Жылдарға Республикалық маңызы бар «рф шекарасы (Самараға) – Шымкент» автомобиль жолының 298-330 шақырымдарың қайта жаңғырту барысын техникалық қадағалау және



Дата22.02.2016
өлшемі31.84 Kb.
#1349
2012-2014 жылдарға Республикалық маңызы бар «РФ шекарасы (Самараға) – Шымкент» автомобиль жолының 298-330 шақырымдарың қайта жаңғырту барысын техникалық қадағалау және технологиялық сүйемелдеуің орындау бойынша инжинирингтік қызметің бір көзден тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижесі туралы

Хаттама


Орал қаласы 2012 жылғы 20 шілде
1. Мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысы – «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі (Орал қаласы, Ықсанов көшесі, 44/1 үй; индекс: 090000) 2012-2014 жылдарға республикалық маңызы бар «РФ шекарасы (Самараға) – Шымкент» автомобиль жолының 298-330 шақырымдарың қайта жаңғырту барысын техникалық қадағалау және технологиялық сүйемелдеуің орындау бойынша инжинирингтік қызметің бір көзден тәсілімен сатып алу өткізді.

2. Сатып алуға бөлінген қаржы – 22 799 414 (Жиырма екі миллион жеті жүз тоқсан тоғыз мың төрт жүз он төрт) теңге, оның ішінде 2012 жылға – 1 595 960 (Бір миллион бес жүз тоқсан бес мың тоғыз жүз алпыс) теңге; 2013 жылға – 10 031 740 (Он миллион отыз бір мың жеті жүз қырық) теңге; 2014 жылға – 11 171 714 (Он бір миллион бір жүз жетпіс бір мың жеті жүз қырық) теңге.

3. Осы тәсілді қолдану негіздемесі – «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32 бабының 2) тармақшасы және «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті» ММ директорының 2012 жылғы 20 шілдедегі №54-ө бұйрығы негізінде.

4. «Ural Engineering» ЖШС, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 1 тармағында қаралған біліктілік талаптарына сәйкес келеді, төмендегі негізде:

1) әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуге келісім туралы «Ural Engineering» ЖШС директоры А.У. Есетовтың қол қойған 19.07.2012ж. №84 арызы;

2) «Ural Engineering» ЖШС жарғысы (нотариалды куәландырылған көшірмесі);

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 02.07.2012ж. № 328-1926-01-ЖШС (сериясы В № 0660862) куәлігі, БИН 110640019381, Батыс Қазақстан облыстық Әділет департаменті Оралқаласының Әділет басқармасымен берілген (нотариалды куәландырылған көшірмесі);

4) лицензиясы (нотариалды куәландырылған көшірмесі):

- Мемлекеттік лицензия ГСЛ № 0007052 2011 жылғы 21 шілдеден №0092589;

5) белгіленген түрдегі үш айдан асып кеткен бережақ жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы: «БТА Банк» АҚ Батыс Қазақстан филиалымен 05.07.2012 жылы №0507/10289 берілген;

6) 31.12.2011 жылға бухгалтерлік теңгерім (түпнұсқа);

7) 02.07.2012 жылғы жағдайға Қазақстан Республикасында салық төлеушінің салық бойынша бережағы, міндетті зейнетақы салымдар және әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздары жоқтығы (бары) туралы анықтаманың түпнұсқасы, «Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті Орал қаласы бойынша салық басқармасы» ММ 04.07.2012 жылы №271802072012000047 берілген;

8) біліктілік туралы ақпарат (түпнұсқа);

9) техникалық саралау (түпнұсқа);

10) баға таблицасы – 22 799 414 (Жиырма екі миллион жеті жүз тоқсан тоғыз мың төрт жүз он төрт) теңгеге.

5. Келісім шарт жасасатын өнім берушінің атауы және мекенжайы және сол келісім шарттың бағасы: «Ural Engineering» ЖШС, Орал қаласы, Абылхайыр Хан даңғылы, 6 ұй, келісім шарт бағасы – 22 799 414 (Жиырма екі миллион жеті жүз тоқсан тоғыз мың төрт жүз он төрт) теңге, оның ішінде 2012 жылға – 1 595 960 (Бір миллион бес жүз тоқсан бес мың тоғыз жүз алпыс) теңге; 2013 жылға – 10 031 740 (Он миллион отыз бір мың жеті жүз қырық) теңге; 2014 жылға – 11 171 714 (Он бір миллион бір жүз жетпіс бір мың жеті жүз қырық) теңге.



  1. Сарапшылар шақырылған жоқ.

  2. Бір көзден тәсілімен сатып алу нәтижесінде Мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушы ШЕШТІ:

1) 2012-2014 жылдарға республикалық маңызы бар «РФ шекарасы (Самараға) – Шымкент» автомобиль жолының 298-330 шақырымдарың қайта жаңғырту барысын техникалық қадағалау және технологиялық сүйемелдеуің орындау бойынша инжинирингтік қызметің бір көзден тәсілімен «Ural Engineering» ЖШС, Орал қаласы, Абылхайыр Хан даңғылы, 6 ұйде орналасқан өнім берушіден сатып алынсын.

2) Тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті «Ural Engineering» ЖШС-мен 2012 жылғы 19 тамызға дейін мемлекеттік сатып алу туралы келісім шартқа отырсын.

3) Мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті осы хаттаманың мәтінің Тапсырыс берушінің www.mtk.gov.kz интернет-ресурсына жолдасын.
Есенғалиев М.Ж.

Темірханов Б.Р.

Қажымов Е.С.

Чалова Е.И.



Мун Н.И.


Комиссия хатшысы: Жалетова А.Қ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет