Жылғы 1 ақпанға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы



Дата23.02.2016
өлшемі42.61 Kb.
#5099


04-34

2009 жылғы 1 ақпанға арналған

облыс бюджетінің атқарылуы туралы

2009 жылдың 1 ақпан айында облыс бюджетіне 5671,1 млн.теңге болжаммен 5908,0 млн.теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 3134,6 млн.теңге сомасында субвенция, нысаналы трансферттер түсті.



Меншік кірістер 107,6%-ға орындалды. Бесқарағай, Глубокое, Катонқарағай, Күршім, Үржар аудандары мен Семей, Курчатов, Зырян қалалары бойынша кірістер жоспары орындалмады. Төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы (88,9%), әлеуметтік салық (88,9%), акциздер (53%), жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем (86,3%) бойынша болжам орындалған жоқ.

Облыстық бюджеттің 2009 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 1159,4 млн.теңге болжаммен 1381,3 млн.теңге меншік кірістері немесе 119,1%-ға орындалды.





Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер мен субвенцияларды ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 4700,3 млн.теңге жұмсалды.

2009 жылы облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 91614,5 млн.теңге, дамытудың бюджеттік бағдарламаларына 5478,1 млн.теңге бағытталды.

2009 жылға облыс бюджетінде «Білім беру» 4-функциональдық топ бойынша 36007,1 млн.теңге бекітілді.

Ағымдағы жылы қалалар мен аудандарда мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 1541,3 млн.теңге, 2009 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 94,4 млн.теңге жұмсалды.

Есеп беру кезінде жалпы білім беруге – 1727,0 млн.теңге жұмсалды. 2009 жылы осы бағыттау 24986,8 млн.теңге сомасында шығыстар, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшаларды ұстауға – 24700,0 млн.теңге, мектеп-интернаттар – 286,8 млн.теңге қарастырылды.

2009 жылы бюджетте техникалық және кәсіптік білім беруге 3003,4 млн.теңге, соның ішінде кәсіптік лицейлердегі мамандарды дайындауға – 1640,1 млн.теңге бекітілді.

2009 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша білім беру бойынша облыс бюджеттінің қаражаттары 84,4%-ға пайдаланылды.
Жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) 37,7 млн.теңге жұмсалды.

Облыстың денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламаларын іске асыруға 2009 жылға 25347,3 млн.теңге бекітілді: стационарлық медициналық көмек және шұғыл медициналық көмек көрсету, қан және оның құрамындағыларды өндіру, аналар мен балаларды қорғауға, салауатты өмір салты.

2009 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 261,6 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 462,3 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 576,1 млн.теңге көмек қарастырылды.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша игеру 99,1% немесе 11,1 млн.теңгені құрайды.

Білім беру объектілерін дамытуға облыстық бюджеттің қаражаттары есебінен 785,8 млн.теңге жұмсау жоспарлануда, оның есебінен Бородулиха ауданы Бородулиха ауылы, Аягөз ауданы Ақши ауылы, Күршім ауданы Теректі-Бұлақ ауылындағы мектептер құрылысы жалғастырылып, Ұлан ауданының «Бәйтерек» балаларды сауықтыру кешенінің құрылысы басталады.

Қамқорлықсыз қалған қарттар өмір сапасын жақсарту үшін 2009 жылы Зимовьев интернат-үйінің жаңа ғимаратының құрылысын бастау жоспарлануда. Облыстық бюджет есебінен дене шынықтыру және спорт объектілерін дамыту мақсатында Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы мұражай ғимаратын қайта жаңғыртуды жалғастыруға, Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы және Ұлан ауданы Молодежный кентіндегі спорттық модульдерін, Семей қласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысын жалғастыруға 713,1 млн.теңге сомасында қаражаттар қарастырылды.

Ішкі істер органдарының базаларын нығайту үшін Өскемен қаласындағы облыстық жол полициясы басқармасының ғимаратының құырылысы мен қайта жаңғыртуды жалғастыруға қаражаттар жоспарланды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен білім, денсаулық сақтау, спорт, сумен жабдықтау, жол, жылу-энергетика жүйесі объектілерін дамыту, тұрғын үй құрылысы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, аргоөнеркәсіп кешенін дамытуды одан әрі іске асыру үшін қаражаттар қарастыру жоспарлануда. Республикалық трансферттерді облыстық бюджетке енгізу облыстық мәслихат сессиясының 2009 жылғы 6 ақпандағы № 11/145-IV шешіміне сәйкес жүргізілетін болады.





2009 жылға облыстық бюджеттен облыстың қалалары мен аудандар үшін 2105784,0 мың теңге сомасында дамытуға арналған ағымдағы нысаналы және нысаналы трансферттер қарастырылды.

Оның ішінде кейбір жекелеген азаматтарға материалдық көмек көрсетуге 9567794,0 мың теңге, су құбырларын күрделі жөндеуге 71890,0 мың теңге, ТЖ ескерту мақсатында жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге 40 000,0 мың теңге, құрылыс, қайта жаңғырту мен ЖСҚ әзірлеуге – 750420,0 мың теңге, спорттық іс-шаралар өткізуге 100 000,0 мың теңге, аумақты көріктендіруге 1680,0 мың теңге, тұрғын үйлерге жылуфондарын орнатуға 20000,0 мың теңге, қала жолдары мен нөсер кәріздік тазалауға жөндеуге – 165000,0 мың теңге.


орынд. Рыльская Н.И.

Пахомова Г.В.

Кенжетаева Л.К



Слободнянюк С.М.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет