Өмірбаян
Машрапин Мұхит Жылқайдарұлы, 1979 жылы 3 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1985 жылы №136 орта мектебіне барып, 1995 жылы аяқтаған. 1996 жылы Ы. Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтына түсіп, 2001 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша толық курсын бітіріп, инженер-механик біліктілігін алды. 2008 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын толық меңгеріп, 2010 жылы «Мұнай газ ісі» бакалавры академиялық дәрежесін алды.
2001-2002 жылдары Алматы қаласы ішкі істер бөлімі, арнайы жасақ батальонында әскери борышын өтеді.
2003 жылдың қазан айында, «Қызылорда-Нефтесервис» ЖШС-де, 3-дәрежелі операторы қызметіне орналасты.
2006 жылдан «Петро Казакстан Кумколь Ресорсиз» АҚ-да, Арысқұм кеніші Мұнай дайындау және айдау цехында, 5-дәрежелі сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғы операторы қызметін атқаруда.
2011 жылы – Облыстық Мәслихат хатшысының «Алғыс хатымен», 2020 жылы – «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Алғыс хатымен», 2022 ж. – Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «Алғыс хатымен» марапатталды.
Отбасылы. Жұбайы-Машрапина Ажар Бақытқызы, бастауыш сынып мұғалімі. 4 бала тәрбиелеп отырған, үлгілі отбасы.