; Л.В.Әлімжанова а/ш.ғ.д., С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ профессоры, Астана қ-сы, Жеңіс даңғ., 62а, 39-55-48, 29-76-14, факс: 31-60-72

  9. Жобаның қысқаша сипаттамасы. Базалық шаруашылықтардың табынындағы үздік сиырлардан тапсырысты жұптау арқылы 62-75 % голштин тұқымды 47 бұқа алынды. өсіру кезінде жануарлар 6, 12 және 18 айлығында тірі салмағына, экстерьеріне, гематологиясына және табиғи резистенттілігіне бағаланды.

Іріктеудің әр кезеңінде мақсатты стандарт талабына сәйкес келмейтін бұқалар реттелді. 15 айлық кезінде жануарлардың ұрық өнімдерінің саны мен сапасы бағаланды. Нәтижесінде тұқымның сапасын бағалауға 7 бұқа таңдалды, оның нәтижесі 2011 жылы шығарылады.

Сонымен қатар алдында «Асыл түліктен» сатып алынған 4 бұқа «Родина» АФ-да бағаланды: Матрос №64 – санаты А3Б1, Ямал №975 – санаты А3Б3, Атлет №102 – санаты А3Б3 және Рекорд № 669 санаты А2Б3.

Сондай-ақ топтарды құру үшін пробанда тұқымының аналығы ретінде бұқалармен жасты қашарлар өсірілді. Олар бойы, 6, 12 және 18 айлығындағы дамуы, 6 айлық жүктілік кезіндегі дамуы және бірінші сауыны бойынша бағаланды. Олардың 7 айлық сауын кезіндегі сауылуы 3300-3400 кг, толық саууда болжам бойынша 4 мың кг және одан да көп болуы мүмкін.

1. Жобаның аталымы. «Солтүстік Қазақстандық етті –майлы-жүнді бағыттағы ақ , ақшыл қылшық, ұяң жүнді қой туқымының жаңа типін шығару»



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет