Жылдың күз айында Серебрянск қаласы әкім аппаратының жетекші маманы А. М



Дата12.07.2016
өлшемі52.08 Kb.
#194716
Зырян ауданында мемлекеттік қызметтің оңды имиджін қалыптастырып және нығайту бойынша 2008-2010 жылдарға шаралар жоспарын орындаумен, 2008 жылы қала әкімі аппаратының 15 қыркүйектегі № 367-р өкімімен Серебрянск қаласында 2008-2010 жылдарға мемлекеттік қызметтің оңды имиджін қалыптастырып және нығайту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген. Берілген жоспарды жүзеге асырумен қала әкімі аппаратымен келесі шаралар орындалды:

2008 жылы:

- қала әкімі құқықтық білім беру мектебінде оқытылып және қаралған тақырыптар: 13 қазан 2008 жыл – «Мемлекеттік мекемелердегі іс жүргізу және электронды құжат айналымы», 10 қараша 2008 жыл – «Сыбайластық жемқорлықпен күрес заңнамасының талаптары, мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексі», 26 қаңтар 2009 жыл – «Жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау», 24 наурыз 2009 жыл – «Мемлекеттік қызметкерлер – қызметкерлердің ерекше тобы»;

- 2008 жылдың күз айында Серебрянск қаласы әкім аппаратының жетекші маманы А.М. Коноплев мемлекеттік қызметкерлер арасында дойбыдан болған облыстық спартакиадаға Зырян ауданы командасы құрамында болып, қатысып облыстық дене шынықтыру және спорт Басқармасының грамотасымен марапатталып және Зырян ауданы әкімінің мадақтау хатына ие болды.

2009 жылы:

- осы аталған шаралар жоспарын іске асырумен Серебрянск қаласында бірінші тоқсанында, ағымды жылдың сәуір айында «Қала әкіміне 10 сұрақ» тақырыбында қала әкімінің оқушы жастармен кездесулері болды. Қала әкімі С.А. Гордиенко №№ 1 және 2 мектептердің 7-9 сынып оқушыларымен, №№ 3 және 4 мектептің 9-11 сынып оқушыларымен, сонымен қатар № 6 кәсіптік лицейдің оқушыларымен кездесті. Жастар толғандырған әр түрлі сұрақтарды қойды: жастардың бос уақытын ұйымдастыру және билік басындағылармен қолданылып жатқан дағдарыстан шығу жолдары, тағы сол сияқты сұрақтар. Жастар дүкен иелерінің өз меншіктеріне дұрыс қарамайтындықтарын, айналасын қалыпқа сай ұстамайтындықтарын сөз етті, қаладағы стадион қашан жөнделеді, қалада радио мен жергілікті телебағдарлама бола ма, қала өміріне қатысты – жолдардың жөндеуі, қоқыстардан тазарту, қала ішіндегі автобус қатынасы, жер сілкінісінен зардап шеккен №№ 2 және 3 мектептердің жөндеуі, бала бақшасында орынның жетіспеушілігі, № 4 қазақ мектебін бөлек ғимаратқа ауыстыру, жұмыссыздықпен күрес шаралары туралы әр түрлі сұрақтар қойды.

- қыркүйек айының басында әкім аппаратының мемлекеттік қызметкерлері қаланың барлық оқу орындарына кіріп шықты, Білім күніне қатысты, бейбітшілік Сабағында сөз сөйледі.

- 11 қыркүйекте «Денсаулық фестивалі» шеңберінде қала алаңында мемлекеттік қызметкерлер 800 м және 1600 метрге жүгіруге қатысты.

- қазан айында мұғалімдер Күніне арнап өткен волейбол жарысынан қала әкімі С.А. Гордиенко, аудан мәслихатының депутаты И.Д. Балғабеков, және басқа да әкім аппаратының және мемлекеттік мекеменің қызметкерлері қатысқан топ екінші орынға ие болды;

- құқықтық жаппай білім алу шеңберінде сабақтарда келесі тақырыптар қаралды: 2009 жылдың 12 қазанында «Мемлекеттік қызметкерлердің мамандық қызметтерінің сапасын көтеру», 2009 жылдың 14 желтоқсанында «Мемлекеттік қызметкерлердің имиджі»;

- желтоқсан айында ерлер арасында барлық меншік нысанды ұйым топтарының волейболдан қала әкімі Кубогінің финалы өтті, финалға 4 топ шықты, оның ішінде екі топ мемлекеттік қызметкерлердің тобы – полиция бөлімі және өртке қарсы күзет бөлімі. Жеңіске полиция бөлімінің командасы жетті, екінші орынға өртке қарсы күзет бөлімі ие болды.

2010 жылы:

- халықтық мерекелерді өткізуде Әскери бөлім ұжымы белсенді қатысты, олар қала алаңына әскери дала асханасын шығарды, одан «Масленица» және «Наурыз-Мейрамы» мерекелеріне келушілерді шәймен тамсандырды. Әскери қызметкерлер сонымен қатар спорттық жарыстар мен концерттік нөмірлерге де белсенді қатысты. 9 мамырда қалалық алаңда Гвардиялық, Коростеньско-Померанский, Қызыл тулы, Суворов, Кутузов, Богдан Хмельницкий және Александр Невский ордені № 97368 ПВО әскери бөлімі әскери қызметшілері мен офицерлерінің парады өтті, ол әрдайым қала тұрғындарының Қазақстан армиясына деген патриоттық және мақтаныш сезімдерін оятады, мемлекеттік қызметтің екінші түрі сияқты әскердің, армияның жағымды образын қалыптастырады. 6 маусым мен 30 тамызда қала алаңында мемлекеттік мерекелер Астана Күні мен Конституция күндеріне арналған митинг-концерттер ұйымдастырылды және оны жүргізуде қаланың мемлекеттік орган қызметкерлері белсенді қатысты. 7 қарашада «Досуг» қалалық орталығында бюджеттік ұйымдар арасында «Көңілді компания» атты байқау болып өтті, онда № 2 мектептің, арнайы мектептің және жетім балаларға арналған мектеп-интернатының мұғалімдер ұжымы қатысты.

- құқықтық жаппай білім беру шегінде әкім аппаратының оқу сағатында «Жеке және заңды тұлғалардың үндеулеріне жауаптың сапалылығы және жауап беру мерзімін сақтауда мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершіліктері» атты жұмысқа байланысты ойын өткізілді, сондай-ақ «Мемлекеттік қызметкерлер үшін интернет ресурстары» тақырыбы қаралды.

- ақпан айында қала әкімінің Кубогына баскетболдан жарыс өтті, жарысқа мемлекеттік қызметкерлер командалары қатысты - әскери бөлім, өртке қарсы күзет бөлімі, полиция бөлімі. Кубокты өртке қарсы күзет бөлімі жеңіп алды. 2010 жылдың маусым айында облыстық спорт ойындары болды, аудан командасы үшін Серебрянск қаласынан Н.А. Майоров, Н.В. Самсонова сияқты спортсмендер-мемлекеттік қызметшілер қатысты. 11 қыркүйекте «Денсаулық фестивалі» шеңберінде қала алаңында мемлекеттік қызметшілер («Күзет» күзет бөлімі, әскери бөлім) 1600 және 2400 метрге жүгіруге қатысты, қорытынды бойынша барлығы жүлделі орындарға ие болды. Қарашада 1963-1978 ж.ж. Халық депутаттарының Серебрянск қалалық кеңесінің төрағасы С.Ж. Рақышевтыті еске алуға арналған, қыздар арасында еркін күрестен Серебрянск қ. ашық біріншілігі болып өтті. Мұғалімдер күніне арналған, мемлекеттік ұйымдар тобының арасында волейболдан дәстүрлі жарыс өткізілді, сондай-ақ барлық нысандағы меншік ұйымдарының ерлер командасы арасында осы спорт түрінен қала әкімі Кубогінің финалы болып өтті, жеңіске бұрынғыдай Серебрянск қаласының полиция бөлімі жетті.

- әкім аппараты мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері көркейту, жасылдандыру және санитарлық тазалық бойынша айлықтардың белсенді қатысушылары.

- желтоқсанда қала әкімімен сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша ең жақсы ұсынысқа конкурс жарияланды, онда қаланың мемлекеттік ұйымдарының ұжымдары қатысты. Ең жақсы болып № 4 мектеп ұжымының ұсынысы танылды.

2011 жылдың бірінші тоқсанында:

Қала әкiмi аппаратымен Ұлттық мереке «Наурыз-мейрамы» және халық мерекесiне «Масленица» арналған халық серуені ұйымдастырылды, мемлекеттiк мекемелер өз күштерiмен пiсiрiлген кондитер бұйымдарынан қалалықтарға дәм таттырды, № 3 медициналық бірлестік ұжымы наурыз-көже пiсiрдi, алаңда дәстүрлi ұлттық әсемдiкпен және қонақасымен киiз үй қойылды. Алаңда спорттық шаралар - армрестлинг, кiрлер итеру, арқан тартысу, бағанға шығу ұйымдастырылып, оған әрбір тілек білдірушілер қатыса алды.

- құқықтық жаппай білім беру шегінде әкім аппаратының сабақтарында: «Қазақстан республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңы, сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы, мемлекеттiк қызмет туралы заңтақырыбы қаралды.

2011 жылдың екінші тоқсанында:

- Сәуір айындағы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуде әкім аппаратымен учаскелік сайлау комиссия жұмыстарына көмек көрсетілді, қала тұрғындарының сайлауға қатысу үлесі 92 пайызды құрады.

- әкім аппаратымен мамыр айындағы мемлекеттік мейрам Қазақстан халықтарының бірлігі Күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін атап өту ұйымдастырылды. Мерекелер қалалық алаңда өткізілді. 9 мамырда Серебрянск қаласында орналасқан әскери бөлім қызметкерлерінің шеруі болып өтті. Сонымен қатар бірнеше жыл қалалықтарға танымал болған «Әскер ботқасы» шарасы ұйымдастырылды.

- құқықтық жаппай білім беру аясында әкім аппаратында келесі тақырыптарға сабақтар өткізіліп, зерделенді: «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес сұрақтары бойынша заңнама актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», мемлекеттік қызметкерлер туралы Жаңа мәтіндегі Ар намыс кодексі.



Мемлекеттік қызметкерлердің оңды имиджін қалыптастырып және нығайту бойынша іс-шаралар жоспарын орындаумен қала әкім аппаратының жұмысы әлі де жалғастырылуда.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет